Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Жана мектепке- жаңашыл ұстаз

Жана мектепке- жаңашыл ұстаз


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы


Алдыма келген әрбір көздері жәудіреген балапандарға білгенімді үйрету барысында, сұрақтарына жауап іздеу жолында, оларды шабыттандыра оқыту – бойыма күш- жігер дарытқандай сезімде жүрген жайым бар.

Асқақ бала арманым жетелеп, қиялдарым құстай самғап, мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, өзімді бақытты сезінемін. «Ұстаз» атты ұлы мамандық иесі болғаныма мақтанамын.

Жай мұғалім”-хабарлайды

Жақсы мұғалім”-түсіндіреді.

Керемет мұғалім”-көрсетеді.

Ұлы мұғалім”-шабыттандырады деген керемет сөздер ойымнан шығар емес.... Ұстаз - киелі де көркем, киындығы мен қызығы қатар жүретін, мәдениетті де ұшқыр ойлы, ал ең бастысы - адам өмірінде ерекше орын алатын қайталанбас тұлға.

Іскер,жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Жаңашыл ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

–         Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

–         Қызметке бейімділігі

–         Кәсіптік білімі мен біліктілігі

–         Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

–         Ұйымдастырушылық қабілет

–         Заманға сай жаңашылдық

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру және осы жаңашыл адамды тек жаңашыл ұстаз ғана тәрбиелейді» деген, аса зор тәрбиелік мәні бар сөздерін басты назарға ала отырып, қазіргі заманда жлғарғы сұранысқа орынға ие ағылшын тілінің ерекшеліктерін шәкірттеріме ұқтыру – сабағымың ең басты мақсаты.

Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

Қарасай ауданы Іргелі ауылы

«Л.Н.Толстой атындағы орта

мектебі» КММ ағылшын тілі

пәнінің мұғалімі

Ускенбаева Жанар Дагистановна








Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров139
Номер материала ДВ-496018
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх