Инфоурок География Рабочие программы"Жамбыл облысы" (7 сынып)

"Жамбыл облысы" (7 сынып)

Скачать материал

 

Түсінік хат

 

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленді.  

Өлкетану курсы жергілікті жердің қыр-сырын ашып көрсету арқылы география,   биология, тарих, әдебиет және басқа да пәндерді оқу білімімен логикалық түрде толықтырады;

Өлкетану курсының бағдарламасы сыныпта және мектепте жекелеген зерттеу топтарымен, білім беру ұйымының өлкетану жұмысы Кеңесінің белгілеген экспедициялық зерттеу тақырыптары бойынша жүзеге асырылады.

Нақты белгіленген бағдарлама бойынша таңдау сабағы ретінде бөлек оқытылады.

Оқу сабақтары үдерісі кезінде туған өлкені тікелей оқып-білу мүмкіндігі шектеулі. Сол себепті, жұмыстың жүйелі-әрекеттік нәтижелерін сыныптан тыс және сабақтан бос уақытта кабинеттерден жергілікті жердің төңірегіне, өзен-көлдердің жағалауына, өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындарына, ескерткіштерге және тарихи даңқ орындарына, мұражайлар мен көрмелерге     т. б. жерлерге саяхатқа шығу арқылы жандандыру мүмкіншілігі бар.

Оқу барысында оқушылардың бойында өз өлкесі: оның табиғаты, табиғат ресурстары, өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, көлік жүйесі, тарихи және мәдени дамуы, белгілі адамдары, өлкенің аудан, облыс, аймақ және республика үшін маңызы жайлы білім жүйесі қалыптасуы тиіс. Оқушының өз өлкесі экономикасындағы еңбек ресурстарына сұранысы жайлы білу мүмкіндігі бар.  

7-сынып оқушылары туған аймақтың табиғи-экономикалық ерекшеліктерін және олардың даму келешегін оқып-үйренеді. Алдын-ала оқыту мақсатында, бағдарламаға өлкенің экономикасы жайлы тақырыптар кіргізілгенін атап айту қажет, жоғары сыныптарда ол тақырыптар тереңдетіліп оқытылады. Сонымен қатар, өлкетану жұмысының мазмұнына өлкенің тарихи өткені, археологиялық ескерткіштерін, мәдени (сәулет өнері, әдебиет) ескерткіштерін, әр түрлі жанрдағы фольклорлық материалдарды, ұлттық ерекшелігі бар қолөнерді, өлкенің атын шығарған атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу кіреді.

Оқушылардың өз өлкесіне тән негізгі ерекшеліктерді анықтауға жағдай жасайтын, өлкетанудағы оқу-ізденушілік әрекетінің негізгі түрі ретіндегі бұл бағдарлама, іздеу-зерттеу әрекеттерінің алгоритмі болып табылады. Бағдарлама жан-жақты сипатқа ие және еліміздің кез-келген бөлігінде орналасқан туған өлкені немесе қаланы, олардың төңірегін оқып-білудегі негізгі бағыттарды көрсетеді.

7 - сыныпта өлкетану таңдау курс ретінде аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат оқытылады.

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: 1. Оқушыларға өз өлкетану ұғым, туризм, табиғаты және оны қорғау,

                        шаруашылығы, халықтардың тарихы мен мәдениеті жайлы білімді

                        терең меңгерту және дамыту;

                   2. Жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге,

                        мәлімет іздеуге дағдыландыру.

          3. Жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстаным

              қалыптастыру және отансүйгіштік сезім тәрбиелеу.

 

Міндеттері: 1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тереңдету;

            2. Практикалық және интеллектуалдық дағды мен шеберлікті 

                қалыптастыру және дамыту;

            3. Болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу;

            4. Жеке тұлғаның бойында ізденушілік-зерттеушілік қасиетін,

                экспедициялық жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

 

Пәнді жүзеге асыру формалары:

Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы пән бойынша құрастырылған жұмыс дәптерін толтырады, өз білімдерін тексереді.

 

Пәннің нәтижелігін бақылау формалары:

Пәнді қорытындылау барысында оқушылардың жұмыс нәтижелерін бақылау үшін түрлі формалар қолданылады. Атап айтқанда: шығармашылық жұмыстар жазу, баяндамалар мен хабарламалар әзірлеу, жобалар ұсыну, тест жүргізу және т.б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық күнтізбелік жоспар

 

Тақырыбы

С/с

Мерзімі

         Кіріспе (1 сағат).

1

Өлкетану ұғымы және оның маңызы.

1

3.09.14 ж.

         Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу (2 сағат).

2

Өлкетануда қолданылатын карталардың түрлері.

1

10.09.14 ж.

3

Туристік техника негіздері.

1

17.09.14 ж.

         Жамбыл облысының жер бедері (3 сағат).

4

Жер бедерінің түрлері.

1

24.09.14 ж.

5

Жер бедері бетіндегі антропогендік және табиғи эрозиялық үдерістер.

1

1.10.14 ж.

6

№1 практикалық жұмыс. Карталарда және жергілікті жерде өлшеу жұмыстары.

1

8.10.14 ж.

         Табиғи ресурстары (2 сағат).

7

Табиғат ресурстары және олардың экономиканы дамытудағы рөлі.

1

15.10.14 ж.

8

Пайдалы қазбалардың кен орындары және оларды өндіру әдістері.

1

22.10.14 ж.

         Ауа райы және климаты (3 сағат).

9

Климат қалыптастырушы факторлар, ауа райын бақылау әдістері.

1

29.10.14 ж.

10

Климат жағдайларындағы және табиғатындағы өзгерістер.

1

12.11.14 ж.

11

№2 практикалық жұмыс. Ауа райы өзгерістерінің жергілікті белгілері, ауа райын болжау.

1

19.11.14 ж.

         Сулары және оларды пайдалану (3 сағат).

12

Су нысандарының жіктелуі.

1

26.11.14 ж.

13

№3 практикалық жұмыс. Бір су нысанын зерттеу және сипаттау.

1

3.12.14 ж.

14

№4 практикалық жұмыс. Көлдерді зерттеу және сипаттау.

1

10.12.14 ж.

         Топырағы (2 сағат).

15

Топырақтың негізгі түрлері.

1

18.12.14 ж.

16

Топырақтың құнарлығы, оны сақтау және қалпына келтіру шаралары.

1

24.12.14 ж.

         Облыстың және қаланың өсімдіктері (3 сағат).

17

Өсімдік жамылғысы, олардың түрлері.

1

14.01.15 ж.

18

Өлкеде өсетін өсімдіктердің жекелеген түрлері, олардың пайдалы және емдік қасиеттері.

1

21.01.15 ж.

19

№5 практикалық жұмыс. Кеппешөптердің көмегімен жергілікті жердің өсімдіктерін оқып-білу және сипаттау.

1

28.01.15 ж.

Жануарлар дүниесі (3 сағат).

20

Жануарлар дүниесі және оларды қорғау.

1

4.02.15 ж.

21

Жануарлардың түрлері және олардың маңызы.

1

11.02.15 ж.

22

Табиғат мұражайларына саяхат жасау (№1 экскурсия).

1

18.02.15 ж.

         Ерекше қорғалатын аумақтар және табиғатты қорғау (3 сағат).

23

Қорғауды талап ететін өсімдіктер мен жануарлар.

1

25.02.15 ж.

24

«Қызылкітаптық», эндемикалық өсімдіктер мен жануарлар.

1

4.03.15 ж.

25

Ерекше қорғалатын аумақтар және нысандар.

1

11.03.15 ж.

         Шаруашылығы (4 сағат).

26

Өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының орналасуы.

1

18.03.15 ж.

27

Өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысу.

1

1.04.15 ж.

28

Кәсіпорынға экскурсия жасау (№2 экскурсия).

1

8.04.15 ж.

29

Аса маңызды кәсіпорындарға  сипаттама.

1

15.04.15 ж.

         Халықтардың тарихы және мәдениеті (4 сағат).

30

Археологиялық ескерткіштер, әдеби мұра көздерін зерттеу.

1

22.04.15 ж.

31

Облыстың ең бастапқы игерілуінің тарихи-қоғамдық, экономикалық және табиғи факторлары.

1

29.04.15 ж.

32

Мәдениеті.

1

6.05.15 ж.

33

Өлкенің, қаланың дамуына үлес қосқан адамдардың өмірбаянымен  және еңбегімен танысу.

1

13.05.15 ж.

34

  Қорытынды

1

20.05.15 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу пәнінің базалық мазмұны

 

Курстың мазмұны келесі тақырыптардан тұрады:

1) «Кіріспе» (1 сағат), өлкетану пәні нені оқытады, курстың мақсаттары мен міндеттері, білім  көздері, аумақтың географиялық орны және көлемі (өлкенің, ауылдың, қаланың), елді мекендердің (әкімшілік, экономикалық, ғылыми, туристік, рекреациялық, мәдени, мәдени-тарихи, рухани орталықтар) маңызы және ерекшеліктері.

2) «Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу» (2 сағат):

өлкетануда қолданылатын карталардың түрлері, бағдарлау (бағытты анықтау) негіздері, компас, жергілікті жерде және картада азимутты анықтау, полярлық және маршруттық түсіру тәсілдерімен жергілікті жердің планын жасау технологиялары, шартты белгілер;

туристік техника негіздері (шатырды орнату, заттарды салу, арқанды (жіпті) байлау, өткелдерден өту тәсілдері, алғашқы медициналық көмек көрсету), картаның көмегімен жергілікті жерде жүру, экскурсия кезіндегі қауіпсіздік  ережелері.

3. «Өлке аумағының жер бедері» (3 сағат):

жер бедерінің түрлерімен танысу, рельеф құрушы негізгі факторларды анықтау, сейсмикалық үдерістер, жер сілкінуі кезіндегі әрекеттер, жер бедері түрлері атауларының шығу тарихын оқып-білу, тау жыныстарымен танысу;

жер бедері бетіндегі антропогендік және табиғи эрозиялық үдерістер және олардың кері әсерінің салдары, оларды болдырмау үшін қолданылатын шаралар, аумақтың экологиясы;

№1 практикалық жұмыс. карталарда және жергілікті жерде өлшеу жұмыстары (нивелирмен жұмыс), дөңдердің (төбелердің), қыраттардың, таулардың биіктігін, беткейдің тіктігін анықтау, жер бедерінің әр түрлі формаларының бейнесін жасау (сурет, карта-сызба, сызба-нұсқа, жергілікті жер нысандарының шартты белгілерінің жиынтығы және модельдеу).

4) «Өлкенің табиғи ресурстары» (2 сағат):

туған өлкенің табиғат ресурстарының тізімін құрастыру және олардың экономиканы дамытудағы рөлін анықтау, өлкенің пайдалы қазбаларымен және кен орындарының ашылу тарихымен танысу, рекреациялық ресурстарды саралау;

пайдалы қазбалардың кен орындарымен және оларды өндіру әдістерімен (тәсілдерімен) танысу, ресурс қорғау технологиялары, кен орнының, карьердің сызбасын жасау, пайдалы қазбалардың, тау жыныстарының үлгілерін жинау.

5) «Жергілікті жердің ауа райы және климаты» (3 сағат):

климат қалыптастырушы факторларды анықтау, ауа райын бақылау әдістері (атмосфера қысымын, ауа температурасын, желдің күші мен бағытын, атмосфералық  жауын-шашын мөлшерін өлшеу (құралдармен жұмыс істеу), ауа райының бұл көрсеткіштерін график түрінде көрсету, жақын маңайдағы метеостансаның жұмыс істеу технологиясымен танысу (мүмкіндікке байланысты);

көпжылдық бақылаулар бойынша өлкенің жалпы климат жағдайларындағы және табиғатындағы өзгерістерге талдау жасау,  өзгерістердің негізгі себептерін анықтау (әр түрлі ақпарат көздерінің көмегімен, сонымен қатар байырғы тұрғындардың тәжірибесінен), өлкенің жел энергетикасы, ауа бассейінінің экологиясы;

№2 практикалық жұмыс. ауа райы өзгерістерінің жергілікті белгілері, ауа райын болжау (әдістерді презентациялау), төтенше жағдай сипатындағы ауа райы құбылыстары, адамның іс-әрекеті.

6) «Өлкенің сулары және оларды пайдалану» (3 сағат):

өлке аумағындағы су нысандарының жіктелуі, жергілікті жердің гидрографиялық жүйесінің сызбасын жасау, атауларының пайда болу тарихын оқып-білу,  су ресурстарын пайдалану, су энергетикасы, су экологиясы;

№3 практикалық жұмыс. Бір су нысанын зерттеу және сипаттау (өзенді, бұлақты);

№4 практикалық жұмыс. Өлкенің көлдерін зерттеу және сипаттау (немесе жақын маңайда орналасқан бір көлді).

7) «Өлкенің топырағы» (2 сағат):

өлке топырағының негізгі түрлері, олардың негізгі сипаты және маңызы,

топырақ кесіндісін оқып-білу;

         жергілікті жердің топырағының құнарлығы, оны сақтау және қалпына келтіру шаралары, агромелиорация технологияларымен танысу (ауыл шаруашылығы жұмысшыларымен және мамандарымен кездесулер).

         8) «Өлкенің және қаланың өсімдіктері» (3 сағат):

өлке аумағындағы өсімдік жамылғысын оқып-білу, өсімдіктердің түрлерін және олардың ішінен ғажайып түрлерін анықтау, өлкенің өсімдік жамылғысының жағдайы, қаланың өсімдік жамылғысы, Астана қаласын және оның маңайын көгалдандыру тәжірибесі;

өлкеде өсетін өсімдіктердің жекелеген түрлерін оқып-білу, олардың пайдалы және емдік қасиеттерімен танысу;

№5 практикалық жұмыс. кеппешөптердің көмегімен жергілікті жердің өсімдіктерін оқып-білу және сипаттау, флористикалық бұрыш ұйымдастыру.

9) «Өлкенің жануарлар дүниесі» (3 сағат):

өлке аумағының жануарлар дүниесін анықтау және оқып-білу, жануарлардың топтарын және олардың ғажайып түрлерін анықтау, жануарлар дүниесін қорғау;

өлкенің жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін оқып-білу, қауіпті және пайдалы жәндіктер, кәсіптік жануарлар және олардың маңызы, қазақтың ұлттық аңшылық өнері – саяткерлік;

туған өлкенің табиғат мұражайларына саяхат жасау (аң аулау қоғамдарының, орман шаруашылығының жұмысшыларымен кездесулер), құс үйшіктерін жасау және ілу (№1 экскурсия).

10) «Өлкенің және қаланың ерекше қорғалатын аумақтары және табиғатты қорғау» (3 сағат):

туған өлкенің қорғауды талап ететін өсімдіктері мен жануарларын анықтау және тізімін құрастыру, олар жайлы фотоальбомдар, бейне слайдтар, бейнефильмдер жасау (жұмысты презентациялау);

туған өлкенің және оған жақын аумақтардың «Қызылкітаптық», эндемикалық өсімдіктері мен жануарлары;

ерекше қорғалатын аумақтар және нысандарға (мүмкіндікке байланысты): қорықтарға, қорықшаларға, ұлттық саябақтарға, табиғат ескерткіштеріне, хайуанаттар бағына, ботаникалық бақтарға, дендрарилерге, орман шаруашылықтарына саяхат жасау, олардағы табиғатты қорғау жұмыстарының технологияларымен танысу.

11) «Өлкенің, қаланың шаруашылығы»  (4 сағат):

маңызы бар (ауылдың, ауданның, қаланың) өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының орналасуының карта-сызбасын құрастыру, өлкенің кәсіпорындары және мекемелерінде  сұранысқа ие мамандықтар;

өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысу (кәсіпорындардың жетекшілерімен және мамандарымен кездесу);

кәсіпорынға экскурсия жасау, техникамен, технологиялармен және технологиялық үдерістермен танысу, әр түрлі мамандық иелерімен танысу (№2 экскурсия);

алдын-ала жасалған жоспар бойынша аудан, қала үшін аса маңызды кәсіпорындарды оқып-білу және сипаттама беру, өнеркәсіптік, сонымен қатар экспорттық және импорттық  қарым-қатынастардың сызба-нұсқасын құрастыру.

12) «Өлкеде өмір сүретін халықтардың тарихы және мәдениеті» (4 сағат):

жақын маңайдағы археологиялық ескерткіштер, ерте замандағы тұрақтардың, елді мекендердің, қалалардың, қорғандардың, қорымдардың сызба-нұсқаларын жасау, әдеби мұра көздерін зерттеу;

өлкенің ең бастапқы игерілуінің тарихи-қоғамдық, экономикалық және табиғи факторлары, аумақтың қоныстану, игерілу және даму үдерісінің қысқаша тарихы;

мәдениет (қазақ және өлке аумағында өмір сүретін басқа да ұлт өкілдерінің шығармашылығы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық қолөнері);

өлкенің белгілі адамдары, өлкенің, қаланың дамуына үлес қосқан адамдардың өмірбаянымен  және еңбегімен танысу.

13) қорытындылау (1 сағат), бөлімдер бойынша жинақталған материалдарды ресімдеу, оларға презентация жасау және мектептің өлкетану мұражайына тапсыру.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

Пәндік  нәтижелер, 7-сыныптың соңында оқушылар туған өлкесінің: 

1) географиялық жағдайының ерекшеліктерін;

2) өлкедегі елді мекендердің дәрежесі мен маңызын;

3) географиялық нысандарының атауларын;

4) аумақ және рельеф көлемінің ерекшеліктерін;

5) табиғат ресурстарының жиынтығын;

6) пайдалы қазбаларының негізгі кен орындарын;

7) өз өлкесінің рекреациялық мүмкіндіктерін;

8) ауданның гидрография жүйесін, негізгі су нысандарын;

9) өз өлкесінің ауа райы мен климатының ерекшеліктерін;

10) төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді;

11) топырағын, өсімдік жамылғысының негізгі түрлерін;

12) өз өлкесінің жануарлар дүниесінің негізгі түрлерін;

13)өсімдіктердің және жануарлардың ерекше түрлерін;

14) өлкенің ерекше қорғалатын аумақтарын;

15) өлкенің экономикалық «тұрпатын», өнеркәсіптің және ауылшаруа-

      шылығының  негізгі кәсіпорындарын;

16) экспорттық өнімдерін;

17) жақын маңайдағы археологиялық ескерткіштерді және тарихи

      нысандарды;

18) өлкенің қоныстану, игерілу және даму үдерісін;

19) негізгі халықтарын, олардың мәдениетін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын

      және қолөнерін;

20) өлкенің белгілі, еңбек сіңірген адамдарын білулері тиіс.

 

7-сыныптың соңында оқушылар:

1) аумақтың географиялық орнының және өлкенің географиялық нысан-

    дарының негізгі белгілеріне карта көмегімен талдау жасай;

2) табиғат ерекшеліктеріне сипаттама жасау барысында карталардың

    көмегімен өлшеу жұмыстарын орындай;

3) өз өлкесінің климаты және ауа райының, суларының ерекшеліктеріне, тау

    жыныстарына, пайдалы қазбаларына талдау жасай;

4) өлкенің өсімдік жамылғысына және жануарлар дүниесіне, топырағына

    сипаттама бере;

5) өз өлкесінің шаруашылығына, жекелеген маңызды кәсіпорындарына,

    олардың өнімдеріне, шаруашылық байланыстарына жалпы және толық

    сипаттама бере;

6) өлкенің тарихын, дамуының негізгі факторларын, қоныстануының ерек-

    шеліктерін, халық құрамының көпұлтты болу себептерін, олардың

    мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сипаттап, түсіндіре;

7) туған өлке аумағындағы табиғат кешені және оның компоненттерін

    қорғау жағдайын, экологиялық, басқа да проблемаларды анықтап және

    сипаттама бере алулары тиіс.

 

Оқушылардың тұлғалық нәтижелері:

1) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете

    білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын

    болуынан;  

2) туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге, қолынан келерлік

    еңбегімен оның экономикасын, экологиясын жақсартуға ұмтылуынан;

3) өлкенің көрнекті өкілдерінің рухына, халықтардың тарихына,

    мәдениетіне және салт-дәстүріне құрметпен қарауынан көрініс табады.

 

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

1) іздеу-зерттеу жұмыстары кезінде алынған ақпаратты саралау, өңдеу,

    жинақтау, қолдану шеберлігі;

2) іс-әрекетті және зерттеуді жоспарлау, танып білу әдістерін меңгеру;

3) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, білім беру ресурстарын,

    мұрағат деректерін қолдана білу, алынған ақпаратқа презентация жасау;

4) коммуникативтік қабілетті, көптілділікті дамыту және өздігінен, шағын

    не үлкен топтарда жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

                                      

1.     Жалпы білім   беретін мектептерде «география» пәнін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарламалар. Алматы, 2009 ж.

 

2.     Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. Алматы, 2003 ж.

 

3.     Ежелгі Тараз ескерткіштері. Тараз, «Рысбаева және Ко», 2010 ж.

 

4.     Ә.С.Бейсенова «Экология - ел тағдыры». Алматы, 2006 ж.

 

5.     Тараз – Жамбыл (фотоальбом). Жамбыл, «Рысбаева және Ко», 1996 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәнді оқыту-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

 

1.     Жалпы білім   беретін мектептерде «география» пәнін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарламалар. Алматы, 2009 ж.

2.     Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. Алматы, 2003 ж.

3.     Р.Т.Сырғабаева Жамбыл облысының топонимикалық атауларының анықтамалығы. Тараз,  «Сенім», 2007 ж.

4.     Ежелгі Тараз ескерткіштері. Тараз, «Рысбаева және Ко», 2010 ж.

5.     Ә.С.Бейсенова «Экология - ел тағдыры». Алматы, 2006 ж.

6.     Л.Ү.Әбшенова, Б.Заирова Адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдылары. Алматы, 2010 ж.

7.     Тараз – Жамбыл (фотоальбом). Жамбыл, «Рысбаева және Ко», 1996 ж.

8.     «География» оқулығы Алматы, 2014 ж.

9.     Орта мектепте «Өлкетану» курсын оқытудың  әдістемелік негіздері (әдістемелік құрал), Астана – 2013 ж.

10.  Назарбаев Н.А. «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к

      Обществу Всеобщего Труда».

11.  Плешаков А.А. «Мир вокруг нас», Просвещение, М., 2000 г. – С. 56.

12.  Барков А. С. «О научном краеведении», «Еще о научном краеведении».   

      Статьи в сборнике «Вопросы методики и истории географии». М., Изд-во

       АПН,1961. – С. 50.

13.  Терентьева Е. Г. «Технология краеведческо-профориентационной работы

       в образовательном учреждении» // Образование и общество. 2010. – № 5. –

14.  Баранский Н.Н. О школьном краеведении: В кн.: Методика преподавания

           экономической географии. М.: Учпедгиз, 1960. – С. 280-287.

15.  Барков А.С. «Вопросы методики и истории географии», (избранные

       работы). М., 1961. – С.98.

16.  Барков А.С. «Вопросы географии». Сб. 40. М., Географгиз, 1957 г., С. 43.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

                                      

1.     Жалпы білім   беретін мектептерде «география» пәнін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарламалар. Алматы, 2009 ж.

 

2.     Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. Алматы, 2003 ж.

 

3.     Р.Т.Сырғабаева Жамбыл облысының топонимикалық атауларының анықтамалығы. Тараз,  «Сенім», 2007 ж.

 

4.     Ежелгі Тараз ескерткіштері. Тараз, «Рысбаева және Ко», 2010 ж.

 

5.     Ә.С.Бейсенова «Экология - ел тағдыры». Алматы, 2006 ж.

 

6.     Л.Ү.Әбшенова, Б.Заирова Адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдылары. Алматы, 2010 ж.

 

7.     Тараз – Жамбыл (фотоальбом). Жамбыл, «Рысбаева және Ко», 1996 ж.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жамбыл облысы" (7 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 357 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 4072
    • DOCX 183.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дәулет Бахтияр Дәулетұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дәулет Бахтияр Дәулетұлы
    Дәулет Бахтияр Дәулетұлы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 136520
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания географии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 68 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 243 человека

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 205 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в преподавании географии детям с ОВЗ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек