Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Жалпы ата - аналар жиналысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Жалпы ата - аналар жиналысы

библиотека
материалов

hello_html_m6549ea3f.jpg

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Бабатай ауылы

Бабатай орта мектебінің

тәрбие ісінің орынбасары

Серғазина Гүлжазира

Бабатайқызы



Жалпы ата – аналар жиналысының тақырыбы:

«Бала зорлығы – қоғам қасіреті»

Күн тәртібінде

1. Психологиялық жаттығу

2. «Бала зорлығы –қоғам қасіреті»

3. Зорлық – зомбылықсыз әлемін қалай құруға болады?

4. Ата-аналарға арналған сауалнама

Жаттығу: «Жанұя бақыты».
Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімін көтеруге көмектесу.
«Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата - ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

Ролик: Балаларды зорлық-зомбылықсыз өсірейік

Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы-еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп,күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл- адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы – «Адамнан-адам тәлім алады, ағаштан –ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.

Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға-тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде,біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық- зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында , алдағы елу жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта, қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз. Олай болса, сол жастардың білім деңгейі, ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық, жан-жақты жауап беру әзірге қиындау, оған дәлел – бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күнен-күнге көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын емес. Әрине, қазіргі таңдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да бұған әсер етуде. Сонымен қатар тәрбие саласына аса мән беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фараби:"Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы"-деген болатын.

Ролик: Қызына зорлық-зомбылық көрсеткен әке
   Балалар –еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. 

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз».
«Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» - дейді дана халқымыз. Отбасындағы ата – ананың мінез- құлқы – баланың көз адындағы үлгі - өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп, зорлық – зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасынын зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, зорлық зомбылықтан аулақ болу. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Сондықтан, жаман әдеттен аулақ болайық.

Сонымен бірге әр баланың 10 түрлі кеңесті білгені жөн.

1) әрдайым дастархан басында ата-анаңмен бірге отыру

2) отбасы мүшелерінің арасында пікір алмасу;

3) отбасында назарды жақсы жаққа аудару;

4) қажет болған кезде қастарынан табылу;

5) ата-анамен үнемі жақсы қарым-қатынаста болу;

6) отбасы мүшелерінің арасында мақтаулы қошемет жасау;

7) отбасы мүшелеріне тосын сый жасау;

8) кешірімді болу;

9) өз қуанышың мен қайғыңда отбасыңмен бөлісу;

10) өмірлік мақсатты еске сақтау. Осы кеңестерді ұстанған баланың болашағы зорлық-зомбылықсыз өтері хақ.

Ролик: ата – анаға кеңес;
“Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
- Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі....
- Отбасы бұл....
- Отбасым бақытты болу үшін....
- Отбасымда зорлық - зомбылыққа жол жоқ, себебі....
- Мен қалар едім отбасымның....

Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алуы ата-анаға байланысты, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі - мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі мен өзара тығыз қарым – қатынастың болуымен негізделеді.

«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.»-деген екен, В.А.Сухомлинский. Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың отбасындағы алатын алғашқы тәрбие үлгісі зорлық пен зомбылықсыз ортада орындалуы тиіс. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала қандай ортада тәрбие көрсе, сондай ортаға үйренісіп, сіңісіп, өз дегенінде дәл ата – аналардың қателіктерін қайталайды.

Мен былай дегім келеді.
Әлемнің бір адамы ретінде
Ақ жүрегіммен сөз беремін
Өзіме, жанымдағыларға
Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.
Қараңғыны нұрландырамын,
Суықты жылытамын.
Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,
Әр күні өзімнің жан дүниемді
Тазартуға тырысамын.
Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,
Мейірімге бөленеді.
Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын»

Тілек шамы тренинг

Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу.
Құрметті ата - аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшақ ұя - жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

* 1. Мектепте оқушылар арасында көрсетілетін зорлық-зомбылық (қорқыту, әлімжеттік) жыл өткен сайын көбейіп жатыр деп ойлайсыз ба?

1. Ия 2. Жоқ

* 2. Өзіңіз мектебіңіздегі зорлық - зомбылықтың куәгері болып көрдіңіз бе?

1. Ия 2. Жоқ

* 3. Егер куәгер болып көрсеңіз, көмектесуге тырыстыңыз ба?

1. Ия 2. Жоқ 3. Куәгер болған жоқпын

* 4. Мектептегі зорлық-зомбылыққа (әлімжеттік) көзқарасыңыз қандай?

1. Толықтай қарсымын

2. " Әлімжеттік "-ны кіші класстарды тәрбиелеудің бір жолы санаймын

3. Ұл балаларға қатысты ғана қолданылуы керек деп санаймын

* 5. Өзіңіз мектепте басқаларға күш көрсетіп көрдіңіз бе? (бұл анонимді сауалнама, шынайы жауап беруіңіз сұралады)

  1. Ия 2. Жоқ

* 6. Америкада, жоғары класс оқушыларының 6% мектептегі зорлық - зомбылықтан қорыққандықтан оқуға бармайды екен. Ал Қазақстанда мектепте көрсетілетін зорлық - зомбылық осындай үлкен зардаптарға әкеледі деп ойлайсыз ба?

1. Ия 2. Жоқ

* 7. Мектептегі балаларға күш көрсету қандай мақсатпен істеледі деп ойлайсыз?

1. Тәрбиелік мәнде

2. Ақша тартып алу

3. Күштілігін өзіне дәлелдеу және жолдастарының алдында күштілігін көрсету

4. Басқа істейтін ісі болмағандықтан

8. Қазақстан мектептерінде күш көрсететін жағдайлар ішкі істер министрлігімен немесе жалпы билік басшыларымен қолға алынуы керек пе немесе мұндай жағдайлардың салдары әлі жоғары дәрежелі мәселе емес пе?

1. Мәселе қолға алынуы керек

2. Жоғары органдардың қатысын қажет етпейді

* 9. Біздің елде балаға зорлық-зомбылық көрсетілсе, бала оны ата-анасына не мектеп басшылығына айтуы керек пе немесе күш көрсету жақын арада тоқталады деп күту керек пе?

1. Айтуы керек

2. Күту керек немесе мәселені өзі шешуі керек

* 10. Күш көрсету (әлімжеттік) бұрын КСРО кезінде де болған, дегенмен қазіргідей мәселе ретінде қаралып, аса әңгіме болған жоқ. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

1. Қазіргі заманның балалары нәзік

2. Ата-ананың тәрбиеге не дедовщинаға көз қарасы өзгерді

3. Қоғам өзгерісімен зорлық-зомбылық туралы баспасөзге жазу қиындық туғызбайды(бұрын бұл тақырып ашық айтыла бермейтін)

4. Қазіргі заманның балалары тым қатігез, сондықтан үлкен зардаптар туғызып, әңгімеге айналады










ӘЛЕМДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЛАЙ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ?

Физикалық жағынан көңіл қоймау дегеніміз дер кезінде балаға медициналық көмек көрсетпеу, баланы үйден шығармау, тамақтандырмау келеңсіздіктері жатады. Эмоционалдық көңіл қоймауға, баланың көзінше ата-аналардың ұрыс-керіс шығарып төбелесуі, ішімдік ішіп, темекі шегулері жатады. Физикалық зорлық-зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірленудің бір түрі. Осы жәбірленуде көбінесе отбасында баланы ұрып-соғу жағдайлары жиі кездеседі.

Сондай-ақ, ата-ана тарапынан балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы да зорлық көрсету белгілері білінеді. Физикалық күштеу кезеңінде ата-аналар көбінесе баланың денсаулығында ақаулық бар деген күдікте болады. Медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді. Алайда, психологиялық аурудың бұл түрі балада емес, ата-анасында деген қорытындыға келеміз. Эмоционалдық зорлық-зомбылық балаларда жеті түрлі жағдайда кездеседі: балаға деген жайсыздықты ата-ананың жоққа шығаруы; жеке қамауда ұстау; баланы бопсалау; елемеушілік; балағаттау; сөз жүзінде жүйкесіне тию; балаға қысастық көрсету; қазіргі таңда жоғарыдағы зорлық-зомбылықтардың он пайызы ғана хабарланғаны белгілі болып отыр. Бұл түрін сарапшылар баланың қорыққандығы мен үрейленгендіктен хабарланбайды деген қорытынды жасалып отыр.

Жыл сайын 25-қарашада бүкіл әлемде әйелдердің қоғамдық ұйымдары зорлық-зомбылыққа қарсы акциялар өткізеді. Міне, он жылдай болды, бұл күн зорлық-зомбылықты  жою жөніндегі  халықаралық күн деп танылған. Ал негізгі әйелдер құқығын қорғау  болып табылатын ұйымдарға әлемнің 91 елінің өкілдері қосылды. Республиканың барлық аумағында осы акцияны қолдау мақсатымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі онкүндік» акциясы өткізіледі.

Бейкүнә балаға қатыгездік жасау тек психикалық ауруға ұшырағандардың қолынан келеді. Балаға зорлық-зомбылық таныту отбасылық  жағдайларда жиі кездеседі. Бұған себеп ата-ананың  ұрыс-керісі, ішімдік, есірткінің зардаптары.  Балаларды ұрлап кетіп, оны саудалау, ауыр жұмысқа салып қою немесе дене мүшелерін сату факторлары жиі кездесіп отыр. Зорлық-зомбылық көрген баланың бойын үрей билейтіні анық, осындай қылмысты балалардың жасырып қалуынан,  зорлық-зомбылықтың алдын алу мүмкін болмай жатыр. Бала – еліміздің жарқын болашағы. Мұндай  қатыгездіктердің алдын алып, балалардың өмірін қорғауымыз керек.

Осы орайда бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны бөлек екенін ұмытпаған жөн. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей бала ата-анасынан қандай тәрбие алса болашағы да, өмірі де солай болады. Сондықтан баланың тәрбиесіне бей-жай  қарауға болмайды. Отбасындағы келеңсіз жағдайлар, айналасындағы теріс құбылыстар баланың өміріне кері әсерін тигізеді. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың ақыл-кеңесімен қоса, мектептегі ұстаздардың, қоғамның да тәрбиесі ауадай қажет.

Қазіргі қоғамда қатыгездіктің, зорлық-зомбылықтың күшейіп, жағдайдың ушығып бара жатқанын көз көріп, құлақ есітіп отыр. Отбасылық ұрыс-керіс, әйел мен бала саудасы,  адамдардың бір-бірін өлтіруі бәрі де әлемдегі шешімі табылмай келе жатқан мәселе. Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру үшін түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Бірақ бұл іс-шаралардан қатыгездік азаймай келеді. Әлемді зорлық-зомбылықсыз көз алдымызға елестетіп қарағанда, қандай болар еді?! Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында.


Автор
Дата добавления 11.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров480
Номер материала ДБ-342459
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх