Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Жаман әдеттен жирен" тәрбие сағаты

"Жаман әдеттен жирен" тәрбие сағаты

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Жамбыл орта мектебі


«Бекітемін»

Тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы: Г.Диханбаева



Тәрбие сағаты

hello_html_4c5433d1.gif



Класы:1

Күні:

Өткізген:Төлегенова Н.Н




hello_html_m61b0c93e.jpg





2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Жирен жаман әдеттен.


Сабақтың мақсаты: 1. білімділік – « Бірінші байлық – денсаулық » деп дана

халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азама-

тын зиянды әдеттерден , ішімдік , нашақорлық , шылым

шегушіліктен сақтандыру , олардың денсаулыққа , бола-

шақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру , өркениетті елі-

мізге лайықты , зиянды әдеттерге қарсы күресетін

білімді тұлға тәрбиелеу.

2. дамытушылық - Темекінің адам өміріне зиянды және

улы екенін түсіндіре отырып , саналылыққа , құқықтық

тәрбиеге баулу.

3. тәрбиелік – Салауатты өмір салтын сақтауға оқушы-

ларды тәрбиелеу.Тазалыққа , лас істерден аулақ болуға,

тән сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Түрлі тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер , сахналық шағын

көріністер арқылы оқушыларға ой салу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта , түрлі-түсті электронды слайдтар ,

«дәрігерлік кеңес» кітапшалары.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып ,

тақырып баяндалады.

Мұғалім : Саламатсыздар ма , құрметті қонақтар , ұстаздар мен оқушылар!

Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың барлық Қазақстандарға жолдаған «Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасында « Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты , хал-ахуалы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.

Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін « Жирен жаман әдеттен » атты ашық тәрбие сағатымызда ой бөліспекшіміз.

Біз оқушыларды 2 топқа бөліп отырмыз. Олар « Тазалық » тобы мен «Денсаулық» тобы. Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру. ( Әр топ өздерін таныстырып , төс белгілерін қорғайды )

  2. « Бірінші байлық – денсаулық ». ( зиянды әдеттер тақырыбында мақал-мәтелдер айту )

  3. « Тәні саудың жаны сау ». ( зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру )

Енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: Көк түтінге жас өкпеңді ыстама ,

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама.

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір ,

Әуес көріп ұстамасты ұстама ! – деп жас жеткіншектерді салауаттылыққа үндейтін « Тазалық » тобын шақырайық.

I – кезең « Таныстыру »

Топ басшысы: Алданыш Қайрат

Тобымыздың аты: « Тазалық »

Тобымыздың ұраны: « Тазалық – саулық негізі ,

саулық – байлық негізі. »


Шықтық біз де топ құрап ,

Кілең сайдың тасындай.

Тазалықты ұрандап,

Сөз сөйлейміз жасындай.


Жүргізуші: Иманыңды , дидарыңды ,

Тазалап ал , қазағым.

Ұрпақтарың , ұл-қыздарың ,

Түзу бассын қадамын ! – деп келешекке келелі азамат ретінде

баруды көздеген « Денсаулық » тобын ортаға шақырайық.


Топ басшысы: Андрей Нұрқасым

Тобымыздың аты: « Денсаулық »

Тобымыздың ұраны: « Денсаулық – зор байлық »


Денсаулық ол күлуің ,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық ол жүруің ,

Ешбір жерің ауырмай.

Жүргізуші: Жігерің бар , талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып ,

Өмірің бар алда әлі солмайтын , - дей отырып , жаман әдеттер-

ден жирендіретін ,зиянды әдеттерге байланысты мақал-мәтелдер мен ұлағат-

ты сөз жарыстыруға кезек берейік.



II –кезең

« Бірінші байлық – денсаулық ». ( зиянды әдеттер тақырыбында мақал-мәтелдер айту )

« Тазалық » тобы :

Қайрат – Темекі тартып ерікпе ,

Өкпеңді алар демікпе.

- Темекінің кермегі ,

Еріккеннің ермегі.

Фархат Х – Жалқаулықтың жан күтімі ,

Екі қолды ыстайды.

Темекінің көк түтіні,

Екі өкпені ыстайды.

Аружан – Ұзартқың келсе ғұмырды ,

Таста арақ пенен шылымды.

Ішпеген шылым тартпаған,

Денсаулықты сақтаған.


«Денсаулық» тобы

Нұрқасым– Түтіні тісіңді сарғайтады ,

Уы ерте қартайтады.

Шылымды жерге тастама ,

Айналаңды ластама.

Фархат – Көзге түскен қауыз жаман,

Шылым шеккен ауыз жаман.

Жасында темекісін будақтатқан,

Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан..


Жүргізуші: Шәкірттер алды-артын аңдасын ,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

« Ол кім ? Бұл не ? » бөлімінде ,

Танымдықпен , білгірлікпен

Жауаптары тыңдалсын , - дей келе « Тәні саудың , жаны сау »

бөліміне тоқталайық.

III –кезең

« Тәні саудың , жаны сау » ( зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақ-

тарға жауап беру )

« Тазалық » тобына сұрақ :

  1. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай ?

( Отбасының бұзылуы , қылмыстың артуы.)

  1. Құрамында этил спирті бар. Ол не ?

( Ішімдік )

  1. Темекі құрамындағы улы зат ?

( Никотин )


« Денсаулық » тобына сұрақ :

  1. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы ?

( Парасатты , байыпты , ақылды , ойлы , сабырлы.)

  1. СПИД нашақорларға қалай жұғады ?

( Ортақ пайдаланған ине арқылы )

  1. Шылымның зияны тиетін ағза ?

( Өкпе )

Денсаулықты сақта, түзу өсесің,

Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің.

Көрген күнің қараң ғой дерт шалса,

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!

Мұғалім : Міне , балалар « Арақ – арыңа нұсқан , темекі – тегіңе нұқсан », жаман әдеттерден аулақ болыңдар! – деп кешімізді аяқтай келе қатысып

отырған қонақтарымызға сөз береміз.




















Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 05.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров21
Номер материала ДБ-238057
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх