Инфоурок Музыка Другие методич. материалыЖалпы білім беретін мектептердің «ХОРЕОГРАФИЯ» класына арналған оқу әдістемелік құралы

Жалпы білім беретін мектептердің «ХОРЕОГРАФИЯ» класына арналған оқу әдістемелік құралы

Скачать материал

 

Батыс Қазақстан облыстық пеадгог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

Жалпы білім беретін мектептердің

«ХОРЕОГРАФИЯ»

класына арналған оқу

әдістемелік құралы

 

 

 

                                                   С.А.Имашева         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Орал  2010 жыл

                                                            

 

 

                                                           

Кіріспе

 

         Қазіргі таңда заман талаптарына сәйкес білім берудің мақсаттары да жаңара түсуде. Бүгінгі меңгерген білім мен біліктіліктің көлемі емес, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, адамның бірегей мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін басымдықтар алдыңғы қатарға шықты. Бұл реттегі білімнің басты мақсаты- жас ұрпақты өмірдің күрделі тұстарына әзірлеу, психологиялық және элеуметтік бейімдеу. Қазіргі заманғы оқытудың мақсаттары ой-өрісті дамытудан басқа, эмоцияны, ерік – жігерді дамытуды, қажеттіліктерді, қызығушылықты, мұраттарды, адамның мінез-құлық қырларын қалыптастыруды да кеңінен қамтыды. Оқыту, яғни білім беру жеке тұлғаның үйлесімді дамып, өсе түскен адамның дербестігіне, ол адамның бойындағы ықтимал мүмкіндіктеріне бағдарланған.

         Мектеп әрбір жеке тұлғаның білім алып, дамуы үшін тиімді жағдайлар туғызып, ой-өрістік – теориялық, көркемдік – эстетикалық және дене тәрбиесінің арасында үйлеспейтін сәйкессіздік болмайтындай жұмыс ұйымдастыруы қажет.

         Балаларды жалпы білім беретін мектептерде,гимназияларда  хореографиялық оқытудың негізгі міндеті - өскелең ұрпақты эстетикалық тұрғыдан дамытуға ықпал ету. Хореограф педагогтардың алдында оқушылардың бойына өз елінің және басқа да халықтардың би өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін, құрметпен қарау сезімдерін сіңіру міндеті тұрады. Бұл оқу-әдістемелік құралда оқушылардың  үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін және әртүрлі репертуарды жасауға қол жеткізетін би материалының көп  жанрлығы ұстанымы  айқын белгіленген.

         Бұл құрал өзегінің әліппесі – би материалы бекітетін және бағытталған жүйелілік, қол жетерлік және қозғалысты біртіндеп күрделілендіру - өзінің денесін (корпусын), қолын, басын дұрыс қоюдан бастап, оқушылардың сахналық мәдениетті меңгеруіне дейінгі ұстаным бойынша жаттығу.

         Оқу-әдістеме мынадай бөлімдерден тұрады: музыкалық қозғалыстың әліппесі, әрбір бөлім бойынша дағдыларды (машықтарды), білім мен біліктіліктерді беркітуге ықпал ететін қозғалыстардың пропорционалдық даму материялы бар классикалық, халықтық және тарихи-тұрмыстық бидің элементтері.

         Классикалық, халықтық-сахналық және тарихи-тұрмыстық билердің негізгі элементтерімен танысу оқушылардың бойында ырғақ сезімін, музыкаға эмоционалдық  ықыласын дамытады, оларға биді жетік, мінсіз орындауға тәрбиелейді, жалпы мәдениетті қалыптастырады.

         Классикалық бимен айналысу оқушылардан ынталы күш-жігерді және зейінділікті талап етеді, олардың еңбекқорлығын арттырып, еріктерін, мінездерін шыңдайды, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуға ықпал етеді. Би билеу сауаттылығын меңгеру үшін классикалық бидің әліппесін үйрену қажет.

         Классиканың негізі – бұл қозғалыстың тепе-теңдігі мен үйлесімділігінің жалпы қағидаларынан құрылған адамның табиғи қозғалысы.

         Халықтық-сахналық би балалардың ішкі күш-жігерлерін белгілі бір басыбайлылықтан босатуға көмектесіп, би қозғалысының ішкі әсер сезімінің сыртқа шығуына ықпал етеді, өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын сезінуге мүмкіндік береді.Басқа халықтардың мәдениетімен би арқылы танысу – оқушыларды сол халықтың дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелейді.

          Өткен дәуірлердегі би өнерінің алуан түрлі мәнерлерінің сипатын білдіретін          тарихи-тұрмыстық би - әсерлі де мәнді мәнерлерді бойға сіңіреді, өйткені сол бір замандарда хореографтар «зиялы мәнерлерге» ерекше мән берген болатын.

         Қазақ биі өзінің дамуында ұзақ та күрделі жолдан өтті. Бишілердің, хореографтардың бірнеше ұрпағының ізденімпаздық күшімен қажырлы еңбегімен, талантты талпынысымен пайда болып қалыптасқан қазақ биі қазір өзіндік өрнегімен, ұлттық ерекшелігімен, қайталанбас бет-бейнесімен көрермен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Қазіргі қазақ биі дүние жүзі халықтарының алдыңғы қатарлы билерімен бой теңестіріп, қатар тұра алатын дәрежеге көтерілді.

         Қазақ биі дүние жүзі халықтарының барлық билері сияқты «халықтық -сахналық билер» тобына жатады. Қазақ биі Қазақстан Республикасының оқу орындарында – хореографиялық училищелерде, мәдениет училищелерінде, мәдениет институттарында жеке пән ретінде арнаулы курс бойынша дербес оқытылады  және хореографиялық білім беру саласындағы негізгі арнаулы пәндердің бірі болып саналады. Қазақ биін пән ретінде оқытудың алдына қойылатын міндеті – биші шәкірттердің бойында жоғары адамгершілік,туған халқына деген күшті мақтаныш сезімін, сондай-ақ  халықтық билердің орындалу сипатын, стилі мен мәнерін көрермен көпшілікке әсерлі жеткізе білу қабілетін қалыптастыру, би билеу техникасын меңгеру, музыканың мазмұнын  түсінуін қамтамасыз ету болып табылады.

Әрбір бидің тақырыбы не екенін, ондағы образдардың қандай болу керектігін оқып-үйрету барысында оқытушы ұстаз өзінің шәкірттеріне халқымыздың тарихы, тұрмыс тіршілігі, жалпы мәдениет дәрежесі қандай болғаны туралы тартымды да мазмұнды әңгімелер айтып беруі тиіс. Бұл ретте қазақ халқының музыкасына, саз өнеріне, поэзиясына, сөз өнеріне, бейнелеу өнеріне, өнердің өзге де қолданбалы түрлеріне баса назар аудару ұсынылады.

Бұл оқу құралы жалпы білім беретін мектеп-гимназиялардың -  хореографиялық бөлімдері мен өнер мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған. Оқу құралы бағдарламасы 4 (төрт) жылға есептелген. Әрбір сабақ белгілі бір мақсаты мен міндеті бар бірнеше бөлімнен тұрады.

         Кіріспе бөлім – бұл жеңіл қадам жасау мен жүгіру жаттығуы. Ол 3-тен 10 минутқа дейін уақыт алады. Оның мақсаты – балалардың назарын аударып, олардың сергек те іскер көңіл-күйлерін қалыптастыру. Бұдан басқа бала организмі үлкен дене еңбегі жүктемесіне дайындалады, тынысы «ашылып», дұрыс қан айналысы қалыптасады.

         Сабақтың оқу- жаттығу бөлігі станоктың қасындағы жаттығулардан (басында 20-25 минут) және зал ортасындағы жаттығулардан ( 20-35 минут) тұрады.

                  1-ші жыл оқыту

                  Музыкалық қозғалыстың әліппесі

         Сабақ балаларды бойлары бойынша бір қатарға тұрғызудан басталады. Балаларға денелерін қалай ұстау керектігін көрсету. Бірден-ақ алғашқы марш қозғалысымен музыкалылықты талап етеді.

         Музыкалылықты дамыту үшін қозғалыстың метрлік-ырғақтық суретінен музыка сипатын көрсететін қарқынды қозғалысқа көшеді. Әмбебап қозғалыс – би қадамы мен оның үйлесімділігі. Оқушыларды музыкалық мөлшерлер: 2/4; 4/4; 3/4 көрсеткіштерімен таныстыру қажет.

Төрттен бір, сегізден бір, жарты және тұтастан тұратын ырғақтық (ритмикалық) суреттерді алақан соғу мен қадамдарды жасай білу. Балаларды музыкалық жанрдың сипатын (марш, вальс, полонез, полька) және оның қозғалыстағы  көрінісін түсінуге тәрбиелеу. Сонымен бірге музыка ырғағымен бірге қадам жасауға үйретумен қатар  балаларға, қозғалысты мәнді де сәнді етіп шығаратын дене сұлулығы туралы да ұғым беру қажет. Содан кейін неғұрлым күрделі суреттерді енгізу керек: екі-екіден, төрт-төрттен сап түзеп, бағытты өзгерте отырып, шеңбермен жүру, көлбеу бойынша, «жыланша» (змейка), «ұлуша» (улитка) жүру.

 Балалар марш ырғағымен би қадамы жүрісінің дағдыларын жоғалтпай еркін түрде қайтадан сап түзейді, үш үлесті (полонез) мөлшерде, ұлттық би сипатында жүріп қимыл жасауға үйренген кезде, би образдарының этюдтық жұмысына көшуге болады.

         Аяқтардың позициясы

         Классикалық биде аяқтың бес позициясы болады. Бастапқы позицияны аяқтың бұратылғыш қалпын сақтамай залдың ортасында үйренеді.

         Позицияларды үйренудің жүйесі: I, II, III, V, төртінші ең қиын позициямен оқушылар соңғы кезекте танысады.

         I позиция. Аяқтардың табандары екі өкшесі бір-бірімен тақалып, еденде тіке сызық жасап, сыртқа қарай жайылған.

         II позиция. Аяқтардың табандары тіке сызықты сақтап тұрады, бірақ өкшелер бір-бірінен табан қашықтығындай аралықта болады.

         III позиция. Аяқтардың табандары бірінің алдында бірі айналып тұрады, яғни бір аяқтың өкшесі екінші аяқтың табанының ортасына тығыз тақалып тұрады.

         V позиция. Табандар өздерінің айналған жағдайларын сақтай тұрып, бірін-бірі тығыз жауып, бір аяқтың тұмсығы екінші аяқтың өкшесіне тақалып тұрады.

         IV позиция (соңғы кезекте үйретіледі). Табандар өздерінің айналған қалпын сақтай тұрып, табан ұғымдығы қашықтығындай жерде бір-біріне қарама-қарсы қатар тұрады және бір аяқтың ұшы екінші аяқтың өкшесіне қарама қарсы жағдайда болады.

         Қолдардың позициясы.

         Қолдардың позициясымен таныспас бұрын оқушыларға жоғарыға, төменге, алға және жанға қарай қозғалыс және осы бағыттардың айқындылықтары (мәнер) туралы түсініктерді айтып өткен жөн. Қолдар мағынасы және сипаты бойынша әртүрлі актерлік қимылдарды көрсетуге қызмет етіп қана қоймайды, ол сонымен бірге бидің техникалық мәнерлеп көрсетуі жөніндегі басты көмекшісі. Классикалық бидегі қолдардың позициясын классикалық бидің әдістемесі бойынша үйренеді.

         Саусақтарды классикалық биде дұрыс және әсем топтастыру білекке көркемдік нысан береді.Саусақтар нәзіктікпен сүйірлендіріліп, үшінші саусақ пен бас бармақ бір-біріне жақын ұсталады – бас бармақ үшінші саусаққа тиер-тимес жағдайда болады.

         Хореографтар қолдың дұрыс жағдайда болуы үшін көптеген әдістемелік  құпияларды пайдаланады. Мысалы, кеңістікті қамту үшін  I позицияда балаларға алдарыңда үлкен бір допты ұстап тұрғандай болып сезінуді ұсынады. Сол сияқты қолды стол үстіне қойғанда шынашақ пен шынтақ бір деңгейде тұрады, содан кейін қолды ауада, яғни алдыңа ұстап тұрасың. Саусақтарды дұрыс топтастыру үшін, қолдарды күштене алға созып, содан кейін бос ұстап, оларды жаю керек, осыдан кейін қайтадан бірге қосу қажет.  Бас бармақты кезекпенен қалған саусақтармен жақындатып, бас бармақпен үшінші саусақтың қосылысын неғұрлым әсем жағдайда бөлек көрсету керек.

         Қолдардың кез-келген қозғалысын дайындықты (әзірленген) қалыптан бастайды. Осындай жағдайда қолдарды қозғалыссыз төмен жіберіп, саусақтар сәл ғана иіліп, алақандар бір-біріне қарама-қарсы жағдайда ұсталады және қолдар денеден аздаған қашықтықта болады.

         Қолдар I позицияда дөңгелектелген (жұмырланған) бастапқы қалпын сақтай отырып, кеудеден сәл ғана төмен, диафрагма деңгейінде мықыннан жоғары көтеріледі. I позициядан  III позицияға, содан кейін II позицияны үйренеді.

         III  позицияда қолдар сопақша түрін сақтай отырып, алақандарды ішке қарай (өзіне) бұрып, бастың үстінде сопақша бейне жасап, жоғары көтеріледі.

Негізгі позициялардан басқа шағын позициялар да бар.

         I шағын позиция қолдардың әзірлік қалпы мен I позиция арасында болады.

         I шағын позиция II позиция мен әзірлік қалып аралығында.

         Тарихи-тұрмыстық би

         Бірінші (алғашқы) сабақтарда балаларға техника элементтері мен сауаттылық үйлесімі бар қозғалыстарды үйрету керек, сонымен бірге оқудың осы сатысында тарихи-тұрмыстық алғашқы жаттығулар процесінде алынған дағдыларды пайдалануға арналған қадам болып табылады, бұдан басқа ол белгілі бір деңгейде халықтық-сахналық және классикалық бидің негіздерін меңгеру үшін бишінің денесін әзірлейді.

         Біз кіші топтың балалары үшін нағыз элементарлық би элементтерін береміз. Бал биінің қозғалыстары мен қолдар мен аяқтардың жағдайы классикалық билерге жақын болады, бірақ олардың өздеріне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Мысалы, бал биіндегі аяқтардың III,II,I және IV негізгі позициялары, IV позиция толық сақталатын реверанстардан басқасы өтпелі болып табылады (аяқтардың позициясы классикалықтарға ұқсас, дегенмен толық емес айналымдылық балаларға оларды меңгеруде жеңілірек болады).

         Ескі тарихи-тұрмыстық билерде қолдар иықтардан төмен болады, II позициямен және әзірлік жағдайымен салыстырғанда шамамен 450.

         По марше – (би адымы, жүру) – оның спорттық адымнан айырмашылығы,оң аяқтан бастап үйрену қажет. Қыздар етектерін ұстап, шынтақтарды шеңбер қылып немесе қолдары әзірлік жағдайы мен II позицияның арасында бастапқы жағдайда болады. Аяқтардың башпайлары адым жасағанда  созылып бұрылуы қажет. Арқасын тік ұстайды. Басы сәл ғана кейін шалқайған.

          Demi-plie  – жартылай тізерлеу (тізею), әзірлік тобы толық емес айналым қозғалысы жағдайында істеледі, ол тарихи-тұрмыстық бидің негізгі элементтері.

         Жаттығу. Музыкалық мөлшер – 2/4. Demi-plie  аяқтардың I және II позицияларында үйренеді. Қолдар әзірлік жағдайында.

         1 такт тізе ию (тізе бүгу);

         2 такт жағдай бекітіледі (тізелер екі жаққа қараған, аяқ табандары еденнен ажырамайды);

         3 такт аяқтар жайлап түзетіле бастайды;

         4 такт осы жағдай бекітіледі. Бұл ретте demi-plie орындаған кезде өкшенің ішкі бөлігіне және аяқтың бас башпайына күш түсіріп «тірек» жасамауды қадағалау қажет және мүмкіндігінше тізелер екі жаққа бағытталуы тиіс. Demi-plie  әрбір позицияда 4 реттен жеке-жеке орындалады. Содан кейін әрбір қозғалысқа екі тактіден бекітілместен бірге істеледі.

          Battements tendus – (толық емес айналым жағдайында) – бұл қозғалысты үйрену кезінде оқушылар айналымдылық, «жұмыс істейтін» және «тірек» аяқтары туралы түсінік алады.

Балаларға алдын-ала тұрқын (денесін) екі аяқтан бір аяққа-тірек аяғына ауыстыру техникасын көрсету қажет. Осы мақсатпен мынадай ойындық  қозғалысына көшкен жөн. Балаларға еркін позицияға тұруды ұсынып, аяқтардың ұшымен су ішінде сияқты «бұлғап» шайқауды көрсету керек. Бұл ретте дене тұрқы еріксіз жұмыс істеп қозғалып тұрған аяқтан тірек қызметін атқарып тұрған аяққа ауысады. Осындай ойын қозғалысын орындағаннан кейін балаларға battement tendu қимылын орындау жеңіл болады.

         Музыкалық өлшем – 2/4. Екпіні жәй. Бастапқы қалып - аяқтар III позицияда, екі қол – әзірлік жағдайында.

         Оң аяқты бірінші ширекке сырғымалы қозғалыспен аяқтың ұшын еденнен ажыратпай және аяқтың алқымы мен башпайларды созып, қажет бағытқа бейімдеу керек. Бұл кезде дене тұрқы салмағының орталығы тірек аяғына ауысады.

         Екінші ширекке- бастапқы жағдайға қайта оралады.

         Әрине жеті жастағы балаларға алғашқыда бұндай жаттығуларды орындау оңайға түспейді. Тіпті жетекші өзінің аяғының алқымы мен башпайларын созып, аяғын бұрып көрсетіп, түсіндіргеннің өзінде де бұл жаттығудың қиындық әкелері сөзсіз. Сондықтан да бұл міндетті дұрыстап түсіндіріп, ұғыну үшін көмекші әдіске жүгінген жөн. Әуелі балаларға жұдырықтарын жұмып, содан кейін босатуды ұсыну керек. Осы әдісті бірнеше рет қайталағаннан кейін оларға аяқтың алқымын созып, башпайларын еденге бағыттап, қолмен істеген жаттығу сияқты табанды босаңсытуды ұсынған жөн.  Осының нәтижесінде балалар аяққа күш түскенін, бұлшық еттердің ширыққанын сезінеді, бұл хореографиядағы көптеген элементтерді орындап, меңгерген кезде болатын қажетті жағдай.

         Demi-plie мен battements tendusдің  үйренген элементтерін бекіту үшін менуэт стиліндегі қозғалысты орындауды ұсынамыз.

         Музыкамен жетектеу- менуэт сипатында. Бастапқы қалып - аяқтар  III позицияда, қолдар-төмендетілген II позицияда жамбас бойында ұсталады.

         Арт аяқта тұрған аяқ «бір» дегенде battement tendu көлбеу бағытымен орындайды (сол жаққа, алға). Сол қол жұмыс істеп тұрған сол жақ табанға қарай созылады.

         «Екі» дегенде осы жағдай бекітіледі;

         «Үш» дегенде бір мезетте demi-plieні орындап алға қарай III позицияда жабылады. Қол мен бас аздап төмен түсіріледі. Содан кейін осы қозғалысты арт жақтан III позицияда тұрған оң аяқ жасайды. Осы элементтерді кезектеп істеу ежелгі (көне) менуэт стилінде біріккен және үйлесімді қозғалыс жасап шығарады.

Балалардың осы элементтерді үйрену кезінде қуанышқа кенеліп, қанағат алатындықтары туралы сеніммен айтуға болады, өйткені олар осы элементтерден біртіндеп әдемі де шабыт берер бидің қалыптаса бастайтындығын көріп, сезінеді.

         Pas degage - дайындық және байланысты қозғалыс.

         Музыкалық өлшем бұрынғыдай. Бастапқы қалып – I позиция. Бұл қозғалыс балаларды тепе-теңдік сезіміне жаттықтырады, салмақ орталығын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыруды үйретеді.

         Затакт –demi-plie. «Бір» дегенде оң аяқтың ұшын еденнен ажыратпай II позицияның бағытына бағыттайды және аздап бүкіл табан бойына төмендетіліп, дене тұрқының барлық салмағын өзіне аударады. Сол аяқ біртіндеп табанды еденнен ажыратып, battements tendus жағдайына көшеді, осыдан кейін бастапқы жағдайға оралады.

         Pas degage сол сияқты оң және сол аяқтан алға және артқа орындалады. Алға және артқа қозғалысы кезінде жұмыс істеп тұрған аяқ өкшеге көтеріліп, IV позицияда қалады.

         Қыздарға арналған тәжім  ету (книксен)

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Бастапқы қалып III позиция.

          «Бір» дегенде II позиция жағына қарай оң аяқтан pas degage істейді.    «Екі» дегенде сол аяқ сырғымалы қозғалыстан оң аяққа қарай тартылып, арт жағынан жарты башпайға қойылады және содан кейін тізе ию орындалады.

         Тәжім ету (балалар үшін)

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. бастапқы қалып - әдеттегі қалып. Екі қол еркін түрде дене бойында ұсталады.

         «Бір» дегенде II позиция жағына оңға pas degage  (қадам) істейді.

         «Екі» дегенде сол аяқ  оң аяққа қарай тартылады.

         «Үш» дегенде – баспен жай иіліп тәжім етеді.

          «Төрт» дегенде – бас өзінің алғашқы жағдайына қайта оралады. Осы қозғалыс сол аяқпен де орындалады. Балалардың арқаларын бүкірейтпей (имей) неғұрлым тіке тұрғандарын қадағалау қажет. Басты жеңіл ғана иген кезде мойынды бірге иіп, бүкіреймеу керек.

         Pas glisse – сырғымалы қадам.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкалық жетектеу гавот (орташа жылдамдықпен биленетін көне француз биі) сипатында. Бастапқы қалып – аяқтар I позицияда, қолдар төмендетілген II позицияда.

         Затактіде – жарты башпайға көтерілу.

         «Бір» дегенде - өкшені еденнен ажыратпай, сырғымалы қозғалыспен оң аяқты тіке бағытпен IV позицияға алға шығарып, жайымен бүкіл табанға түсіру.

         «Және» дегенде сол аяқты жарты башпайға көтеріп, сырғымалы қозғалыспен I позицияға тартып алу, содан кейін қозғалысты «екі» деген сөзбен жалғастырып, сол аяқпен алға қарай pas glisse орындау.

         Pas glisseні сол сияқты III позициядан да орындауға болады. Бұл ретте сырғымалы қадамның тым үлкен болмауын қадағалау қажет. Pas glisseні үйренгеннен кейін па галопты меңгеру жеңіл болады, өйткені бұл элемент бір аяқпен III позициядан орындалатын pas glisseнің өзі болып табылады.

         Па польки

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкалық жетектеу – «полька», жылдамдық-модерато (бір қарқынмен, асықпай). Бастапқы қалып-аяқтар III позицияда. Қыздар етектерін ұстап, білезік сызығын бүкпестен шынтақтарын дөңгелентіп көрсетіледі немесе жағдайды дайындық және II позиция аралығында бекітеді.Балалар қолдарын белдеріне ұстайды.

          «Және» затактісінде  demi-plie орындалады және сол аяқпен секіріп түседі. Бір мезетте тізесінде, алқымында және башпайларында созылған оң аяқ алға (тірек аяғына қарсы) 300-қа көтеріліп, дене тұрқы басты сәл ғана оң жақ иыққа бұрумен оңға қарай қисаяды;

         «Бір» дегенде аяқ жарты башпайға қойылып,

         «Және» дегенде сол аяқ оң аяққа артқы жағынан тақала тартылып (міндетті түрде айналымда);

          «Екі» дегенде – оңға қарай оң аяқпен шағын қадам жасалып, жартылай башпайға қойылады.Осы сәтте бір мезетте сол аяқ сәл ғана тізеден бүгіліп, оң (толарсақтан) тобықтан төмен тартылып жақындайды. «Және» деген сөзге оң аяқпен сәл ғана секіріп түсіп, сол аяқ алға қарай созылып, қозғалысты бастайды.

         Па польки қозғалыстарының сипаты көңіл-күй және қозғалыс бойынша балаларға жақын тұрады. Дегенмен де бұл қозғалыстың өзіндік күрделі құрылымы бар: ол бір мезетте жұмыс істеп тұрған аяқты көтеріп және қайтадан еденге басумен жартылай башпайға секіріп түсуді біріктіреді, сондықтан да оны оқу жылының екінші жартысында үйренеді.

         Классикалық би

         7-8 жастағы балалар оқу жылының екінші жартысынан бастап классикалық бидің әліппесін оқып үйренеді. Екінші оқу жылының соңында олар станок жанында элементарлық (қарапайым) классикалық экзерсисті (жаттығуларды) меңгереді.

         Ең бастысы, балалар классикалық би мектебін меңгерген кезде, олар өзіндік сезім қасиеттерін жоғалтпаулары тиіс. Бұл үшін жаттығуларды балалардың би тәжірибесімен байланыстыру қажет (қолдардың қозғалыстары, шағын секірулер, бейнелі қимылдар). Классикалық би мектебі айналымдылық элемент міндетті шарт болып саналатын аяқтардың позициялары мен қалыптарын оқып-үйренуден басталады. Айналымдылық дененің бүйірлік теңесулердің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, қозғалысқа кеңдік және ауытқу шегін береді, аяқтардың әсем сызықтарын көрсетеді.

Дейтұрғанмен, бұндай маңызды дағдыға қол жеткізу әсте жеңіл емес. Балалардың әсем және сауатты билеп шығулары үшін жетекшіге біраз тер төгуге тура келеді. Көп нәрсе аяқтар мен дене  тұрқын қалай қоюға байланысты болады. Аяқтардың едендегі жағдайларымен ауада қалай ұстау керектігіне қол жеткізу үшін жамбастың, тізелердің және табандардың бұлшық еттеріне біраз күш түсіру қажет. Табандар бұруға тез ыңғайланады, сондықтан айналымдылықты саннан бастап тізе буындарына дейін күшейте отырып табандарды біршама еркін ұстау керек. Табанды айналымды жағдайда ұстау үшін аяқты жамбас-сан буынында белсенді түрде бұру арқылы қол жеткізуге болады. Кейбір тәжірибесіз жетекшілер өздері күткен нәтижеге қол жеткізу үшін сабақтың басында оқушылардан бірінші позицияның айналымдылығын талап етеді.Көптеген балаларда буындарының жұмсақ және серпімділігінің арқасында табандары айналымдылыққа тез бейімделеді. Бірақ аяқтың, санның, тізенің толық айналымдылығы туралы айтуға болмайды, сондықтан да осы тұрғыдан алғанда үнемі қателік пайда болады- аяқтар қалақ тәрізді жағдайда болады (тізелер мен сандардың айналымсыз кезіндегі табандардың айналымдылығы).

         Классикалық биде би келбетінің қалыптасуына үнемі мән беріледі, әсіресе ол төменгі сыныптардағы оқушылар үшін, өйткені осы жаста қозғалыс тәжірибесінің негіздері қаланады.

         Арқаның бүгілуін жою үшін образдық-ойындық әдісті қолдануға болады. Мысалы, жетекші балаларға мынаны ұсынады: «өте тар қуыстан бүйіріңмен өтуге тырыс» немесе «сенің денеңнің алдынан да артынан да екі тақтайдың арасында тұрғандай сезінуге тырыс» ж.б.

 

         Станок жанындағы жаттығулар

         Demi-plie – иілу, жиналу, ал классикалық бидің жаттығуы ретінде-жартылай тізе ию.

         Жаттығу. Музыкалық мөлшер-4/4, жылдамдық-орташа. Бастапқы қалып – станокқа қарап тұру, аяқтардың I позициясы, екі қол станоктың үстінде иықтардың кеңдігіндей аралықта жатады.

         Аяқтар алғашқы екі ширекте, айналымдылықты күшейте отырып, балтыр-табан буынының шекті иініне жетіп, жайлап иіледі, тізелер аяқ басының айналымды жағына бағытталады.Табандар еденге жабысып тұрады, дене тұрқы тіке, жинақы.

         Келесі екі ширекке «үш және төрт және» дегенде айналымдылықты және бұлшық ет күштерін сақтай отырып жағдайды бекітеді;

екінші ширекке «бір және екі және» дегенде екінші тактіде санның, табанның және тізенің бұрынғы бағытын сақтай отырып, аяқтар созылады.

         Demi-plieні орындаған кезде оқушылар дене тұрқын алға қарай еңкейтеді, бұл дұрыс емес.

         Қозғалыстың барлық сатыларында едендегі аяқ басының (табанның) жағдайын қадағалау қажет, бірінші башпайға салмақ салып, тіреуге жол бермеу керек. Дегенмен де аяқ басының дұрыс жағдайына қол жеткізу әсте оңай емес. Бұл үшін мына үлгіні пайдаланған жөн: таяқтан кері шегініп, қолдарын кеудеге қусырып, demi-plieде бірнеше рет аяқтан аяққа тұру, бұл ретте бүкіл табанмен еденге соққы жасау керек. Бірінші башпайға салмақты көп салғандар әдетте құлап түсіп, еденді қатты тебе алмайды. Балалар станок жанында жұмыс істеген кезде де бұдан әрі де (табанның) жағдайын түзей бастайды, дұрыс жағдайды сақтауға тырысады. Demi-plieні басында аяқтардың табиғи (қалыпты) қозғалысымен бір позициядан екінші позицияға (төрт реттен) ауыса отырып үйренеді, содан кейін battement tendu арқылы позициядан позицияға өтіп үйренеді.

         Battement tendu– керіп, созылған қозғалыстар-аяқтың түгел тартылып, созылуын жаттықтырады; тізеде, аяқ алқымында және башпайларды, аяқтардың күшін дамытады.

         Battement tendu шетке қарай

         Жаттығу.  Музыкалық өлшем-4/4. Бастапқы қалып – станокқа қарай тұрған сәттегі аяқтардың I позициясы.

         «Бір және екі және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ өкшені алға қарап шығарып, еденде табанмен II позицияға сырғып, еденнен біртіндеп өкшесін көтеріп, аяқтың ұшымен сырғи отырып, шеткі нүктеге жетеді және аяқтың толық созылып, тартылуына қол жеткізеді (тірек аяғының жағдайы сол күйінде қалады, дене салмағы тірек аяғына түседі, иықтар мен сандардың бірдейлігі сақталады);

         Екінші екі ширекке – «үш және төрт және» сөздерінде жағдай бекітіледі;

         Екінші тактінің «бір және екі және» деген сөздерінде жұмыс істеп тұрған аяқ сырғыған қозғалыспен I позицияға қайта оралады, сөйтіп, келесі екі  ширек бойында жағдайды бекітіп отырады.

         Даярлық тобында қозғалысты I позицияда жай жылдамдықпен үйреніп, орындауды ұсынады. 4/4 мөлшерінде әуелі екі такт, содан кейін қозғалысқа бір такт орындалады. Battement tenduді меңгергеннен кейін оны 2/4 мөлшерінде ширектер бойынша бір қалыпты орындап отырған жөн. Қозғалысты алға қарай өкше бастайды, артқа қарай аяқтың ұшы. Battement tenduді оқытудың барлық сатыларында неғұрлым күрделі комбинацияларды үйреніп, бекітеді. Осы қозғалыстағы жаттыққан дағдыларды бекіту тек классикалық билерде ғана емес, халықтық-сахналық би қозғалыстарында да көрініс табады. Battement tenduдің комбинациялары әртүрлі. Әрбір педагог оқу бағдарламаларын балалардың жас ерекшеліктерін, олардың үлгерімдерін есепке ала отырып, бұл қозғалыстарға нұсқалар енгізуі мүмкін. Басында battement tendu бір жаттығудағы бір қалыпта сегіз қозғалыспен үйретіледі. Содан кейін бағыттарды алғы жаққа, артқы жаққа «айқыштап» үйлестіріп жасайды; Оқу жылының соңында балалар қозғалыстарды ширектер бойынша жиі жылдамдықпен орындай алады.

         Battement tendu demi-plieмен

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4, жылдамдық-орташа. Қозғалыс сегіз тактіге орындалады. Бастапқы қалып - станокқа қарап тұрған сәттегі аяқтардың I позициясы.

         1-нысаны (түрі) – бөлек. «Бір және екі және» дегенде battement tendu  шетке қарай орындалады;

         «Үш және төрт және» дегенде жағдайды бекітеді.

         2- тактінің «бір және екі және» деген сөздерінен кейін аяқ I позицияға қарай оралады;

          «Үш және төрт және» дегенде жағдайды бекітеді.

          3- тактіде «бір және екі және» дегенде demi-plie орындалады; «үш және төрт және» дегенде жағдай бекітіледі.

           4- тактіде «бір және екі және» дегенде – аяқтар түзетіледі;

          «Үш және төрт және» дегенде қалып бекітіледі.

2-түрі- бірге. Battement tenduді demi-plieмен орындаған кезде бірге орындаған қозғалыс бір қалыпты орындалады.

         Battement tendu passé par terre – жұмыс істеп тұрған аяқтың еденмен сырғымалы қозғалысы (аяқты I позиция арқылы алға-артқа апарып, demi-plieні I позицияда меңгеру арқылы қозғалыс жасау).

Бірінші такт – жұмыс істеп тұрған аяқты позициядан алға немесе артқа шығару, екінші такт – жұмыс істеп тұрған аяқ сырғымалы қозғалыспен бүкіл табанмен еденде бірінші позиция арқылы алға немесе артқа шығарылады.Бұл қозғалыс маңызды сатылық қозғалыс болып табылады. Battement tendu passé par terre  арқылы көптеген би қозғалыстары өтеді (па полонеза, па де баск, па вальса, па польки, орыстың ауыспалы қадамы). Болашақтағы көптеген қозғалыстардың тазалығы – осы қозғалысты дәл меңгеруге байланысты.I позициядағы жұмыс істеп тұрған аяқтың айналымдылық жағдайына айрықша назар аударылуы тиіс.

         Demi rond de jambe par terre – жерде аяқпен шеңбер жасау. Икемділікті, қозғалғыштықты және жамбас-сан буындарының күшін дамытады. Battement tenduдегі тіке бағыттарды үйренгеннен кейін шеңберлі, доға тәрізді қозғалыстарды жасауға көшуге болады.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4. Жылдамдық-баяу. Бастапқы қалып - станокқа қарап тұрған сәттегі аяқтың I позициясы.

         «Бір және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ battement tenduдің қағидасы бойынша алға қарай созылады;

          «Екі және» дегенде аяқтың ұшы еденмен сырғып, жұмыс істеп тұрған аяқтың өкшесі тірек аяғының өкшесіне қарама-қарсы тұратындай болып II позицияға дейін доға жасайды;

          «Үш және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ battement tendu жағдайымен жаттығуды I позицияда аяқтайды;

         «Төрт және» дегенде осы позиция бекітіледі.

         Жаттығуды аяқты бір мезетте  en dehorsмен (сыртқа қарай), әсіресе жамбас-сан буынында бұру арқылы дұрыс доға тәрізді қозғалыс дағдысы бекітілгенше сабақтан сабаққа дейін қайталау қажет. Қозғалысты жұмыс істеп тұрған аяқты II позиция жаққа шығарып және доға бойынша артқа әкеліп (өкше өкшеге қарсы) жалғастыра беруге болады. Содан кейін аяқ I позициядан артқа шығарылады және доға бойынша шетке бұрылады. Ronds de jambe орындаудың қиындығы сонда- сыртқы сурет (едендегі доға) бүкіл аяқтың жамбас-сан буынында ішкі бұрылысымен үйлесім тауып сыртқа бұрылуы- en dehors.

 

         Allegro (секіру)

         Секірулерді оқып үйренуге кіріспестен бұрын оқу процесіне позицияларды дәл орындауды талап етпейтін трамплиндік секірулерді енгізу ұсынылады.

         Temps leve saute – екі аяқтап секіру.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып -аяқтардың I позициясы, станокқа қарап тұру.

         «Бір және екі» дегенде аяқтар айналымдылықты күшейте отырып, demi-plieде сирақ-табан буынының барынша иілуіне қол жеткізеді, өкшелер еденге нық орналасқан, дене тұрқы тіке;

          «Және» дегенде аяқтар еденнен күшпен серпіліп, сол сәтте секіру кезінде тізелер, аяқ ауқымы және башпайлар созылады;

          «Үш және» дегенде секіру demi-plieде аяқталады;

          «Төрт және» дегенде тізелер айналымдылықты сақтай отырып, жайлап бастапқы жағдайды қабылдап, созыла түседі. Аяқтар ауада міндетті түрде I позиция жағдайын бекітетін созылған күйінде болулары тиіс (оқушылардың табандары айқастырмауларын және өкшелерін ажыратпауларын қадағалау керек).

         Балаларға секіру кезіндегі бірқатар сәттерді түсіндірген пайдалы: тізе ию, серпіліп секіру, позицияны ауада бекіту және тізе июдегі жерге түсу (башпайлардың ұшынан). Temps leve saute I және II, содан кейін V позициядан орындалады.

         Халықтық-сахналық би

         Халықтық-сахналық би бөлімінде оқушылар түрлі халықтардың ұлттық билерімен танысады. Халықтық-сахналық биге үйрету сол халықтың биін үйрететін ұлтқа тән қолдардың, аяқтардың, бастың позициялары мен жағдайларынан негізгі жүрістер мен қозғалыстардан басталады.

         Мектеп жасындағы кішкентай балаларға халық биінің қозғалыстарын үйрету әдістемесі биді бейнелеп көрсетумен, қозғалыс техникасын түсіндірумен үйлесім табуы тиіс. Қозғалыстарды сатылап үйренуге оқушылардың әрқашан күші жете бермейді. Сондықтан да оларды еске сақтауды талап ететін және өзінің денесінің икемсіздігімен «күрес» қозғалыстарынан үйреніп алған және орындағанда қуаныш сезімін әкелетін қозғалыстарға дер кезінде ауыстырып отырған жөн, академиялық және төзімділік- жетекшінің өзінің оқушыларынан талап ететін орындаушылық дағдылар сапасы міне осылар.

         Тиісті позициялар мен қозғалыстарда жеке жаттығатын қозғалыстарда, бастың, дененің айқындығы- халықтық-сахналық билермен одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті іргетасты қалайды.

         Орыстың халықтық-сахналық биі

         Орыс биі үшін қимылдың кеңдігі, маңғаздылық, жинақылық, сонымен бірге көңілділік, албырттық пен әзілге бейімділік тән болып келеді.

         Орыс биіндегі қолдардың қозғалысы үшін ауысудың жатықтығы, қол сермеумен сол қимылды баса көрсету, қыздар үшін орамалды, гүл шоқтарын, жапырақты, бұтақтарды пайдалану тән. Даярлық тобының балалары үшін қолдарды жатық түрде екі жаққа ашып, оларды беліне апаруды және орамалмен қолдардың қимылын (қыздар үшін) үйренсе жетіп жатыр.

         Қолдардың позициялары

         Әзірлік қалып  – қолдар саннан сәл ғана алшақ күйде төмен түсірілген, білезіктері дене тұрқына қарай бұрылған.

         1 позиция – қолдар алға созылған, белден сәл жоғарырақ, білезіктері алақандарды жоғары қаратып ұсталған, бас сәл ғана көтеріңкі және аздап оңға және солға бұрылуы мүмкін.

         2 позиция – қолдар екі жаққа жайылған, иық деңгейінен төмен, білезіктері алақанмен алға қарай бұрылған. Бас оң (сол) қол жағына қисайған.

         3 позиция - әдетте орамалмен істелетін жағдайда пайдаланылады.Қолдар шынтақта шеңберленіп, жоғары көтерілген.Шынтақтар екі жаққа жайылған, орамал бірінші және екінші саусақтармен ұсталып қолдарды сопақша етіп қосып тұрады.

         Қолдардың қалыптары

         Қыздардың қолдары белдерінде- жұдырықтары жұмылған, балалардың қолдары белдерінде төрт саусақтары алға қарай ұсталып, бас бармақтары артқа қарай.

         Қыздар қолдарын кеуделерінде    айқастырып, оң (сол) қолдарын үстінде ұстайды, қолдың білезіктері қолдарының астында болады. Бас оңға немесе солға бұрылған, балаларда айқасқан қолдары білектерінің үстінде: төрт саусағы үстінде үлкен бас бармақ қолды қапсыра ұстаған. Бас оңға немесе солға  бұрылған.

         Қыздарда оң қол орамалмен үшінші позицияда болады. Сол қол – белде немесе әзірлік қалпында.

         Қолдардың қозғалыстары             

         Жаттығу. Музыка – халықтық. Жылдамдық – бір қалыпты. Музыкалық өлшем  - 4/4, 2/4. Бастапқы қалып – екі қол дене тұрқының бойымен алақандары ішке қаратылып еркін түрде төмен жіберілген. Аяқтар I еркін позицияда.

         «Бір» дегенде білезікті көрерменге қарай бұру;

         «Екі» - саусақтарын созып, бас бармақты сәл ғана алшақтату (бас оң жаққа бұрылады);

         «Үш, төрт» - білезіктерді бастапқы жағдайда келтіріп, өзіне қарай бұру. Қайталаған кезде басты сол жаққа бұру керек.

 

 

         Қолдарды 1 позицияға өткізу

         Жаттығу. Музыкалық өлшем, музыка сипаты және жылдамдығы бұрынғыдай. Бастапқы қалып – аяқтар еркін позицияда. Қолдар әзірлік қалпында.

         «Бір» дегенде қолдар I классикалық позицияға өтеді;

         «Екі» дегенде – білезік алақанмен жоғары қарайды. Шынтақ біршама шетке ысырылады және екі қол орыстың сахналық биінің I  позициясы түрінде көшеді, бас оңға (солға) қарай бұрылады;

         «Үш» - дегенде алақандарды еденге қарай бұру, бас оң (сол) қол білезігінің қозғалысына ілеседі;

          «Төрт» - қолдар бастапқы қалыпқа қайта оралады. Бір мезетте бас сәл ғана төмен түсіріледі.

         Қолдарды 2 позицияға өткізу

         Жаттығу. Музыкалық өлшем және жылдамдық сол сияқты. Бастапқы қалып – аяқтар I еркін позицияда. Қолдар әзірлік қалпында.

          «Бір»  дегенде қолдар иық  деңгейінен төмен және дене тұрқынан аздап алға қарай екі жаққа ашылады;

         «Екі» - алақан және шынтақ алақандарды жоғары бұрумен қол сызығын теңестіреді,  шынтақтар артқа жіберіледі;

          «Үш» - білезік еденге бұрылады (шынтақ қозғалмайды);

          «Төрт» - екі қол да әзірлік қалпына түседі. Одан әрі қолдар I классикалық позициямен өтіп, ашылады.

         Орыстың халықтық-сахналық биін орындаған кезде қолдардың екінші позициясын неғұрлым қиын жағдай деп есептеуге болады. Оның қиындығы сонда – қолдар табиғилықты, қимылдың кеңдігі мен айқын да ашықтығын сақтай отырып, шынтақ сызығының дөңгелектенген әсем пішінді қабылдауы тиіс.

         Орамалмен қозғалыс жасауды үйрену (қыздар үшін)

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып оң қол төменде орамалды ұстап тұрады, алақан дене тұрқына қараған. Сол қол белде. Аяқтар I еркін позицияда.

         Бірінші тактіге орамал ұстаған қол II позиция арқылы өтіп, белді ұстаған сол қолдың шынтағына дейін жетеді. Бас қол білезігінің қозғалысымен бірге бұрылады, содан кейін оң қол өзінің бастапқы жағдайына қайтадан оралады және қозғалыс қайталанады.

         Жүрістер

         Орыстың халықтық-сахналық биінің негізгі жүрісі – бұл біресе оң аяқпен, біресе сол аяқпен толық басып жүретін кәдімгі қадам. Тактінің әрбір ширегіне бір қадамнан келеді.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем - 2/4. Жылдамдық-баяу. Бастапқы қалып-аяқтар I еркін позицияда (өкшелер бірге, аяқ ұштары сәл алшақ).

Бірінші қадамды істеу үшін оң аяқты аздап еденнен көтеріп, алға жылжыту керек. Дене тұрқы тірек аяғына ауысады. Екінші аяқ ең қысқа жолмен I табиғи  позициядан өтеді және тағы да алға жылжиды. Қозғалыстардың жатықтығына оларды бірнеше рет қайталау арқылы қол жеткізіледі, осының нәтижесінде аяқтардың қозғалысы мен дене тұрқының үйлесімділігі пайда болады.

         Жай жүрісте балаларды хор билерімен, әртүрлі суреттермен, мысалы, тізбек (цепочка), шеңбер (круг), кәрзеңке (корзиночка), қақпа (воротца), жұлдызша (звездочка), дөңгелектер  таныстыруға болады.

         Қырындап (бүйірмен) жүру (Боковой ход)

         Бұл қозғалыс хорлық пляскілерде, яғни орындаушылар шеңбер жасап тұрғанда кеңінен қолданылады. Билеушілердің жатық қозғалысы күн айналып тұрған сияқты әсер қалдырады. Бұл қозғалысты балалар оқытудың алғашқы кезеңдерінде-ақ меңгеріп алады. Қырындап жүруді бір сызықта немесе дөңгелене шеңбер құрып қол ұстаса жүріп үйренуге болады.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. бастапқы қалып -аяқтар I еркін позицияда.

         «Бір» дегенде оң аяқ оңға қарай шағын қадам жасайды;

         «Және» дегенде сол аяқ оң аяққа тағы да әкеліп тақалады.Қозғалысты бір бағытта қайталап істеуге немесе оң аяқтан – оңға, сол аяқтан солға кезектестіріп істеуге болады.

                 Орыстың ауыспалы жүрісі (Русский переменный ход)

Осының алдындағы жүрістермен салыстырғанда бұл жүріс жыл бойына меңгерген тұтас бір машық-дағдылар жиынтығын талап етеді: тепе-теңдік сезімін, мүсін сымбатын, икемділікті және табанның (аяқ басын) жұмсақтығын. Бұл қозғалысты оқушылар оқытудың бірінші жылының соңында және екінші жыл бойында оқып үйренеді.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыка-халықтық, жылдамдық-баяу. Бастапқы қалып-аяқтар I еркін позицияда, қолдар бел үстінде.

         «Бір» дегенде  оң аяқпен алға қадам жасайды;

          «Және» дегенде аздап сол аяқпен алға қадам жасалады (оң аяқтан асып түскен сияқты);

         «Екі» дегенде оң аяқпен тағы да алға қарай шағын қадам жасалады (сол аяқтан асып түскен сияқты);

         «Және» дегенде тірек аяғында тоқтайды. Сол аяқ tendu passe арқылы I еркін позициямен өтіп келесі қадамның бағытына қадам жасайды. Бұл жүрісті неғұрлым жақсы меңгеру үшін бірінші қадам жасар алдында дене тұрқын тірек аяғында ұстау керектігін баса айтқан жөн. Бұл екінші аяқпен еркін қадам жасап, сырғымалы қозғалыс үшін қажет.

         Ауыспалы жүрісті бірнеше рет қайталаған кезде оны дұрыс орындайтын балаларды жеке топқа іріктеп алу қажет, олар қозғалысты басқаларына көрсетеді. Әдетте, осындай көрсетуден кейін қозғалысты дұрыс орындайтын балалар саны өсе түседі. Сөйтіп, жеке көрсетуді ұжымдық орындаумен үйлестіре отырып, бұндай жүрісті тез үйретіп шығуға қол жеткізуге болады.

 

         Қырындап (бүйірмен) ақсай жүру (Боковой ход с припаданием)

Бұл қозғалысты ең қарапайым билерде қолдану тиімді, орыстың бірде-бір биі бұл қозғалыссыз биленбейді. Сонымен бірге қажетті дағды-машықтарды бекіте отырып, бұл қозғалысты жақсы үйреніп шығу әсте де оңай емес, өйткені ол аяқтардың айналымдылығын, аяқ ауқымының серіппелілігін, жатық demi-plieні талап етеді.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып-аяқтар III еркін позицияда.

         «Және» дегенде оң аяқ еденнен сәл ғана көтеріліп, оң жаққа шығарылады;

         «Бір» дегенде оң аяқ аяқтың ұшынан бүкіл табанмен еденге қойылып, оң жаққа қадам жасалады, бұл сәтте тізе сәл бүгіледі, дене тұрқының салмағы тірек аяғына ауыстырылады, сол аяқ еденнен ажыратылып, оң аяқтың артқы жағынан толарсаққа жақындатылады;

         «Және» дегенде сол аяқ тізесінде толық созылмай оң аяқтың артқы жағынан жартылай башпаймен әкеліп қойылады, дене тұрқының салмағы сол тірек аяғына ауыстырылады, оң аяқ қозғалысты жалғастыру үшін еденнен аздап қана көтеріледі.

         Аяқты тақаға шығару (Выведение ноги на каблук)

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Жылдамдық-баяу. Бастапқы қалып-аяқтар I еркін позицияда, екі қолды бел үстінде жұдырықты түйіп ұстайды.

         «Бір және» дегенде оң аяқ тақаға қойылып, дене тұрқы жинақыланады, дененің салмағы-сол тірек аяғында;

          «Екі» дегенде аяқ өзінің бастапқы жағдайына қойылады. Қозғалысты оң аяқтан сол аяққа кезектеп немесе жеке-жеке оң және сол аяқтан орындауға болады.

         «Ковырялочка»

         Бір аяқпен кезектеп жабық жағдайда шетке қарай, аяқ ұшымен еденді тебу және ашық жағдайда тақаның қырымен тебу (секіріп түспей).

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Жылдамдық-орташа. Бастапқы қалып-аяқтар I еркін позицияда.

         Бірінші тактіде «бір және екі және» дегенде оң аяқ тізенің солға бұруымен (ішке) II позиция жағдайында табан мен өкшеге қойылады. Екінші тактіде «бір және екі және» дегенде аяқ тізенің және аяқ басының кілт бұрылысымен айналымдылық жағдайына әкелінеді, аяқ басы тақаның қырына қойылады;

         Үшінші тактіде «бір және екі» дегенде жағдай бекітіледі;

         Төртінші тактіде «бір және екі және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ бастапқы жағдайға қойылады. Қозғалыс төрт тактіден тұрады және оң аяқтан төрт рет қайталанады. Содан кейін қозғалыс сол аяқтан орындалады.

         Ер балаларға арналған тізе ию (Присядка для мальчиков)

         Бұл қозғалыс балалар биінде маңызды орын алады. Тізе ию екі түрге бөлінеді: бірінші түрі – толық тізе ию, яғни биші толық тізе ию жағдайында болады.

          Екінші түрі – жартылай тізе ию, яғни айтқанда ол басқа да қозғалыстармен кезектесіп және аяқтар ауыстырумен орындалуы мүмкін.

         Аяқты тақа қырына қойып орындалатын жартылай тізе ию          (шетке немесе алға) (Полуприсядка с выведением ноги на ребро каблука) (в сторону или вперед)

          I еркін позиция бойынша сәл секіріп түсумен толық тізе ию, содан кейін созылған аяққа көтеріліп, бір мезетте аяқты лақтыру және тақа қырына тоқтау немесе орнында 450қа көтеру. Әрине биді жаңадан бастағандар дене тұрқын алға еңкейтіп, тізелерін болар-болмас екі жаққа жазып аяқ бастарымен толық тізе иеді. Педагог бұл қозғалысты көрсете отырып, оқушылардың назарына дене тұрқының тіке жағдайына және екі жаққа жазылған (айрылған) тізелерге аударады. Тізе ию өкшелерді еденнен ажырату - көтеру арқылы орындалады.Станок алдында орындалатын халықтық-сахналық билердің жаттығуларымен таныс емес 7-8 жастағы балалар осы жағдайдағы тепе-теңдікті үлкен қиындықпен сақтайды. Дегенмен де тап осы қиындықтың өзі станок алдында жаттығудың қажеттігіне оқушының көзін жеткізеді. Келесі сатыда жартылай тізе июді аяқты шетке қарай лақтыру, тақа қырына және ауада 450қа лақтыру сияқты әдістермен түрлендіруге болады.

         Соңынан станок алдында «жұмыс» істей отырып бұл қозғалыстарды неғұрлым дәл істеуге қол жеткізулері тиіс. Ер балалар алақандарын шапалақтау, сандарын шапалақтау сияқты ырғақты қозғалыстарды асқан қызығушылықпен үйренеді, бұл ретте де ырғақты комбинациялардың болуы ықтимал.

         I еркін позициядағы тізе ию-секіріп түсулер (Присядка-подскоки в 1-й свободной позиции)

         Жартылай башпайлармен төмен тізе июді 7-8 жастағы балалар қиындықсыз орындай алады.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4, жылдамдық-шапшаң. Бастапқы қалып-толық тізе ию.

         «Және» затактісінде толық тізе июде аяқтар мен дене тұрқының суретін сақтай отырып, тізелерді түземей-ақ екі аяқпен жеңіл секіріп түсу, «бір» дегенде толық тізе июде жартылай башпайларда жерге түсу, «және» дегенде қайтадан секіріп түсу;

«Екі» дегенде тізе ию т.с.

         Қозғалысты сегіз рет қайталауға болады, содан кейін бойды жазып бастапқы қалыпқа келеді. Қозғалысты меңгеріп болған соң оны табанмен жер тепсініп (тарсылдатып) күрделілендіруге болады.

 

         Белорустың халықтық-сахналық биі

         Қолдардың позициялары

         Әзірлік қалпы – екі қол екі бүйірде еркін түрде төмен жіберілген, қол білезіктері алақандарымен дене тұрқына қаратылған.

         I позиция -өзінің таза түрінде белорус билеріне тән емес.

         II позиция  - екі қол екі шетке көтерілген, шынтақтар еркін ұсталған, қолдардың білезіктері алақандармен алға қарай бағытталған және сәл ғана жоғары көтерілген.

         III позиция – таза түрінде белорус билері үшін сипатты емес. Дегенмен де бір қол, әсіресе жұп болып билегенде III позицияда жиірек болады, екінші қол еркін түрде төмен жіберілген немесе белінде болады.

 

        

 

         Қолдардың қалыптары

         1-қалып – екі қол шынтақтан иіліп, белдің екі жағында болады немесе білезіктің сырт жағымен, болмаса алақандарымен ұсталады, шынтақтар екі жаққа қараған және сәл алда тұрады.

         2- қалып – қолдар кеудеге айқастырылған, шынтақтар дене тұрқынан бөлінген, оң қол сол қолдың үстінде, қол білезіктері алақандармен қарама-қарсы қолдардың үстінде жатады, шынтақтан сәл ғана жоғары. Қыздарда оң қолдың білезігі сол қолдың шынтағының астында, сол қолдың білезігі алақан жағынан шынтақтан жоғары оң қолдың үстіне орналасқан.

         Жұптағы қолдардың қалпы

Ер бала қыз баладан сәл кейінірек, сол жағында тұрады.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4, белорус полькасы.

«Бір және екі және» дегенде қыз баланың оң қолы жоғары көтеріледі, екінші тактіге сол қолы I позиция арқылы ер бала жағына қарай ашылады – бас қолдың артқы жағына солға қарай бұрылады.

Үшінші тактіде ер бала оң қолын III позицияға көтеріп, қызға қарай басын бұрып, оның қолын алады.

Төртінші тактіде ер бала сол қолымен II позицияға көтерілген қыздың сол қолын алады. Ер бала біршама артқы жағында тұрады.

Дене тұрқының, бастың, қолдардың дұрыс қалыптары дағдысын бекіткеннен кейін жұптасып билеу қозғалысын үйренуге көшкен жөн.

Белорус полькасының қозғалысы алға, артқа және бұрылыспен бүйірге жүріп жеке немесе жұптасып билеуде пайдаланылуы мүмкін.

         Жүрістер мен қозғалыстар

         Жартылай тізе июдегі жүріс – бір аяқта төмен башпайлар жартысымен өтіп, бір мезетте тіке жағдайда бүгілген екінші аяқты көтеріп, соңынан үш рет аттау. Орында тұрып алға жылжу, бұрылу мен артқа жүру. Бұл қозғалыстың қиындығы сонда – ол өзінің ырғақтың  құрылымы бойынша классикалық полькаға ұқсас болса да, олардың сипаттары мен кеңістік суреті әртүрлі.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4, музыка-халықтық. Бастапқы қалып-аяқтардың I еркін позициясы. Қыздар қолдарын жұдырықтарын жұмып белдерінде ұстайды, балаларда қол саусақтары белде (мықындарында). «Және»  затактісінде жартылай тізе ию, сол аяқпен өту, тізеден бүгілген оң аяқ қысқа көтерілуімен балтырдың жарты деңгейіне дейін көтеріледі; дене тұрқы тіке, бас оң жаққа бұрылған;

«Бір» дегенде оң аяққа аттау;

«Және» дегенде сол аяққа аттау;

«Екі» дегенде оң аяққа;

«Және» деген сөзбен қозғалыс бір аяқта жылжып өтумен жалғасады.

         Жартылай тізе июдегі аяқпен тарсылдату

I еркін позиция бойынша аяқпен екі рет тарсылдатып, бүкіл табанға ырғып (қарғып) түсу. Қозғалыс pas de basque бір түрін көз алдыңа әкеледі. Оны үйренуге кіріспестен бұрын балалардың назарын қозғалыстың жаңа түрі- ырғып түсуге, яғни айтқанда қандайма бір нәрседен секіріп өтуге аудару қажет.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкамен жетектеу-полька. Бастапқы қалып-аяқтар I еркін позицияда.

«Бір» дегенде оң аяқпен оңға қадам жасау;

«Және екі» дегенде I еркін позиция бойынша аттау;

«Және» дегенде үзіліс және қозғалысты солға қарай жасау. Оқушылар бүйірмен (қырындап) жүру қозғалысының құрылымын түсінгеннен кейін бұл қозғалысты бір жақтан екінші жаққа секіріп-ырғып түсуі арқылы үйренуге кірісуге болады.

         Ер балаларға арналған тізе бүгу

         Тізе бүгу, яғни бүгіп отыру – I еркін позиция бойынша терең жартылай тізе июде екі аяқпен башпайлардың жартысымен бір жақтан екінші жаққа ырғып түсіп, бір аяқта толық тізе ию, сол сәтте екінші аяқты өкшеге қойып, тіке жағдайда алға шығару. Осы қозғалысты үйренуді бастау сәтінде балалар айналымды позициядағы тіке дене тұрқымен тізе ию дағдыларын (машықтарын) алулары тиіс (орыс биінің жартылай тізе бүгуі).

         Дейтұрғанмен, белорустық билерде тізе бүгу қозғалысы I еркін позиция бағытында жүретінін көреміз. Белорус биінің қозғалысы орыстың тізе бүгу қозғалыстарынан (айналымды позицияларда) олардың бастапқы нұсқаларынан жеңілірек болады.

 

         Қазақ халқының сахналық биі

         Екі аяқтың алғашқы ұсталу қалпы және оны биге ыңғайлау

         Қазақ биі «халықтық-сахналық билердің» жалпы тобына жататындықтан да онда екі аяқтың алғашқы ұсталу қалпы мен оны биге ыңғайлау тәсілі халықтық-сахналық, классикалық билерге тән негізге алынады.

         Екі аяқты алғашқы қалпында ұстаудың, бес еркін, бес тік  және бес ашық /бүктетілген/ түрі бар. Сондай-ақ екі /1-ші және 2-ші/ жабық түрі де кездеседі.

         Қазақ биінде екі қолды биге ыңғайлау ерекшеліктері

Екі қолды биге ыңғайлау кезінде оларды сымбатты да сұлу көрінуі, шарттар түрде әлдебір ою-өрнекті немесе симболды бейнелеуі қарастырылады. Екі қолды биге ыңғайлау кезінде олардың салыстырмалы түрде алғанда едәуір қимыл-қозғалыста болуы да мүмкін.

1.     Қос мүйіз /қошқар мүйіз/ - екі қолдың алғашқы ұсталу қалпы 3-түрдегідей, білекпен саусаққа дейінгі бөлігі төмен қарай бүгілген, саусақтар желпуіш тәрізді тарбита ашылған.

2.     Кереге көз – киіз үй керегесінің көзін бейнелейді. Екі қолдың басы білезік буын тұсынан екі алақанды алға қаратқан бойда айқасады. Саусақтар желпуіш тәрізді тарбита ашылып, жоғарыға қарай бағытталған.

3.     Сыйлық – екі қол мықын деңгейінде параллель түрінде алға қарай жіберілген, екі шынтақ денеге тақау, алақандар жоғары қарата жаюлы.

4.     Қос шынтақ – екі қол кеуде деңгейінде шынтақтан ішке қарай бүгіліп, бірінің үстіне бірі қойылады.

5.     Киіз үй – екі қол жоғары көтерілген қалпында болады, екі алақан бір-біріне жапсырыла түседі, саусақтар жоғары қарай бағытталып, екі шынтақ екі жаққа қарай жіберіледі.

6.     Қамшы ұстау – ат үстіндегі адамды бейнелейтін бишінің екі қолының қамшы ұстаған кезінде қандай қалыпта болуы. Сол қол I-қалыпта, тізгінді ұстаған саусақтар жұмылып, жұдырықтанады, қамшы ұстаған оң қол III-ші қалыпта болады.

7.     Қос қол – екі қол екі жақ бүйірге қарап созыла ұсталады.

 

         Қазақша иіліп сәлем беру түрлері

 

         Ер кісілердің сәлем беруі – екі қолды кеудеге, жүрекке басады.

         Әйелдердің иіліп сәлем беруі – бір тізерлеп отырып, екі қолды тізесіне қояды.

 

         Екі қолдың негізгі қимылдары

1.     Қол қимылы айналма – екі қолдың екі басы білезік буын тұсынан өзінен әрі қарай және кері қарай бүктетіле айналады.

2.     Қол сілтеу – екі қолдың екі басын жоғарылы-төменді сілки сілтеу.

3.     Жалын – екі қолдың басы емін-еркін ұсталып, алма кезек жоғары сілтей көтеріледі де екі шынтақтың алма кезек төмен түрілуі арқылы қайталанады.

         Жүріс түрлері

1.     Қарапайым негізгі жүріс – екі тізені орташа бүгіп, кеудені тік ұстап, екі табанды толық басып жүру.

 

1.аӨкшеден басталатын қарапайым жүріс

 

2.     Бір жақ бүйірге қарай ең қарапайым жүріс -  бір аяққа орташа тізе бүгу арқылы салмақ салып, алдыңғы, жетекші аяқты тізеден әрі қарай созып, табанын тірей басқан кезде тоқтатып барып жасалады.

 

         Бірінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар

         Оқу жылының соңына қарай, 7-8 жастағы мектеп оқушысы музыка тактісіне дұрыс өту, сымбатын сәнді сақтау және аяқтың ұшынан өкшесіне қарай жеңіл адымдау дағдылары мен білімдерін меңгеріп шыға алады. Актерлік мәнер дағдысы, би адымында мысық, құс, түлкі, қоян, аю қимылдарын бейнелей білу шеберлігі болуы; көңілді, мұңаю сияқты эмоциялық көңіл-күй образдарына ене білуі; өзінің ұлттық биінің, қимыл-қозғалысының, жүгірісінің, орыс биі элементтерінің негізгі белгілерін меңгеруі қажет.

         Мынандай қимыл-қозғалыстарды білуі тиіс: жанға қарай адымдау, дыбыстап адымдау, бұрып адымдау. Ауыстырып адымдауды орындай алу. Классикалық бидің аяқ, қол позициясын; port de brasның екі дайындықты түрін дұрыс орындай білу. Білім алудың бірінші жылының соңында оқушы қазақ биінен этюд, полька бойынша және секіруге құрылған көңілді польканы, тарихи – тұрмыстық биді орындай білуі керек.   

         Екінші оқу жылы

         Хореографиялық қимыл-қозғалыстарды еркін меңгеру үшін 9-12 жас аралығындағы балалардың жас ерекшелігін ескерген дұрыс. Физиологтардың айтуынша, балалардың дене тұлғасының дамуы осы жас ерекшеліктерінде жеделдейді. Олар тез өседі, қозғалыс шапшаңдығы мен күші ұлғаяды, тепе-теңдігі жетіледі.

         Бұлшық ет терілерінің сезімталдығын оқушы тұлғасының, аяқ қолының бүгілуін майысуымен, басының иілуін бұрылуымен байланысты қозғалыс қимылдарды дәлірек орындауына мүмкіндік береді. Осы жас ерекшеліктерінде координацияларды кеңістік дәлдігін, тепе-теңдік сезімін, майысуын, күшін және т.б дағдыларды талап ететін қимыл қозғалыстарды меңгеру өте тиімді.   

         Музыкалық қимылдың әліппесі

         Оқушыларды музыкалық қозғалыстың элементтерімен таныстыру, даярлық топтарының балалары сияқты марш музыкасымен және би адымына жаттықтырумен басталады. Күштірек үлесті акцентпен топтық адымдау (төрт және үш қадам бойынша) тәжірибесі би адымдарының түрлі құрылымын түсінуге балаларды итермелейді. Мәселен, полькалар мен вальс музыкаларының сипатын түсіне білу, олардың ырғақтарының алуандылығы – жүйелі сабаққа себепші болады. Музыкалық би дағдыларын одан әрі меңгеру классикалық, ұлттық би жаттығуларына кең жайылуы керек.

         Қосымша қойылатын талаптар: қозғалысты не шапшаң, не бәсең етпей белгілі бір қарқынмен сақтай білу. Музыкамен қозғалуды қалыпты түсіне отырып, оны соңғы фразасымен сақтай білу.

         Классикалық би

         (станок алдында жаттығу)

         demi-plie, battement tendu, demi ronds de jambe, ronds de jambe par terre қозғалыстары дене тұрқын, аяқтарды, қолдарды және басты қою қозғалыстарын даярлық тобына арналған қозғалыстарды сипаттауда берілген деректер бойынша оқып-үйренеді. Бұл жастағы оқушылар станокқа бүйірімен тұрып қозғалыстарды үйренуге неғұрлым тезірек көшеді (2-жарты жылдықтан бастап).

         Battement tendu jete – I позициядан V позицияға ырғып, керіліп-тартылған қозғалыс жасау, олар аяқтарымен ауада тартып ұстауға бейімдейді, жамбас-сан буынының күйін, жеңілдігін, қозғалғыштығын дамытады.

         battement tendu jete әуелі I позициядан, содан кейін V позициядан үйретіледі, басында станок алдында тұрып, содан кейін станокты бір қолымен ұстап тұрып үйренеді.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4, жылдамдық-орташа. Бастапқы қалып-станокқа қарап тұрады, аяқтар  I позицияда.

         «Бір және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ сырғымалы ырғып 250 биіктікке көтеріліп, II позиция жағына ашылады.

 «Екі және» дегенде созылған башпайлармен еденге тиіп, I позицияда сырғымалы ырғумен жабылады. Қозғалыс басында үзіліс жасап үйретіледі.

 «Бір және» дегенде сырғып ырғу орындалады, «екі және» дегенде жағдай бекітіледі.

 Екінші тактінің «бір және» деген сөздерінде аяқ I позицияға жабылып,

«екі» дегенде жағдай бекітіледі. Басында бір бағытқа сегіз қозғалыс, содан кейін төрт қозғалыстан – мысалы, бір шетке және алға орындалады. Оқу жылының – соңында балалар бір қолдарымен станокты ұстап, бұл қозғалысты барлық бағытта орындайды.

         Sur le cou-de-pied – жұмыс істеп тұрған аяқтың (жұмыстағы аяқтың тірек аяқтың тобығында алдында, артында) жағдайы.

Sur le cou-de-piedнің екі түрі бар: «шартты» және «құлашты», олар табан және башпайлардың тірек аяғының алдындағы cou-de-piedмен ерекшеленеді.

 

         Sur le cou-de-pied – «шартты»

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4. Бастапқы қалып- станокқа қарап тұрған V позиция, оң аяқ алғы жақта. Алғашқы екі ширекке оң аяқтың көтеріле түскен өкшесі өзінің айналымдылығын сақтай отырып, бүгілген тізені шет жаққа бағыттайды, аяқтың ұшы төменгі бағытқа созылып, тобықтан сәл жоғарырақ жағдайға жетеді. Келесі екі ширекте sur le cou-de-pied бекітіледі. Содан кейін табан екі ширекке серпімелі түрде V позицияға түсіріледі (аяқтың ұшы өкшеге қарсы), екі ширек-жағдай бекітіледі. Тап осы жаттығу арт жақта тұрған аяқпен V позициядан орындалады.

Мынандай типтік қатені есте ұстаған жөн: sur le cou-de-pied қозғалысын алға орындаған кезде өкше тірек аяғына тақалады, сөйтіп көтеруді істеген сияқты болады, ал артқа қозғалған кезде – башпайлар бір-біріне тақалып, осының салдарынан табан қисаяды. Осы қателікті болдырмау үшін балаларға sur le cou-de-pied қозғалысы кезінде башпайлар алдыңғы жақта тірек аяғының тобығына жетер-жетпес жағдайда болып, ал өкшені біршама алға шығаратындығын түсіндіру қажет.

Артқы жағдай кезінде бәрі керісінше болады: өкше тобыққа жетер-жетпес жағдайда болып, аяқ ұшы сәл ғана артқа шығарылады.

         Sur le cou-de-pied–«құлашты»

         Жаттығу.  Музыкалық өлшем - 4/4. Бастапқы қалып –V позиция, станокқа бетімен қарап тұрады, оң аяқ алғы жақта. Бірінші және екінші ширекке оң аяқ жамбас-сан бұрышында еркін қозғалыспен тізені бір жаққа шығарып, өкшені тірек аяғының тобығынан сәл жоғары  әкеліп тақайды, аяқ ұшы артқа шығарылады. Содан кейін екі ширек бойынша жағдай бекітіледі. Келесі екі ширекте аяқ  V позицияға қойылады және екі ширекте жағдай бекітіледі. Бұл қозғалыстың бойында тірек аяғының тобығын «тірек» ретінде пайдаланып, тобықты қапсырған башпайларды артқа шығару сәті бар.

«Шартты» sur le cou-de-pied үйретілетін көптеген қозғалыстарда үзіліссіз және аяқтарды алмастыру арқылы пайдаланылады (pas de bourree). «Құшақты» яғни қапсырмалы sur le cou-de-pied жамбастың күші мен серпімелілігін жаттықтырады, өйткені бұл қозғалыс жамбас пен тізенің айналымды бұрылысын сезінуге көмектеседі.

Battement fondu еритін, ағатын батмандар- аяқтардың икемділігін, серпімділігін және күшін дамытады, қозғалыстарға жатықтық береді. Battement fondu станокқа қарап тұрып, II позиция бағытында үйретіледі, станокты бір қолымен ұстап тұрып, басында аяқ ұшымен еденге бағытталып, содан кейін 450қа көтеріледі.

 

         Battement frappe – соққылайтын қозғалыс, аяқтың күшін, жеңілдігін, жылдамдығын дамытады және тізе буынының ширақтылығын дамытады. Қозғалысты жаттығып үйрену аяқты екінші позицияға шығарып (аяқтың ұшымен еденге), станокқа қарап тұрып жаттығудан басталады, содан кейін алға және артқа істейді.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың V позициясы, станоққа қарап тұрады.

         Бірінші тактіге жұмыс аяғы айналымдылықты күшейте отырып, иіледі және жеңіл соққымен толарсақты алдыңғы жағынан қапсыра қамтиды. Екінші такт – осы жағдай бекітіледі. Үшінші такт – санның айналымдылығын сақтай отырып, аяқ сырғымалы қозғалыспен бір шетке қарай қатты созылады, төртінші такт – жағдай бекітіледі, бесінші такт – жұмыс аяғы иіледі және жеңіл соққымен тірек аяғының тобығына қойылады, алтыншы такт – жағдай бекітіледі. Жетінші такт – табан V позицияға түсіріледі, сегізінші такт – жағдай бекітіледі. Содан кейін battement frappe бір бағытта төрт реттен орындалады.

         Жыл соңында battement frappe алға және артқа қарай орындалады, қозғалыс жағдайларды бекітумен баяу орындалады.

         Temps releve par terre (rond de jambe par terre preparation) (дайындалу) – аяқтар мен қолдардың және бастың жұмысын үйлестіруді дамытады.

         Releve lent 450 қа бір шетке қарай, станокққа бүйірімен тұрып үйретіледі.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Жылдамдық – adagio (жайбарақат, баяу). Бір қозғалысқа 2 такт кетеді. Бастапқы қалып аяқтардың I  (V) позициясы.

         Бірінші тактінің екі ширегі – battement tendu. Екі ширек - аяқты 45-900 қа жайлап көтеру. Екінші тактінің бірінші (алғашқы) екі ширегіне аяқты ұшымен төмен түсіріп, соңғы екі ширекте I  және V позицияларда жабылады.

         Бұл қимылды  (қозғалысты) үйрену барысының бірінші сатысындағы ең көп таралған қате – жұмыс аяғын тізесімен алға қарай еріксізден бұрып және тірек аяғын ию. Тірек аяғы қозғалмай тұруы тиіс, иықтар мен сан бірдей деңгейде болуы қажет. Сонымен бірге, созылған екі аяқты да айналмалы жағдайда ұстау міндеті бар. Алғашқы сатыда тірек және жұмыс аяғының жағдайын өзгертпеу үшін аяқты аз ғана биіктікке көтеруге болады. Бұдан кейін негізгі дағдыларды меңгеріп болған соң ақты 900 -қа көтеру жеңілге түседі.

         Станокқа қарап тұрып,  I -позицияда денені артқа ию (майысу)

         Жаттығу. Музыкалық өлшем -3/4, музыка сипаты – баяу, жай ғана. Әрбір қимылға (қозғалысқа) екі тактіден.

         Артқа қарай майысуды жай, иықтардың бірдей қалпын сақтай отырып орындаған жөн. Қимылды (қозғалысты) иықпен бастайды, оңға бұрылған бас дене тұрқының артқа қарай иілуін ұстап тұрады, тізелер созылған жағдайда, сандар қозғалмайды. Балалардың қолдарының «тартылмауларын», бастарын артқа шайқалтпауларын, екі аяқты дәл бұруларын қадағалап тұру қажет. Бастапқыда дене тұрқын артқа иіп майыстыруда амплитуданы, яғни теңселу шегінің үлкендігін талап етпеу керек.

         Денені бір шетке қарай ию (майыстыру).

         Бастың оңға және солға бұрылған сәтіндегі қырынан қарағандағы жағдайын бақылаған жөн. Иілу белден емес, кеуденің жоғарғы жағдайында болады.

         Allegro (секірулер)

         Станокқа қарап тұрып, I-II-III  позициялар бойынша Temps leve saute. Әзірлік тобы. Қосымша үйретіледі:

         Pas echappe II позицияға – «саңылау» жасап секіру. Бастапқыда станокқа қарап тұрып үйренеді. Музыкалық өлшем -2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың V позициясы, бас оңға бұрылған.

         «Бір» дегенде – demi-plie, бас алдыңғы жаққа бұрылады, «және» дегенде екі аяқ та еденнен қатты серпіліп, аяқтың алқымы мен башпайлары созылып, ауада V  позицияда биік секіру бекітіледі. «Екі» дегенде төмен түсу екпінін тежей отырып, аяқтар барынша созылады және айналымдылықты күшейте отырып ашылып, II позицияда demi-plieдеге түседі. «Және» дегенде аяқтар бұлшық еттерді босаңсытпай еденнен қатты серпіліп, секіру үстінде ауада II позицияда бекітіледі. «Үш және» дегенде барынша созылған аяқтар төмен түсу екпінін тежей отырып, айналымдылықты күшейтіп, секіруді demi-plieнің V позициясында аяқтады – сол аяқ алдында, басты оң жаққа бұрады; «төрт және» дегенде – тізелер созылады.

         Pas echappe секіруі неғұрлым күрделі дағдыларды, мысалы, айналымдылықты, секіру биіктігін талап етеді, ол орындаушыға екі қимылды (қозғалысты) істеуге көмектеседі – ауада V позицияны сақтауға, содан кейін II позицияда жерге түсуге және оны керісінше істеуге. Бұл ретте өкшелер мен  тізелердің жағдайларын қадағалау қажет, дене тұрқының алға, сол сияқты артқа қисаюының алдын алған абзал.

         Pas couru – жартылай башпайларда бүлкілдеп жүгіру. Оны қыздар орындайды. Қозғалыс басында бір орында, содан кейін алға жүріп орындалады. Бұл реттегі басты міндет – аяқтардың үзіліссіз қозғалысы кезінде дене тұрқының қозғалмауын сақтау. Бас жоғары қарай көтерілмеуі төмен түспеуі де тиіс.

         Pas couru VI позиция бойынша үйретіледі және осынысымен қалған классикалық қозғалыстардан ерекшеленіп тұрады. Жарты башпайларда алға және артқа орындалады. Оны станокқа қарап тұрып та және сол сияқты ортада тұрып та үйренеді.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың VI позициясы. Екі қолдың саусақтарының ұштарымен етекті ұстайды немесе төмендетілген II позицияда болады, алақандар еденге қаратылады.

         Plie және жарты башпайларға тұру. «Және» затактісі – оң аяқ жұмсақ қимылмен еденнен сәл ғана ажыратылады. «Бір» дегенде бірден тізесінде соғылып, қайтадан орнына әкелінеді. «Және» дегенде осы қимылды сол аяқ істейді. Жаттығу бастапқыда баяу істеледі, содан кейін аяқтар қимылдарының үзіліссіз жұмыс істеуіне қол жеткізіп, тез жылдамдықпен істеледі.

         Халықтық-сахналық би

         Халықтық-сахналық би сабағы екі бөлімнен тұрады: станок жанында және ортада жаттығу.

         Халықтық-сахналық бидің жаттығулары, классикалық бидегі сияқты буын-бұлшық ет байланысын аппаратын дамытатын күрделілене түсетін қозғалыстар ұстанымы бойынша құрылған. Олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылады. Аяқтардың, қолдардың классикалық позициялары, дене тұрқының жағдайы меңгерілгеннен кейін, оқушыларды орыс, белорус билерінің элементтерімен таныстырғаннан соң оқу жылының екінші жартысынан бастап станок жанында жаттығуға көшуді ұсынуға болады.

         Станок алдында қозғалыстар жасауды үйрене жүріп, оларды қайталап, қателіктерді жоя жүріп, оқушы бұдан әрі оның творчестволық жұмысына негіз болып табылатын қажетті дағдылар мен білімді біртіндеп меңгере бастайды, өйткені қозғалыстың бұл негізгі элементтері одан әрі үйлесін тауып, түрленеді, сөйтіп, би суреттері мен ырғақтарының әртүрлілігін жасайды.

         Станок алдындағы жаттығу

         Қолдың әзірлік қимылы; қол өзінің әзірлік қалпынан I позиция арқылы II позицияға және IV позицияға жабылады (беліне).

         Жартылай тізе бүгу (ию) және терең тізе ию – I,II және III позициялар бойынша. 

         Гран плие (классикалық бидің)

         Төмен қарай қимыл жасаған кезде өкшелердің еденнен ұзақ ажырамауын және жоғарыға қайта оралған кезде жылдамырақ төмен түсуінің маңызы зор. Гран плиенің негізгі қағидалары түсінікті болғаннан соң бұл жаттығуға халық биінің сипатында көшкен жөн.  

         Халықтық-сахналық биді үйретудің бірінші жылында жартылай тізе ию бір терең жартылай тізе бүгумен (бір реттен немесе I,II,III позициялардың әрқайсысында екі реттен).

         Табанның жылжымалылығын дамыту жаттығулары (батман тандю) – табанды өкше қырына ауыстырып, аяқты ұшына созу (алға, бір шетке, артқа).

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Жылдамдық өлшемі – баяу. Бастапқы қалып – аяқтар III позицияда. Қолдар белде.

         Сырғымалы қозғалыспен (батман тандю) аяқ бір шетке қарай созылады, содан кейін ұшымен жоғары көтеріліп (көтеруді қысқарту жолымен) өкшенің (тақаның) қырына қойылады, осыдан соң қайтадан созылып, ұшына қойылады. Бұдан кейін батман тандюдің қағидалары бойынша V позицияда жабылады. Қозғалыс басында бір шетке қарай, сосын айқышталып орындалады, бұдан соң тірек алдында тізе ию қосылады.

 

 

         «Жіпке» әзірлену. (Подготовка к веревочке)

Ашық жағдайда аяқ бойынша сырғу.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып – аяқтар III позицияда, станокқа қарап тұрады.

 «Және» затактісі – оң аяқ тізеде бүгіліп, 900 биіктікке кілт көтеріледі, бұл ретте созылған табан (аяқ басы) башпайларымен төменге бағытталып, сол аяқтың тізесінен сәл алда болады.

«Бір» дегенде – табанмен толық III позицияға түсіріледі.

 «Және» дегенде оң аяқ тағы да пасса (жүріп өту) жағдайына көтеріледі және тірек аяғының бойымен жылжи отырып, бүкіл табанмен арт жағынан  III- позицияға еденге кілт түсіріледі.

         Оқушылардың жұмыс аяғын көтерген кездерінде «шартты» ку де пьені өтіп, аяқты тізенің ортасына дейін төмендетпей, дәл «аяқ» бойымен арт жағынан III позицияға түсірмеулерін қадағалаған жөн.

         Тап осы қимыл тірек аяғында сырғымалы шабыспен орындалады, бұл кезде яғни шабыс кезінде жұмыс аяғының табанының тірек аяғынан алшақтауын қадағалау керек.

         Орыстың халықтық-сахналық биі (ортада жаттығу)

         Жүрістер

         Бұл – алға және артқа жылжумен жасалатын қарпайым қадам. Қарапайым қадам аяқтың ұшынан өкшесіне қарай шеңбер бойынша жаттықтырылады, содан кейін суретте жасалады. Дене тұрқы жағдайынан бақылап, жүрістің жатық түрде ешбір түрткісіз орындалуын қадағалау керек. Қозғалысқа (қимылға) қолдарды қалыптан белге II позицияға шығарып сән беруге болады.

         Алға қозғалып, қолдардың, дененің, бастың қимылымен істелетін ауыспалы жүріс. Алғашқы үш қадамға қолдар алға қарай және бір шетке қарай ашылады, келесі үш қадамға қолдар шеңберлі қимылмен шынтақтап беліне бүйірден келіп жабылады, бұл ретте шынтақ үнемі бір дегенде және бір бағытта ұсталады. Дене тұрқы ашылатын қол жағына бұрылады (солға, оңға).

         Ауыспалы жүрісті сырғымалы тебу немесе өтпелі соққымен түрлендіріп орындауға болады, оны I позиция арқылы өткізбей орындауға болады.

         Дроби – (жыбырлаған қадам) - бір орында тұрып және алға жылжып өкшемен үздіксіз жиі тарсылдатып соғу.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың VI позициясы, қолдар белде, станокқа қарап тұрады.

         «Бір» - оң аяғымен еденді ұру.

         «Және» - оң аяқтың қатарында сол аяқпен екі рет еденді соғу.

         «Екі» - оң аяқпен алға бір қадам жасау, «және» сол аяқпен алға қадам жасау.

         «Гармошка» - екі табанның да бір мезетте I  еркін позициядан I  жабық позицияға және бір шетке қозғалып кейін оралуы.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем -2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың I позициясы, тізелер сәл ғана бүгілген.

         «Және» затактісі – оң аяқтың ұшы және сол аяқтың өкшесі түсіріліп, аяқтардың ұштары біріктіріледі.

         «Бір» - оң аяқтың ұшы және сол аяқтың өкшесі еденнен ажыратылып оңға шығарылады.

         «Екі» дегенде оң аяқтың ұшы және сол аяқтың өкшесі еденге түседі, өкшелер біріктіріледі.

         «Және» дегенде қимылды затактіге қайталап істеу. Қимылдар бүкіл табанмен орындалып, оңға және солға істеледі және оларды станокқа қарап тұрып үйренеді. Балалардың қимылдың жылжып (қозғалыспен) істелетіндігін түсінгендерін бақылау қажет, бұл үшін табандар бірде ұшымен бірде өкшемен бұрылатындығын айтып түсіндіру керек. Жүрісті бір аяқпен де көрсетуге болады.

         «Веревочка» (жіп қарапайым) - сәл бүгілген аяқтармен орындалады. Бұл үшін тірек аяғында жартылай тізе ию жағдайын меңгеру қажет. Бұл қимыл тепе-теңдік дағдыларын талап етеді, сондықтан алдын-ала бірқатар әзірлік жаттығуларын орындау керек. Мысалы, III-позиция жағдайында отырып, сырғымалы қозғалыспен алға жылжу (қолдар белде). Содан кейін тірек аяғында жартылай тізе ию жағдайында алға жылжу, жұмыс аяғы пассе жағдайында тізесінде. Қимылды оң және сол аяқтан жасайды. Оқушылар тепе-теңдікті меңгергеннен кейін оларға тіректі ауыстыру арқылы одан кейінгі қозғалыстарды реттеу жеңілге түседі.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы жағдай – аяқтар III позицияда, оң аяқ еденнен көтеріле бастайды.

«Бір» - оң аяқта сырғып, ыршып (секіріп) түсу, осы мезетте тізеден бүгілген сол аяқ еденнен тізе деңгейіне дейін көтеріледі.

«Екі» дегенде сол аяқты оң аяқтың артқы жағынан әкеліп қояды т.с.с.

         «Хлопушки» бір рет, алақанды, санды, сирақты (ер балалар үшін) шапалақтау.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем 2/4. Бастапқы қалып аяқтардың VI позициясы.

Затакт – шынтақтарын дөңгелете ұстап, қолдарын алға қаратып алақан шапалақтау.

«Бір» дегенде сәл ғана ыршып, иықтардың деңгейінде екі аяқпен түсу. Екі аяқтың да тізелері бүгілген, дене тұрқы аяқтарға қарай еңкейген.

«Және» - оң қолмен оң аяқты тізеден жоғары соғу. Екінші он алтыдан бір бөлікке – сол қолдың алақанымен сол аяқты соғу.

«Екі» - оң қолмен оң аяқты екінші рет соғу.

«Және» - затактідегі сияқты денесін көтермей екі алақанды алдына ұстап бір-біріне соғу. Бұл қимыл сегіз рет істеледі.

         «Хлопушки» сирақты (балтырды) «шапалақтау»

         Затакт – қолды алға ұстап алақан соғу,

«Бір» дегенде сәл ғана ыршып, екі аяқпен түсу, аяқтарды айшықтап, оң аяқты алдыңғы жақтау бүкіл табанға қою, сол аяқты – арт жағынан жарты башпайларға қою керек;

«және» - оң қолдың алақанымен сол аяқтың балтырын соғады. Затактідегі сияқты дене тұрқын көтермей қолдарын алдына ұстап алақан соғу және қимылды жалғастыру.

         «Ключ»  - жәй тырпылдаған.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4.

«Бір» дегенде оң  аяқтың табанымен еденді қатты ұру;

«Және» дегенде әуелі бірінші он алты бөлікке тақамен, екінші бөлікке – оң аяқтың ұшымен ұру;

«Екі» дегенде сол аяқпен тебу;  

«Және» дегенде – үзіліс.

 

          Балтық жағалауы республикасының билері

         Эстон, Литва, Латвия елдерінің билер техникасы жағынан онша күрделі болмайды. Бұл билердің композициялары мен олардың ойын мазмұны реттеу мен шыдамдылықты дамытуға көмектеседі. Бұл билерді жұптасып билейді, сондықтан олар үшін қолдардың позициялары емес, қалыптар тән болады.

 

         Литваның халықтық-сахналық биі

         Өздерінің сипаты бойынша литва халқының билері байсалды және ұстамды болып келеді. Оларға негізінен қарапайымдылық пен өзінділік сипаттар тән болады. Би басынан бастап соңына дейін бір қалыпты немесе көңілді, сергек, ырғақтарды бірден кілт өзгертпейтін кейіпте орындалады.

         Мысалы, «Ручугай» (масақтар) – егін оруды, шабуды және масақтарды жинауды белгілейді. «Маунис» (диірмен) биінде күрделі орын ауыстырулар диірмен тастарының айналуларын, жел диірмені қалақтарын бейнелейді. «Иеваротштас» (көпір) би - ойнының  қызығы – онда билеушілердің қимыл – қозғалыстары ағаш бұтақтарынан көпір салу кезін көз алдыңа әкеледі. Барлық халықтардағы сияқты литва биінде темір ұстасының («келевялис»), етікшінің («шяучус») бейнелері де бимен өрнектеліп көрініс тапқан. Сол сияқты жануарларды бейнелейтін билер де кең таралған. Мысалы, «Ожялис» - текешік. Бұнда сүзеген лақ-теке бейнеленген, ол екі аяғымен секіріп, сүзіп жүреді. Қораз биі де белгілі, ол «Гайдис» деп аталады. Ұзын бойлы бала қарт қоразды бейнелейді, басқа балалар – жас әтештерді көрсетеді, олар өсиеттен гөрі төбелесті жақсы көреді. Қыздар билейтін «Блездингеле» (қарлығаш) биі құс қанатының дірілін көрсететін шағын орамалдарды пайдалану арқылы орындалады. Қарапайым хореография литва билерін пайдалану үшін кең мүмкіндіктер ашады.

 

         Литва биіндегі қолдардың кейбір қалыптары

         Соло:

         1- қалып - екі қол белде.

         2- қалып (қыздар) – қолдары шынтақтан бүгілген, етектерін ұстаған.

         3- қалып (ерлер)- қолдары кеудеде айшықталған, шынтақтары дене тұрқынан сәл алшақ, білезіктер алақандарымен қарама-қарсы қолдың шынтағынан сәл жоғары қойылған.

         Жұпта:

         6-қалып – қыз сол қолымен баланы қолтықтап алады, баланың оң қолы шынтағында шеңберленген.

         7- қалып – бала мен қыз қатар тұрады, қыз сәл алдында. Бала оң қолымен қыздың мықынынан ұстайды, шынтақты бүгілген қолымен қыздың сол қолын ұстайды. Қыз қолының білезігі баланың сол қолында еркін жатады.

         9- қалып– орындаушылар бірінің қолынан бірі ұстайды, баланың оң қолы қыздың сол қолының астынан өтіп айшықталып тұрады.

         11- қалып – орындаушылар бірінің алдында бірі тұрады. Бала қызды белінен ұстайды. Қыздың қос алақаны баланың иықтарында жатады.

 

         Қимылдар мен жүрістер

         Қарапайым қадамдар – тіке сызықпен алға-артқа, оңға-солға. Қадамдар жеңіл орындалады,  аяқ бүкіл табанмен түседі.

         Алға адымдау – бір аяқ екінші аяққа айқышталған, орнында қадам басумен кезектеледі.

         Бүйірмен адымдау (теңселетін қадам) – бүйірмен кең түрде аттау, сәл тізе ию, содан кейін екі рет аяғын кезек басады. Балансе типінде.

         Жеңіл жүгіріс – жүгіріп басудан кейінгі аздаған тізе ию, екінші аяқ тізесінде бүгілген, еденнен ажырайды.

         Ыршып түсумен жасалатын қадамдар – бірінің алдында бірі тұру (қарама қарсы).

         Қыздардың қолдары балалардың иықтарында, балалар        қыздардың белдерінен ұстайды.

 

         Жүрістер мен қозғалыстар

         Жеңіл жүгіру. VI  позиция бойынша жартылай төмен башпайларымен, әртүрлі сипатта және 2/4,3/4 музыкалық ырғағымен істеледі. «Йоксу-полька» биін орындаған кезде неғұрлым ірі қадамдар жасалады, аяқтар тізеден бүгілген, артқа лақтырылады, денесі алға еңкейген. Вальс билерінде «бір» сөзіне акцент істелік, тізеден бүгілген аяқты көтеріп алға шығару.

         Ыршып түсіп істелетін қадам. Оқушыларға таныс бұл қадам енді жаңа сипатқа ие болады, ол көп реттерде алға жасалған қозғалыс негізінде жұппен орындалады. Денесі біршама артқа шалқайған, аяқтары тізеден бүгілген, табандарын бос ұстайды, ыршып түскенде жұмыс аяғы бекітіліп, дене тұрқынының алдында тоқтайды.

         3/4 бөлігі мөлшеріндегі сырғи өтіп кетумен жасалатын қадам.

«Бір» дегенде оң аяқпен жасалатын алғашқы қадамнан кейін жұмыс істейтін сол аяқ сырғымалы қозғалыс арқылы табандардың жұмсақ бөлігімен немесе өкшесімен тізені алға шығарады. Бұл мезетте тірек аяғы алға өтіп шығады. Дене тұрқы біршама артқа шалқайған.

 Қозғалыс баяу соло жылдамдығында үйретіледі (балалардың қолдары белдерінде, қыздар етектерін ұстаған), содан кейін жұптасып билейді.

 

         Итальяндық «Тарантелла» биінің элементтері

Бұл жастағы балалар үшін «Тарантелла» қозғалыстарын (қимылдарын) үйрену пайдалы, өйткені олар классикалық бидің жағдайлары және қозғалыстарымен ұқсас болып келеді.

 «Тарантелла» үшін аяқтарды көтеріп, алға шығарумен істелетін би жүгірісінің қозғалыстары тән болып келеді.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем 3/8 немесе 6/8. Жеке және жұпталып орындалады. Бастапқы қалып – аяқтардың III позициясы.

Аяқты жоғары көтерумен жасалатын қимыл.

 «Бір» дегенде оң аяқпен алға аттап, дененің салмағын оң аяққа ауыстыру.

 «Екі» дегенде оң аяқта ыршып түсіп, алқымында және башпайларында созылған сол аяқты 45 0-қа алға көтеру. Осы қимылды сол аяқпен де орындау.

Осы қимылды па эшаппе мен енгізіп орындау. Бастапқы қалып-аяқтар III позицияда. Оң қолда тамбурин (кішкене барабан).

«Бір» дегенде pas echappeні орындау керек,

 «екі» дегенде оң аяқты алға көтеру (сол аяқпен сәл ғана секіріп түсіп), содан соң оң аяқты алға көтеріп, (сол аяқпен сәл ғана түсу), қозғалысты екі рет алмасып басып III позицияға көшу. Оң аяқты алға көтерген кезде сол қол жоғары көтеріледі, оң қол төмендетілген II позицияда болады.

 

         Қазақ халық биі

         1-ші оқу жылында өткен материалдар қайталанады.

         Қазақ биіндегі екі қолды биге ыңғайлау ерекшеліктері

         Үлкен сыйлық - байлықты молшылықты бейнелейді, екі қол биге ыңғайлаудың 2-ші түрінде болады, екі алақан жоғары қарата жаюлы қалпында саусақтар білезік буын тұсынан екі жаққа бүгіледі.

         Қызғалдақ – бір қол  алғашқы ұсталу қалпының 5-ші түрінде болады, ал екінші қол алақанды бір бүйірден алыстата жоғары көтеріледі, бірақ шынтағымен төменгі қолға тиіп тұрады.

         Білезік – екі қолдың білезіктен бүгілген екі басы саусақтарды төмен қарата бағыттаған бойда кеуденің алдында ұсталады, екі шынтақ денеден ажырамайды.

         Ботамойын – шынтақтан ішке қарай бүгілген екі қол дененің екі жағында болады,екі қолдың екі басы екі иықтың деңгейінде, білезік буын тұсынан 900 бұрыш жасау арқылы екі алақан төмен қарата ұсталады, саусақтар бүгілген қалпында екі жаққа қарай бағытталады.

         Ұялу – екі қолдың бір-біріне тақалған екі басы екі алақанды алға қаратқан бойда саусақтарды жоғары көтере беттің алдында ұсталады, екі шынтақ екі жаққа қаратылады.

         Домбыра – сол қол сол жақ бүйірге қарата созылады да шынтақ тұсынан бүгіледі, шынтақ жағы жоғары көтеріледі, қолдың басы алақанды жоғары қарата білезікпен бүгіліп, саусақтар желпуіш сияқты тарбита ашылады. Домбыра ішегін қағатын оң қол дененің алдыңғы жағында қысқартылған түрдегі алғашқы қалпында /1-ші/ ұсталады.

         Өрнек -  екі қол екі жаққа жіберіліп, екі шынтақ төмен түсіріледі, екі қолдың басы да білезік буыннан бүгіледі, екі алақан жоғары қаратылып, саусақтар мықынға қарай бағытталады.

 

 

         Екі қолдың негізгі қимылдары

         Үкі қимылы – төбеге созылған екі қолдың биге ыңғайланудың 2-ші қалпынан екі шынтақты «өрнек» түрінде бір-бірімен айқастыруға дейін жасалатын баяу қимыл.

         Ұялу, сұлу көріну – екі қолдың «ұялу» кезіндегі өзіндік қалпынан бастап екі алақанды беттің алдынан біресе оң жаққа, біресе сол жаққа қозғалтуға дейінгі қимыл жасауы. Бұл кезде екі алақанның арғы жағынан наздана «қылымсып» қөз жүгіртеді.

         Бидай, боз – бір-бірімен параллель алға созылған екі қолдың көлбеу жағдайда 1-ші қалыптан, тігінен жазылған жағдайда 3-ші қалыптан дененің оңы мен солына толқын тұрған бидайды не бозды бейнелеп баяу қозғалуы.

 

         Жүріс түрлері

         1. Ауыспалы /үш түрлі/ жүріс – екі  табанды толық басу арқылы жүріс жасау.

         1. Екі аяқтың ұшымен тура және емін-еркін жағдайда жүру.

         2.Құс таңдай – екі аяқты орташа бүгіп, саусақтардың ұшымен бір жақ бүйірге қарай майда қадам жасау.

 

         Атшабыс

         Тепен көк – атшабыстың бірінші түрі, бір орында, салмақ салынып тұрған аяқтың ұшымен қайта-қайта көтеріліп, екінші аяқты тізеден 900 бүге алға қарай көтеру арқылы орындалады.

         2-ші атшабыс – бір орында тұрып, өкшенің ішкі жағына дейін тізе бүгу кезінде екі аяқты алмакезек ілгері созу арқылы орындалады.

         1-ші секіртпелі атшабыс – бір орында тұрып, бір аяқты артқа қарай тірей сілтеген болып, екінші аяқты тізеден 900 бүгіп алға қарай көтеру арқылы орындалады.

         Молдас құра теңселу – екі тізені орташа бүгіп, бір аяқпен алмакезек оңды-солды ырши секіріп түсу.

 

         Иық қимылы

Екі иықты ілгері-кейінді алмакезек қимылдату.

Ер кісілер биінде екі иықты бір мезгілде жоғары-төменді қимылдату.

Ер кісілер биінде екі иықты алмакезек жоғары-төменді қимылдату.

 

         Айналма

         Ең қарапайым айналма - өкшемен алмакезек жүру арқылы жасалады.

         Айгөлек 1 – орташа тізе бүгіп, бір орында екі аяқты алмакезек толық табанмен басу арқылы айналу.

 

         Тарихи-тұрмыстық би

          Билер:  «Приглашение», «Хоровод», «Вару-вару».

 

 

         Екінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар

Әзірлік тобына қойылатын барлық талаптар оқудың екінші жылында да міндетті болып қала береді. Қосымша тағы да мынадай талаптар қойылады: қолдарды қалай қою керек екендігінің қағидасы, классикалық биде саусақтарды топтастыру, станокта бір қолымен ұстап бүйірмен тұру жағдайын меңгеру, preparationды орындай білу.

Аяқтардың айналымды жағдайларының дағдысы болуы- «өкше өкшеге қарсы» (battement tendu I позициядан), алға, артқа, бір шетіне, сондай-ақ «аяқтың ұшы өкшеге қарсы» қимылдарында V позиция бойынша, орыс, белорус билеріндегі тізе ию қимылдарын дұрыс орындау (балалар үшін), қазақ билеріне тән қолдардың қимылдары, өзінің серігіне (бидегі) кішіпейілділігі, ер бала жұпта тұрғанда қыз балаға әсем қимылмен қол беруі тиіс.

         Оқытудың үшінші жылы

Бұл оқу жылының міндеті – классикалық, халықтық, тарихи-тұрмыстық билер элементтеріндегі дененің, аяқтардың, дене тұрқының, бастың қимылдарының қағидалары мен заңдылықтары туралы тәжірибелік дағды-машықтау мен білімді бекіту.

Оқушыларды классикалық бидің epaulement  сияқты жаңа айшықты қимылдарымен, ритмдерімен таныстыру балалар орындайтын номерлердің көркемділіктерін арттыра түседі.

         Классикалық би

         (Станок жанындағы жаттығулар)

         Rond de jambe par terre

         Бұл қимыл нүктелер бойынша алға, бір шетке, артқа және осы сияқты кері бағытта орындалады. Әуелі үзіліспен, сосын бірге істеледі. Музыкалық өлшем 4/4; 3/4.

         4/4 музыкалық өлшемдер қимыл ширектер бойынша, 3/4 мөлшерінде тактілер бойынша орындалады.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4. Бастапқы қалып – станокта бүйірмен тұрып, қолдардың әзірлік жағдайы, аяқтардың I позициясы.

«Бір және» дегенде – музыканың алғашқы фразасы, аяқ battement tendu  қағидалары бойынша алға өткізіледі, «екі» дегенде жағдай бекітіледі.

 «Үш және» дегенде доға бойынша II позицияға өтіп, жағдайды бір ширек бойында бекітеді, содан кейін кері қайтарылады, нүктеп бекітеді және I позицияға қайта оралады. Міне, сөйтіп, әрбір нүктеп бекіте отырып оқушылар өздерінің дағды-машықтарын бекітеді, бұл олар үшін rond de jambe par terreді бірге (қосып) орындау кезінде қажет болады.

Алдыңғы және артқы нүктедегі «өкше өкшеге қарсы» жағдайын еске ұстау керек, сол сияқты доға тәріздес қозғалыс кезіндегі аяқтың айналымды бұрылысы en dehors  сыртқа бұрылу қозғалысының  қажеттілігін еске ұстаған жөн.

         Pas de bourree

         Жаттығу.Музыкалық өлшем-2/4. Жылдамырақ-баяу. Бастапқы қалып –

 V позиция, станокқа қарап тұрады.

«Және» затактісіне оң аяқ demi plieге түсіріледі , сол аяқ sur le cou-de-pied  артқы жағынан көтеріледі, бірінші тактінің «бір және» деген сөзінен кейін сол аяқ кілт қозғалыспен жартылай башпайларға көтеріліп, оң аяқ «шартты» sur le cou-de-piedге алға көтеріледі, «екі және» дегенде оң аяқ шамамен II позицияның жартылай қашықтығына жоғары көтерілген жартылай башпайларымен көшеді. Осымен бір мезетте дерлік сол аяқ оң тірек аяғына тартылып, «шартты» sur le cou-de-piedмен алға шығарылады,

келесі тактінің «бір және» деген сөздерінде сол аяқ demi plieге түсіріледі (созылған башпайлар арқылы), оң аяқ артқы жағынан sur le cou-de-piedге көтеріледі,  «екі және» дегенде – үзіліс.

Бұл қимыл-қозғалысқа үйрету кезінде оқушылар cou-de-piedнің дұрыс емес жағдайынан көп шатасады. Бір оқушылар cou-de-piedге аяғын алдыңғы жағынан әкеледі, екіншілер артқы жағынан, тап осылай жалғаса береді. Сондықтан да қимыл қозғалыстың негізгі баағыттарын айтып тұру қажет. Жартылай башпайлардағы екі sur le cou-de-pied тірек аяғының алдында sur le cou-de-piedні бекітеді және тек demi plieде ғана аяқ sur le cou-de-piedнің жағдайын артқы жағынан бекітеді.

         Секірулер allegro

         Үлкен changement de pied

         Музыкалық өлшем-4/4. Жылдамдық-орташа. Бастапқы қалып – аяқтардың V позициясы.

Бұл қимыл басында «бір» дегенде demi plieге еркін түсіп орындалады.

         «Және» дегенде ауада V позицияда бекітіліп секіру, содан кейін  аяқтар айналымдылықты күшейте отырып және түсу екпінін тежей отырып, бірін-бірі қақпай I позиция арқылы өтеді және орындарын ауыстырады. «Екі және» дегенде – жерге башпайлардың ұштарымен түсіп, бір қалыпты жеңіл түрде бүкіл табандарымен тұру, содан кейін demi plieге көшіп және тізелерін «үш және төрт» дегенде созу (жазу). Changement de piedнің  екінші сатысы да затактімен орындалады.

         Бұдан әрі қимылды станок жанында және ортада тұрып үйренген кезде басты оңға және солға алда тұрған аяққа қарай бұру қажет, секірген сәтте басты алдыңғы жаққа бұрады.

         Demi plieде тізелердің бір жаққа бағытталып, аяқтардың  бас башпайға салмақ салмай бүкіл табанға тіренгенін бақылау қажет. Аяқтың  алқымы мен башпайлары еденнен секірген кезде жақсы созылулары тиіс.

         Халықтық-сахналық бидің элементтері

         Rond de jambe par terre

         Жұмыс аяғын ұшымен еденге тіреп тұрып шеңбермен қозғалыс жасау, бір шетіне тоқтау немесе тақаның қырымен артқа қозғап, бір шетке тоқтау.

Оқытудың (үйретудің) бірінші сатысында қозғалыс табанды бұрмай істеледі және ол  классикалық rond de jambe par terreдің бір түрі болып табылады.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-3/4. Бастапқы қалып- аяқтар I позицияда. Қолдар мықында. Жұмыс табанының өкшесі сырғымалы қозғалыспен алға өткізіледі (аяқтың ұшы жоғары көтерілген, алқымы барынша қысқартылған). Содан кейін сырғымалы қозғалыспен бір шетке өткізіліп, I позицияға қойылады. Қозғалыс басында тоқталулармен жүреді: такт-қозғалыс, такт-тоқтау, сосын бір тактіге бір қозғалыстан, бірге.

Тобықтан созылған аяқ басымен жасалатын шағын лақтырулар (ашық жағдайда алға бір жаққа, станокқа бүйірімен тұрып). Тобықтан бір шетке лақтыру және жұмыс аяғын бастапқы қалыпқа қайта әкелу.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып- III позиция.

«Бір және» дегенде жұмыс аяғы бір шетке 300-қа шығарылады;

«Екі және» дегенде осы аяқ тізеден бүгіліп, сол аяқтың алдынан табанымен лақтырылып әкелінеді, жақындасқан кезде жартылай башпайларымен еденмен жанасады. Жұмыс аяғының табаны мен бұлшық еті бос ұсталады. Тірек аяғы созылып тұрады.

         «Бір және» дегенде (екінші тактінің) осындай қимылмен жұмыс аяғы 300 жағдайына бір шетке қарап ашылады.

          «Екі және» дегенде жұмыс аяғы жеңіл қозғалыспен тірек аяғының тобығына әкелінеді (артқы жағынан және тағы да 300 жағдайына шетке қарай ашылады).Бұл қимыл табанға күш түсіріп істемеу техникасын жаттықтырады. Қимылды бір қалыпты істеуге, өзіңнің салмағыңнан шайқала, яғни «маятник» қозғалысы сияқты істеуге қол жеткізген жөн.

Шағын лақтырулар (battement tendu) – би жаттығулар оқушылардың ұсақ және күшті қимыл-қозғалыстарды орындау қабілеттерін арттырады.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып- аяқтар III позицияда, қолдар әзірлік жағдайында.

         Бірінші ширекке қол I позицияға өтеді, екінші ширекке шетке қарай ашылады.Білезік алақанмен алға қараған. Үшінші ширекке қол жатық қимылмен шынтақтай белге жабылады, тірек аяғының өкшесі көтеріледі; төртінші ширек- үзіліс.

         «Бір және» - тірек аяғының өкшесі еденге кілт (тез) қойылады. Тізесі бүгіңкі, жұмыс аяғы тізеден созыла түсіп, кенеттен алға 300 биіктігіне лақтырылады.

          «Екі және»- жұмыс аяғы тізеден бүгіліп, III позицияға алдыңғы жағынан барлық табанға немесе жартылай башпайларға тартылады. Тірек аяғының өкшесі еденнен ажырайды, тізе бүгілген. Қимыл бүгілген аяқтарды дене тұрқын тіке ұстап істеседі, дене өкшені еденнен көтерген кезде көтерілмейді және өкшені еденге түскен кезде  төмен түспеуі тиіс.

         Жұмыс аяғын кезектеп біресе ұшына,

         біресе өкшесіне шығару

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып-аяқтардың V позициясы. Жаттығу екі тактіде жүргізіледі.

         Бірінші аккордта «бір» дегенде қол әзірлік жағдайынан I позиция арқылы шетке қарай ашылып, білезік алақанымен алға бағытталады; «екі» - қолдың білегі қозғалмай белде жабылады, тірек аяғының өкшесі еденнен ажырайды, тізелер аздап бүгіледі.

         «Бір» - тірек аяғының өкшесі еденге түседі. Жұмыс аяғы айналымды жағдайда тізесінен бүгіліп, табанды тірек аяғының сирағына алдыңғы жағынан алып келеді, аяқ алқымы тартылмаған (созылмаған).

         «Және»  жұмыс аяғы тізесінен жазылып, тірек аяғынан бір адым жерге өкшесімен қойылады. Тірек аяғының өкшесі еденнен ажыратылады. Жоғары көтерілген тірек өкшесінің және еденге түсірілген жұмыс аяғының жағдайлары бекітіледі.

          «Екі»  тірек аяғының өкшесі еденге түсіріледі. Жұмыс аяғы еденнен ажырап, тізеден бүгіліп, тізеге ішке қарай айналымсыз жағдайға бұрылады.

         Екінші тактіде «бір» дегенде  тірек аяғының өкшесі еденге түседі. Жұмыс аяғы тізеден бүгіліп, еденнен ажырай түсіп,  айналымды жағдайға көтеріледі.

          «Және» дегенде жұмыс аяғы тізеден жазылып, тірек аяғынан бір қадам жерге өкшесімен қойылады. Тірек аяғының өкшесі еденнен ажырайды. «Екі» - тірек аяғының өкшесі еденнен түсіріледі. Жұмыс аяғы, тізесінде бүгіліп, тірек аяғының тобығына алдыңғы жағынан әкелінеді, аяқ алқымы созылмаған

          «Және»  жұмыс аяғы табанмен толық III позиция бойынша тірек аяғының алдынан зірк еткізіп әкеліп қойылады.

Тірек аяғының өкшесі еденнен ажыратылады. Жаттығу тек бір жаққа орындалады.

           Екі аяқты алға қарай ұшымен

         «Тарантелла» сипатында кезектеп «лақтыру»

         I позиция бойынша сол және оң аяқпен жартылай тізе июмен істеледі.

Жаттығу. Музыкалық өлшем- 6/8. Бастапқы қалып-аяқтардың I позициясы, қолдар әзірлік жағдайында. Қол I және III позициялар арқылы ашылады.

         «Бір» дегенде  тізеден созып және 300-қа көтеріп сол аяқты лақтыру, оң аяқ айналмалы түрде тізеден иіледі. Осы жаттығуды оң аяқпен де орындау керек. Дене тұрқы аяқты лақтырған сәтте алға қарай көтерілмейді.

         Тірек аяғында қарсы өтумен алға және артқа

          істелетін өтпелі «лақтырулар»

         Әзірлік осының алдындағы қозғалыстары сияқты аяқтардың I позициясы, тек қол ғана I содан кейінгі II позициялармен өтіп, төмен-артқа жабылып тамбуринді ұстап тұрған сияқты болады; бас сәл ғана сол жақ иыққа қисайтылады, оң жаққа бұрылады. Дене тұрқы алға лақтыру кезінде сәл артқа шалқаяды, содан кейін артқа лақтырған кезде сәл ғана алға еңкейеді. Бұдан әрі «тарантелланың» бірінші және екінші қимылдарын қосып істеген жөн.

         Төмен және жоғары айналулар (battement fondu) – жұмыс аяғының тізесін жабық жағдайдан ашық жағдайға бұру.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4,3/4. Бастапқы қалып–аяқтардың III позициясы. Қолдар әзірлік жағдайынан I позиция арқылы II позицияға өтіп, белде жабылады, үшінші ширекке жұмыс аяғы бір шетке  300 биіктікке көтеріледі.

          Затакті 1/8 «және» дегенде жұмыс аяғы айналымдық жағдайда тізеде бүгіледі және табанның жұмсақ бөлігімен еден бойынша «өзін» «сүртіп» өтіп тірек аяғының тобығына артқы жағынан табанның ішкі бөлігімен тартылады. Аяқ алқымы созылған. Екінші он алтыншыға жұмыс аяғы тірек аяғының тобығы бойынша сырғып алға қарай тізесін ішке қаратып айналымды емес жағдайға шығады. Аяқ алқымы созылған.

         1 такт. «Бір,екі»  жұмыс аяғы тізені жазбастан толық айналымдылыққа дейін тірек аяғының тобығының алдында қала отырып жәйләп қана айнала бастайды, бірақ оның сыртқы табан жағын – тиіп өтеді.

2 такт. «Бір,екі»  жұмыс аяғы тізеден созылып, 300  биіктікке шетке қарай ашылады. Аяқ алқымы созылған. Тірек аяғы жартылай тізе июден түзетіледі. Қимылды бірге істеудің маңызы зор, дегенмен оны дәл орындау үшін барлық қозғалыстар жолымен өте отырып, бірнеше жағдайды бекіту қажет:

1. «Сүртіп» өткеннен кейінгі тізенің айналымды жағдайы.

2. Тізе ию сәтіндегі айналымсыз тізе жағдайында алға шығару.

3. Тізе ию сәтіндегі созылған жағдайы (жұмыс аяғы бір шетке 300 -қа).

         Орыстың халықтық-сахналық биі (ортада тұрып)

         Өкшеден жасалатын орыстың ауыспалы жүрісі (балалар үшін).

         Орындаушы өкшесімен алға қарай бір қадам жасайды, екінші аяғын артқы жағынан әкеліп, жартылай башпайларына қояды, содан кейін бүкіл табанымен үшінші қадам істейді.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып–VI еркін позиция, аяқтың ұштары сәл ашылған, қолдар белде.

         «Бір» дегенде  өкшеден істелетін бірінші қозғалыс.

 «Және» сол аяқ жартылай төмен башпайларымен оң аяқтың артқы жағынан өкшесіне тақалады, тізе бүгілген және алға қараған.

«Екі»  оң аяқпен бір қадам алға аттап, бүкіл табанымен тарс еткізе түсіреді. Сол аяқ тізесінде созылып, алқымы еркін ұсталып алға қарай аздап көтеріледі.

«Және» дегенде – үзіліс.

         Қозғалыстар сол аяқпен жалғасады. Балалардың тақаларына дәл және ыңғайлы тұруларын, содан кейін төмен жартылай башпайларға көшулерін және салмақ ортасын бір аяқтан екінші аяққа уақытында ауыстыруларын қадағалау керек. Дене тұрқын және қолдарды қозғалтпау керек.

 

         Ыршып түсу мен істелетін жыбырлағыш қадам

         және жылжып жүру

         1-түрдегі «Кілт». Музыкалық өлшем 2/4. Қозғалыс 2 тактіні алады. «Бір»  оң аяқпен тебіну (соғу) немесе екі аяқтың басымен VI позиция бойынша сәл ғана ыршып түсу. Тізелер бүгілген және алға бағытталған. «Және»  төменгі жарты башпайлардан бүкіл табанға көшумен істелетін сол аяқпен шағын ыршып түсу, сол аяқтың тізесі бүгіңкі. Тізеден бүгілген оң аяқ еденнен ажырап, аяқтың созылмаған алқымымен алға қарай бағытталған.

         «Екі»  оң аяқ бүкіл табанмен VI  позиция бойынша сарт етіп жерге түседі. Сол аяқ тізеден бүгіліп аяқтың созылмаған алқымымен еденнен ажырайды. «Және»  сол аяқ бүкіл табанмен немесе өкшесімен VI  позиция бойынша сар етіп жерге түседі.

         Екінші такт. «Бір» дегенде оң аяқтың бүкіл табанымен сәл ғана алға сырғып ыршып түсу. Сол аяқ тізеден бүгідіп еденнен ажырайды, ол алға бағытталған. «Және»  сол аяқ бүкіл табанмен VI позиция бойынша сарт етіп жерге түседі. Оң аяқ тізеден бүгіліп сәл ғана деннен ажырайды, ол алға бағытталған, аяқ алқымы созылмаған.

         «Екі»  оң аяқ бүкіл табанмен сол аяқтың қасына VI позиция бойынша соққымен төмен түседі, тізелер еркін күйінде. «Және» - үзіліс.

         Оқушылардың назаран бірде ыршып түсу жағдайларына, бірде соққыларға аударып отырған жөн, аяқтардың еркін түрде бір-бірінен тәуелсіз қимыл жасағандарын қадағалау керек.

         Украинның халықтық-сахналық биі

         Қолдардың позициялары

         1 позиция. Екі қол жоғары иықтардан сәл төмен көтерілген және аздап екі жаққа жайылған, шынтақтар еркін күйінде, білезіктер тіке, алақандары жоғары қаратылған.

         2 позиция. Екі қол екі жаққа ашылып, сәл ғана шығарылған, шынтақтар еркін (бос) ұсталады, білезікер тіке, алақандар жоғары қаратылған.

         3 позиция. Әйелдердің биінде таза күйінде кездеспейді, бірақ бір қол 3 позицияда, білезік көтеріңкі, саусақтар жоғары қаратылып, сырттарымен бір жаққа қарайды. Қолдардың ерекшеліктері мен сипатын еркін ұстаған шынтақ пен саусақтар белгілейді.

         Қолдардың жағдайлары

         1-жағдай (қыздар үшін) – жұдырықтары белдерінде.

         2-жағдай екі қол кеудеде айшықталған.

3-жағдай (қыздар үшін) – екі қол дене тұрқынан бөлек немесе оған тығыз жақын ұсталған. Ер балалар қолдарын денеден алыс ұстайды.

         4-жағдай (ер балалар үшін) – екі қол алақандарымен желкеде бас киімді (папаха) ұстаумен сияқты ұсталады, шынтақтары иіліп екі жаққа қаратылған.

         Украин биінің қимылдары

         «Веревочка» (жіп)

         Оқушылар бір уақытқа «веревочканы» орындауды қажет ететін дағдыларды үйреніп алады. Олар бұл қимылдарды орыс биінде үйренген. Дегенмен де бұл қимылдардың Украйн биіндегі сипаты біршама өзгеше, яғни олар төмен жартылай башпайларда ыршып түскенде жеңілірек болады. «Веревочканы» бұрылыста үйренген жөн. Мысалы, екі веревочка алға қарап, екі-4/1 бұрылысына.

         «Дорожка прыжка» (ақсап баяу)

         Бұрын, орыс биінде үйренген қимыл, бұлар басқаша сипатқа ие болады, ол жылдамдық пен музыканың дамуына, яғни айтқанда украйн хореографиясына тән болады.

         «Дорожка плетена»

         Бұл қимылдың біріншісінен айырмашылығы – бүйірімен аттауды орындау негізінде аяқ бірде алдыңғы жақтан айшықталып, бірде арт жағынан қойылады.

Алдынан – бүкіл табанға, артынан – төмен жартылай башпайларда жеңіл тізе июмен; дене әсем қимылымен бірде оң иықпен, бірде сол иықпен және артқа қарай ешбір жұлқыныссыз бұрылады. Бұл қимылды баяу жылдамдықпен, сәл төмен және бұрылып істеген жөн.

 

 

         «Тынок»

         «Тынок» украйн хореографиясында бір жақтан екінші жаққа бір орында тұрып екі рет аяқты алмастырып басуды білдіреді, бір аяқ екіншісінің үстінде айшықталған («баск қадамы» сияқты қимыл). Қимыл бір орында істеледі немесе біршама алға және артқа қозғалады.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып–аяқтар

 3 позицияда.

         Затакт – орындаушы сол аяқтың бүкіл табанымен аздап тізе иеді.

          «Және»  оң аяқты көп көтермей, тізесінде еркін ұстап алға шығаоып, оңға қозғалып, оң аяққа секіруді бастайды. Бұл үшін оң аяқ бір жаққа шығарылып, ауада аздап доға жасайды.

         «Бір»  оң аяққа алға және сәл оңға секіріп түсу, тізе бүгіңкі. Сол аяқ аздап алға көтеріледі, тізе еркін ұсталады, алқымы созылған, бірақ қатты ұстамайды.

          «Екі»  оң аяқпен сол аяққа секіріп түсу басталады.

         Бұл қимылды үйренгенде әуелі дене тұрқын сол аяқтан оң аяққа ауыстырып, сол аяқты жартылай башпайлармен соғып, дене сол күйінде сақтап істеу міндетін қою керек. Бұдан соң ырғақтық суретті және би сипатын дәл орындап қайталау.

         «Выхилясник»

         Орындаушы тірек аяғында шағын ыршып түседі және әрбір ыршып түскен сайын жұмыс аяғын бір жаққа бірде ұшына бірде өкшесіне шығарады.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып–аяқтардың

6 позицисы.

          «Бір»  екі аяқпен сәл ғана ыршып, сол аяққа түсу, тізені бүгу. Бір мезетте оң аяқ сол аяқтан сәл ғана оң иықпен бұрылады. Бас оң иыққа қарай бұрылған. «Және» - үзіліс.

          «Екі» дегенде  тізені бүгіп, бүкіл табанмен екінші рет ыршып түсу, сол мезетте (бір уақытта) оң аяқтың ұшы қайда тұрса, сонда қойылады.

         Дене тұрқы сол иықпен сәл алға бұрылады, бас оң иыққа бұрылады.

 «Және» - үзіліс. Қимылды мынандай жағдайлар бойынша үйренеді:

1.     айналымсыз табан жағдайы;

2.     айналымды табан жағдайы.

 

         Қазақ халықының сахналық биі

         Екі қолдың негізгі қимыл-қозғалыстары

         Шынтақ толқын – екі қолдың шынтақпен жасалатын толқын тәріздес қимыл қозғалысы.

         Құс қанат – екі жаққа жайылған екі қолды екі шынтақтан біресе жоғары, біресе төмен көтеріп, түсіру арқылы бір мезгілдегі жатықта баяу қозғалыс жасай отырып, кәдімгі қанат қаққан құсты бейнелеу.

         Домбыра шерту – кәдімгі домбыра шерту кезіндегі қозғалыс жасау.

         Өрнек /сегіздік цифр тәріздес әшекейлер жасау/ - екі қолды мықынның деңгейінде ұстай отырып, алмакезек шеңбер жасап, айналдыра қимылдату.

 

 

         Атшабыс

         Қара жорға – екі адым еркін жүгіріс, содан кейін екі тізенің бүгілген қалпында қатарынан бірнеше рет жоғары секіру кезінде бір аяқты жазып алға, екінші аяқты жазып артқа созу қимылы.

         Желдірме – екі аяқты тізеден 900 бүгу арқылы алмакезек көтеріп, желдірте қозғалу сияқты етіп секірген үстіне секіру.

         Бүктелу

Бүктелуге тән негізгі қимыл-қозғалыс - екі аяқты алғашқы ұстау қалпындағы 4-ші түрден екі қолмен «жалын» жасау арқылы кейін қарай шалқаю болып табылады.

         Айналма

         Айгөлек 2 -  бір орында бір аяқпен секіре айналу. Бұл кезде оған екінші аяқ сүйемелдей жанаса келіп кезек алады.

 

         Тарихи-тұрмыстық би

         Бұрылыспен істелетін па польки. Шеңбер бойынша бір жаққа 1800 -қа бұрылып істелетін соло.

         Па гавота элементтеріpas eleve, pas chasse.

         Па вальса соло.

         Билер: «Сударушка», «Приглашение к танцу».

 

         Үшінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар

         Классикалық би қозғалыстарының негізгі қағидаларын білу. Батман тандюді алға, бір жаққа және артқа дұрыс орындау. Халықтық-сахналық би қозғалыстарын орындау қағидаларын білу.

         Қарапайым орыс, украйн, қазақ билерін білу. Орыс биін мынандай қимылдарда білу: ауыспалы жүріс, «веревочка», тарсылдатып тебу, қарапайым «кілт», тарсылдату, ақсап басу.

         Украйн биін мынандай қимылдарда білу: «бигунец», «веревочка», «дорожка проста», «дорожка плетена» «тынок».

Гавот элементтерін білу – pas eleve, pas chasse, balanse.

 

         Төртінші жыл оқыту 

          Классикалық би

         (Станокта жанында жасалатын жаттығулар)

         Биде epaulement croise, efface бағыттарындағы қозғалыстарды пайдалану дене бұрылыстарының әртүрлі қалыпта бұрылыс жасауына мүмкіндік береді, балалардың билеу қабілеттерін тәрбиелейді.

         Battement tendu pour le pied

         Жаттығу. Музыкалық өлшем -2/4. Бастапқы қалып-I позиция.

         «Бір және» дегенде жұмыс аяғы battement tendu қағидалары бойынша II позиция жағына созылады, ұшымен еденге қарайды, өкше өкшеге қарсы қойылады. «Екі» дегенде серпіліс қимылмен өкше еденге түсіріліп және «үш және» дегенде еденнен барынша жоғары көтеріліп, айналымдылық сақталады. Салмақ орталығы қимылдың барлық сатыларында тірек аяғында болады. Дене тұрқы жинақы ұсталады.

 

         Battement tendu jete пике (pointe)

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып–V позиция.

         «Бір және» дегенде аяқ battement tendu jeteнің қағидалары бойынша бір жаққа 250 биіктікке ашылады, «екі және» дегенде ұшты соққымен созылған ұшымен еденге түсіріледі және сол сәтте қайтадан сол биіктікке серпіліп көтеріледі, «үш және» дегенде I немесе V позицияларға алға (артқа) жабылады.

 

         Preparation rond de jambe par terre en dehors

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Бастапқы қалып-аяқтардың I позициясы, қолдар дайындық қалпында. Preparation (temps leve par terre) орындалады. Қол мен аяқ II позицияға ашылады. Қимылдың басында бас алға бұрылды.

         Екі сегіз ширегіне «төрт және» дегенде аяқ II позициядан житық түрде айналымдылықты күшейте отырып доға бойынша артқа қозғалады. «Бір және» дегенде I позицияға келіп, бөгелместен «екі және» дегенде алға өткізіледі, содан кейін «үш және» бір шетке өтіп, айналуды аяқтайды. «Төрт және» дегенде қайтадан артқа қимыл жасайды. т.с.с. Қозғалыс екпіні I позицияда.

         Rond de jambe par terre сегіз рет орындалады, соден соң екі қорытынды (соңғы) аккордқа аяқ I позицияға жабылып, қол өзінің бастапқы қалпына келеді, бас оң жақ иыққа бұрылады. Бұдан кейін барлық қимылдар кері бағытта орындалады.

         900 releve Ient V позициядан барлық бағыттарда.

         Бір бағытта әр аяқтан төрт реттен орындап, содан кейін әр түрлі бағытта екі қозғалыстан орындау керек.

 

         Battement developpeжайылып, дамитын қозғалыс.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4. Adagio жылдамдығы – баяу. Бір қимыл төрт тактіні алады. Бастапқы қалып-аяқтардың V позициясы, қол дайындық қалыпта. Preparation

         «Бір және екі және» дегенде жұмыс аяғы алқымын қатты созып және еденнен ажыраған сәтте башпайлар sur le cou-de-piedге көтеріледі, бөгелместен және тірек аяғында сырғи отырып, тізеге дейін жетеді. «Үш және төрт және» дегенде жағдай бекітіледі. «Бір және екі және» (екінші тактінің) дегенде аяқ баяу ғана тирбушон жағдайына алға өтеді; «үш және төрт және» дегенде аяқ бұл нүктені бекітеді; «бір және екі және» (үшінші тактінің) жұмыс аяғы жайлап созыла бастайды. «Үш және төрт және»  созылған аяқтың жағдайы бекітіледі. Соңғы, төртінші тактіде аяқ жайлап battement tendu арқылы V позицияға түседі. Қол дайындық қалпына қайта оралады.

         Бұл ретте қимылдың барлық сатыларында тірек аяғы қозғалмай тұрып, иықтар мен екі сан бірдей деңгейде, ал жұмыс аяғы санның, тізенің, табанның айналымды жағдайы бекітіліп жасалады. Келесі де battement developpe бөгелместен, тек жағдай passe қимылын және 900-қа созылған аяқты бекітіп орындалады.

 

        

         Releve жарты бақайда – балтыр–табан күшін дамытады және аяқтарды жартылай башпайларда жұмыс істеуге әзірлейді.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Жылдамдық – баяу. Бастапқы қалып  аяқтардың I позициясы, станокқа қарап тұрады, қолдар иықтардың деңгейінде станок үстінде еркін жатады.

         «Бір және екі және» дегенде өкшелер I позиция жағдайын сақтай отырып еденнен ажыратылады; «Үш және төрт және» дегенде жартылай башпайлар бекітіледі. Екінші тактінің «бір және екі және» деген сөздерінде дене салмағын сақтай отырып, өкшелер еденге түседі, I позицияның айналымдылығы бекітіледі.

         Балалар үшін бұл қимыл біршама қиынға түседі. Көп реттерде балалар жартылай башпайларға көтерілмей бас бармаққа салмақ салып көтеріледі. Сондықтан да оқушыларға барлық башпайларды бос ұстап, тірек көлемін көбейту үшін жазып ұстау керектігін түсіндіру керек. Тек осындай жағдайда ғана балтыр-табанның икемділігі – алқымның иіліп – жазылуы жаттығады. Сол сияқты релеве II және V позициялардан да үйретіледі, әуелі бір позицияға төрт қимылдан, сосын неғұрлым жылдамдырақ сегіз қимылдан жасайды.

 

 

         Allegro (секірулер)

          Pas assemble – екі аяқпен екі аяққа түсіп секіру.

Pas assembleні бір жаққа үйрену. Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып – станокқа қарап тұрады, оң аяқ артқы жақта.

         «Бір» дегенде demi plie орындалады, «және» дегенде екі аяқ та еденнен серпіледі, оң жұмыс аяғы сырғып 300–қа лақтырылады, сол аяқ күшті қимылмен жоғары көтеріледі; секіру кезінде екі аяқ та барынша созылған. «Екі және» дегенде аяқтар төмен түсу екпінін тежеп, ауада V позицияда қосылады – оң аяқ алдыңғы жақта және demi plieге түседі. Келесі тактінің «бір және» деген сөздерінен кейін тізелер жазылады. «Екі және» дегенде – жағдай бекітіледі. Pas assemble әуелі «бір» дегенде demi plieге жасалған екпінмен үйретіледі, содан кейін – төрттен бір ширекке екпін жасалады. «Екі» дегенде-demi plie орындалады, «және» дегенде – секіру, «екі» дегенде – demi plieге түсу.

         Demi plieнің дұрыс орындалуын, жұмыс аяғының еденмен айналымды және қатты сырғуын, созылған екі аяқтың башпайлар арқылы еденге түсуін қадағалау қажет. Секіру қимылдарына жаңа элементтің: жұмыс аяғының V позициядан сырғып және қайта оралып 300 бойынша көтерілгенін түсінгендерінің маңызы зор.

        

         Pas balance

 (ортада үйретіледі)

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 3/4, баяу вальс жылдамдығымен. Бастапқы қалып - аяқтардың V позициясы. Оң аяқ алдыңғы жақта, қолдар дайындық қалыпта, бас оңға бұрылған.

         «Үш және» дегенде V позициядағы demi plie. «Және» дегенде сол аяқ табанмен еденмен сырғып, II позиция жағына ашылады. Бұл кезде оң аяқ тізесін де созылып, қолдар сәл көтеріліп, II-позицияға ашылады, бас сол жаққа бұрылады.

         «Бір» дегенде сол аяқ еденмен сырғып және қозғалысты бір жаққа ұзарта отырып, demi plieге көшеді оң аяқ sur le cou-de-piedге арт жағынан көтеріліп, дене иықтар мен сандардың бір деңгейде болуын сақтап, сол жаққа қисаяды, оң қол I позицияда жабылады, бас сол жақ бұрылысын сақтап қалады. «Екі және» дегенде оң аяқ сол аяқты алмастырып, жартылай башпайларға көшеді; сол аяқ шартты sur le cou-de-piedге көтеріледі. Бас пен дене сол жағдайын сақтайды.       «Үш және» дегенде – сол аяқ demi plieге түсіріледі, оң аяқ артқы жағынан sur le cou-de-piedге көтеріледі. Содан кейін оң жаққа орындалады. Сипатталып бекітілген қимыл қателік жіберілуі мүмкін болатын негізгі тірек сатыларына назар аударуды қажет етеді. Мысалы, қимылдың ең бір әлсіз тұсы, теңселу сипаты болып табылып, оны балалар тек жақтан екінші жаққа теңселу деп қана түсінеді. Балалардың назарын demi plieге жартылай башпайлардан соң жоғары және төмен түсу сәтіне аударған жөн.

 

         Халықтық-сахналық би

         (станокта жасалатын жаттығулар)

         Оқытудың бұл жылында үйренетін қимылдар жылдамдығы бірнеше тездетіледі, әсіресе балтыр-табанмен  жұмыс істелу сәтінде. Балтыр-табанға арналған қимылдар тірек аяғында тізе ию, бағытты өзгерту, ырғақты суретті өзгерту және табанды тұмсығынан өкшеге бірнеше рет көшірумен бірге істеледі (battement tendu).

 

Тізе июмен (demi plie) аяқтың ұшынан өкшеге көшуді жалғастыратын қимылдар үлгісі.

         Бастапқы қалып – аяқтар III позицияда. Қолдардың дайындық қалпы-2/4.      «Бір» дегенде қол өзінің дайындық қалпынан I позиция арқылы өтіп, бір шетіне қарай және сәл төмен ашылады (алақандар алға бағытталған);

«екі» дегенде қимылды жеңіл ғана дөңгелектеп, алға қарай шынтақтап бүгіліп, алақанмен мықынға жетеді. Қозғалыс орташа жылдамдықпен орыс биінің сипатында орындалады.

          «Бір» дегенде – жұмыс аяғы battement tenduды орындайды;

          «Және» дегенде тірек аяғында тізе иіліп өкшеге көтеріледі, содан соң қайтадан аяқтың ұшына қойылады, тірек тізесі түзетіліп, III позицияға оралады.

 

         Жартылай башпайлармен бүкіл табанмен көтеріліп айналымсыз жағдайдан айналымды жағдайға көшірілетін бүгілген аяқтың бұрылыстары.

         Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың III позициясы. Екі қол белде.

          «Және» дегенде жұмыс аяғы  айналымды жағдайда тізеден бүгіледі, кілт көтеріліп, аяқтың ұшы тірек аяғының тізе деңгейіне дейін жеткізіледі және бірден аяқ ұшын тізеден әкетпей айналымсыз жағдайға тізесімен ішке қаратып бұрылады. Аяқ алқымы созылған күйінде қалады.

         «Бір» дегенде жұмыс аяғы бүкіл табанмен кілт төмен түсіріліп, VI позиция бойынша тірек аяғының табанының қатарына қойылады. Екі аяқтың ұшы да станокқа қаратылған;

          «Және» дегенде жұмыс аяғы тізеден бүгіліп, айналымды жағдайда бұрылады; аяқтың ұшы тірек аяғының тізесінен ажырайды;

         «Екі» дегенде жұмыс аяғы айналымды түрде алдыңғы жақтан III позицияға түсіріледі;

          «Және» дегенде қимыл қайтадан бір шетке және ішке қарай тізеден бұрылып басталады. Бұл қимылдар жамбас-сан, тізе буындарының күші мен қозғалыстарын дамыту үшін пайдалы. Қимылдардың жылдамдық және ырғақтық өзгерістері мүмкіндіктерінің арқасында орындаудың жылдамдығы мен ырғақтығын дамытады.

         Айналмалы қозғалыстар

         Еденде жұмыс аяғының ұшымен дөңгелете қозғалыс жасау (rond de jambe par terre).

         Бұл ретте бірінші рет қиын түсуі көтеру жағдайы пайдаланылады (табан  сырт жағымен сыртқа қараған, табанның сырт жағы төмен түсірілген, табанның ішкі жағы көтерілген).

         Музыкалық өлшем-3/4. Бастапқы қалып – аяқтар III позицияда, жұмыс аяғы артқы жақта.

         Әзірлік. Бірінші ширекте қол бір жаққа жанға ашылады, екінші ширекке мықында жабылады, бір мезетте оң аяқ cou-de-piedге – тобықтың артқы жағынан көтеріледі.

         «Және бір» дегенде жұмыс аяғы тізеден созылып, айналымсыз жағдайда еденмен тірек аяғының басы бойында станокқа бағыттала сырғып, біртіндеп өкшені еденнен аластата бастайды.

          «Екі» және «үш» дегенде – жұмыс аяғы созылған алқымымен айналымды жағдайға көшіп, еденде шеңбер жасап, артқы жағынан IV позицияға өткізіледі.

         2-такт. «Бір» дегенде жұмыс аяғы тізеден бүгіліп, айналымды жағдайда табанның ішкі жағымен тірек аяғының тобығының арт жағына кілт қимылмен тартылады, алқымы созылған.

         «Екі» - үзіліс.

         «Үш» дегенде – жұмыс аяғы қимылды қайталайды. Жаттығу қайталанады.

         Бұнда оқушылар қозғалыстың ең күрделі құрылымдарымен кездеседі. Бұл ретте ырғақтық күрделілік үйлесім табады (үш бөліктілік «екі» дегендегі істелетін тоқталыс және «үш» дегендегі затактілі қимыл). Қимыл бірінші рет табанды қырымен сыртқа қарай қисайтып орындалады. Оқушылардың қимыл міндетттерін жақсы түсінулері үшін оларды станокқа қаратып тұрғызып, VI позиция бойынша жұмыс істетіп, қисаюды және VI позиция бойынша аяқтарды алға шығаруды жаттықтыру қажет.

 

 

Өзбектің халықтық-сахналық биі

Қолдардың жағдайы

1-    жағдай – саусақтары қосылып, қол ұшы мықында жатады.

2-    жағдай – қолдың ұштары ортаңғы бармақтардың ұштарымен қосылып

немесе саусақтар бір-бірімен  өріліп, мынандай жағдайда болады:

а) орындаушының иегінің астында, бұл ретте төмен қаратылған, шынтақтар шетке көтерілген, білезіктер тіке немесе біршама көтеріңкі.

         б) оң жақ иықтан сәл жоғары, сол қолдың ұшы – оң қолдың ұшынан төмен, саусақтарымен жоғары қаратылған, алақан оңа  бағытталған, оң қолдың ұшы төмен түсірілген, алақан оңға қарап, саусақтар төмен қараған, сол қолдың шынтағы көтеріңкі және оңға бағытталған.

3- жағдай – оң қол шынтақтан ұшына дейін алдыңғы жақта белде жатады, қолдың ұшы алақанымен сол жақ бүйірінде. Орындаушы өзін-өзі құшақтағандай болады. Сол қол: а) бастапқы жағдайда немесе II немесе III-позицияларда; б) шынтақтан бастап қолдың ұшына дейін белдің артынан сырт жағымен орналасқан.

         4-жағдай  - оң қол жоғары көтерлген, шынтақтар дөңгеленіп және оңға бағытталған, қолдың басы жазылып, алақанымен солға шеңберленген саусақтармен жоғары қаратылған. Шынтағынан бүгілген сол қол орындаушының кеудесінің алдында көлденең жатады, денесініе алыс ұсталып, қолдың басы шеңберленген саусақтармен оңға қаратылып алақанымен «өзінен» бұрылады. Қолдардың осындай жағдайларында саусақтарды сартылдатып орындауға болады. Бұл негізінде қолдардың бағыттары өзгертіледі.

         5-жағдай – оң қол шынтақтан бүгілген, ұшы басына қойылып, құлақты алақанымен жауып тұрады, саусақтар артқа және төмен бағытталған, шынтақ оңға шығарылған. Сол қол II-позицияда болады (қолдардың бұл жағдайларының бәрі қыздар үшін).

         7- жағдай (қыздар мен балалар) – оң қол шынтақтан ұшына дейін белдің алдыңғы жағынан қойылған, қолдың ұшы жазылған, алақанымен солға бағытталған, дөңгеленген саусақтар жоғары қарайды. Сол қол шынтақтан ұшына дейін белдің артынан сырт жағымен қойылады.

        

Қол басының (ұшының) қимылдары

         Қолдың ұшын айналдыру – бір қолмен және бір мезетте екі қолмен орындалуы мүмкін; қолдардың кез-келген жағдайларында немесе бір жағдайдың екінші жағдайға көшкен кезде. Айналдыру көп реттерде «өзінен» кеірі істеледі.

         Жаттығу. Бастапқы жағдай – қол бір жаққа көтерілген, қолдың басы (ұшы) жазылған, алақанмен «өзінен» кері бағытталған, дөңгеленген саусақтар жоғары қарайды, шынтақ шңберленген қолдың ұшы алақанмен «өзіне» қарай бұрылады, бірақ саусақтар жоғары қара йбағытталған күйінде қалады, қолдың басы саусақтарымен «өзіне» қарай, сосын төменге түседі; ұшы саусақтармен оңға бұрылып, сырт жағынана алға қарайды; қолдың ұшы дөңгеленген саусақтармен жоғары көтеріледі, алақанымен «өзінен» кері бағытталады, яғни бастапқы жағдайға қайта оралады.

 

Қолдардың ұштарын бір мезетте айналдырумен істелетін

 бір жағдайдан екіншісіне көшу

 

          Бұндай жағдайлардың әттүрлілігін үнемі жаңғырта беруге болады. Қолдардың I позициядан II позицияға ұштарымен «өзінен» кері айналдыру арқылы өтуі.

         Жаттығу. Бастапқы жағдай – екі қол да I позицияда болады, шынтақтар бүгіңкі және төмен түсірілген, қолдардың ұштары жазылған, алақандарымен «өзінен» кері бағытталған, саусақтар дөңгеленіп жөғары қараған.

 Қимыл қолдардың бастарын «затактіде» айналдырып бастап «бір» дегенде аяқталады. Музыкалық өлшем -2/4.

         «Және» затактісі – қолдардың ұштары алақандарымен «өзіне» бұрылып, саусақтарымен «өзіне» төмен түседі, осы мезетте шынтақтар көтеріліп, екі жаққа жазылады.

          «Бір» дегенде қолдар II позицияға ашылады. Осымен бір уақытта қолдардың ұштары айналмалы қимылды аяқтап, алақандарымен «өзінен» кері бағытталып, саусақтарымен жоғары көтеріледі.

         «Және екі және» - үзіліс.

         Саусақтарды сартылдату – сартылдату бас және ортаңғы бармақтардың көмегімен істеледі, басында бас бармаққа жабылып тұрған ортаңғы саусақ одан сырғып түсіп, оның жұмысақ бөлігіне барып созылады. Сартылдату әртүрлі және басқа да қимылдарман үйлесімді жағдайда орындалуы мүмкін.

         а) қолдар I  немесе II позицияда болады. Екі қолдың ұштары бір уақытта сартылдап көтереледі.

         б) қолдар IV жағдайда болады: шынтақтан бүгілген оң қол басынан жоғары, сол қол шынтақтан бүгіліп, кеуденің алдында болады. Бас сол жақ иыққа қарай қисайып, оңға бұоылған, орындаушы көтерілген қолдардың астынан қарап тұрған сияқты болады. Қолдар өздерінің бағыттарын өзгертеді, осымен бір мезетте «бір» дегенде әрбір тактіде саусақтарды сартылдатып, қолдардың ұштары сырт жағымен «өзіне» бұрылады.

         в) сартылдату бір қолмен көрсетілген позициялардың кез-келген жағдайында орындалады, бұл уақытта екінші қол басқа жағдайда болады.

 

         Қолдардың қимылдары

 

         Бір қолмен жасалатын шеңберлі қимыл. Орындаушы өзінің алдында қолымен шеңберлі қимыл жасап, оны II позициядан III позицияға және I позиция арқылы II позицияға өткізеді.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-3/4. Бастапқы жағдай аяқтардың III позициясы, оң қол II позицияда, сол қол өзінің ұшының сырт жағымен белдің арт жағынан қойылған.

         «Және» затактісіне – оң қол II позициядан III позицияға көтеріледі, қолдың басы жазылған, алақанымен солға, саусақтарымен жоғары қараған.

          «Бір» - оң қол бастың сол жағынан сәл төмен түседі, шынтақтан бүгіліп, оны төмен бағыттайды; қолдың басы жазылған алақанымен солға, саусақтар жоғары бағытталған.

         «Екі» - оң қол қолдың ұшымен «өзінен» алақанымен жазылған.

          «Үш» - үзіліс.

          «Және» дегенде – оң қол өзінің ұшының сырт жағымен арт жақтан белге қойылады. Сол қол II позиция арқылы көтеріліп, «затактіге» істелетін оң қолдың қимылын қайталайды.

 

         Біріктірілген қолдардың ұштарымен беттің маңында істелетін шеңберлі қимылы

         Қолдардың ұштары 2  жағдайында болады, яғни саусақтарымен өріліп және оң иықтан сәл жоғары орналасады, сырт жағымен бетке бағытталған. Қолдар саусақтарды ажыратпайтын беттің маңызды айналмалы қимыл жасайды.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4.

         «Бір» дегенде – сол қолдың шынтақтары солға көтеріледі, оң қолдың шынтағы төмен түседі, қолдардың ұштары ажыратылмастан иектің астынан сол иыққа дейін өткізіледі.

         «Және» дегенде – сол қолдың шынтағы мен білезігі көтеріледі, қолдардың ұштары сол жақ беттің бойымен жүргізіледі.

          «Екі» дегенде – оң қол беттің алдында көтеріледі және қолдардың ұштары ажыратылмастан орындаушының басының үстінен оңға өтеді, екі қолдыңда бүгілген шынтақтары екі жаққа бағытталған.

          «Және» дегенде – сол қолдың шынтағы мен білезігі оң иық жағынан төмен түсіріледі, қолдардың ұштары бастапқы жағдайға оралады. Қимыл жатық, бірге, тоқтаусыз істеледі.

         Иықтардың қимылдары – қыздардың биінде иықтардың қимылы сәл айқындау, жұмсақ, назды болып келеді, балалардың биінде ол – біршама кілт қимылды болады.

         Бастапқы қимылдары – басты бұрмай жанымен қимылдату. Бұл қимыл мойын бұлшық еттерінің көмегімен оң жақ иықтан сол жақ иыққа және кері бағытта орындалады. Әртүрлі жылдамдық пен ырғақта және өте нәзік, елеулі түрде иықтан-иыққа көшу кездерін бекіту арқылы істеледі. Бастың жанымен қозғалуы әрдайым бидің мазмұнымен айқындалып отырады және тиісті қимылмен үйлесім табады.

 

         Бір орындағы жүрістер мен қимылдар

 

         Бір аяқтан жүру (ерлер мен әйелдер). Тактінің күшті бөлігінде  орындаушы сол аяғымен алмасып басып, оң аяқтың табанынан орта жағында жартылай башпайлармен түседі. Осыдан соң орындаушы оң аяғымен алға бүкіл табанмен  шағын қадам жасайды.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4 немесе 6/8. Бастапқы жағдай – аяқтардың VI позициясы.

         «Бір» дегенде орындаушы соққы жасап, тізеден сәл ғана бүгіп, жартылай башпайларында оң аяқтың табанының орта шамасына әкеліп қояды, тізе мен аяқтың ұшы алға бағытталған.

         «Және» дегенде – оң аяқтың бүкіл табанымен алға қарай шағын қадам жасау, тізе бос ұсталады. Сол аяқ тап сол жағдайда болады.

         «Екі» дегенде – «бір» дегендегі сияқты сол аяқпен қозғалыс.

          «Және» дегенде – «бір және» дегендегі сияқты оң аяқпен қадам.

Жүріс бір аяқтан  аздап алға, бір шетке, артқа қозғалумен орындалады, сол аяқ орында тұрып бұрылыспен де істеледі.

         Ауыспалы жүріс

         Ауыспалы жүрістің бірінші және үшінші қадамдарын бүкіл табанмен орындайды, екінші қадам- төмен жартылай башпайлармен.

         Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4 немесе 6/8. Бастапқы жағдай – аяқтардың VI-позициясы.

         «Бір» дегенде- оң аяқтың өкшесінен бүкіл табанмен алға қадам жасау, тізе бос ұсталады.

          «Және» дегенде – сол аяқ төмен жартылай башпайлармен оң аяқтың табанының ортасына қойылады, тізе сәл бүгіңкі болады.

         «Екі» дегенде – оң аяқпен бүкіл табанмен алға шағын қадам жасау, тізе бос ұсталады.

          «Және» дегенде – үзіліс.

         Қазақ халқының сахналық биі

         Бұған дейінгі материалдарды пысықтай түсіп, жетілдіре меңгеру.

         Тарихи-тұрмыстық би

         Мәнерлі вальс – па балансе, па вальса (жеке) соло, до за до, па де баск.

         Төртінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар

         Классикалық би мектепте талап ететін негізгі дағдыларды меңгеру. Қимыл би кейпін, айналымдылықты сақтай орындау, табан қимылын меңгеру. Станок алдында экзерсисті дұрыс орындай білу. Қимылды музыка сипатында – дәл, орнықты, баяу, жатық орындау.

         Халықтық-сахналық бидің қимылдарын сол бидің сипатын сақтап, сауатты және мәнерлі орындау.

         Орыс және украин билерінің жыбырлағыш (тырп-тырп еткен) қозғалыстағы дағдыларын меңгеру (ер балалар үшін).

         Қазақ билерін, ер жүрек (ер балалар үшін) билерді орындай білу, қолдардың икемділігін, бас пен дене икемділігі дағдыларын меңгеру (қыздар үшін).

         Тарихи-тұрмыстық би бөлімі бойынша бірқатар вальс қимылдарын орындай білу: вальс до за до, pas de basque, pas balance. XVIII және XIX ғасырлар стиліндегі билерді ажырату.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жалпы хореографияның барлық бағдарламасы балалардың мәдени және тарихи білімдерін кеңейте түсуге, олардың рухани жан  дүниесін және саулығын, адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін дамытуға бағытталған.

Кез келген ғылымның, соның ішінде өнердің өзіндік лексикасы болады. Бір кезде тарихи-тұрмыстық деңгейден бастау алған би өнері қазір өзінің шарықтау шыңына шықты деуге негіз бар, бірақ ол әлі де жан-жақты дамып келеді. Білім берудің мақсаттары заманның талаптарға сәйкес жаңара түскен қазіргі заманда би өнерін оқытып-үйретудің де жаңа талаптары қойылуда. Бұл егемендік алып, тіліміз мемлекеттік тіл болып ресми түрде танылған кезеңде ана тілінде білім алатын осынау ұрпақ тәрбиесінде де ерекше орын алары сөзсіз.

Ұсынылып отырған оқу құралында классикалық, халықтық-сахналық және тарихи-тұрмыстық билердің негізгі элементтері, орындалу ерекшеліктері, үйрету әдістері қазақ тілінде берілді.

Оқу құралында классикалық терминдер шығу тектеріне байланысты француз тілінде қалдырылды.

Қорыта айтқанда бұл оқу құралын біз стандарт ретінде емес, көмекші құрал ретінде ұсынып отырмыз. Үнемі ізденіспен жұмыс істейтін педагог-хореографтар оқу-құралын пайдалана отырып, оны жекелеген ерекшеліктерге сай дамытуларына болады.

 

                 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.     Абиров Д. Истоки и основные элементы казахской народной

          хореографии.-Алма-Ата., 1992.

2.     Абиров Д., Исмаилов А. Казахские народные танцы.-Алма-Ата.:

    Өнер, 1984.

3.     Жиенкулова Ш. Тайна танца.-Алма-Ата.: Мектеп, 1989.

4.     М.С.Боголюбская. Музыкально-хореографическое искусство в системе эстетического и нравственного воспитания.Москва, 1986.

5.     Г.П.Гусев. Методика преподавания народного танца. Упражнения у станка. Москва,2005.

6.     С.А.Наурызбаева. Классикалық балет. Түсіндірме сөздік. Алматы, 2004

7.     Уральская В., Соколовский Ю. Народная хореография.-М.: Искусство,1972

8.     А.В. Лопухов., А.В.Ширяев., А.И.Бочаров. Основы характерного танца. Санкт-Петербург.Москва.Краснодар,2006

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе ............................................................................................................. 2

1-ші жыл оқыту ............................................................................................ 4

Музыкалық қозғалыстың әліппесі ................................................................ 4

Аяқтардың позициясы .................................................................................... 4

Қолдардың позициясы ....................................................................................4

Тарихи-тұрмыстық би ................................................................................ 5

По марше ......................................................................................................... 6

Demi plie .......................................................................................................... 6

Battement tendus ........................................................................................ ..... 6

Pas degage ........................................................................................................ 7

Қыздарға арналған тәжім ету (книксен) ...................................................... 7

Тәжім ету (балалар үшін) .............................................................................. 7

Pas qlisse-сырғымалы қадам .......................................................................... 8

Па польки ........................................................................................................ 8

Классикалық би ............................................................................................ 8

Станок жанындағы жаттығулар .................................................................... 9

Demi plie …...................................................................................................... 9

Battement tendus ............................................................................................. 10

Battement tendus demi plieмен ....................................................................... 11

Battement tendus passé par terre .....................................................................  11

Demi rond de jambe par terre ........................................................................... 11

Allegro (секіру) ............................................................................................... 12

Temps leve sauté .............................................................................................. 12

Халықтық-сахналық би .............................................................................. 12

Орыстың халықтық-сахналық биі ................................................................. 13

Қолдардың позициялары ................................................................................ 13

Қолдардың қалыптары .................................................................................... 13

Қолдардың қозғалыстары .............................................................................   13

Қолдарды  I позицияға өткізу .......................................................................  14

Қолдарды  II  позицияға өткізу ...................................................................... 14

Орамалмен қозғалыс жасауды үйрену (қыздар үшін) ...............................   14

Жүрістер .........................................................................................................  14

Қырындап (бүйірмен)жүру ..........................................................................   15

Орыстың ауыспалы жүрісі ...........................................................................   15

Аяқты тақаға шығару ....................................................................................  16

«Ковырялочка» ..............................................................................................  16

Ер балаларға арналған тізе ию .....................................................................  16

Аяқты тақа қырына қойып орындалатын жартылай тізе ию............ ......... 16

I еркін позициядағы тізе ию-секіріп түсулер .............................................. 17

Белорустың халықтық-сахналық биі ...................................................... 17

Қолдардың позициялары ................................................................................ 17

Қолдардың қалыптары ....................................................................................18

Жұптағы қолдардың қалпы .................................................................................. 18

Жүрістер мен қозғалыстар .................................................................................... 18

Жартылай тізе июдегі аяқпен тарсылдату ........................................................... 18

Ер балаларға арналған тізе бүгу ........................................................................... 19

Қазақтың халықтық-сахналық биі .................................................................. 19

Екі аяқтың алғашқы ұсталу қалпы және оны биге ыңғайлау ............................. 19

Қазақ биіндегі екі қолды биге ыңғайлау ерекшеліктері ..................................... 19

Қос мүйіз (қошқар мүйіз) ...................................................................................... 19

Кереге көз ............................................................................................................... 19

Сыйлық ................................................................................................................... 19

Қос шынтақ ............................................................................................................ 19

Киіз үй .................................................................................................................... .20

Қамшы ұстау ............................................................................................................20

Қос қол ..................................................................................................................... 20

Қазақша иіліп сәлем беру түрлері ......................................................................... 20

Екі қолдың негізгі қимылдары .............................................................................. 20

Қол қимылы айналма ............................................................................................. 20

Қол сілтеу ................................................................................................................ 20

Жалын ...................................................................................................................... 20

Жүріс түрлері .......................................................................................................... 20

Қарапайым негізгі жүріс ......................................................................................... 20

Өкшеден басталатын қарапайым жүріс ................................................................ 20

Бір жақ бүйірге қарай ең қарапайым жүріс .......................................................... 20

Бірінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар ............................ 20

Екінші оқу жылы .................................................................................................. 21

Музыкалық қимылдың әліппесі ........................................................................ 21

Классикалық би ..................................................................................................... 21

Battement tendus jete …............................................................................................ 21

Sur le cou-de-pied ..................................................................................................... 22

Battement fondu ....................................................................................................... .23

Battement frappe ....................................................................................................... 23

Temps releve par terre (rond de jambe par terre preparation) .................................. 23

Станокқа қарап тұрып I позицияда денені артқа ию (майысу) ......................... 23

Денені бір шетке қарай ию (майыстыру) ............................................................  24

Allegro ...................................................................................................................... 24

Pas echappe II позицияға ......................................................................................... 24

Pas couru ................................................................................................................... 24

Халықтық-сахналық би ...................................................................................... 25

Станок алдындағы жаттығу ................................................................................... 25

Жартылай тізе бүгу (ию) және терең тізе ию ...................................................... 25

Гран плие (классикалық бидің) ............................................................................. 25

Табанның жылжымалылығын дамыту жаттығулары (батман тандю) .............. 25

«Жіпке» әзірлену (подготовка к веревочке) ........................................................ 26

Орыстың халықтық-сахналық биі .................................................................. 26

Жүрістер ................................................................................................................. 26

Дроби (жыбырлаған қадам) .............................................................................. ..26

«Гармошка» .......................................................................................................  ..26

Веревочка ........................................................................................................... ..27

Хлопушки ......................................................................................................... ....27

Хлопушки сирақты (балтырды) шапалақтау ................................................... .27

Ключ .................................................................................................................... .28

Балтық жағалауы республикасының билері ............................................. .28

Литваның халықтық-сахналық биі ................................................................... .28

Литва биіндегі қолдардың кейбір қалыптары ................................................. .28

Қимылдар мен жүрістер .................................................................................... .29

Жүрістер мен қозғалыстар ................................................................................ .29

Итальяндық «Тарантелла» биінің элементтері .......................................... 30

Қазақ халық биі ............................................................................................... .30

Қазақ биіндегі екі қолды биге ыңғайлау ерекшеліктері ................................ .30

Үлкен сыйлық .................................................................................................... .30

Қызғалдақ ........................................................................................................... .30

Білезік ................................................................................................................. .30

Бота мойын ........................................................................................................ ..30

Ұялу ................................................................................................................... ..30

Домбыра ............................................................................................................ ..30

Өрнек ................................................................................................................. ..30

Екі қолдың негізгі қимылдары .......................................................................... 31

Үкі қимылы ........................................................................................................  31

Ұялу,сұлу көріну ................................................................................................ 31

Бидай, боз ............................................................................................................ 31

Жүріс түрлері .................................................................................................... 31

Ауыспалы (үш түрлі) жүріс ............................................................................... 31

Құс таңдай ........................................................................................................... 31

Атшабыс .............................................................................................................. 31

Тенен көк .............................................................................................................. 31

2-ші атшабыс ........................................................................................................ 31

1-ші секіртпелі атшабыс ...................................................................................... 31

Молдас құра теңселу ............................................................................................ 32

Иық қимылы.......................................................................................................... 32

Айналма ................................................................................................................ 32

Ең қарапайым айналма ........................................................................................ 32

Айгөлек ................................................................................................................. 32

Тарихи-тұрмыстық би ...................................................................................... 32

Екінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар .......................... 32

Оқытудың үшінші жылы ................................................................................. 32

Классикалық би ................................................................................................. 32

Rond de jambe par terre ........................................................................................ 32

Pas de bourree ....................................................................................................... 33

Allegro (секірулер) ............................................................................................... 33

        

Үлкен changement de pied ...................................................................................... 33

Халықтық-сахналық бидің элементтері ..........................................................33

Rond de jambe par terre ............................................................................................33

Жұмыс аяғын кезектеп біресе ұшына, біресе өкшесіне шығару ........................34

Екі аяқты алға қарай ұшымен «Тарантелла» сипатында кезектеп «лақтыру» ..35

Тірек аяғында қарсы өтумен алға және артқа ітелетін өтпелі «лақтырулар» .. 35

Төмен және жоғары айналулар (battement fondu) ............................................... 35

Орыстың халықтық-сахналық биі (ортада тұрып) ........................................ 36

Ыршып түсумен істелетін жыбырлағыш қадам және жылжып жүру .............. 36

Украинаның халықтық-сахналық биі ............................................................ 37

Қолдардың позициялары ......................................................................................  37

Қолдардың жағдайлары ........................................................................................  37

Украин биінің қимылдары ...................................................................................  37

«Веревочка» ............................................................................................................ 37

«Дорожка прыжка» ................................................................................................ 37

«Тынок» .................................................................................................................. 38

«Выхилясник» ........................................................................................................ 38

Қазақ халқының сахналық биі ......................................................................... 38

Шынтақ толқын ...................................................................................................... 38

Құс қанат ................................................................................................................. 38

Домбыра шерту ...................................................................................................... 38

Өрнек ....................................................................................................................... 38

Атшабыс ................................................................................................................. 39

Қара жорға ............................................................................................................... 39

Желдірме ..................................................................................................................39

Бүктелу ................................................................................................................... 39

Айналма ................................................................................................................. 39

Айгөлек-2 ................................................................................................................ 39

Тарихи-тұрмыстық би ........................................................................................ 39

Бұрылыспен істелетін па польки ......................................................................... 39

Па гавота элементтері ........................................................................................... 39

Па вальса соло ....................................................................................................... 39

Билер: Сударушка, Приглашение к танцу .......................................................... 39

Үшінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар .......................... 39

Төртінші жыл оқыту .......................................................................................... 39

Классикалық би (станок жаны жаттығулары) ................................................  39

Battement tendus pour le pied ................................................................................ 39

Battement tendus jete пике (pointe) ...................................................................... 40

Preparation rond de jambe par terre en dehors ...................................................... 40

900 releve Ient V позициядан барлық бағыттарда .............................................. 40

Battement developpe ............................................................................................. 40

Releve жарты бақайда .......................................................................................... 41

Allegro (секірулер) ............................................................................................... 41

Pas assemble .......................................................................................................... 41

 

Pas balance .............................................................................................................. 41

Халықтық-сахналық би .................................................................................... 42

Тізе июмен (demi plie) аяқтың ұшынан өкшеге көшуді жалғастыратын қимылдар үлгісі ..................................................................................................... 42

Жартылай башпайлармен бүкіл табанмен көтеріліп айналымсыз жағдайдан айналымды жағдайға көшірілетін бүгілген аяқтың бұрылыстары .................. 42

Айналмалы қозғалыстар ...................................................................................... 43

Өзбектің халықтық-сахналық биі .................................................................. 44

Қолдардың жағдайы ............................................................................................. 44

Қол басының (ұшының) қимылдары .................................................................. 44

Қолдардың ұштарын бір мезетте айналдырумен істелетін

 бір жағдайдан екіншісіне көшу ........................................................................... 45

Саусақтарды сартылдату ....................................................................................... 45

Қолдардың қимылдары .......................................................................................... 45

Біріктірілген қолдардың ұштарымен беттің маңында істелетін шеңберлі қимылы ..................................................................................................................... 46

Иықтардың қимылдары .......................................................................................... 46

Бастапқы қимылдары .............................................................................................. 46

Бір орындағы жүрістер мен қимылдар .................................................................. 46

Ауыспалы жүріс ...................................................................................................... 46

Қазақ халқының сахналық биі .......................................................................... 47

Тарихи-тұрмыстық би ......................................................................................... 47

Төртінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар ......................... 47

Қорытынды .............................................................................................................. 48

Қолданылған әдебиеттер ........................................................................................ 49

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жалпы білім беретін мектептердің «ХОРЕОГРАФИЯ» класына арналған оқу әдістемелік құралы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 974 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2016 18761
    • DOCX 451.5 кбайт
    • 199 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Габбасова Мерует Каздуковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Габбасова Мерует Каздуковна
    Габбасова Мерует Каздуковна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26993
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Оркестровые и струнные инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении академическому вокалу

Преподаватель академического вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек