Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖалпыға ортақ мақала "Тау тұлға"

Жалпыға ортақ мақала "Тау тұлға"

Скачать материал

Картинки по запросу қасым асанов

Қасым Әбуұлы Асанов (1.1.1931 ж.т., Атырау облысы Құрманғазы ауданы Утера ауылы) — ғалым, Социалистік Еңбек Ері (1965), ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1976), профессор (1983), Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі (1996).

 

Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1951) Москва ауыл шаруашылық академиясын (1963) бітірген. 1955 — 1969 ж. ұжымшар төрағасы, 1969 — 73 ж. Мәскеу ауыл шаруашылық академиясында аға ғылым қызметкер, 1973 — 1987 ж. Шымкент облыстық мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірбие ст-ның, “Шымкент” кеңшар техникумының және дендрологиялық саяжайдың директоры болды. 1987 жылдан Қазақтың мал азығын дайындау және жайылым ғылым-зерттеу институтының директоры. Асановтың ғылыми еңбектері негізінен Қазақстанның оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарындағы жайылымға қолайлы жерлерді зерттеуге арналған. Шөлейт жерлердің құнарлылығын арттыру үшін Асанов Атырау облысында алғаш рет мал-азықтық дақылдарды (жоңышқа, қоңырбас субидайық, жиматарғақ, үйбидайық) бірге сеуіп суармалы жайылым жасау әдісін қолданды. Сондай-ақ ол белок пен витаминдердің сапасын жақсарту үшін мал азығына көк балдырды (хлорелла) қосуды ұсынды. А. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, Халықтар достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.

Академик Қасым Асанов көзi тiрi болса 80-ге келер едi

 

Көрнектi ғалым Ресей ауылшаруашылық академиясының және Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигi, Социалистiк Еңбек Ерi Қасым Әбуұлы Асанов бұрынғы Гурьев, қазiргi Атырау облысының Құрманғазы ауданы, Өтерi ауылында қарапайым отбасында 1931 жылы 1-қаңтарда дүниеге келген. Соғыстан кейiн Қасым Асанов Алматыға бiлiм-ғылым iздеп келер жылдары ауыл тұрғындарының жағдайы тым төмен едi. Әбу ақсақал қол ұзартуға жарап қалған Қасымын қанша қимағанымен, оның бiлiмге деген құштарлығын сезiп, ұлын оқуға үлкен үмiтпен шығарып салады. Алматыға 1947 жылы келген жас Қазақтың ауылшаруашылығы институтына түсiп, оны 1952 жылы үздiк бiтiредi. Еңбек жолын Маңғыстаудағы ауылшаруашылық институтының бас маманы қызметiнен бастайды. 1955 жылы тепсе темiр үзетiн жас маман «үшмыңдықтар» қатарында партияның және үкiмет үндеуiмен ауылды көтеруге Алматы облысына жiберiледi. Осында 15 жылдай мамандығы бойынша әр түрлi қызмет атқарады. Қасекеңнiң ұйымдастырушылық қабiлетi XXII съезi атындағы колхоздың төрағасы қызметiнде жүргенде ашылады. Колхоз ұжымының төрт түлiк мал мен егiн шаруашылығы саласындағы көрсеткiштерi тек қана республика деңгейiнде емес, одақ бойынша жоғары бағаланып, Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болады.

 

Заман ағымының тамырын тап басып, Қасым Әбуұлы ұлттың өсу, өркендеу, қалыптасу кезеңдерiне көз жүгiртiп, ата-баба жайлауының жылдан-жылға тозып бара жатқанына жаны ауырады. Жылдам өткен уақытта «Атом заманында өмiр сүрiп жатқандықтан, бiзге мал жайылымынан көрi атом станцияларын салу маңыздырақ» деген көзқарастың жетегiнде кетпеу үшiн жайылым жағдайына ден қоюды өзiнiң парызы деп санады. «Бiз жайылымға тек тұтынушы ретiнде қарайтын болсақ, алдағы 20 жылда кейiнгi ұрпаққа қалдыратын ешкiм қалмайды» деп жазды ғалым. 1987–2003 жылдары «Азық-түлiк және жайылым» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас директоры болып қызмет атқарып жүрген кезiнде өзiнiң жанайқайын билiк басындағыларға  жеткiзумен болды.

 

Қасым Асановтың жетекшiлiгiмен жасалған Республикалық ғылыми-техникалық «Азық-түлiк және жайылым» бағдарламасы республиканың, суармалы және жайылымдық жерлерi проблемасын нақтылы шешуге бiрден-бiр әсерiн тигiздi. Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстанның оңтүстiк-шығысында мәдени жайылымдарды тиiмдi қолдану жүйесi iске асырылды.

 

Академиктiң тiкелей басшылығымен аймақтарда демеу пункттерiнiң желiсi пайда болып, Каспий теңiзi, Жайық пен Орал жағалуындағы аудандарыдың жайылым шаруашылығын жақсарту бойынша жобалар әзiрленiп, iске қосылды. Атырау қаласында азық-түлiк өндiрiсi мен жайылым ғылыми-зерттеу институтының Батыс бөлiмi құрылды.

 

Қасым Әбуұлы жетекшiлiк еткен жылдары тек «Қазақ азық-түлiк өндiрiсi және жайылым» ғылыми зерттеу институты iрi ғылыми орталыққа айналды. Қ.Асановтың халықаралық ICARDА ғылыми орталығы, Колифорния университетi, Калорадо және Вашингтон халықаралық даму орталығы,   Ұлыбритания жердi пайдалану институты, Қытайдағы дала институты ғалымдарымен бiрлесiп атқарылған «Жайылым экологиясының проблемалары және оны жақсарту жолдарын анықтау саласы» атты зерттеулерi жайылымды сақтап, елiмiздiң мал шаруашылығын өркендету саласында нәтижелi болды.

 

Жайылым шаруашылығына түбегейлi өзгерiс жасау үшiн оны кешендi түрде дамыту керек екенi дәлелдендi. Ғылыми-өндiрiстiк «жем-шөп және жайылым» бiрлестiгi зерттеулерiнiң нәтижеде жайылымды кешендi игерудiң үлгiсiн ұсынды. Бұл үлгiге бұрынғы мал қыстаулары негiзге алынған. 1200–1500 бас саулық қойды бағуға мүмкiндiк беретiн өндiрiстiк және тұрғын нысандары, кепiлдi суы бар, жан-жағы қоршалған мәдени жайылымды бiрiктiретiн кешендер құру керектiгi жөнiнде ұсыныстар енгiзiлiп, ол жайылымды қорғау талаптарына сай келiп, мемлекет тарапынан оң шешiмiн тапты.

 

Кеңес одағы кезiндегi ауыл шаруашылығы мықты мамандарының қатарына  селкеу түсе бастағаны жасырын емес. Ендi оның орнын қалай толтырамыз, бiлiктi мамандарды қалай қалыптастырамыз? Мiне, осындай аса маңызды түйiндi шешуге де Қ.Асанов бiлек сыбана кiрiстi. Алғаш рет жайылым шаруашылығына қажеттi инженр-мелиораторларды даярлау, жем-шөп және жайылым мәселесiн түпкiлiктi зерттеу үшiн маман ғалымдар армиясын жасақтауға басшылық еттi. Елiмiз үшiн аса маңызды азық-түлiк пен жайылым мәселесiн зерттеп, ғылыми түрде негiздейтiн жас ғалымдарды дайындау мақсатында арнайы аспирантура ашылды. Қ.Асановтың өзi ұзақ жылдар бойы докторлық және кандидаттық диссертация кеңесiнiң төрағасы болды. Жайылым мен азық-түлiк  саласына 40-тан астам ғылым докторы мен ғылым кандидаттарын дайындап шығарды. Осылайша ғалымның жетекшiлiгiмен қазақстандық жайылымшы ғалымдар мектебi қалыптасты.

 

Айтулы ғалым 150 ғылыми еңбек, азық-түлiк өндiрiсi және жайылым шаруашылығының маңызды мәселелерi бойынша 11 монография,  6 оқулық жазды. Олардың iшiнен «Қазақстанның жайылым шаруашылығы» оқулығын ерекше айтуға болады. Бұл оқулық қазақ және орыс тiлiнде жарыққа шығып, Жапонияда ағылшын тiлiнде басылды. Ғалымның еңбегi орынды бағаланып, Сайрам және Талғар ауданының Құрметтi азаматы атанды. Ресей және Қазақстан Ұлттық академиясының академигi Қ.Асанов Қазақстандағы  жайылым ғылымының жетекшiсi ретiнде Канада, Испания, Жапония, Франция, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Токиода әр жылдары өткiзiлген конгресс пен халықаралық конференцияларға қатысып, қазақстандық ғылым жетiстiгiн шет ел ғалымдарына да көрсете бiлдi.

 

Жайылымды ел тағдырына балап кеткен ғалым, академик Қасым Әбуұлы Асанов 2008 жылы өмiрден өтедi. Академиктiң өмiр жолында күрделi кезеңдер аз болған жоқ.

 

Ұлтының уызына жарып өскен жанның мiрдiң оғындай дөп айтатын асыл ойлары ғылым саласында ғана емес, жүрген жерiнiң бәрiнде ағыл-тегiл ақтарылып жататын.

 

Р.ЕЛЕШЕВ, академик.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жалпыға ортақ мақала "Тау тұлға""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2017 811
    • DOCX 41.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманғалиев Ұлан Өтешқалиұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иманғалиев Ұлан Өтешқалиұлы
    Иманғалиев Ұлан Өтешқалиұлы
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9901
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой