Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Конспекты / Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларға арналған қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабағы

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларға арналған қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабағы

  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:

Шаймерденова Салима Каппаровна


Қарапайым математика

Жеке баламен жүргізетін жұмыс

Сабақтың тақырыбы: «Таяқшалардан құрастыру» (пішінді қабылдау – үшбұрыш)

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Балаға геометриялық пішін-үшбұрыш туралы ұғымын бекіту. Үшбұрыш бейнесін құрастыруға үйрету.

  2. Коррекциялығы: Баланың танымдық әрекеттерін жетілдіру. Ойын-тілін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

  3. Тәрбиелігі: Баланы ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: информациялық-рецепиялық әдіс

Көрнекіліктер: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау

2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру

«Саусақтарым билеңдер» ойыны

Саусақтарым билеңдер, (Саусақ қимылымен «фонарь» жасау)

Дәмді тоқаш илеңдер, (Алақанды біріктіру)

Неткен жақсы шеберлер. (Алақандарын көрсету)

Неткен жылдам шеберлер. (Алақанды жұмып-ашу)

Алма қосып илеңдер, (Алақандарын бір-біріне соғу)

Саусақтарым билеңдер. («Фонарь» жасау)

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

- Мынау қандай геометриялық пішін?

- Мынау – дөңгелек.55421190036.jpghello_html_m51915d69.png

- Дөңгелекке ұқсас заттарды ата.

- Мына заттар неменеге ұқсайды?

- Дөңгелекті дөңгелетіп көрейік.

- Дөңгелей ме?

- Ал дөңгелек дөңгелейді, өйткені оның бұрыштары жоқ.


ІІІ. Жаңа сабақ

- Мынау қандай геометриялық пішін?hello_html_m746a4b99.png

- Мынау – үшбұрыш.

- Үшбұрышқа ұқсас заттарды ата. 7542550_0.jpg

- Мына заттар неменеге ұқсайды?


- Үшбұрышты дөңгелетуге бола ма?

- Неге дөңгелетуге болмайды, не кедергі болады?

-Үшбұрышта неше бұрыштары бар?

- Ал енді үшбұрышты саусақпен жүргізейік.

- Енді біз үшбұрышты дөңгелетіп көрейікші.

- Неліктен ол дөңгелемейді?k20rzkyar817.jpg

- Үшбұрыш дөңгелемейді, өткені оның бұрыштары кедергі жасайды.

- Ал дөңгелек дөңгелейді, өйткені оның бұрыштары жоқ.


Суретпен жұмыс:

Балаға үстелдегі пішіндерді, олардың түстерін атауды ұсынады. Балаға тапсырма береді

- Қызыл түсті пішіндерді бөлу керек және оларды атау.

- Шеңбер, дөңгелек, үшбұрыш


ІҮ. Сергіту сәті:

Ал санайық, бір,екі!

Топылдатып билейтін

Аяғымыз қайда екен?

Міне, аяқ, алақай!

Міне, аяқ, алақай!

Бір,екі, деп басайық,

Тез,тез, адым жасайық.


Ү. Бекіту:

1. Дидактикалық ойыны: «Үшбұрышты құрастыру»

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін және ұсақ моторикасын дамыту.


hello_html_m28b9ca38.gif2. Дидактикалық ойыны: «Ұқсас заттарды ата?»

Мақсаты: Баланың көру арқылы қабылдау түйсігін дамыту.


ҮІ. «Біз не білдік?»

Үшбұрыш – геометриялық пішін.


ҮІІ. Бағалау

Баланы мадақтау





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Конспекты
Просмотров70
Номер материала ДВ-564219
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх