Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Жан шуағын аямаған - Ана"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Жан шуағын аямаған - Ана"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Жан шуағын аямаған – Ана.


  1. Бала:

Әділет,

Мереке де келіп қалды,

Бізде бәрі дайын ба?

Қазір қыздар келеді,

Сазайынымызды береді.


  1. Ахад

Айттым ғой мен сендерге,

Үлгермейміз қазір деп,

Бәріне қыздар кінәлі

Өлең айтып болғаны.


  1. Әли

Ұлдар, ұлдар ұрсыспаңдар,

Әне өздері де келіп тұр.

Көңілді рек қарсы алайық,

Біздің қыздар келіп тұр.


Қыздар кіреді.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.


Хор: «Анам алтын»



Балалар тақпақ айтады.

  1. Ернұр

Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін, 
Алыстасаң сағынам.


  1. Бала: Әли

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!


  1. Бала: Әнуар

анам менің-асыл анам 
анам менің-ақыл анам
анам мені бағып қаққан
анам мені мәпелеген
анам маған уәде берші
қартаймаймын деп ешқашан




2-Бала: Нұрай
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

3-бала:Сакит
Мен анамды сүйемін, 
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды, 
Қуантсам деп келемін.


4-бала: Ш.Абдулл
Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

5-бала: Кәусар

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.


6-бала:Інжу
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.

7-бала:Мұқали
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.


8-бала:Айша
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам


9-бала:Әділет

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.


10- бала: Е.Кәусар


Келді көктем күнің, 
Күлімдейді гүлің  
Алтын ойлы Анам, 
Мерекеңіз бүгін!




Жүргізуші: Көрініс «Қазіргі оқиға»


Көрініс:

Әкесі креслода газет оқып отырады

Ал анасы құрбысымен әңгімелесіп жүреді.

Әпкесі айнаның алдында отыр.

Ал, баласы ойыншық ойнап отыр.

Анасы: Ақерке

Амансың ба, жан құрбым,

Хабарласпай сен көптен.

Жатырсың ғой үндемей,

Мүмкін сен бізге кіріп кетерсің пәтерге.

Әлде көппе жұмысың.


Баласы:Ахад

Ана, ана ішім пысты,

Маған ертегі оқып берші.


Анасы:Ақерке

Сен маған келгенше,

Барсаңшы әне әкеңе.

Не, кофта сатып алдың ба?

Түсі неткен әдемі.

Сондай кофта

Менің де, сатып алғым келіп тұр.




Баласы:Ахад

Ішім пысты тұрмайық,

Ішім пысты тұрмайық.

Паравозбен ойнайық.


Анасы:Ақерке

Менің қолым тимейді,

Кір жуамын үйдегі.


Баласы:Ахад

Әке,әке тұршы,

Менімен ойнашы.

Әлде мені циркке апаршы.


Әкесі:Ернұр

Балам менің мазамды алмашы,

Шаршап отырмын өзімде.

Әпкеңе барып сұрасаңшы,

Сурет бояп отырсаңшы.


Баласы:Ахад

Әпке, әпке

Маған салып берші сурет,


Әпкесі: Зере

Мені таныс бір бала,

Шақырады ғой киноға.

Менде мүлдем уақыт жоқ,

Мазамды алмашы.


Баласы:Ахад

Жалғыз өзім қалай ойнаймын, үйде менімен ойнайтын адам жоқ.


Жүргізуші:

Не отыра алмай,

Не жата алмай

Бала жүр ғой қиналып.

Әкесі мен анасы

Көрсетіңдер оған көмек.

Салыңыздар суреттер,

Оқыңыздар кітаптар

Өйткені бұл баланың айналысар ісі жоқ.




Досы: Сакит Мүмкін саған жаңа «Ана» керек шығар.

Досы2:Әнуар

Сен отырма босқа,

Оданда ізде басқаны.

Қызмет көрсету орталығы

Айтар саған бір кеңес.


Баласы:АхадМен әрине дайынмын ғой, басқаны іздеуге.


Қызметкерлер:(ұл, қыз) Әлнұр, Жанель

Жанель

Хабарлас достым бізге,

Табамыз бәрін сізге.

Ананы да тауып береміз,

Бәріне көмек береміз.


Әлнұр

2.Жаңалық, жаңалық.

Бүгін бәрі көңілді.

Бүгін бізге келіпті,

Ана іздеп бір бала,

Сіздер үшін әрине

Жұмыс жасайды барлығы.

Қыздар:

  1. Күтуші ме,

  2. Әлде әже ме,

  3. Табылады күтуші

Егер келсе ұйқыңыз,

Ұйықтатады әжеңіз.

Баласа: Ахад

Ұнамайды маған күтуші.


Жүргізуші:

Ахад..өз анасын тапқанша балаларымыз би билеп берсін.

Би: «Жігіттер» орындайтын жігіттер тобы







Мэрипопенс: Әсел үлкен

Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Иә

Мен Мэрипопенс деген мен.

Жақсы тәрбиеші боламын,

Қол шатырым әрине

Жаңалықтар әлеміне апарады әрдайым.


Жүргізуші:

Ахад біз керек,

Іздейміз жаңа Ана.

Ұнатпады күтушіні,

Қазір біз Сәнгерге қарайық.


Қыздар:Жанель

Жұрналдарға біз қарап,

Тыңдаймыз біз бір үлгі.

Мынандай сәнді көйлектер,

Көрсетеміз сәнді біз.


Жүргізуші: Олай болса Сәнгерлеріміз дайын екен.

«Сәнгерлер» Жасмин,Милана,Каусар,Жанель,Інжу


Баласы: Ахад

О. Қандай әдемі қыздар

Маған бірақ сәнгер керегі жоқ.

Жоқ,жоқ ол әдемі ғой

Шетелдерге кетеді ғой.

Ал , мен тағы жалғыз қаламын.


Жүргізуші: Ахад. тағы анасын іздегенше, балалар тағы бізге тақпақ айтып берсін. Ал, Мэрипопенс Сіз біздің қонағымыз болыңыз.


Мэрипопенс: Олай болса мен қолшатырымды мына жерге қоя тұрайын.


Тақпақ:


  1. Абдулмалик

Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын

3-бала: Д. Абдулла

Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.


4 - Бала: Әсет
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.



5 –Бала Жайна
Мен анамды сүйемін, 
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды, 
Қуантсам деп келемін.




БИ: «Үнді» орындайтын Әсел,Жасмина,Ақерке,Кәусар,Зере


2-бала:Мариям

Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.



4-бала: Әсел

Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.


5-бала:Айдана

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым


  1. Бала: Әділет

Мынандай Ана тағы бар ма?

Мамандығы мұғалім.

Үйретеді баланы,

Сурет салып, билеуге.

Баласы: Ахад

Ұстаз болса әрине,

Үйретудер шаршатар,

Кәне тағы көрейік


Жүргізуші: Ахад. саған мұғалім ана ұнамады. Олай болса тағы іздеп кел.


Ән: «Ертегілер әлемі» қабыл алыңыздар.


Ойын: Ата – аналарымен. «Өз балаңды тап»


Жүргізуші:

Келіңіздер, келіңіздер.

Би билейік іркілмей.

Біздің бақша ұл –қыздарға,

Би билейді іркілмей.


Би: «Шөжелерім» Орындайтын: Қыздар тобы


Жүргізуші;

Ахад ұсындық саған көп ананы,

Ұстаз, сәнгер, күтушіні.

Тағы қандай Ана керек саған.


Баласы: Ахад

Маған ешкім ұнамайды,

Бұл өмірде көп ана бар.

Бірақ мен үшін бір Ана бар.

Ол ең сымбатты, ең қымбатты.

Өзімнің жан Анам.


Анасы: Ақерке

Тәтті ұлым сені сағындым,

Біз сені сағынып жүрміз.

Сағындық қайда жүрсің.





Баласы: Ахад Ана сеннен артық Ана жоқ. Мен сені сағындым.


Жүргізуші:

Мен бұл оқиғаның осылай аяқталғанына өте қуаныштымын. Көрініс қойған балаларға қошаметпен ортаға шақырайық. Олай болса, ертеңгілігімізді ары қарай жалғастырайық.


Ән: «Анашым»


Әже туралы тақпақ:

1-бала:Жанель

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз.


  1. Бала: Ақерке

Айтатын көп әңгіме,

Тыңдасаңыз бар енді.

Бұл күні мен алдымен,

Құттықтаймын әжемді.


3-бала: Зере

Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем апамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем әжемді.


4- Бала:Әлнұр

Әжетайым, әжетайым,

Сізді жақсы көреміз.

Сізді өлең тақпақты.

Жатқа айтып береміз.


5-бала:Жасмина

Шуағыңды сепкен,

Күнімізсің әже.

Жұлдыздарың боп.

Айналамыз әже.


5-бала:Сұлтан

Менің әжем гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Ана үшін, мен үшін,

Нағыз ана тілі- әжем.


Тәрбиеші:

Құлаққа кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге талай ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.


Би: «Грация» орындайтындар Жасмина, Әсел,Жанель, Зере, Ақерке,Інжу. Ернұр, Ш.Абдулл, Ахад, али.


Тәрбиеші: Балалар біздіңде аналарымызға өз қолымызбен жасаған сыйлығымыз бар ғой соны сыйлайық.


Хор: «Сағындым әже»



Мэрипопенс:

Балалар, недеген керемет. Маған барлығы ұнады.

Мен сендерге құры қол келгенім жоқпын. Мен сендерге ерекше сыйлық дайындадым.

О – о –о -о, мен қол шатырымды қайда қойдым. Міне осында екен ғой.

(Сыйлық сыйлайды)


Сау болыңдар.(қолын сермеп кетеді)



Тәрбиеші:

Құрметті Әжелер мен аналар! Сіздерді көктемнің шуақты күнімен, бірге келген төл мерекеліріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Дүниеде ананың ыстық алақанынан артық ешнәрсе жоқ.


Өмірге бізді келтіріп,

Жарық дүние сыйлаған.

Жамандыққа баласын,

Ешқан да қимаған,

Көрмесін қайғы балалар,

Аман болсын аналар!- дей келе бүгінгі « Жан шуағын аямаған - Ана» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп – көп рахмет.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-451729

Похожие материалы