319397
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеНаучные работы"Жамбыл Жабаев" (6 класс)

"Жамбыл Жабаев" (6 класс)

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тақырыбы: «ЖЫР АЛЫБЫ- ЖАМБЫЛҒА 170 ЖЫЛ» (әдеби кеш)

Мақсаты: а)Жамбыл өмірі мен шығармашылығынан түсінік беру, мемлекеттік тіл – қазақ тілін жетік меңгерту;

ә) мәнерлеп оқу, жатқа айту дағдыларын дамыту, айтыс өнері арқылы оқушыларды суырып салмалылыққа баулу;

б)мемлекттік тілді қастерлейтін, Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жамбыл портреті, суреттер, тіл туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, жартылай киіз үйдің керегесі, үй жиһаздары,  домбыра.

Сахна шымылдығы айтыстың әуенімен ашылады.

Барысы

1-жүргізуші: 
Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! 
Заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған кешімізге хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің кешімізде қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата. 
1

2-жүргізуші: 
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл, 
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл. 
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің, 
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл. 
Халық үшін төрге төсеп төсек етер, 
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл. 
Көтерген көкке төбе тірелгенше, 
Иеді көпшілікке басын Жамбыл. 
Қайырлы күн, құрметті көрермендер! 
1-жүргізуші: 
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 170 жасқа толып отыр.
2-жүргізуші:Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл- медресе, мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.

Ж.Жабаев өмірбаяны: Баяндама
1-жүргізуші«Менің өмірім» өлеңі. Өлең шумақтарын оқитың 6 «А» сынып оқушылары

2



1-жүргізуші Жамбыл 8 жасқа келгенде әкесі ауыл молдасынан білім алсын деп оны оқуға береді. Бірақ болашақ ақынға молданың ескіше оқуы қонбайды. Сол тұстағы күйін ақын «Шағым», «Әкеме» атты өлеңдеріне арқау етті. Осыдан кейін әкесінемолданың оқуы қонбайтындығын, түсіне өлең кіргенін айтып, қолына домбыра алып біржолата ақындық жолға түседі .

Әкеме», «Шағым» өлең шумақтары: ------------------


2-жүргізуші

1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұламат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің “Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады. 1941 жылы Жамбыл Жабаев Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

Ж.Жабаев “Ленинградтық өренім”- оқитын 5 сынып оқушылары


3




1-жүргізуші. Сол сұрапыл соғыста, Ленинград қаласын жаудан қорғаған ұрыс кезінде, Жамбылдың суреті басылып, «Ленинградтық өренім» өлеңі орыс тіліне аударылып, үлкен әріптермен жазылып, плакат болып қала көшелеріне, тақталарға, қабырғаларға жапсырылып, майданға жеткізілді.

7 г сынып оқушылары: Ленинградцы, дети мои!

2-жүргізуші

Ел таныған ақын болу үшін, әрине, сол өңірдің ақындарымен түгел танысып, өнер сынасу керек. Жамбыл да бұл жолды өтіп, ақындық сайыстарда үлкен табыстарға жетеді. 
Байдың қойын бағып жүргенде он үштегі кезінде ұйықтап қалып, түсінен ақын болып оянған Сүйінбай ұстазы сияқты, Жамбылға да ақындық түсінде аян беріп қоныпты. Ол туралы Жамбылдың өзі: "Бір күні Жетісай жайлауында жылқы бағып жүріп, түс көріппін. Түсімде ақсақалды қария келіп: "Өлең аласың ба, жүген аласың ба?" – деген. Мен: "Өлең!" – деппін. Оянып кетсем, түсім екен, көкірегімді бір толқын кернеп, алқымыма тығылғандай, дереу үйге жетіп, домбыраны ала салдым да, оңды-солды төгіп-төгіп жіберіп едім, кеудем ашылып, орта түскендей болды", – деп еске алады. 
Жамбыл жиырма жасында сол кездің атақты ақыны – Жаныспен айтысып, оны жеңеді. Әлгі "Менің пірім – Сүйінбай" деген өлеңін Жамбыл осы Жаныспен айтысқанда айтады.

4 



1-жүргізуші

Жамбыл – Сүйінбай Аронұлының шәкірті. Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін ардақтаумен өтеді. Сүйінбайға арнауын оқитын Купжасар Нұржан

2-жүргізуші Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Жабаев ащы болса да әділдікті, төтелеп тіке айтуды өзінің осы ұстазынан үйренген, яғни, осы бата оның өмірлік ұстанымы болған. Жамбылға бата берген. Оқитың: Мынжасар Ғани

1-жүргізуші

Октябрь кезеңіне дейін Жамбылдың айтыстары мен өлеңдері сақталмады, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріліп отырған. Олардың ішіндегі аса танымалдары: «Сәт сайланарда», «Шәбенге», « Жылқышы», «Артықша туған азамат» өлеңдері. 6 «Б» сынып оқушылары



2-жүргізуші

Айтыс –халықтың көзі, айтыс – халықтың тілі. Айтысқа суырып салма, сөзге шешен, қиыннан қиыстырар, білімді, бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы адам қатыса алады.

5



1-жүргізуші

Жамбыл шығармащылығында айтыс қомақты бір орын алады.  Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан жанр. Қазір бізге 7сынып оқушысы ----------------------- қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі – айтыс жайлы түсінік береді.

2-жүргізуші

Жамбылдың сүйген, ғашық болған құрбысы – Бұрым сұлу. Бұрыммен Жамбыл бір тойда танысып, айтысады. Бұрым өте сұлулығының үстіне тамаша әнші де, ақын да екен. Екеуі бұдан кейін де талай кездесіп, айтыса жүріп, бірін-бірі шын сүйіп, ғашық болады. Бұрым өзін айттырып қойған жаққа ұзатылатын күн тақағанда, Жамбылға білдіреді, Жамбыл қызды алып қашып, ағайындарына барып паналайды. Бірақ, екі ел арасы бұзылатын болған соң, Жамбылды өзіне жақын ұстайтын елдің беделді басшысы – Сарыбай болыс ақынды зорлап көндіріп, Бұрымды әкесінің үйіне қайтарады. Айкүміс "қолдағы қаршығаңнан неге айырылдың?" дегенде, осы жағдайды меңзеп отыр. Бірақ, бұл үшін Айкүміс Жамбылды табаламайды, кінәламайды, "тұтқасы дүниенің" Жамбылдың қолында еместігін, жастардың теңіне, сүйгеніне қосыла алмайтын еріксіздігін айтады.

6


1-жүргізуші

Жамбылдың Бұрым сұлуға арнап шығарған өлеңі. Өлең шумақтарын оқитың: --------------------------------------

2-жүргізуші

Алғадай – Жамбылдың өте жақсы көретін баласы. Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда к еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майданда әр жеңіске қуанышын да білдіріп отырады.
Алғадай – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ақынның ұлы. 1943 жылы баласы Алғадайдың қайтыс болғанын Ғали Орманов (сол кездегі хатшы), Әбділда Тәжібаев естірткен. 
1-жүргізуші

Алғадай майданға аттанғаннан кейін 7 күннен соң, Немерелі болып, атын ырымдап Қуаныш қояды. Жамбыл осы немересіне алданып, өзін жұбатып « Атаның әлдиі» атты өлеңнің шығарады. «Алғадай» өлеңі

2-жүргізуші: Өзін шалқарда шалқыған аққуға теңеген ақын «келмеді сасық, шалшық жерде қалғым» деп жыр маржанын тере білді. Бір жағында қалың бұқара, бір жағында бай мен датқа тұрған ақынның алдында кімнің сөзің сөйлеу керек? Деген замана сауалы тұрды. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұның мұндаған ақын бай, манаптарды шеней білді. «Сараң бай мен Жомарт кедей», «Таппасын сендей салақты» өлеңінде бай мен кедей арасындағы тірлікті шендестіре отырып жырлайды.

7

1-жүргізуші «Сараң бай мен Жомарт кедей», «Таппасын сендей салақты» өлең шумақтары -----------------------------


2-жүргізуші:  1916жылы қара жұмысқа адам алу туралы патша жарлығына қарсы ұлт- азаттық көтеріліс болған тұста ақын «Ағайын туған», «Сыздық Сұлтанға», «Жол үстінде» атты өлең толғауларын жазды. Аталған өлеңдерде сол тұстағы ел билеушілердің ақ патшанын заңына құлдық ұрып, бұқара халықтың ыза-кегін туғызғанын жасыра алмады.
1-жүргізуші: 
Сиынып аруағына бабамыздың, 
Киесін ұққандаймын даламыздың. 
Жырлары-шежіресі еліміздің, 
Сырлары-сағынышы санамыздың. 

2-жүргізуші: 
Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 170 жылдығына арналған кешіміз аяқталды. Жамбыл атамыз сияқты жастар көбейе берсін. Қатысқан оқушыларға рахмет. Ынта қойып,тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.









8

Общая информация

Номер материала: ДВ-480763

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Интеллектуальная собственность: авторское право, патенты, товарные знаки, бренды»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации, как средство привлечения новых клиентов»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Источники финансов»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс повышения квалификации «Международные валютно-кредитные отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и Охраны исторических памятников»
Курс профессиональной переподготовки «Организация процесса страхования (перестрахования)»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»
Курс профессиональной переподготовки «Гражданско-правовые дисциплины: Теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»
Курс профессиональной переподготовки «Управление корпоративной информационной безопасностью: Администрирование и эксплуатация аппаратно-программных средств защиты информации в компьютерных системах»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.