Инфоурок Биология Научные работы№20 жалпы білім беру орта мектебінің 11 «Ә» сынып оқушысы Конилхосова Динараның «Захар бақша жанындағы жерасты суларының емдік қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жобасы (жетекшісі: биология пәні мұғалімі Елеуова Айгул Кызылгуловна)

№20 жалпы білім беру орта мектебінің 11 «Ә» сынып оқушысы Конилхосова Динараның «Захар бақша жанындағы жерасты суларының емдік қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жобасы (жетекшісі: биология пәні мұғалімі Елеуова Айгул Кызылгуловна)

Скачать материал


№ Мектеп: №20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі
Пән мұғалімі: Биология пәні мұғалімі
Аты-жөні: ЕЛЕУОВА   АЙГУЛ   КЫЗЫЛГУЛОВНА

Мекен Жайы:

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
28 шағынаудан 36 үй 2 пәтер

Индексі: 130000
Байланыс телефондары:8 (7292) 403821; 8 702 292 79 37

 

 

 

      №20 жалпы білім беру орта мектебінің 11 «Ә» сынып оқушысы Конилхосова Динараның «Захар бақша жанындағы жерасты суларының емдік қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жобасы

 

Мен зерттеп отырған Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласының Аташ кентіндегі Захар Дубский бақшасы жанындағы жерасты күкіртті суының тарихын ғылыми әдебиеттерден кездестіре алмадым. Ол зерттелген де болуы мүмкін. Сол жерасты суын зерттеу мақсатында жетекші филология ғылымдарының докторы, ғалым – Ж. Дүйсенбаева, ғылыми кеңесші педагогика ғылымдарының кандидаты, жетекшім – биология пәні мұғалімі А.Елеуова,  мен – Д. Көңілхосова – үшеуміз ізденіс жұмыстарын Форт-Шевченко қаласында жалғастырып, өлкеге белгілі балық кәсіпкері атақты З. Дубскийдің өміріне қатысты нақты деректерді жинадық. Олар:

1) Ақтау қаласындағы Маңғыстау мемлекеттік тарихи мәдени қорығынан        З. Дубскийдің салған ауруханасы мен қызына салып берген үйінің суреттерін алдым;

 

2) Форт-Шевченко қаласындағы Аташ кентіндегі З. Дубский бақшасын, оның жанындағы өзі салған бұрыннан сақталған үйін, жерастынан шығып жатқан табиғи бұлағын, табиғи тоңазытқышын, ол салған көк мектепті көріп, тарихымен таныстым;

 

3)  Захар Дубскийдің өмірбаянына байланысты нақты құжаттарды Форт-Шевченко және Ақтау қаласындағы мұрағаттардан тауып, суретке түсірдім;

 

4)  Су бұрқағының емдік, шипалық қасиеті туралы жергілікті бірнеше  адамдардан мәлеметтер жинадым;

 

5) Тері ауруларына суы шипа екендігін көз жеткіздім;

 

6)  Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласындағы маслихат хатшысы Досанова Айкүміспен кездесіп, З. Дубскийдің өмір-тарихы, нендей кәсіппен айналысқанын, осы қалаға қатысты нақты материалдық айғақтарды сұрап білдім. Кезінде сол біз сөз қылып  отырған шипалы сумен Форт-Шевченко  қаласындағы  дәрігері А. Оспанов тері ауруларын емдегені туралы деректі естідім. Бұл менің зерттеуім үшін тірек, сабақ болды;

 

7) Бұлақ суын құйып алып, химиялық құрамын зерттеу мақсатында облыс орталығы Ақтау қаласындағы СЭС-тің лабораториясына тапсырдым;

Ғылыми зерттеуімде ол су құрамын келесі тарауында (негізгі бөлім, 2.2 тарау) талдаймын.

 

       Маңғыстау тарихи ескерткіштерінің арасында ерекше орынды Форт-Шевченко мұражай қаласы алады. Орта ғасырларда бұл жерде теңіз ұйдағы  ̶  Кетік қалашығы орналасқан. Бекінісі аумағындағы археологиялық табыстар Кетік қалашығы  X-XV ғасырларда Европа мен Орта Азияның экономикалық орталықтарымен сауда байланыстары болғанын айғақтайды. Каспий теңізінің шығыс жағалауын игеру мақсатында 1716 жылы Ресей патшасы І-Петрдің нұсқауымен А.Бекович-Черкасский басқарған экспедиция осы жерде "Әулие Петр" алғашқы орыс қамалының іргетасын қалады. 1846 жылы штабс-капитан  Иваниннің басшылығымен мықты Новопетровск бекінісі бой көтерді. 1857 жылдан бекініс маңында пайда болған қала Форт-Александровск, кеңестік кезеңнің алғашқы жылдарында Форт-Урицкий, 1939 жылдан Форт-Шевченко аталды. Қаланың шетінде Қорғантас тауында бекіністің күйреген қалдықтары сақталған. 1882 жылы Форт-Александровск Маңғышлак уезінің орталығы болды. 1896 жылы оған қала атағы берілді. 1932 жылы Новопетровск бекінісінде айдауда болған украйн халқының ақыны мен суретшісі  Т.Г.Шевченконын мемориалдық музей кешені ашылды. 1849 жылы алғашқы орыс қоныстанушылар Түпқараған теңіз шығанағының жағасында Николаевскі станциясының негізін салды. 1921 жылы Николаевскі станциясы Революциялық кеңесінің төрағасы А.Е.Баутиннің құрметіне Баутин поселкісі деп аталды. Қоныстанушылар Каспийдің шығыс жағалауында балық өнеркәсібі мен сауданы дамытты. Форт-Шевченко қаласында ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы азаматтық сәулет ескерткіштері  (Баутин кентінің тұрғын үйлері, әкімдік және тарихи ғимараттары) орналасқан. Қалада өлкенің тарихында елеулі тұлғалар ғұмыр кешкен, олардың арасында белгілі тас шебері, діни-мемориалдық және азаматтық сәулет ғимараттарының құрылысшысы Ідіріс Серікбаев, өнегелі істерімен халықтың ризашылығына бөленген бай кәсіпкер, меценат Захар Дубский, түркмен ақыны Хатам-шаир, "Қырымның қырық батыры" эпосын жырлап, осы күнге жеткізген қазақ халқының ұлы жырауы Мұрын Сеңгірбайұлы.

Қазан төңкерісіне дейінгі кезде Каспийдің балығын өндіру мен өңдеуде атақты көпес Захар Кузьмич Дубскийдің есімі айрықша аталады. Ау-құралдардан бастап әртүрлі кемелері жеткілікті болған оның Маңғыстау жағалауларын былай қойғанда, Астрахань, Макачкала, т.б. жерлерде қоймалары мен балық қабылдайтын, өңдейтін орындары болған. Кетік қаласының өзінде маңдайына тастан қашалып «З.К.Дубский» деп жазылған тұрғын жай, Аташ поселкесінен солтүстікке қарайғы 3-5 шақырым жағалықта шағын бұлақ түбінен 2-3 гектардай жеміс ағаштары аралас парк, ортасында шаршы үлгіде айнала балконды көгілдір қаңылтырмен шатырланған әсем ақ үй, саяжай орнатқан. Бұл ғимарат - жиырмасыншы жылдардан бастап пионерлердің жазғы демалыс лагері. Баутин-Аташ іргесіндегі сор тұз өндіретін орынға айналып, маңғыстаулық алғашқы жұмысшылардың бір тобы осы кәсіпорыннан құралса керек. Тұз өндіру де - балық өңдеу мақсатында қолға алынған, З.Дубскийдің атымен байланысты шаруашылық.

Шаруашылығы жұқарған, күнкөріс жайы талап іздеткен ел азаматтары Захарға келеді екен. Ел аузында қалған, «Неужели Захар Кузьмич бір қайық бермейді?» деген сөз мұнда келушілердің көңіліне ұялаған сенімді көрсетеді. Осынау кәсіп иесінің ізгі қасиетін аңғартатын аңыздар баршылық. Ол қызмет етушілерге берген қарызын табысы болғанға дейін кейінге созатын немесе мойнынан алып тастайтын. Жағада төгіліп жатқан жүктерінен отынға ағаш, иә басқа материал алып жатқан жұмысшысын көрсе, бір жағынан сүйемелдеп жіберіп: «Тез жөнел, күзетші көріп қалар», - дейді екен.

Захар Кузьмич кәсіпшілігін мемлекеттік жүйеге сәйкестендіріп құрған. Өнімдер де, құрал-жабдықтар да, еңбеккерлермен есеп-қисап та кеңседе жұмысты ұйымдастырушылар мен бухгалтерия арқылы жүргізілген. Кеңес үкіметі келген соң бүкіл өндіріс балансын, ғимараттар мен құрал

            саймандарды да, дүние-мүліктері мен ақша қорын да өз ықыласымен

мемлекетке өткізген. Халық оның сол себепті тәркілеу, жер аудару жазасына ұшырамай, бас бостандықта, аман қалғанын айтады. Бұл азаматтың ұрпақтары мен әулетінен кім бар, олар қайда тұратыны жөнінде зерттеулер жүргізу үстіндемін. 

Өлкеміздегі алғаш білім беру орындарының бірі Көк мектепті қаржыландырып, алғаш іске қосушы да-осы Захар Дубский. Сондығынан да ол құрметті. 

                                                          

 

      З. Дубскийдің балалары                                  З. Дубскийдің балық мұздатқыш

Михаил мен Александр Дубский                                      шолана ХХғ. басы

жанұясының мұрағатынан 1910ж.

 

 

 

 

  

 

З. Дубский (ортасында) әйелі және          З. Дубский қызының үйі. (1913 ж.)  

    баласы Анатолиймен. 1936 ж.                    және А.Баутиннің ескерткіші

                                                                                       (1883-1919 жж.)

  

 

 

            

 

            З. Дубскийдің салынған ауруханасы ғимараты. Баутин кенті.

 

 

                  

 

                                   Көк мектептің бұрынғы көрінісі

          

 

    Балық өнеркәсіпшілердің құжаттары. Дубский жанұясының мұрағатынан.

                                                          ХХғ. басы.

        

      Жерасты сулары — жер қыртысын құрайтын таужыныстардың ішіндегі барлық физикалық күйдегі (сұйық, газ тәрізді, қатты) сулар. Орналасуына қарай жерасты сулары кеуектердегі, жарықшақтардағы, карстық қуыстардағы болып, ал жатыc жағдайлары бойынша — қалқыма (үстіңгі) су, грунт және артезиан 

сулары болып ажыратылады [3].

      Жерасты суларын барлау - жерасты суларының пайдалану қорын өнеркәсіптік санаттар бойынша анықтау және мұндай сулардың кенорнын игеру мақсатымен топтық сутартқы жұмыстарын жобалауға керекті мәліметтер алу үшін жүргізілетін гидрогеологиялық зерттеулер кешені. Жерасты суларын барлау: алдын ала, түбегейлі және пайдаланудағы барлау болып ажыратылады.

Жерасты суларын жіктеу - әрқайсысының өзгергіш параметрлері болатын үш геосфераның немесе динамикалық физика-химиялық тепе-теңдік жүйелерінің: атмосфераның, гидросфераның және литосфераның бір-бірімен әрекеттесуі нәтижесінде табиғи құрылымдар ретінде қалыптасатын жерасты суларының типтерін топтарға бөлу. Мұндай сулардың көптеген жіктемелері ұсынылған. Оларды негізінен үш топқа біріктіруге болады:

·         1) табиғи сулардың, солардың ішінде, жерасты суларының, химиялық жіктемелері;

·         2) жерасты суларының пайда болуы, орналасу жағдайлары, немесе пайда болуы мен басқа да белгілері бойынша жасалған жалпы жіктемелер;

·         3) жалпы жіктемелермен біріккен және жер асты суларының бір немесе бірнеше белгілері бойынша жасалған жеке жіктемелер.

Жерасты суларын пайдалану— жерасты суларын минералдылық дәрежесіне, химиялық құрамына және физикалық қасиеттеріне қарай халық шаруашылығында пайдалану түрлері. Олар ауыз су ретінде және шаруашылық сулармен қамтамасыз ету үшін, жер суаруға, ауруларды емдеуге, су құрамында-ғы кейбір бағалы құрам бөліктерді (NаСl, Na2SO4 ,Na2CO4 , Вг2, J2 және т.б.) өндіріп алу үшін және жылу көзі ретінде пайдаланылады  [4].

           Жерасты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу - химиялық құрамының құрамдас бөліктерінің (немесе топтарының) басымдылығы, әр алуан құрам бөліктердің бір-бірімен арақатынасы, газдық және иондық 

     құрамында ерекше құрамбөліктердің болуы және т.б. белгілері бойынша топтарға бөлу.

Жерасты суларының пайда болу түрлері - пайда болу ерекшеліктеріне

қарай жерасты сулары бес түрге бөлінеді:

·         1) инфильтрациялық сулар (жауын-шашын, өзен-көл, бөген суларының тау жыныстарға сіңуінен пайда болалы);

·         2) конденсациялық сулар (тау жыныстардың кеуектеріндегі, куыстарындагы және жарықшақтарындағы су буының қоюлануынан жиналады);

·         3) седиментациялық сулар (шөгіндену процесі болған алаптар есебінен пайда болады);

·         4) органикалық текті сулар (көмілген саз-ұйықты шөгінділерде болатын органикалық заттардың ыдырауынан пайда болады);

·         5) өте теренде пайда болатын, немесе ювенилді сулар (жер қыртысының терең белдемдеріндегі магмамен тікелей байланысты сулар).

    Жерасты суларының пайда болуы — жерасты суларының тарихи жаратылыстық факторлардың және адамның өндірістік қызметінің әсерімен қалыптасу процесі.

    Жерасты суларының химиялық түрлері — оларды құрайтын аниондар мен катиондар мөлшерінің арақатынасы. Судың химиялық түрін атағанда, ондағы ең көп мөлшерде болатын иондар бірінші айтылады. Сонымен қатар аниондардың атаулары катиондардың атауларының алдында беріледі. Мысалы, құрамы төмендегідей су (мг-экв/%): НС60, S- 30,  — 10 (аниондар) және  - 50,  - 30,  - 20 (катиондар) гидрокарбонатты кальцийлі немесе гидркарбонатты-сульфатты кальцийлі-магнийлі су деп аталады. Кейбір жұмыстарда судың химиялық түрінің атауы иондардың аз мөлшерден көп мөлшерге қарай өзгеруі бойынша келтіріледі. Басқаша айтқанда, су құрамындағы ең көп мөлшердегі аниондар мен катиондар атаудың соңына қойылады [1].

    Маңғыстауда да сондай жерасты суларының бірнешеуі бар. Олар: Қорғанбай, Жоласқан-Еспелісай, Дөңге, Солтүстік Үстірттегі Арыстан, Қарақұдық, Терең, Ұялы, Арнасай. Соның бірі сөз етіп отырған                       Форт-Шевченко қаласы Аташ кенті жеріндегі Захар Дубский бақшасындағы жерасты күкіртті суы. Мен ғылыми жұмысымның келесі тарауында сол жерасты суының құрамын ғылыми түрде шамам жеткенінше зерттеу бұрғысында өз пайымдарымды жаздым.

Ф-Шевченко қаласының тұрғыны Бердіғали Тілемісов 1999 жылдан бері тері, қышыма ауруымен ауырып, мазасызданып, ұйықтай алмаған. Дәрігерлердің берген дәрі-дәрмектерінің пайдасы болмаған, содан таныстарының айтуымен З.Дубскийдің жерасты суын 3 рет барып, шомылған кейін жазылып кеткенін айтты. Осындай аурумен ауырған ауылдың тұрғындары Даншабаев Қосай, Наушабаева Хадиша деген кісілермен сұхбаттастым. Олар да Захар бақшасындағы күкірт суымен бірнеше рет шомылып, жазылғандарын әңгімеледі.

Форт-Шевченко қаласындағы Аташ кентінде орналасқан Захар бақшасындағы жерасты суының үлгісі алынды (2.1-сурет). Ақтау қаласындағы СЭС-ке алып келіп, құрамын зерттеуге тапсырыс бердім. СЭС-ке келгенде директоры Р.Рсымбетова қарсы алып, үлгіні алудың ережесімен таныстырды. Температура жағына байланысты өзгерістер болу мүмкіндігін айтып, үлгіні алып қалды. Форт-Шевченко қаласындағы СЭС-ке үлгіні ыстық күйінде құрамын зерттеуге тапсырыс бердім. Бір аптаның ішінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесінің ауыз су үлгілерін зерттеу хаттамасы берілді (Қосымша 1). СЭС қорытындысы бойынша Захар бақшасының жерасты суының құрамындағы заттардың мөлшері көрсетілген диаграмма салдым (қосымша 2).                                        

               «Захар бақшасы жанындағы жерасты суларының емдік қасиеттерін зерттеу» атты тақырыптағы ғылыми жұмыс: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының тақырыбы, мақсаты, өзектілігі, нысаны сонымен бірге зерттеу туралы қысқаша сипаттама жазылған.

Негізгі бөлім 2 тараушадан тұрады: Біріншіден, жерасты суларының қысқаша анықтамасы сөз болады.

Екіншісінде, Захар бақшасы жанындағы емдік қасиеті бар күкіртті бұлақ суының химиялық құрамын лабораторияда тәжірибе жүзінде анықтап, тері ауруларына шипа болатындығына шама-шарқынша көз жеткіздім.

Зерттеу барысында Захар Дубскийдің өмір-тарихы, кәсібі, отбасы туралы деректерді әдебиеттерден, мұрағаттардан жинады. Ғылыми сапарға шығып, сол мекеннен көріп-біліп түйгендерін, сұхбаттасқан адамдардың пікірлерінен ғылыми қорытынды шығарды. Өлкеміздегі емдік қасиеті бар жерасты суларын науқас адамдарды емдеуге пайдалану туралы өз пайымдарын жазды. Елбасы айтқандай, "Болашақ жастардың қолында" осы табиғат байлығымызды қастерлеп, көркейтіп, қазіргі заманға сай халықаралық деңгейдегі шипайжайлар, емдік сауықтыру орталықтарын ашу міндеті осы ғылыми жұмыста  сөз болды. Сонымен қатар жергілікті мамандарды осы емдік сауықтыру орнына жұмысшыларды тартуды мәселе етіп көтерді. Жұмысымызды қорытындылай келе, ұсыныс айтқымыз келеді: (қосымша 3):

 

1.     Болашақта Форт-Шевченко қаласындағы З.Дубскийдің бақшасы жанындағы жерасты суынан  емдік-сауықтыру шипажайын ашуды  ұсынар едім.

2.     Тері ауруларын емдейтін медициналық орталыққа науқастарды осы емдік суды пайдаланып, ауруына жазуға болады деп ұсыныс жасаймын.

 

 

                          ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1.      Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.  2000. — 328 б.

 

2.      «Маңғыстау» энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра, 1997. – 295-б.

 

 

3.      Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су

    шарушылығы. – Алматы: " Мектеп"  баспасы, 2002.

 

4.      Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология

    Алматы: Мектеп, 2003.

 

5.      С.Қондыбай  "Маңғыстау географиясы". 3 том. - Ақтау, 2006, 78-80 б7

 

6.      Тұрар Жалғасбайұлы. Ағарту асуында. ikitap.kz. Қазақстанның Ашық Кітапханасы. 27-34-б.

 

 

 

              

 

               

 

 

 

 

Қосымша 1

1 003

1 004

 

 

Қосымша 2

 

 

 

 

 

          

           Кальций  ̶ 

           Аммиак азоты  ̶ 

           Нитриттер азоты  ̶ 

           Нираттар азоты  ̶ 

           Жалпы кермектік  ̶ 

           Құрғақ қалдық  ̶ 

           Хлоридтер  ̶  іс жүзінде хлоридтер барлық суда болады. Негізінен тау жыныстарының бұзылуынан  NaCl көп мөлшерде түзіліп суға ағып келеді.       NaCl әсіресе теңіз суында көп мөлшерде жиналады, сонымен бірге жерасты сулары мен  көлдер де кездеседі.

           Fe қосылыстары ̶ темірдің табиғаттағы суда мынандай түрлері болуы мүмкін:

                    ̶  ІІ валентілік Fe еріген күйде;

                    ̶  Қоңырқай тұнба түрінде ІІІ валентілік Fe;

                    ̶  Коллойдты жағдайды;

                    ̶  Темір тұздары, фульвоқышқылды түрде;

                    ̶  Темір бактерия нарын түрінде (су жүретін тұнбаларда)

           Темір  ̶  ауыл шаруашылық өнімдерінен, өндіріс қалдықтарынан, металл      өндіру, металл өңдеу жұмыстарынан суға келіп түседі. Fe көп суда      адамдардың жай пайдалануынан оларда бауырдың жұмысы бұзылады.

 

 

 

 

Қосымша 3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1   - сурет. Жерасты су

 

 

               

2.1 - сурет. Динара З.Дубский бақшасындағы  жерасты суының үлгісін алуда

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "№20 жалпы білім беру орта мектебінің 11 «Ә» сынып оқушысы Конилхосова Динараның «Захар бақша жанындағы жерасты суларының емдік қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жобасы (жетекшісі: биология пәні мұғалімі Елеуова Айгул Кызылгуловна)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2016 2188
    • DOCX 3.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елеуова Айгул Кызылгуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елеуова Айгул Кызылгуловна
    Елеуова Айгул Кызылгуловна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4245
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 27 регионов

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов