Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Жан жарасы жазылар-ау" сахналық қойылымның сценарийі «Алматы. 1986 жыл» кітабын оқырмандарға таныстыру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Жан жарасы жазылар-ау" сахналық қойылымның сценарийі «Алматы. 1986 жыл» кітабын оқырмандарға таныстыру

библиотека
материалов

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы

8 орта мектебі мемлекеттік мекемесінің кітапхана меңгерушісі


Шаханова Қарлығаш Тойбазаровна


«Алматы. 1986жыл» кітабын оқырмандарға таныстыру кешінде көрсетілген сахналық қойылымның сценарийі


Жан жарасы жазылар-ау

Желтоқсан оқиғасына орай.


Сахна ашылғанда ешкім көрінбейді. Сыртта болып жатырған айғай-шу, дүрбелең, дөрекі сөздер ар жақтан естіледі. Орыс акцентімен сөйлеген адамның сөзі:



Сахнаға 3 адам шығады. 2 жасақшы 3-шісі – Жансая Сәбитова. (Әйел 2 жасақшы тұрған жерге жақындап, жүгіре басып келеді).

- Алматының байланыс жүйесіне не болған? Ауылға телефон соға аламай, діңкем кұрыды. Ауырып жатқан жездемнің хабарын жанұясына жеткізе алмай, сенделіп кеттім. Сұмдық-ай, қандай күнге тап болдық өзі?! Өзіміздің атамекенімізде тұрып, осындай бейшаралық күй кешеміз деп кім ойлаған? Неге бұлай екеніне зердем жетпейді тіпті!...

1-жасақшы: Азаматша! Ондай әңгіме айтатын жер емес бұл. Доғарыңыз кәне! Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге де міндетті емеспіз. Қане, тайып тұрыңыз!

2-жасақшы: Бұл қатынды ұстап алып, тиісті жеріне тапсырып жіберсек қайтеді?! Жаңа басшылардың көзіне сөйтіп тез ілігерміз, бәлкім! (алақанын ысқылап) Уп, Ваня, қолым қышып тұрғаны. Сөйтсек қайтеді?!...

1-жасақшы: Қайтесіз әуре болып жүреміз бе? Оның үстіне, әйел адам ғой, барсын. (мысқылдай қарап). Өз қазағыңызға жаныңыз ашымай ма, батя?!

2-жасақшы: Өй, сен де бір. Қазақ болғанда сөзін көрмейсің бе? «Атамекенім, елім, жерім» дейді келіп. Қанша үйретсе де миларына кірмейді, түге! Енді, мүмкін өзгерер де. Әй, бірақ!... (қолын бір сілтейді) (Екеуі адымдай басып, өтіп кетеді).

Бұрыла берген әйелді полковник Горбунов пен уч.инспектор Ж. Теңізбаев қуып жетіп тоқтатады.

Горбунов: Азаматша, тоқтаңыз деймін! Сіз дәл осы минуттан бастап бас еркіңізден айрылдыңыз. Күдікті адам есебінде қамауға аламыз. Совет үкіміне қарсы провакаторлық істеріңіз үшін заң алдында жауап бересіз!

Жансая: Сіз маған айтып тұрсыз ба? Не айтып тұрсыз?! Қайда апармақсыз? Ешқайда да бармаймын. Тапа-тал түсте неге жала жабасыз? Тартыңыз қолыңызды! (жұлқынып, бой бермейді)

Горбунов: Әуелі бізбен бірге жүріңіз. Тиісті жерге барған соң, бәрінде түсінесіз. Сұрақтарыңызға да жауап аласыз. Егер көнбесеңіз, күш қолданамыз. Бәрібір, көнуге тура келеді. Тоқтаңыз!...

Шаферіне: Сен мына әйелді ешқайда жібермей ұстап тұр. Мен оның інісі алып келейін, оның да осы іске қатысы болуы мүмкін.

Чужиев: Әй-әй! Сен не тыққалы жатырсың? Қарашы ұятсыздың қағазын тыққыштауын? Мүмкін, бұның ішінде «бомба» бар шығар?! Қане, маған көрсет. Бер деймін! (Жансая барынша қарсыласып жатыр. Сол кезде іштен Жансаяның жиен інісі Әбіл Құрмантаевті алып шықты. Апасын көріп шошына ұмтылды).

Әбіл: Тәте-тәте! Сізде не шаруасы бар бұлардың? Қане, бұл не бассыздық?! Жазықсыз әйел адамға зорлық көрсету, қай атаңда бар еді?! Босатыңдар!

Жансая: Ойбай-ау, бұл баланың не жазығы бар? Онсыз да әкесінің аурулығы жанына батып тұрғанда, не әкелеріңнің құны бар?! Мен-ақ құрбан болайын жарығымның жолына жас баланы қоя беріңдер!

Шофер: Жаңа мына әйел сумкасынан бір нәрсе алып жасырмақ болды, шамасы листовка болу керек?! «Бер» - деп едім бермеді. Мүмкін сіз қарарсыз!

Горбунов: Олай болса, тыққан қағаздарыңызды бері әкеліңіз. Бәрібір, тінту жасап, таптырмай қоймаймыз. Одан да жақсылықпен қолыма бересіз қазір. (қопыраған қағаздарды күшпен тартып алады. Жансаяны бөлімшеге әкеледі).

БӨЛІМШЕДЕ

Тергеуші Кабиев: Азаматша Сабитова! Мәлімдеймін: Совет үкіметі саясатына қарсы үнпарақтар жазып, таратуға қатысқаныңыз үшін үстіңізден қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Қазақ ССР Қылмыстық істер Кодексінің 109 және 110-шы баптары бойынша үстіңізден іс қозғалады.

Жансая: Жасырмаймын. Шындықтан тайсалсам, қазақ қаныма сын! 2-3 күннен бергі топалаң халқымыздың жанын да, арын да атптауға бағытталғаны өтірік пе?! 16,17 желтоқсанда Брежнев алаңында болып жатқан осы қызыл қырғынның сырын сіз ашып айтарсыз, мүмкін! Неге бұлай болуы тиіс?! Не үшін? Арымызды биік ұстап, ұлтымыздың намысын төмендетпек болғандардан жауап талап еткеніміз үшін бе? Олай болса, мен де сізден осыны талап етемін. Жауап беріңізші: ақ қар, көк мұзда жанымызды шүберекке түйіп, әйел басымызбен мені неғып жүр демейсіз бе? Талай ер-азаматтар биіктік пен өрлік үлгісін танытып, ел намысын ойлап, атқа мінгенде, әйелдің де отбасында омалып-қалар күні емес бұл! Ел басқарар азаматты қорлап, Орталықтың да, бізге қысастық жасауына жол болсын. Бар-жоңы 15 минуттық пленумда Қонаевтай ардақты ұлды туған елін басқару билігінен алып тастау орталыққа неменеге қажет болды?! Ойбай-ау, бүкіл бір Республиканың тағдыры сендер үшін ойыншық болды ма? 70 жыл бойы Мәскеудің ақ дегені алғыс қара дегені қарғыс болған жоқ па онсыз да?! Жоқ! Көздеріңді ашып қараңдар! Қазақ елі құшағын жайып бауырмал да болды талайға. Ал, намыс туын ешкімге жықтырмақ емес ешқашан да! Махамбет пен Кенесарының патшаның өзін ықтырғанын ұмыттыңдар ма?

Тергеуші Кабиев: Куәні тез шақыртыңыз (телефондағы дауыс иесі А. Алексеевті алып келеді)

Тергеуші: Сіз Ж.Сабитованы қашан және қандай жағдайда көргеніңізді айтыңыз.

Алексеев: Мен бұл әйелді 20.12 күні Алматы құрылыс техникумының ауласынан көрдім де телефон соқтым. Мен мұқият адаммын. Тіпті сондағы даусы әлі құлағымда. Дәл осының өзі «Балалар шындық үшін күресті» дегенде, маңындағылар бәрі қостап қол соққан.

Тергеуші: Ал, жасақшылар қайда жүр?

Алексеев: Ол кезде олар көрмеді ғой. Ал мен телефон соққаннан кейін сол маңайдағы қазақ жасақшы бұны ұстап алмақшы еді,орыс жасақшысы, иә, иә Иван есіме сақтап қалғанмын, сол жігіт қолын сілтеп «Бара берсін, әйел ғой» деді.

Тергеуші: Ах, сволочь! Дәл солай болса, оның өзін жабыңдар, ұстап әкелің барыңдар, алып келіңдер. Ал, Сабитова, бұған не айтасыз?

Жансая: Иә, жасырмаймын. Ендеше біліп алыңдар. Азыл азаматтарыңызды айуанша қорлап, аяулы қыздарымызды көк мұздың үстінде шашынан сүйреп сабаған зұлым ниеттеріңнің әлі жазасын тартасыңдар. Мен де 27 листовканы өз қолыммен жаздым. Бірақ өкініштісі – таратып үлгере алмадым. Қайталап айтайын, жаныма жай тапқызар жұбанышымда – сол көппен бірге халқыммен бірге әділетсіздікке лағынет айтқан күндерім!

Тергеуші: Тоқтат! Доғар! Шешенсымақ! Әлі басқаша сайрайтын боласың, көгершінім! (ызаланып) Алып барып, қамап тастаңыз, патриотсымақты.

Жансая: Сіздер де анадан туған шығарсыңдар баламмен қоштасуға мұрша берерсіздер. Жалғызым-ай, маржаным-ай! 5 жастағы сен не түсініп қалай өсіп бой жетер екенсің?

(Сырттан «мамалаған» Маржанның дауысы естіледі. Жансая ұшып тұрып ұмтыла басып келіп қызын бауынына басып, тұншыға жылайды).

Тергеуші: Жақсы. Қызыңызбен кездесуге 5 минут қана уақыт беремін.(шығып кетеді).

Жансая: Құлыным-ай, жәудір көзім-ай! Кешірші, жан анаңды. Сені бүйтіп шырылдатып тастап кетем деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмепті ғой! Қайтейін, қарашығым, анаң байғұс әр үйдің сен сияқты балапандарын оттан, судан қорғаймын деп осындай күйге түсіп отыр ғой. Ақ үрпек балапаным-ай, қанатың әлі қатаймаған кезіңде көзіңді жәудіретіп қалай қиып кетемін... Осылай істегенімді түсіндірер деп өзіңді әкеңе аманат еттім. Сен ер жетерсің, бұл күндер де тарих бетіне алтын әріптермен жазылар. Әзірге, қош құлыным! Е, Алла, құлыныма оң көзіңмен қарай гөр... (Милиция келіп ана мен баланы әзер айырып алып кетеді. Ананы милициялар итеріп жіберіп, жығып тастайды. Ана күңіреніп жылайды.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

                    Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы

 №8 орта мектебі мемлекеттік мекемесінің кітапхана меңгерушісі

 

Шаханова Қарлығаш Тойбазаровна

 

      

«Алматы. 1986жыл» кітабын оқырмандарға таныстыру кешінде  көрсетілген сахналық қойылымның сценарийі

 

Жан жарасы жазылар-ау

Желтоқсан оқиғасына орай.

 

Сахна ашылғанда ешкім көрінбейді. Сыртта болып жатырған айғай-шу, дүрбелең, дөрекі сөздер ар жақтан естіледі. Орыс акцентімен сөйлеген адамның сөзі:

 

 

Сахнаға 3 адам шығады. 2  жасақшы 3-шісі – Жансая Сәбитова. (Әйел 2 жасақшы тұрған жерге жақындап, жүгіре басып келеді).

 - Алматының байланыс жүйесіне не болған? Ауылға телефон соға аламай, діңкем кұрыды. Ауырып жатқан жездемнің хабарын жанұясына жеткізе алмай, сенделіп кеттім. Сұмдық-ай, қандай күнге тап болдық өзі?! Өзіміздің атамекенімізде тұрып, осындай бейшаралық күй кешеміз деп кім ойлаған? Неге бұлай екеніне зердем жетпейді тіпті!...

1-жасақшы: Азаматша! Ондай әңгіме айтатын жер емес бұл. Доғарыңыз кәне! Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге де міндетті емеспіз. Қане, тайып тұрыңыз!

 

2-жасақшы: Бұл қатынды ұстап алып, тиісті жеріне тапсырып жіберсек қайтеді?! Жаңа басшылардың көзіне сөйтіп тез ілігерміз, бәлкім! (алақанын ысқылап)  Уп, Ваня, қолым қышып тұрғаны. Сөйтсек қайтеді?!... 

Автор
Дата добавления 14.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров393
Номер материала 484237
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх