Инфоурок Биология Другие методич. материалыЖалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Скачать материал

№156 жалпы білім беретін мектеп

 

 

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

7 «Е» сынып

 

 

 

 

 

Тескерілді _________________

 

Пән мұғалімі: Айсарова Н.Т.

 

 

 

 

 

                                  

Сабақтың тақырыбы: Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты

Білімділігі:   Оқушыларға  жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, таспа құрттар кластырының мен таныстыру.

 Дамытушылық :Оқушылардың ынтасын,қығушылығын артырып,өзінің жауапкершілігін сезінебілуіне және өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру.Оқушының жан-жақты ойлауын,ізденуін дамытып,есте сақтау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Оқушылардың жеке бас гигиенасын таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас  сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: слайд «жалпақ құрттар»

С а б а қ т ы ң     б а р ы с ы

1 Ұйымдастыру кезеңі                          1.Білімділік міндеттері:

а) Жұмыс істеу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

ә) Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау

2.Сабақ кезеңінің мазмұны:

а) Сәлемдесу

ә)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б)Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру:

 

3.Үй тапсырмасын бекіту:

 Ішекқуыстылар типі- көпжасушалы жәндіктердің ең құрылысы қарапайым тобы. Бұл тип 3 класқа жіктеледі: гидратәріздестер, табақшатәріздестер, көпқармалауышты маржандар. Бұлар бір затқа- төсемікке бекініп немесе суда еркін жүзіп тіршілік етеді.Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан тұрады: эктодерма және эндодермадан тұрады.

4.Жаңа сабақ:

Жалпақ құрттардың 15000-дай түрі белгілі.

Олар  5 класқа жіктеледі:

 1. Кірпікшелі құрттар,

 2. Сорғыш құрттар,

 3. Моногенетикалық сорғыштар ,

 4. Таспа құрттар,

 5. Цестода тәрізділер.

Соңғы 4 класс өкілдері – нағыз паразиттер.

Анықтамалар мен терминдермен жұмыс:

Бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді болғандықтан, жалпақ құрттар деп аталады.

  Мезодерма (грекше «мезос» - аралық, + «дерма» - тері) – ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығындағы аралық жасушалы қабат.

   Гельминтология (грекше «гельминс» - құрт, ішекқұрт, «логос» - білім) – зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін ғылым саласы.

Паразиттік түрлерінің дене жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша болмайды, оны тығыз түзіліс сірқабық қаптайды.

Эндопаразиттер - ағзалардың ішкі мүшелерінде өмір сүретін паразиттер.

Эктопаразиттер – ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік етеді.

Жалпақ құрттардың ерекшелігі:

Көпжасушалық және дененің  үшқабатының қалыптасуы: экто, энто – мезодерма, тері-бұлшықет қаптың түзілуі;

Әр түрлі жасушалардың пайда болуы;

Екіжақты симметриялы;

Дененің алдыңғы бөлігінің пайда болуы, сезім мүшелерінің (көру, иіс сезу, дәм сезу) қалыптасуы;

Жүйке жүйесінің дамуы, өзара тығыз байланысқан жүйке өсінділерінің пайда болуы;

Ас қорыту жүйесінің қалыптасуы, олар алдыңғы, ортаңғы бөлімдері бар қуысты ас қорытуды қамтамасыз етуі;

Протонефрид деген жеке жасушалардан тұратын зәршығару жүйесінің пайда болуы. Бұл бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйе;

Барлығында қантарату және тыныс алу жүйелері мүлде жоқ. Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады;

Тұрақты жыныс жүйесінің – жыныс бездерінің қалыптасуы.

      Жалпақ құрттар – қосжынысты (гермафродит)

АҚ СҰЛАМА – БЕЛАЯ ПЛАНАРИЯ

Ақ сұлама – еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт

Денесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталғандықтан, кірпікшелілер класына жатады

Ақ сұлама суда кірпікшелерінің көмегімен еркін жүзе алады

Ақ сұламаның жіктелуі

ПАТШАЛЫҚ: Жануарлар (Животные)

БӨЛІМ: Билатеральдылар (Билатеральные)

БӨЛІМШЕ: Алғашқы ауыздылар (Первичноротые)

ТИПІ: Жалпақ құрттар (Плоские черви)

КЛАСЫ: Кірпікшелі құрттар (Ресничатые)

ОТРЯДЫ: Үштармақты ішекті турбеллярия(турбеллярия)

ӨКІЛІ: Ақ сұлама (Белая планария)

СҰЛАМАНЫҢ  ДЕНЕ ҚИМЫЛЫН РЕТТЕЙТІН ӘР ТҮРЛІ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ БАР:

Сақиналы бұлшықеттер – сыртқы қимылды реттейді.

Қиғаш бұлшықеттер – аралық қабат қимылын реттейді.

Бірыңғай салалы бұлшықеттер – ішкі қабаттағы қимылын реттейді.

Зәр шығару жүйесі: Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе зәр шығару ( қажетсіз заттарды бөлу) деп аталады. бұл- бұған дейінгі тірі ағзаларда болмаған жүйе

 Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі – дененің бас бөлігінде орналасады. Ол жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады.

Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Ақ сұламаның қарапайым көзшелері бар. Сипап – сезу сезімталдығы едәуір арта түскен.

Асқорыту жүйесі: АУЫЗ ҚУЫСЫ → ЖҰТҚАНШАҚ → ІШЕКТІҢ ОРТАНҒЫ БӨЛІГІ

ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ

Жалпақ құрттар  — гермафродиттер.

Әр дарасында аталық және аналық жыныс бездері  — гонадалары бар.

  Бірқатар дернәсілдік сатылардан өтеді.

Планария жұмыртқадан дамып піллә түзеді. Ол жынысты да жыныссыз да жолмен көбейеді.

 

Сорғыш құрттар класы.

Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді. Дене пішіні жалпақ жапырақ тәрізді. Қоректік  денеге сорғыштары мен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі- ауызында, екіншісі- бауырында. Осы  сорғыштарымен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті  жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт атаған.

Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды.

Тек дернәсілдерінде ғана кірпікше болады

Негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен бекініп өтпен қоректенеді.Сондықтан бауырсорғыш деп аталған.

Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан аузынан шығарады

Көзіде жоқ

Бауырсорғыш гермафродит жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жыныс жасушасы болады.

Бауырсорғыштың  жіктелуі

Патшалық: Жануарлар (Животные)

      Бөлім: Билатеральдылар (Билатеральные)

            Бөлімше: Алғашқы ауыздылар                                                                  (Первичноротые)

                    Типі: Жалпақ құрттар (Плоские черви)

                           Класы: Сорғыш құрттар                                                              (Сосальщики)

                                        Өкілі: Бауырсорғыш

                                    (Печеночный сосальщикия)

    Төрт түлік әсіресе қой мен сиыр ылғалды жайылымда жайылған кезде оттыға алмай, денесі қызып, ісініп, арықтау салдарынан бауыршірік ауруына(ғылыми атауы-фациолез) шалдығады. Мұндай аурумен ауырған малдың өліп қалуы жиі ұшырайды. Сондай малдың ішін жарып, қарасақ, оның бауырының кішірейіп, өт өзегінің кеңейгені бірден көзге түседі. Өт өзегінің кеңейген жерін жарып қарасақ, ауруды тудырушы паразит - бауырсорғыш деп аталатын құрт шығады. Демек бауырсорғыш мал бауырында тіршілік етеді.

Мысық қосезуі – Кошачья двуустка

   Дене тұрқы 1 см шамасында, мысықтың, иттің және адамның бауырында паразиттік тіршілік етеді. Көбінесе Батыс Сибирьде кең таралған. Дене пішіні жапырақ тәрізді, жалпақ, денесінің алдыңғы жағы сүйірлеу, артқы ұшы біраз доғал. Сүйірлеу ұшында ауыз сорғышы бар, онымен қорегін қабылдайды; одан сәл төмендеу құрсақ сорғышы орналасады, ол жабысып тұруға арналған мүше. Ақ  сұлама мен бауыр сорғыштан айырмашылығы – ішегі өте ұсақ тармақталмайды. 

    Мысық қосезуі - гермафродит. Оның екі аралық иесі бар: біреуі бауыр аяқты моллюска – битиния, екіншісі – онымен қоректенетін оңғақ, табан, торта, ақайран сияқты балықтар. Адамға шала пісірілген балық етінен жұғады. Мысық қосезуінен пайда болған ауруды описторхоз деп атайды.

  Орыс ғалымы К. Н. Виноградов 1891 жылы мысық сорғышынан туындайтын описторхоз ауруын сипаттап жазды.

Таспа құрттардың ерекшеліктері:

Дененің сыртын сірқабық қаптайды.

 Жүйке жүйесі басында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіп, екі желілі жүйке құрттың денесін құйрығына дейін бойлай созылады.

 Көзі, асқорыту және тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі болмайды.

 Зәршығару жүйесі дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәршығару түтіктерінен құралады.

Солардың бір түрі сиыр цепені.

Сиыр цепені ересек цепень адам

 ішегінде мекендейді де, дернәсілдері мүйізді

 ірі қараның - сиырдың денесінде дамиды,

 сондықтан сиыр цепені деп аталады

Сиыр цепенінің жіктелуі

Патшалық: Жануарлар (Животные)

      Бөлім: Билатеральдылар (Билатеральные)

            Бөлімше: Алғашқы ауыздылар                                                                  (Первичноротые)

                    Типі: Жалпақ құрттар (Плоские черви)

                           Класы: Таспа құрттар                                                                  (Ленточные)

                                   Өкілі: Сиыр цепені (Бычий                                                                        цепень)

 

Таспа құрттардың көбею айналымының сызбанұсқасы:

Жұмыртқа → қармақшалы дернәсіл  → финка (екінші дернәсіл) → ересек таспа құрт

Шошқа цепені – Свиной цепень

 Дене тұрқы 3 метрге дейін жетеді. Бұл адам ішегінде болатын паразит. Денесінің алдыңғы ұшы түйреуіштің басындай кішкене бастан тұрады, басында төрт сорғышты және өткір, ұсақ қармақшалар орналасқан. Қармақшалардың және сорғыштардың жәрдемімен адам ішегіне берік жабысып алады. Басына мойын жалғасады, мойыннан кейін 1000-нан астам бунақтар орналасады. Адамның ас қорыту сөліне төзетін  тығыз қабықша – кутикуламен қапталады. Өте өсімтал. Адамның нәжісімен қоса шыққан шошқа цепенінің жұмыртқаға толы үзігін қоқысты тіміскілеп жүрген шошқа қорегімен бірге жұтып қоюы мүмкін. Шошқа ішегіне өтісімен, жұмыртқадан кішкене жұмыр личинкалар пайда болады да, қан арқылы бұлшық еттерге өтіп финнаға айналады. Финнасы бар шала піскен шошқа етінен цепень соңғы иесі адам ішегіне өтіп, тіршілігін жалғастыра береді.финнаның көзде де дамуы мүмкін, мұндай жағдайда адам соқыр болып қалуы мүмкін. 

   Шошқа цепенінен сақтанудың негізгі шарты – шошқа етін дәрігерлік тексеруден өткізу. Сондай-ақ шошқа етін толық пісіріп жеу керек.

   Адамда шошқа цепенін жұқтырудан болатын ауруды тениоз деп атайды.

5.Түсінігін тексеру:

Ойланып, сұрақтарға жауап бер:

      Әбден пісірілмеген сиыр етін жегеннен адам қандай паразит құртты жұқтырып алуы мүмкін?..........................................................

      Мысалы, бақша иелері отырғызған көкөністерін жақын маңдағы шалшықты судан алып суарады делік. Егер сол бақшадан алынған көкөністерді жақсылап жумай жесек, қандай паразит құрттарды жұқтырып алуымыз мүмкін?..........................................................

 

6.Сабақты бекіту:

Бауыр жағы арқасына  жабысып, денесі жалпақ пішінді болғандықтан жалпақ құрттар деп аталған. Бұл типке жататын құрттар 3 қабаттан тұрады. Екі жақты симетриялы жәндіктер.  Жүйке жүйесі басында жинақталған жүйке түйіні бар. Олар барлық денесі арқылы тыныс алады.

7Үй тапсырмасы:

§42. Оқу

Ж.д. тапсырмаларды орындау

Бағалау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 832 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 3751
    • DOCX 17.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айсарова Наргиза Турганжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 42486
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 166 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 176 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек