Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Жалпы орта мектептеріне арналған бағдарлама
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Жалпы орта мектептеріне арналған бағдарлама

библиотека
материалов

Әдістемелік құрал

Жүзу бағдарламасы

(жалпы орта мектептеріне арналған бағдарлама

Түсінік хат

Жүзу – адам организмінің тепе-теңдікте өсуін жан-жақты қалыптастыратын спорт түрінің бірі. Жүзу дағдылары балаларға да, ересектерге де күнделікті өмірде қажетті.

Сол сияқты жүзудің емдік қасиеті де маңызды. Дұрыс ұйымдастырылған жүзу сабағы оқушыны жан-жақты дамытады, күштің қалыптасуына ықпал етеді, шыдамдылықты, ептілікті, жылдамдықты және басқада қабілеттерді қалыптастырады.

Жүзумен үнемі айналысу, әсіресе, жастайынан айналысу адамның өсуіне оңтайлы әсер етеді. Суда адам денесінің қалықтайтын жағдайда болатыны белгілі. Дененің суда көлденең жағдайда қалықтауы тірек-қозғалыс мүшелерін қатайтады, түрлі дене мүшелерінің жүйесін өсіреді, ішкі органның жұмыс жасау процестерін жеңілдетеді. Сонымен қатар, су теріні тазалаумен қатар терінің тыныс алуына да, балаларда жүрек қан тамырларының жүйесін, тыныс алу бұлшық еттерін жақсартады, өкпенің толық тыныс алу жолданы ашуына көмектеседі. Жүзудің орта жүйке жүйесіне оң әсер ететіні де барлығына белгілі.

Жүйелі түрде жүзумен айналысу омыртқаның дұрыс жетілуіне, гигиеналық тазалықтың сақталуына дағдыландырады, әр түрлі ауруларға қарсы күресу үшін организмді шынықтырады. Жоғарыда айтылған себептеге негізделе отырып, жүзу денсаулығы нашар балаларға да қажетті екені айқындалды. Жүзумен 1 сыныптан айналысқан дұрыс, себебі, ол жастағы балалар жүзу техникасын тез ұғынады, ересектерге қарағанда олардың жүзу қабілеттері мен дене қимылы жылдам болады.

Берілген бағдарламының басқа бағдарламадан ерекшелігі бұл баланың шыныға дамуы мен спорттық түрін үйрену.

Берілген оқыту бағдарламасының сипаттары бағдарлы таңдау және оқыту мазмұнын сатылай меңгерту, алған білімдерінің практика жүзінде біліктілігі мен дағдыларын қолданыс табуы, оларды өз бетімен қолдана білуі, дидактикалық ережелердің сақталуы «белгіледен белгісізге» және «жеңілден ауырға көшуі» негіздеріне бағытталған. Әр бір саты бір оқу жылына бағытталған.

Бағдарлама үш сатыдан тұрады: Бірінші саты

«Теория және су қасиетмен танысу( су ортасына үйрену); жүзудің негізгі біліктілігін (жүзудің түрлерін үйрену) денені толығымен шынықтыру, оқушының тану іс-әрекетінің дамуына бағытталған: (іс әрекеттің медициналық-биологиялық негіздері)

Екінші сатыда «Жүзу әдістері» адам іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері қарастырылады, яғни оқушылардың өз бетінше еркін жүзу туралы ұғымдарға ие болуы және шыныға дамуы мен жүзуге дайындығын бакылау және орындалу әдістерінің ұйымдастырылуы.

Үшінші сатының мазмұны «Дененің толығымен шынығуы» оқушылардың жан-жақты дамуымен толығымен шынығуына, жүзу шеберлігін дамытуға бағытталған. Бұл саты өмірде қажет болатын біліктілік пен дағдыны, сонымен қатар, жалпы дамытатуға бағытталған координациялық жаттығулардан тұрады. Бағдарламаның оқу мазмұнының практикалық бөлімнің меңгерілуі жүзу іс әрекеттерінің негізгі білімі мен әдістерімен ұштастырылған.

Теориялық мазмұнды практика мазмұнымен тығыз байланыстыра отырып, оқушылар жүзуді динамикалық түрде 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін меңгереді. Бағдарламада жүзудің шығу тарихымен қатар, жеке гигиенаны сақтау, емдік жүзудің өзіндік ерекшелігі бар сабақтарды ұйымдастыру секілді тақырыптарда ұсынылады.

Қозғалыс мүшелеріне байланысты бағдарлама материалдары оқушылардың жүзудің бастапқы деңгейінде өз бетінше денесін шынықтыру мен жүзу дайындығына, жеңіл жарақаттарда дәрігерге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетуге де үйретеді. Осы біліктіліктер бағдарламаның практикалық бөлімінде және оқу мазмұнындағы тақырыптарға енгізілген.

.

Бағдарламаның өзектілігі. Табиғи және экономикалық өзгерістердің әсерінен денсаулықтың нашарлауын алдын алу мақсатында өмірге қажетті тірек қозғалыс мүшелерінің жүру, жүгіру, секіру дағдыларын жақсарту үшін жүзу ең тиімді екені белгілі, яғни қазіргі таңда өзекті.

Дегенмен, қазіргі таңда қоғамның жүзу біліктілігі әліде өте төмен екені белгілі. Бұған бірден бір себеп бассейндердің әзідығы, сонымен қатар оқушылардың жүзу бойынша қосымша білімдері әліде толығымен зерттелмегені осы бағдарламаның өзектілігін айқындайды.

Педогикалық практикада ақпараттың көбейуі, білім алу талаптарының күшейуі, балалардың зияткерлі қабілеттерін дамыту, олардың шығармашылық қабілеттерін белсендету үнемі оқушылардың шынығуының және оны сақтау мүмкіндіктеріне жауап бере алмайды. Бастауыш сыныптарда жалпы оқушының өскелең ұрпақтың жеке тұлғалық мәдениетінің қалыптасуы үлкен роль атқарады. Осы жаста бастауыш сынып оқушының денесінің шынығуы қаланады, оқушының сабаққа деген құндылығы қалыптасады, денешынығуының жетілдіру қажеттілігі туылады. Дегенмен, қазіргі таңда балалардың денсаулығының нашарлауы туралы көптеген публикациялар (баспалар) шығарылуда осы себептерге негізделе отырып берілген бағдарлама өз алдына төмендегі мақсаттар мен міндеттер қояды.

Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде дене шынығу және спортпен, соның ішінде жүзумен айналысуға баулу, жалпы және жан-жақты денесін дамыту.

Бағдарлама төмендегі міндеттерді қояды:

  1. Оқушыларда жүзу сабақтарына оңтайлы ету;

  2. Жүзудің өмірге қажетті дағдыларын қалыптастыру;

  3. Жүзудің негізгі түрлерінің (кеудемен кроль, арқамен кроль, брасс, баттерфляй) техникасын үйрету және жетілдіру;

  4. Оқушылардың денесін сауықтыру, ойлау және денешынығу іс-әрекеттерін оптималды (бірқалыпты) деңгейде ұстау, спорттық жаттығуын қадағалау;

  5. Теория түрінде гигиеналық тазалықтың, дәрігерлік, дене шынықтыру және емдік-спорттық жүзудің қажеттілігі туралы ойларын қалыптастыру;

  6. Денешынықтыру қабілеттерін жақсарту және дамыту, оларды мектепте білім алу кезінде жоғары деңгейде ұстау;

  7. Жоғары деңгейде тәрбиелік қасиеттерін қалыптастыру; ұжымдық сезімдерін, бір-біріне көмек көрсетуге, Отанға деген махаббатын тәрбиелеу.

Теориялық мәні. Бағдарлама педагогикада мектеп жасындағы балалардың денешынығу мәселесін шешу үшін теориялық-әдіснамалық және әдістемелік сараптамаға негізделіп, инновациялық жолдарды қолданып, оқу тәрбие процесінде және қолданбалы курстарда оқушылардың жүзуді қолдана отырып, денешынықтыруының тиімділігі туралы көрсетілген.

Практикалық мәні. Бағдарламаны оқушылардың денесін шынықтыруда педагогикалық әдістерді қолдану арқылы жүзу түрлерін үйретуде, қосымша және негізгі білім алуда денешынықтыру пәндеріне бағытталып енгізу. Бағдарлама жалпы орта мектептерінде мектеп денешынықтыру бағдарламасының тармағы «Оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау» дисциплинасы (сабағы) ретінде қолданылуы мүмкін.

Мазмұны: мектепте жүзуге үйретудің барлық деңгейінде бағадарламаның орындалуы, оқушының спорттық, әлеуметтік және шығармашылық тұрғыдан өздігімен жұмыс жасай алуына жағдай жасау.

Бағдарламаны жүзеге асыру және жүзуге үгіттеу жұмыстары.

Оқу жылы бойы түрлі сайыстар өткізу:

- «мектептегі біріншілік»;

- суда «Көңілді старт»;

- Рудный қаласы оқушыларының спартакиадасын өткізу.

Жыл және әр тоқсан аяғында оқушылардың меңгеруі бойынша бақылау жұмыстары мұғалім тарапынан бағаланып отырады.

.

Бағдарламаны енгізу әдістері. Бағдарлама мектеп оқушыларының емделуіне және жүзуге дайындығына бағытталған.

Бағдарламаны жүзеге асыру бірлігі сабақ болып табылады. Сабақтар басқа сабақтар секілді түрлі оқушылар қызметтерін жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыстарды енгізу арқылы, өзіндік ерекшеліктерді сақтау арқылы ұйымдастырылады. Сабақтың өнімді өтілуі қойылған міндеттерге, оқушылардың дайындығына, олардың сыныптағы (топтағы) санына, сабаққа арналған бассейнге тікелей байланысты. Сабақ үш: кіріспе, негізігі, қорытынды кезеңдерінен тұрады.

Кіріспе кезеңі құрлықта өткізіледі (бассейн жағасында) және өзіне сабақтың міндеттерін түсіндіруді қамтиды, осы жерде оқушыларды келесі негізі бөлімге функционалды және психологиялық дайындық жұмыстары жүргізіледі, түрлі таныс жалпы шынықтыру жаттығулары орындалады және суда орындалатын қозғалыс элементтернінің техникасымен тансытырады. Бұның барлығы сабақтың негізгі кезңінде жүрек қан тамырларының жұмыс жасау функцияларының және тыныс алу жолдарының жүйесін жақсарту үшін қолайлы жағдай жасайды.

Негізгі кезеңде жүзу техникасының элементтерін меңгеру міндеттері шешіледі. Спорттық жүзу техникасы түрлері, старт, бұрылу техникаларын үйрету мен дамыту қарастырылады.

Қорытынды кезеңде физикалық және эмоционалдық күштеу бәсеңдетіледі. Сабақ соңында оқушылар өздігімен жүзеді, тыныс алу жаттығуларын орындайды, сабақ қорытындыланып, үйге шамасы жететін тапсырмаларды орындау беріліп, ұйымдасқан түрде бассейннен шығумен аяқталады.

Оқушыларды, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын үйретуде, суда орындалатын ойын түрлерін қолдану басты бағдар ретінде қарастырылуы қажет, себебі, дұрыс таңдалған ойын түрлері жүзе алмайтын оқушыларға суға тез үйренуіне, ал жүзе алатын оқушыларға өткенді пысықтауға көмектеседі, сонымен қатар, жүзе алмайтын оқушыларға бассейнде бөлек орын ажыратылуы қажет.

Су ойындары қолданылу мақсатына байланысты бөлінеді:

  • жүзу біліктілігін қалыптастыратын ойындарды үйрену;

  • жүзу техникасын дамытатын ойындар.

Спорттық жүзу түрлерінің техникасын үйрену қатаң түрде әдістемелік тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Техника төмендегі кезектермен үйретіледі:

  1. Дене қалыпын сақтау;

  2. Тыныс алу;

  3. Аяқ қозғалысы;

  4. Қолдың қозғалысы;

  5. Координация қозғалыстың жалпы орындалуы.

Осы арада, әр техника элементтері ақырындап күрделене береді, соңында көлденең қалыпта ешбір тірексіз, жүзушінің өз бетімен жұмыс жасау қалпына дейін жетеді.

Жүзудің әрбір техника элементі төмендегі кезекпен жүреді:

  • құрлықта қозғалыспен таныстыру; қозғалыс ортақ сипаттарда өткізіледі, оны бөлшектеп өтуі, қозғалыстың түрлі шарттарына байланысты құрлықта және суда орындалуы ескеріледі;

  • суда қозғалыстың тірексіз орындауын үйрену; бұл жағдайда аяқ қозғалысын үйретуде бассейннің борттары қолданылады; қол қозғалысы үшін су көкрекке дейін немесе белге дейін болуы қажет;

  • тірек қозғалғыштарымен суда қозғалу; суда аяқпен қозғалыс барысында кеңінен жүзу тақталары қолданылады; қол қозғалыстары су түбінде ақырын жүрісте немесе суда жатып серіктестің сүйенішімен үйретіледі;

  • суда тірексіз қозғалу; осы топта су бетінде сырғанау және жүзу жаттығулары орындалады.

Жаттықтырылған техника элементтерін және оларды біріктіре жүзу түрі біртіндеп төмендегідей кезекпен орындалады:

  • тыныс алып аяқпен қозғалу;

  • тыныс алып қолмен қозғалу;

  • тыныс алып аяқ және қолмен қозғалу;

  • толық координацияда жүзу.

Бастапқы сатыда жүзу техникасын бөліп оқытуға қарамастан, үйренушілердің дайындық мүмкіндігіне қарай үйреніп жатқан жүзу түрінің толығымен орындату қажет.

Жүзу техникасын дамыту және бекіту кезеңдерінде техниканың толықтай орындату әдістері ұсынылады. Осы мақсатта келесі жүзу нұсақалары қолданады:

  • кезекпен ұзын және қысқа қашықтыққа жүзу (мысалы: бассейнді көлденең және бойына жүзу);

  • қашықты ең төменгі есу санына орай жүзу;

  • берілген темпте (мысалы: элементті және толық координацияларда жүзу; сүйену және сүйенішсіз элементтерімен жүзу; тынысты қыса отырып және толық координацияда жүзу). Сонымен, жүзу техникасын дамыту және бекіту төмендегі жетістіктерді көздейді:

  • жүзуде ең қажет болатын оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыратын вариативті жаттығуладың орындалуын;

  • өзгерген жағдайда жүзудің түрлі нұсқаларын қолдана алу;

  • оқушылардың шынығу деңгейіне және дене пішінін ескере отырып жеке жүзу техникаларын қолдануды қалыптастыру.

Жүзуді рационалды үйрету әдісі жалпы педегогикалық ұстанымдарға негізделген:

  • айқындай білу және белсенділікке;

  • көрнекілікке;

  • түсіндере білуге және жеке тұлғалыққа;

  • талаптардың кезектесуіне және жүйелілігіне.

Нәтижеге бағытталған оқытудың әдістері.

Бұл әдістер көзделген мақасатқа және міндеттерге жетуге ықпал ете отырып, оқытудың деңгейін бақылауды тиімді етеді және оқушылардың жүзуге дайындығын белсендетеді, сонымен қатар, қала, облыс, республика көлеміндегі сайыстарға қатысушыларды іріктеуге, яғни оқушының нәтижеге көзделген жұмыстарды орындауына оңтайлы әсер етеді.

Төменде жоспарланған нәтижеге бағытталған әдістер мен тәсілдер берілген:

-оқушылардың жүзуі негізгі дидактикалық талаптарға жауап беруі, дамыту және тәрбиелеу мақаттарының педагогикалық сипаттарға ие болуы қажет;

-ойын әдісі сабақта длминатты рльді атқаруы қажет, себебі бұл оқушылардың қызығушылығын оятады; ұқсас тапсырмалады қайталауға мүмкіндік береді, сонымен ол өткенді пысықтауға оң ықпал етеді;

-әдістемелік түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстарын мұғалім құрлықта өткізіді.Сабақ барысында қысқа командалар орындалады, әдістемелік нұсқалар, бағалар беріледі, олар жеткілікті жағдайда түсінкіті болуы шарт және сабақтың мазмұндылығы мен оқушылардың эмоционалды жағдайы ескерілуі шарт;

- батапқы сабақтардың өткізілуіне мән берілуі тиіс, ондағы оқушыларға түсінікті тапсырмалар мен жаттығулардың дұрыс таңдалуына, себебі, алғаш жүзу сабағын бастап жатақн оқушыға осы тапсырмалардың және жаттығулардың барлығы оң психологиялық әсер етуі қажет, сонымен қатар олар оқушының мұғалімге сенімділігі мен өз-өзіне, өзінің күшіне деген сенімі арта түсіреді;

- оқыту барысындағы әр бір сәттілік (маңызды болмасада), топтың немесе жеке оқушының жетістігі мұғалім тарапынан мараптталып тұрылуы керек.

-егер жаңадан келген оқушы берілген тапсырманы орындай алмаса, мұғалім оған міндетті түрде максималды түрде шыдамдылықпен қарау қажет, сонымен қатар, ол оған оқушының шамасы жететіндей тапсырманы беруі қажет, себебі, сабақтың сәтсіз өтуі мұғалімнің осындай қателіктерді жіберуінің салдарынан шығады;

- жаңа жаттығуды түсіндіруде келесі элементтерге міндетті түрде тоқталу қажет: бастапқы қалып, қозғалу түрлері мен сипаттарын, жаттығудың қиын кезеңдерін орындау;

- жаңа жаттығуды түсіндіру кезінде оқушылардың жіберіп жатқан қателіктеріне тоқталмай, оларға жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалай отырып түсіндіру және көрсету қажет;

- жаттығуларды оқушылардың өздері көрсеткені қазіргі таңда өзектілікке айналуда, себебі, ол оқушылардың шамасын көрсетеді, бір-бірінің арасында бәсекелестік туғызады және сыныптың белсенділігін арттырады;

- оқушыларға үнемі көзделген мақсатты көрсетіп отыру қажет, олар: крольмен арқа және көкрекпен жүзу техникасы, брасс, ең жақсы жүзушілердің дельфин жүзу техникасын көрсету;

- әр бір сабақты оқушыларға жақсы таныс жаттығулардан бастаған жөн, бұл жүзу орнымен жақсы танысу үшін, су температурасына үйренісу, өз күшіне сенімділігін арттыру үшін қажет.

-сабақтың белсенділігі мен мазмұндылығын арттыру үшін қозғалыс жаттығуларымен, тыныс алу – дем алу, дем шығару жаттығуларын орындау, қысқа қашықтыққа және оқушылардың осы қашықтыққа дайындығына мүмкіндік берумен қоса түрлі қашықтағы жүзу түрлерін орындату қажет;

- суда сырғанау мен алғашқы есу қозғалыстарын үйреніп болған соң, берілген қашықтықты ұзарта отырып, көбірек жүзу керек;

- оқушының өз бетімен түрлі спортты және жүзудің қосымша түрлерін, оларды біріктіре отырып жүзу түрлерін қолдана жүзуін мұғалім мадақтап тұруы қажет;

-жаңа жаттығуларды үйрену барысында күнделікті кездесетін қателіктерді жібермеу үшін әдістемелік нұсқаулыққа аса назар аудару қажет;.

-оқушыға орындап жатқан жаттығуына көп ескерту жасамай, оның қатесін түзету қажет, себебі, онда сабаққа деген қызығушылығы бәсеңдеп, өзіне сенімділігі төмендейді;

-әр бір сабақ барысында бір немесе екі жаттығу орындалуы қажет;

- оқушыларды күштеп суға кіруге, басымен суға сүнгуін, қорқытуға болмайды.

Мектептегі оқу-жаттығу сабақтарының өткізілуі және оқу жылының соңында көзделген нәтижелер.

 Сабақ барысы 45 минут

\Оқу жылы

Топтағы оқушылардың жасы

Апталық сағат саны

Көзделген нәтиже.

1- саты

8-11 жас

2-4 класс

1

Қауіпсіздік ережесінің және жеке гигиена теориясын білу

Су қаситің менігеру

Бассейнде суда өзін өзі ұстау

Суда сенімді қозғалу, негізгі жүзу дағдыларын үйрену

2-саты

12- 14 жас

5-8 сынып

1

Қауіпсіздік техникасы ережесінің теориясын білу. Жүзудің негізгі спортты техникаларын білу, спорттық жүзу түрін үйрену.

3-саты

15-17 жас

9- 11 сынып

1

Қауіпсіздік техникасы ережесінің теориясын білу және алғашқы дәрегерлік көмек көрсету. Сапорттық жүзу түрін жетілдіру. Жүзу түрлерін қолдана білу





























12




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Жүзу – адам организмінің тепе-теңдікте өсуін жан-жақты қалыптастыратын спорт түрінің бірі. Жүзу дағдылары балаларға да, ересектерге де  күнделікті өмірде қажетті.

Сол сияқты жүзудің емдік қасиеті де маңызды. Дұрыс ұйымдастырылған жүзу сабағы оқушыны  жан-жақты дамытады, күштің қалыптасуына ықпал етеді, шыдамдылықты, ептілікті, жылдамдықты және басқада қабілеттерді қалыптастырады. 

 

Жүзумен үнемі айналысу, әсіресе, жастайынан айналысу адамның өсуіне оңтайлы әсер етеді. Суда адам денесінің қалықтайтын жағдайда болатыны белгілі. Дененің суда көлденең жағдайда қалықтауы тірек-қозғалыс мүшелерін қатайтады, түрлі дене мүшелерінің жүйесін өсіреді, ішкі органның жұмыс жасау процестерін жеңілдетеді.  Сонымен қатар, су теріні тазалаумен қатар терінің тыныс алуына да, балаларда жүрек қан тамырларының жүйесін, тыныс алу бұлшық еттерін жақсартады, өкпенің толық тыныс алу жолданы ашуына көмектеседі. Жүзудің орта жүйке жүйесіне оң әсер ететіні де барлығына белгілі.

Автор
Дата добавления 03.03.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров948
Номер материала 419872
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх