Жамал
Мектепті есейіп бітірдік.Бәріне кінәлі
соғыс.ол жылдардың азабын айтып жеткізу ұзақ әңгіме.Мектепті бітірген соң арман
қуып әр тарапқа аттандық.Ол уақыттағы қатынас көлігінің көбі де,тиімдісі атарба
болатын.Түркістаннан «Москва-Алматы»бағытындағы отарбаға отырып Алматыға қосылды.Сұраса
келе олар да біз сияқты нан талаптар екен тез тіл табысып,шүйіркелесіп
кеттік.Олар Базилов Мұхтар,Әмзин Қойшыбай,Ақтаев Ақатай,Ескермес деген жігіттер
болатын.Мал шаруашылығы институтының мал мамандығы бойынша іс-қағаздарымды
тапсырдым.Сол арада поезда бірге келген таныс жігіттерімнің бәрімен
кездестім.Келіннің бетін кім ашса сол ыстық көрінеді,демекші,әлгі
жігіттерменшұрқыраса кеттік.Мұхтар Базилов деген жігітпен квартирде бірге
тұрып,бір диванда жаттық.Мен Жамбыл облысы Сарысу ауданы Қарағанды облысы
Жаңарқа ауданы жігіттерімен жақсы араласып жылдықтың жүз сексен танысымыз
өте жақсы болды. Себебі Мұхтардың таныс туыс
жігіттеріБекетов
Аманбай
,Мейрамбек Шырынбек Төкен деген болатын,осы жігіттермен бір нанды бөлісіп
студенттік қызықты да қиындық уақыттарды бірге өткерген едік. Мен бұл
жігіттерді айтудағы мақсатым 17 желтоқсан 2013 жылы теледидардан Күләш
Ахметова сұхбат беріп Бауыржан Момышұлы, Бақытжан естелік айтып, небір
келелі ұлағатты әңгімелер айта отырып,Баукеңнің бәйбішесі Бақытжанның анасы
туралы естелік әңгімелерде аз сене алатыны туралы өкінішін жасыра алмады.Мен
1957 жылы маусым айының аяқ кезінде жоғарыда айтылған жолдасымның бірі Шырынбек
Жуалының баласы,малдәрігерлік бөлімінде оқитын,кезігіп қалып,’’Баукеңнің үйіне
барайық’’жүр—деді.Мен қуанып кеттім.Күдіктенгенім қуаныштан күшті әсер етті.Ел
аузынан естігенім,оқығаным бар,көргенім бар.Мен түгілі ЦК-ның, жазушылардың
азулы деген өкілдерінің өздері әлде қалай болады деген қауіптен жүретінін
естігенмен осы арадан бастау керек.Шырынбек Сен қалай оның үйіне жүрегің
дауалап барасың,ұрсып қуып шықса қайтеміз дедім . Шырынбек ол үйде ауылдан екі
бала оқуға түсуге келген солар мені шақырды соларға барамыз қорықпа деді Сағат
11.30-12.00 шамасында бардық .Екі жігіт күтіп алды,танысып әңгімелестік.Біреуі
сыртқа шығып екіншісі шәй қамына кірісті. Шырынбек өзінің туыстарымен әңгіме
құруға кірісті.Екеуінің ауыл жайлы әңгімеден аузы босамады. Мен әрнәрсеге зер
салып қызығушылық құмарлығым артып, альбомдардан суреттер қарап отырдым.Үлкен
рамаға салынған Баукеңнің өзі салған деген қойдың қозысының терісіме, әлде
қаракөл қозысының елтірісіме қазақы тымақ үлгісінде тігілген бас киіммен
түсірілген суретіне қарап Баукеңнің маман суретшіден кем сурет салмайтынын
білдім. Біз осылай отырғанда түскі үзіліс болып қалыпты. Үзіліске Жамал апай
келіп жайдары көңіл күймен бізбен амандасып шайға отырдық. Ашық жарқын
әңгімешіл ақ сары ,толықша келген кісі екен. Лениншіл жаста машинистка болып
істеймін деді-ау деймін. Сол кезде Баукеңнің өзінің ол туралы жазылған эссе, естеліктер
көп шығып тұратын. Жамал апай:”Баукең туралы газет журналдар оқисыңдарма”-деп
сұрады.Біз ол кезде Лениншіл жасты үзбей оқитынбыз. Тақырыбы бойынша
оқығанымызды баяндап үзбей оқитынымызды айтқанда Жамал қуанып, әрі мақтанышын
жасыра алмады. Себебі Лениншіл жасқа шығуына өзі себепкер болғандай. Шәй
үстінде өз балаларына меймандарыа алғандарыңды шәйда неге бермейсіңдер, шығарыңдар
менен қорықпай-ақ қойындар!Ағаларың болса рұқсат етпес еді-деп балалар бата
алмай отырған бөтелкесін алып шығартты. Бөтелкенің барын менде білмейтінмін.
Қалай біліп қойған деп мен таңқалдым. Жамал апай өткен кеткен әңгімені асықпай
отырып баяндай бастады.Баукең министрлер демалыс үйінде демалыста екенін айта
отырып,Баукеңе ешқандай өкпе артпайтынын.Себебі,қызмет бабы,сұрапыл
соғыс,ешкімге ұқсамайтын басасаулығы, еркіндігі, ақылы, өзіне ғана тән
қайсарлығы,ешқандай тежеуге көнбейтін қаталдығы болса да,мен ’’қазық’’Баукең
арқандаулы ’’арғымақ’’болды.Күліп 1-ші Алматыда әйелі бар мен білемін.Менде
қызғаныш деген болмайды.Өз ақылы өзіне жетеді.Мен қызғанып қайтейін,ат айналып
қазығын табады.Тапты да.Бақытжаным барда үйдің ұйытқысы бола аламын деп шешіліп
әңгімесін қыздырып отырғанда есікті жүрексіне қағып дыбыс бергендей
болды.Кіріңіз!- деген Жамал апайдың қатқыл даусы естілгенде ар жақтан басында
малақайы үстінде курткасы,аяғында етігі бар орта жастағы орыс жігіті көрінді.Ол
Бауыржан Момышұлының үйі осыма деген сұрағына жауап күткендей тұрып қалды. Иә
Момышұлының үйі осы.Не шаруаң бар еді?-деген қарсы сұраққа:орыс:Бауыржан
Момышұлының қарамағында капитан дәрежесінде қызмет істеген едім.Алматыға келген
соң көріп кеткім келді.Өзім Өскеменнен келіп едім-деп,жасқаншақтау жауап
берді.Бауыржанның досы,жолдасы сен секілді кейіппен,ішіп келмейді.’’Кругом марш
‘’-деді.Өзі ішкен,онша ұсқыны келіспеген қонақ: мені шынымен қудыңыз ба?-дегендей,мүсәпір
кейіппен теріс айналып шығып кетті.Мен өзімше, мына Жамал апайға Бауыржанның
кейбір мінездері жұққан ба?-деп орысқа аяушылық сезімде қалдым.Жамал апай
туралы аз жазылды деген Зейнеп келіннің өкінішін еске алып,кішкентай болса
көргенімді жазып отырмын.Мен мал маманымын.Әдебиетші не журналист емеспін.Зейнеп
келін бізден кіші.Ата көрген оқ жонады,ене көрген тон пішеді,демекші:атасы
Баукеңнің асыл жары алтынның сынығы Бақытжанмен бірге өткізген ұзақ
ғұмыры:әдет-ғұрып,дәстүр,ата бабаларымыздан қалған өсиет өнеге,өнер Абай
айтпақшы,өткірдің жүзі,кестенің бізі өрнегін сендей сала
алмас.-дегендей,оқығаны,ұққаны көп Зейнептің әрбір кітабынан,әңгімесінен
үлгісін,өнегесін,тілінің бар жағынан шұрайлылығын көріп,кейінгі ұрпаққа үлгі
өнеге боларына,өзіміз қоспаған үлесімізді Зейнептен күтеміз.Мен айтқан Шырынбек
осы әңгіме шыға қалса,оқыса 57 жыл бұрынғы досы Сейдахмет Мырзахметұлын
Оңтүстік Қазақстан облысы,Созақ ауданы,Сызған ауыл округіне үй телефоны
8-72546-39-2-18 немесе 8-777-424-20-12 қалта телефонына хабарлас.Мені ұмытып
кетуің әбден мүмкін.57 жыл бір адамның өмірі ғой. Хабарлас ескі дос:Тазабеков
Шырынбек.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.