Инфоурок Всеобщая история КонспектыЖангелдин ауданында туристік маршруттарды дамыту мүмкіндіктері

Жангелдин ауданында туристік маршруттарды дамыту мүмкіндіктері

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасы Білім жіне ғылым министрлігі

Қостанай облысы, Жангелдин ауданыныңбілім беру бөлімі

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ

 

 

 

Орындаған: Ерболатқызы Жансая

7 «в» сынып оқушысы

 

Жангелдин ауданында туристік маршруттарды дамыту мүмкіндіктері

 

 

Секциясы: Тарихи ескерткіштер және туристік маршруттар

 

Жетекші: Құлтанов Жеңіс Ғабдумәлікұлы

Тарих, құқық, экономика негіздері пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

                                                   

Торғай селосы, 2015 жыл

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................3-4 бет

1. Табиғи ресурстар -Торғай өңірінде  туризмді дамытуға болатын алғышарттар. ...........................................................................................5-7 бет

2. Әлеуметтік - экономикалық ресурстар- өңірдің туристік маршруттары ретінде...................................................................................................   8-16 бет

3. Торғай өңірінде туризмді дамытуға арналған жобалар.....................................................................................................17 бет

Қорытынды.............................................................................................. 18 бет

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі................................................................19  бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Туризм – экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады. Қазақстанның туризмін экономиканың басымдылыққа ие саласы ретінде қарастыруға болады. Елімізде туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартуға мол мүмкіндік аламыз.

Республикада туризм мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қабылдануда. Шетел тәжірибесінен белгілі болғандай егер мемлекет тарапынан дұрыс және тиімді саясат жүргізілетін болса, туризм өзін өзі қамтамасыз ететін және де бұл нарықтың белгілі бір дәрежеде әкелетін жүйеге айналады. Біздің Торғайда табиғи ресурстар, тарихи ескерткіштер көп. Бүгінгі күні туризмнің инфрақұрылымы, қызмет көрсету деңгейі нашар дамыған, білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағатсыз жағдайы, туристердің біздің өлке туралы хабарының аздығы-міне, бұның бәрі туризмінің дамуына бөгет болады. Шыны керек, туризм индустриясын дамыту сан салалы жұмыстарды жолға қоюдан басталады. Ең бірінші біз өз өңірімізді Қазақстанның өзге өңірлеріне және шетелдіктерге барлық жағынан таныстыруымыз керек. Олардың қызығушылығын тудырып, туризмді дамыту туралы жаңа бағыттар ашу қажет.

         Зерттеу жұмысының өзектілігі бүгінгі күнгі өңірлік экономиканың өлкетану туристік бағытын дамытудағы Торғай өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштерінің  рөлін ашуға  негізделген.

Торғай өңірі жан-жақты зерттеуді, оның  туристік потенциалын анықтауды қажет етеді. Осыған сүйене отырып, бұл зерттеу жұмысында жаңа туристік маршруттар және алдағы уақытта іске асыруға болатын жобалар ұсынылды. Осы зерттеу  жұмысында Торғай өңірінде туризмді дамытудың  алғышарттары, яғни өңірдің географиялық орналасуы, тарихи-мәдени ескеткіштерінің орны қарастырылды.

Ұсынылған  зерттеу жұмысының  мақсаты Торғай өңірінде   туризмді  дамыту мүмкіндігіне талдау жасау, дамытуға мүмкін болатын туризм түрлерін бағалап, оларға  сипаттама беру,  ауданның тарихи-мәдени  ресурстарымен таныстыру, сонымен қатар өңірдің туристік саласына жаңалықтарды енгізу,  мұражайларды туризм саласында ықпалдастыру, өңірде экскурсиялық-танымдық маршруттарды қалыптастыру.

Жұмыстың міндеттері:

1) Торғай  өңірінде  туризмді дамытудың негізгі алғышарттарына талдау жасау, туристік маршруттар негізінде қарастырылатын тарихи-мәдени ресурстарын сипаттау.

2) Торғай өңірінің туризм саласына қатысты қолдануға болатын бағдарламалар ұсыну;

3) Торғай өңірі бойынша туризмді дамытудың мәселелеріне тоқталу.

 

Қорғауға ұсынылатын қағида:

Торғай өңірі аймағында тарихи- өлкетану туризмін дамытуға ықпал ететін бағыттардың  мүмкіншіліктері.

Тақырыптың зерттелу деңгейін ашатын болсақ, Қостанай облысы, Жангелдин ауданындағы туризм және туристік маршруттар жайында арнайы ғылыми, әдеби және тағы да басқа еңбектер жоқ. Алайда, Торғай өңірінің тарихы туралы ұлт зиялыларының көптеген еңбектерінен, мерзімді баспасөз беттерінен мол мағлұмат алынды. Сонымен қатар, осы зерттеу жұмысын жазу барысында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» ММ-нің директоры Сәрсекеева Гүлбану Құлетқызының жеке мұрағаттық құжаттары пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Табиғи ресурстар-Торғай өңірінде  туризмді дамытуға болатын алғышарттар.

Қоғамның материалдық, мәдени, тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы,ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады. Олай болса, Торғай аумағында туризмді дамыту үшін ең әуелі келушілерді табиғи ресурстармен таныстыруымыз қажет.

Торғайдағы су көздері. 

Торғай өзені — Шалқартеңіз алабындағы өзен. Ұзындығы — 825 км. Су жинау алабы — 157 мың км2.Қостанай облысындағы Жалдама және Қараторғай өзендері қосылған жерден басталып, Ақтөбе облысындағы Қаракөл көліне 8 км жетпей тартылып қалады. Аңғары өзен басынан Торғай ауылына дейін кең, ені — 40—60 км, жиегі жайпақ, жайьлмасы тегіс, одан ені — 10— 60 м бірнеше өзектер тарап, терендігі 2-6 м қарасулар пайда болады. Арнасының ені 45—100 м, Торғай аулынан төменгі сағасына дейінгі өзен аңғары (ені — 5—10 км) Тосын құмы өңірінде, бірте-бірте жайылмасы 0,5—1,5 км-ге, ал арнасы 40 м-ге дейін тарылады. Ірі салалары: Ырғыз, Сарыторғай,Қайыңды,Өлкейек, Қараторғай, Жалдама.Жауын-шашын, ыза суынан толысады. Жылдық орташа су шығыны Тосын құмы тұсында секундына 10,6 м3. Торғай өзеніне құятын, не одан тарайтын ағыңды өзендердің болуы және көптеген терең иірім қарасулардағы мол су қоры мал шаруашылығын, балық аулау кәсібін дамытуға қолайлы. Өзен жайылмасы шабындық, мал жайылымы.

Сарықопа— Тобыл алабындағы көл. Қостанай облысы Жангелдин ауданының жерінде. Тізбектеліп бір-біріне жалғасып жатқан шағын 5 көлден тұрады. Жалпы ауданы 336 км², су жиналатын алабы 17440 км². Орташа тереңд. 2 м. Көлдің батыс жағалауы түйетайлы, біртіндеп жазыққа ұласады, ал шығыс жағалауы биік (5 — 15 м). Көлге Теке,Сарыөзен өз. құяды. Су мол жылдары көл қазаншұңқырындағы су деңгейінен асып Сарысу, Тәуіш арқылы Торғайға құяды. Балыққа (мөңке, алабұға, қарабалық) бай. Суымен шабындық суғарылады.

Табиғи ескерткіштері.

Тосын құм - бұл Торғай өңіріндегі киелі құм. Халық Тосын құмды емдік шипа көзі ретінде пайдаланады. Көптеген туристтер құмға түсу рәсімін ұйымдастырып түрлі дене ауруларына шипа алады. Торғайдың Тосын құмы-Қошалақ құмы аталатын жерлерінің құмына дейін аса құнарлы екенін, қой малы қыстан тебіндеп-ақ шығатынын ел аңыз етіп айтады. Құмы сондай болғанда, басқа жерлерінің табиғаты да тамаша екені анық. 

Ыстық атпа шипалы суы- Торғай өңіріндегі орналасқан. Көлемі  70-80 метр судың температурасы жылдың төрт  мезгілінде де 35-40 градус ыстық болады . Бұл су, әсіресе, буын, бел ауруларына ем. Мұндағы балшықтың да өзіндік қасиеті бар.

       Сулы-батпақты өлке.  Бұл —  құстардың нағыз шоғырланатын жері. Өкініштісі, соңғы жылдары, су қоры азайып, көлдер тартылып жатыр. Сондықтан құстар аз.

       Киіктердің  мекені. Әсіресе, көктем мен күзде мұнда киіктен көз тұнатын көрінеді. Туристер киіктердің өсіп, өнетін аймағын, шөл даланы, бұрынғы теңіздің табаны болған жерді көргісі келсе, осы баруға болады.

       Флора 64 тұқымдастар мен 216 түрден тұратын 430 түрімен берілген: аса ірісі жұлдызгүл тұқымдастар (64 түр) – мыңжапырақты түймешетен, бөрте жусан, көбенқұйрық, сортаңды шұбаршөб және басқалары; алабұта тұқымдастар (29 түр), қияқөлең тұқымдастар (24 түр).

Жағалық-су өсімдіктерінен қамыс, қоға, түйнекқамыс, теңгебас, кербезгүл, оқжапырақ, су сарғалдағы, кірпібас, қырықбуын, мүк; нағыз су өсімдіктерінен – тұңғиық, балықот, шылаң, егеушөп, арамот, торсылдақ, мүйізжапырақ, харофиттердің 9 түрі және басым болатын кішкентай балдырлардың түрлері мен үлгілерінің 42 түрі байқалды

        Сүт  қоректілердің 29 түрі, құстардың 250 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі, қосмекенділердің 4 түрі және балықтың 10 түрі кездеседі.

Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген  сирек және жойылып бара жатқан құстардың 32 түрі кездеседі: қызғылт және бұйра бірқазан, қалбағай, қарабай, кішкентай аққұтан, қоқиқаз, кішкентай аққу, сұңқылдақ аққу, қызылтамақ қарашақаз, ақбас үйрек, ақтырна, көктырна, ақбас тырна, дуадақ, жорға дуадақ, безгелдек, тарғақ, сүйріктұмсық шалшықшы, қарабас өгізшағала, қарабауыр және ақбауыр бұлдырық, қолаңтөс, лашын, ителгі, аққұйрық субүркіт және ақиық субүркіт, бүркіт, қарақұс, дала қыраны, жыланшы бүркіт, балықшы тұйғын, үкі ұя салады.

Жер аумағы 37,6 мың км². Тұрғыны 16,2 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 0,4 адамнан келеді (2013). Аудан аумағындағы 45 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Торғай ауылы. Жангелді ауылының жері негізінен Торғай даласы деп аталатын шөлейт даланы алып жатыр. Солтүстік-батысытеңіз деңгейінен биіктігі 210 – 310 метр бойлық бағыттағы Теке, Қызбел, Жыланды және Қарғалы таулары орналасқан Торғай үстіртінің оңтүстік-батыс шетін қамтиды. Жер бедерінің жалпы еңісі оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай бағытталған.Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерін бойлай Айғырқұм, Тосын және Аққұмқұмдары жатыр. Кен байлықтарынан құрылыс материалдары кен орындары бар. Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық.

Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3759,7 мың га (2008), оның ішінде 27,8 мың га жері егістік, 90,2 мың га шабындық, 338 мың га жайылым. Жангелді ауданында жолаушылар мен жүк тасымалы республикалық маңызы бар Арал – Ырғыз – Торғай – Амангелді – Арқалық автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Әлеуметтік - экономикалық ресурстар- өңірдің туристік маршруттары ретінде.

Әлеуметтік-экономикалық ресурстарға тарихи-архитектуралық көрікті жерлер, нысандар, тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары, этнографиялық нысандар, мұражайлар, бірегей таңқаларлық техникалық құрылыстар нысандары жатады.

 

Тарихы. Торғай өзеннің жағасында 1845 жылы Орынбор деп аталған бекініс салынды. Әскер, орыс-казактар көшіріліп әкеліп қоныстандырылды. Торғай облысының құрылуына байланысты 1868 жылы Торғай уезі құрылып, ол уездік қала атанды. Бұл Торғай облысында болған 4 уездің бірі болды. Оған 11 болысқа бөлінген 65 ауыл қарады. 1897 жылғы санақ бойынша уезде 87 039 адам болған. Белгілі ағартушы Ыбырай Алтынсарин осында алғашқы қазақ мектебін ашты. Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтар сауаттарын осында ашты. 1916 жылғы ұлт-азаттық Торғай көтерілісі осында болды. Торғай қаласы кеңес тұсында Торғай ауданының орталығына айналды, кейін  Жангелдин атанды.

Торғай деген атпен 1868 жылы Орынбор генерал-губернаторлығының құрамында облыс құрылды. Орталығы Орынборда болды. Ол Қазан төңкерісінен кейін жабылды. 1970 жылы Торғай облысы ашылып, Арқалық қаласы облыс орталығы болды. 1988 жылы жабылып, 1991 жылы қайта ашылып, көпке бармай тағы да жабылды. Қазір Торғай даласында Қостанай облысына қарасты Амангелді, Жангелдин аудандары мен Арқалық қаласы бар. Мұнда Тосын құмы, балықты Ақкөл, Сарықопа қорығы, Қызбел тауы сынды табиғаты бай, аң-құсы көп жерлер бар.

     Мәдени- тарихи ескерткіштері. Ата-бабаларымыздан бізге мирас болған бай мұралары – туған өлкеміздегі әрқайсысы бір ғасырдың жүгін көтеріп, уақытқа сынын алдырса да сырын сақтап тұрған тарихи-мәдени ескерткіштер, қорымдар шебер бабаларымыздың, Торғай өңіріндегі халқымыздың ғасырлар ағымындағы тарихының тірі куәсіндей болған ескерткіштер Торғайдың тарихы тереңнен бастау алатыны жалпы жұртқа бұрыннан мәлім. Солай десек те, көпшілігіміз оны сырттай біліп, үстірт шолумен ғана санаға сіңірдік.

Олай болса, Торғай жерінде туристік – өлкетану бағыты бойынша мынадай туристік маршруттарды ұсынғанымыз жөн.  Жалпы туристік   маршрут дегеніміз (немістің marschrute деген сез мағынасында), туристер жүріп өтетін бағытты күні бұрын жоспарлау арқылы тарихи орындар мен мәдениет ошақтарын аралап танысуға бағытталған сонымен қоса табиғат ескерткіштерімен танысуға байланысты жол. Ал, Жангелдин ауданы аумағындағы  ең маңызды, көрсетуге тұрарлық тарихи-мәдени ошақтар мен ескерткіштер ретінде мыналарды қарастыруға болады.

 

 

·        Мұражайлар

 

1.     А.Байтұрсынов (Қарасу ауылы)

2.     К.Мырзабеков (Ақшығанақ)

3.     М.Дулатов (Саға ауылы)

4.     М.Дүзенов (Жаркөл ауылы)

5.     Қ.Жармағанбетов (Шилі ауылы)

6.     Еңбек Ерлері (Шеген ауылы)

7.     Н.Ахметбеков (Торғай селосы)

8.     Ә.Жангелдин (Торғай селосы)

9.     Ы.Алтынсарин (Торғай селосы)

10. Ахмет, Міржақып (Торғай селосы)

11. Шақшақ Жәнібек (Торғай селосы)

12. А.Қоңқабаев (Збан ауылы)

 

·        Мазарлар

1.     Ш.Жәнібек

2.     Сейіл (Құмшық)

3.     Міржақып (Бидайық)

 

·        Ескерткіштер

1.     Ұлт азаттық (Ақшығанақ)

2.     Ұлы Отан соғысы (Шеген ауылы)

3.     Алыптар алаңы (Торғай)

4.     Ә.Жангелдин (Торғай)

5.     Ы.Алтынсарин (Торғай)

6.     Ахмет, Міржақып (Торғай)

·        Кесенелер

1.     Сырлы там

2.     Хан

3.     Құл

4.     Шәкір тамы

·        Белгілер

1.     Еңбек ерлері

2.     Ғаппас

3.     Қыз емшек

4.     Туысқандар зираты

·        Мешіттер

1.     Оспан Қожа

2.     Жүзбай

3.     Қосмағанбет

4.     Нұрман

5.     Әлмағанбет

6.     Ақшығанақ

·        Қасиетті орындар, әулиелер

1.     Қазыбай

2.     Айкүміс

3.     Катен Дамолда

4.     Бәйті тамы

5.     Әулиекөл

6.     Назар Абыз

·        Тарихи орындар

1.     Татыр (Жаркөл ауылы)

2.     Партизан сайы (Торғай селосы)

3.     Торғай

4.     Тоңқайма (Ақшығанақ ауылы)

5.     Қарсақбасы (Ақшығанақ)

6.     Хан, Жалау (Ақшығанақ)

 

Дей тұрғанмен, келушілерге туристік маршруттарды ұсынғанда тарихи орындардың тек қана атауларын беріп қоймай, олардың қызығушылығын ояту мақсатында әр нысанның сипаттамасын қоса беруіміз керек. Мысалы, Ә.Т. Жангелдиннің тарихи-мемориалдық мұражайына қысқаша сипаттама:

    Кеңес дәуірі кезінде Қазақстан Республикасының Министрлер Советінің  төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың өкімімен 1984 жылы күзде Торғай қаласында екі қатарлы сәулетті ғимаратта Әліби Жангелдиннің ерлік істері мен өмір жолы, азаттық жолындағы тұлғаның замандастары мен үзеңгілес серіктері, сарбаздары мен сол кездегі қоғамдық өмірдегі маңызды мәселелерді қамтыған деректер мен дәйектер қамтылып – осы Торғай өлкесіндегі төңкеріс тұсындағы ерлердің күресі, бостандық пен азаттық сүрлеуіндегі талмай жүргізілген күрестің негізгі жүйесі мұражайда кеңінен қамтылған. Әсіресе Торғай елінің басынан өткен қилы кезеңнің көріністері мұражайдағы жеті залды толық қамтыған әрі ол нақты құжаттармен сарытал болып сарғайған мұрағат қаттамаларымен мұнда келушілердің жүрегіне отаншылдық, ұлтын сүюшілік, туған ел мен жерін қастерлеу, өткенді бағамдеп бағалай білу, аталар дәстүрі мен ісіне адалдық – ең бастысы Қазақстан атты байтақта бақытты еліне деген шынай сезімге бөленеді.

Осы мұражайдың 7 залды қамтысақ: «Жол саяхаты», «Балалық шағы», «Этнографиялық бөлім», «Шалқар сапары және Ұлтазаттық көтеріліс», «Қызыл керуен», «Коллективтендіру дәуірі», «Ұлы Отан соғысының отты жылдары», «Тың және тыңайған жерлерді игеру» тұсындағы нақты істер,  «Ұлы Жеңіске – 65 жыл» деп аталатын бөлімен жалғаскан. Осы залдағы мәңгілік алау, басында мұражайды тамашалаушылар ерекше тебіреніске бөленеді.

Бұл мұражай тек аудан мен оның елді мекенін, халықтың дәстүрі мен салтын, заман ағымына сай өсіп өркендеуі, қилы да қиын кезеңдерден арқау тартумен шектелмей тұтас Қазақстан Республикасының 1916-1991 жылдар аралығындағы кезеңді тұтас қамтыған. Онда ер тағдыры мен ел тағдыры, ұрпақтар сабақтастығы жалғасын тапқан. Бір тұтас Торғай өлкесі, Қостанай аймағын өткенмен сабақтастырып, бүгінгі күнге араластырып, ертеңгі болашағына жалғастырар тіні – алтын арқауы.

3-әкімшілік бөлме, кинозал және қор сақтау бөлмесі бар. Мұражай ғимаратының жалпы көлемі - 477,6 шаршы метр. Экспозициялық бөлмелердің көлемі - 251,4 ш.м. Қор сақтау бөлмесі - 22 ш.м                                                                                                                                           

                                                                                                                                               

 

   Ы.Алтынсариннің мемориалды-педагогикалық  мұражайының қысқаша сипаттамасы.

 

Дарынды педагог,салиқалы ағартушы.ұстаз, аудармашы, ақын,өз тұсындағы қоғам қайраткері, елін сүйген ұлтжанды азамат 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қазақ балаларына арналған 4-сыныптық орыс-қазақ мектебін салдырып, ашып – өзі дәріс беріп ұстаздық жолға түседі. Ал осындай өлкеде халқын, келер ұрпағын өнер мен білімге жетелеген ардақты атамызға арналған мұражай өткен ғасырдың сексенінші жылдарының алғашқы жартысында, ұстаз атындағы мектеп бітірушілер мен сол мектепте  Ыбырай жолын қуған ұстаздардың қолдауымен пайдалануға берілді.

Ыбырай Алтынсарин мұражайының  әр залынан өлкенің зиялы қауымы пір тұтқан Ыбырай бастаған ұстаздар тізбегінің екі ғасырға астасып жатқан өлшеусіз құнды ісіне куә боламыз. Осы мұражайдағы әр залдан өлкенің зиялы қауымы пір тұтқан Ыбырай бастаған ұстаздар тізбегінің екі ғасырға астасып жатқан өлшеусіз құнды ісіне куә боламыз. Осы жердің өзге өңірден өнер мен білімге, мәдениетке жоғары денгейге  көтерілуіне Ыбырай жаққан білім шырағының  маздағанына куә боласың. Нақтылай айтқанда Торғайдан мектепте білім алып, ғылым мен өнер әлеміне, әдебиет пен творчестволық үлкен деңгейге жеткен, қазақ деген халықтың даңқын асқақтатып, тұлғасын биіктеткен 100-ден астам ғылым докторлары мен кандидаттары, ондаған ақындар мен әнші жыршы, сазгерлері қанаттанғандығын осы мұражайдағы бай мұрағаттар мен құнды деректер толықтырады.

Мұражайдың  әр залының өзіндік атауы бар.

1.     Мұражай тарихы

2.     Шығыс жұлдыздары. Далалық оқу мен мұсылманша сауаттану

3.     Ыбырайдың ата-тегі. Балалық шағы мен білім алған ордасы

4.     Ыбырай ағартушы –педагог, баспагер және оның достары

5.     Ыбырай ашқан мектептер тарихы, ізбасарлары мен шәкірттері

6.     Ыбырайға тағзым немесе құрмет

Мұражайда 6 экспозициялық залы, 3 әкімшілік бөлме, 1 акты залы бар.

Мұражайдың жалпы көлемі – 391,9 ш.м

Экспозициялық бөлме көлемі – 303 щ.м

А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби мұражайының қысқаша сипаттамасы

     Кешегі өткен ғасырдың сойқанды кезеңдерінің айшықты ізіне айналған репрессияға ұшырап, кеңестік дәуірдің тотаритарлық жүйенің қылбұрауына түскен;  тұтас қазақ деген ұлттық қос арысы  елін, жерін, тілін, дінін, ділін, тегін, дәстүрі мен салтын ортақтап өткен Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовқа арналған.1991 жылдың 8 маусымында Республикалық деңгейде Торғай қаласында Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовқа арналған ғылыми теориялық конференция өтті. Оған да Республиканың ғылым академиясының білікті де бірегей ғалымдары, Германия мен Венгрия, Түркия, Рессей, Украина, Өзбекстан, Азербайжан, Қырғыз республикасының әдебиет пен өнер, мәдениет, тіл мен діл мамандары қатысты. Қос арыстың  туған еліне оралу салтанатына орай Республикада  тұңғыш рет Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың есімдері мен еңбектері елімен 50 жылдан астам уақыттан кейін қайта қауышуына орай мұражай кешені көрікті жерден салынып орын тапты. Оны жабдықтау тұтас мұражайды құнды деректермен, асыл азаматтардың тұтынған заттары мен мүліктері, олардың еңбектері жинастырылып ел кәдесіне ұсынылды.

Бұл мұражай өнер мен білімге ерте талпынған Торғай елі азаматтарының тұтас Қазақстанға кеңінен мәлім болған тұлғалар еңбектері мен бюстерімен толықтыра түсті.

Аталған мұражай алдында қос Арыстың қоладан құйылған биік тұғырдағы ескерткіш мұнда келушілерді еріксіз өзіне тартады. Мұражайдағы бай экспонаттар мен құжаттар, мұрағаттар араға 60 жыл салып халық игілігіне мәдени өміршең мұрасына айналды. Мұнда Ахаң мен Жақаңның балалық шағымен басталған дерек пен дәйек олардың сонау өткен ғасыр басындағы  қоғамдық өмірдегі - тәуелсіздік пен бостандық жолындағы  ұлы істерін көз алдыңа  елестете алатын нақты құжаттар мен заттай айғақтармен қауышасың. Қос арыстың бірі ұйқыдағы елін өнер  мен білімге, өркениетке үндей «Маса» боп ызылдап  жар салып  ілгері  сүйресе, бірі «Оян қазақ» деп ұрандап- ХХ ғасыр басында –ақ елін езгіден, отаршылдықтан, бостандықтан шығуға шақырады. Міне, қос арыстың мұражайы осындай символдық ырғақпен бастау алып өздері  өмір сүрген ортадағы қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Кұдайбердиев сынды ұлылармен тізе қосып ел болашағы, халықтың келешегі, ұрпақ алдындағы борышты жете сезінуге үндейді.

Бір атап өтерлік жай Ахаңның қызы Шолпан анамыз бен, Міржақып Дулатовтың қызы, қазір ортамызда жүрген Гүлнар Дулатова кейуананың мұражайды жабдықтауда қосқан үлестері өлшеусіз. Сол сияқты Ахаң мен Жақаңның көзін көргендер мен жақын жұрағаттарында 60 жыл бойына сандық түбінде жасырын ұсталған заттарымен құнды еңбектері, олар шығарған  «Қазақ» газетінің тігінділері де осы мұражайдан лайықты орын тапты. Сөйтіп Ахаң мен Жақаң мұражайы тұтас республика көлеміндегі бірден -  бірегей мұражай ретінде танысып отыр. Енді осы мұражай негізінде Торғай зиялыларының еңбек өмір жолдары түзелді.

Енді осыларға тоқталсақ

Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов ең алдымен қазақ деген арда халықтың біртуар азаматы ғана емес, тұтас халықтың көшбастар көсемі. Ахмет ең алдымен ұлттың ұйтқысы.Тұтас қазақ халқының рухани жетекшісі. Ол ең алдымен қазақ мемлекетінің тұтастығы мен дербестігін алға тартқан ұлтының жоқшысы. Білім дариясының реформаторы қазақ граматикасы мен марфологиясының іргесін қалап, керегесін керіп, уығын қадап, шаңырағын көтерген ғалым. Тіл білімінің негізін нық қалаған ұстаз. Сонымен қатар Ахаң теңдессіз тарихшы, ғұлама ғалым, ойы жүйрік ақын, қаламы ұшқыр жорналшы, елдің мұңын жырлаған публицист, аудармашы, ол әрі тарихшы, фольклоршы. Ахаң қоғам қайраткері, әрі сөзге ұста дипломат. Міне, осынау қасиеттерді өн бойына туған топырағынан ана сүтінен алып өрбіткен ғұлама- ең алдымен туған елінің тәуелсіздігі үшін жанын қиған есіл ері. Ал Ахаң өрнектеген өнегелі өмір жолымен халқына арнаған өлшеусіз қызметі қандай?  Міне, біздің мұражайдан оған келушілер нақты жауап ала алады. Өйткені мұражайдағы  әр зал  кезең- кезеңімен Ахаңның өмір жолымен қызметін толықтырып салмақтандыра түседі.

Сол сияқты Жақаң - Міржақып Дулатовтың тағдырымен алапат ғасырдың аласапыран тұсындағы өрескел озбырлы партократтардың әрбір, іс қимылымен  халыққа көрсеткен қиянатына  қарсы өршіл күресі- Жақаңның әдебиетші, ақын, алғашқы романшы, педагог, аудармашы әрі жорналшы ретінде сомдалып, оның  тұлғасын биіктете түсетінін, біздің  мұражайда болған әр  адам  айқын сезінеді. Тіпті Гүлнәр  апай ұсынған  Жақаңның  қолы тиген мүліктер мен айдаудағы, тұтынған  заттары да қайсар жанның  елін шын сүйгендігін шынайы аша түседі. Міне, осы  мұражайды аралағанда  тұтас Торғайдан түлеп ұшып бүкіл әлемге танылған, одаққа  аты  мәшһұр болған ірі  тұлғалы ғалымдар, ақындар мен  жазушылар, өнердің хас шеберлері, музыка әлемінің көгінде көрінген жерлесіміз Бақытжан  Байқадамов  бастаған сазгерлер ілегі , әнші мен жыршы мемлекет және қоғам  қайраткерлерімен жүздесеміз. Олардың елге сіңірген еңбегі, кейінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасымен қауышамыз. Сонау  Күдері, Доспол шендерден  бастау алған ұлы көш тізбегі – Есенжол, Нұртаза, Әбіқай болып кейінгі топтың шоғырын толықтыра түседі. Айтыскер ақын Торғайдың топжарғаны  Нұрхан Ахметбеков, бір өзі  бір академиялық білім көшін көтерген  Қайнекей Жармағанбетов, мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков болып жалғасын тапса  осы тобырдың өзі  тұтас бір шоғырды құрайды. Яғни, өнерлі, өркениетке ерте қол созған өлкенің  зиялы  тобының ілегі тіпті көп. Соның бәрі -  бәрісі рет-ретімен мұражайда орын тепкен. Міне, мұражайға келген Торғайдың әр азаматы  елдің, жердің өнердің қайнар көзіне айналған аймақтың өткеніне тамсанып,  тағзым етсе, бүгінгі көзі тірі ел мақтанышына айналған ұл-қыздарының есімдерін ілтипатпен айтады. Олардың әрбір жақсы  істерімен  халқына  ұсынған еңбектерінен мағлұмат алады.

Мұражай бөлмелері мынадай бөлімдермен аталады:

1.     Мұражай тарихы

2.     Қос арыс

3.     Ұрпақтары

4.     Ақындар

5.     Қоғам қайраткері

6.     Жазушылар

7.     Журналистер

8.     Сыйлықтар бөлмесі

Мұражайдың жалпы  көлемі – 315,0 ш.м

Экспозициялық бөлме көлемі – 305 ш.м

Әкімшілік бөлмесі – 18 ш.м

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы 2-қыркүйекте Ахаң -Жақаң мұражайында болып өз қолтаңбасын қалдырған болатын «Торғай өңірінде өсіп, еліміздің қамын ойлаған ұлы ағаларымыз Ахаң мен Жақаңның ой-өрісіне,  арманына  сай болайық.

 Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағын тік ұстап ел болу үшін, осы ағаларымыз армандаған қазақ елінің бірлігі керек. Бірлік болмай, тірлік болмас деген бабаларымыз. Өлке тарихын, ел тарихын баяндайтын музей  қызметкерлерінің  жұмысы өте сайлы және табысты болсын.

                                             Президент    Н.Ә.Назарбаев               

02.09.1992 жыл

 

Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы мұражайының  қысқаша сипаттамасы

 Сонау ертеден қазақ жерінің үлкен бір бөлігі Торғай атырабының тұтас әлемге танылуы Қошқарұлы Шақшақ Жәнібек тархан заманынан бері айбындана түсті. Торғай тарихында ғана емес – тұтас қазақ елінде бабамыз Шақшақ  Жәнібек батырдың өшпес ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып жалғасып 300 жылдан – яғни, үш ғасырдан кейін бүгінгі ұрпақпен жалғасын табуда. Оған дәлел тәуелсіздіктің таңы атқан өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында – нақтылай айтсақ, 1993 бүгінгі Торғай қаласында батыр бабаның 300 жылдық мерейлі тойы республикалық деңгейде – аталып өтті. Батырға арналған ғылыми-практикалық конференцияға Республика ғылым академиясының сол кездегі президенті – марқұм Өмірзақ Сұлтанғазин бастаған ғалымдар қатысып – батыр, мәмілегер, дипломат, әрі шешен, әрі би – қарадан шықса да хандық дәрежеге атақ даңқын халқы жеткізген біртуар перзентіне елдің еңсесі көтерілер мерейтойы лайықты өтті.

Халықта «тойдың болғанынан боладысы қызық» деген қағида бар. Осы тұрғыдан келгенде осы мерейтой қарсаңында ауданның сол кездегі ел басқарған азаматтары Ресейдің Петербург, Мәскеу, Орынбор, Омбы қалаларындағы мемлекеттік мұражайлары мен мұрағаттарында болып құнды хаттамалар мен құжаттар, фотосуреттер көшірмесін түп нұсқадан алып игі шараның басталуына жол ашты. Сонымен қатар сол мерейтой қарсаңында Шақшақ Жәнібек мұражай ғимараты ұлттық өрнек пен үлгінің негізінде салынып күмбезді ғимарат бой көтерді. Осы мұражайды құнды деректермен толықтырып түзеуде, батырдың Абылайхан тұсындағы жоңғарлармен ұрыс кезіндегі қалмақ батыры жекпе-жегін бейнелеген үлкен зал жабдықталды. Оны тамашалаушылар сол үш ғасыр бұрынғы қазақ даласындағы ел мен жер үшін, Тәуелсіздік пен Егемендік үшін күрестің қандай дәрежеде өткендігін жүрек түкпірінен сезіне алатындай әсерде қабылдай бастады. Бұл әрине кейінгі ұрпақтың қазіргі тәуелсіздік таңы атқан тұста өз орнын, отанын ардақтап, ұлттық сезімімен ұштастыра алатындай деңгейге жеткізгендігін оған келушілер шынайы, жүрекжарды лебізімен білдіріп ондағы естелік киіз кітапқа қалдыруда.

Мұражайдағы құнды деректермен қатар батыр бабанын ұрпағы Әбдірашит Бектемисовтың жұбайы Ғалия жеңгеміз Шақшақ Жәнібек батыр туының қиындысын және осы батырдың туының негізі жөніндегі хатты ұсынды. Ел аузындағы, көнекөз қарттар аузындағы әпсаналар жинақталды. Бұл тек Торғайдың тарихы ғана емес, тұтас Қазақстан Республикасының тарихына қосылған алтын қор, өшпес – мәдени мұрасы.

Мұражайда  4 бөлімнен тұратын 3 экспозициялық көрермен бөлмесі, 2 әкімшілік бөлмесі бар. Мұражайдың жалпы көлемі – 380,4 ш.м  Экспозициялық бөлме көлемі – 305 ш.м.  Әкімшілік бөлмесі – 18 ш.м

Байқасаңыздар, Торғай өлкесі туристік маршрут ретінде шын мәнінде ұсынуға болатын бірегей өлке. Сондықтан,   туризм саласында дүниежүзілік тәжірибені, ғалымдар болжамын ескере отырып, өлкеміздегі туристік бағыттарды ашып,  дамытуға күш салуымыз керек. Жалпы, тарихи, мәдени байланыстар халықтың пиғылын, мемлекет азаматтарының ой — өрісін көрсетеді. Тарихи мұрағаттар да, оны туристік маршруттар арқылы жарнамалау да  болашаққа қызмет етеді, стратегиялық идеяларды жүзеге асыруға тартылар көпір болады.

 

 

 

 

 

 

3. Торғай өңірінде туризмді дамытуға арналған жобалар.

Торғай өңірінде туризмді дамытуда өңірдің тартымдылығын анықтайтын мәдени-тарихи мұра ескерткіштері мен бірегей табиғи объектілерге бай территория екенін айқындадық деп айтсақ та болады. Олай болса, өңірдегі туризмді дамытуға мынадай жобаларды ұсынамын:

- Жергілікті ұйымдарды(«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының белсенді тобы, «Жас Отан» жастар қанаты) туризмнің дамуына үлес қосуға қатыстыру;

- Әр түрлі тақырыптарда  экспедициялар  ұйымдастыру;

- Туристік – ақпараттық орталықтардың Торғай өңірінде де құрылу мүмкіндігін қарастыру; 

- Торғай аймақтарын дамыту бойынша жоспарлар құру, туризмді дамытуға бағытталған шаралар жүйесін жасау;

- Өңірдің тарихи мәдени мұрасы негізінде брендті өнімді шығару;

- Мәдени мұраларды сақтау шараларын өткізу;

- Салауатты өмір салтын үгіттеу бойынша шаралар өткізу;

-  - Торғай өңірінің презентациялық туристік жобасын цифрлық тасымалдаушыда басып шығару және өңдеу;

- Бұқаралық ақпарат көздерінде туристік жарнамаларды дамыту, тарату, ақпараттық роликтер шығару;

- Мектептерде өңірлік туризм жөнінде сынып  сағаттарын өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақ даласының топырағын түрте қалса­ңыз, бағзы кезеңнен шежіре шертетін қанша­ма құнды қазынаны табуға барлық мүмкінді­гі­ңіз бар. Бұл біздің туған өлкеміздің тарихы тереңнен тамыр тартатынын айғақтай түседі. Шындығын айтқанда, кейбір шетелдік ғалым­дар оны көзге ілгісі келмей, қазақтың өткен өмір жолдарын бергі кезеңдегі төрт-бес ғасыр­дан бастағысы келеді. Бүгінгі күні жер көле­мі жөнінен әлемде тоғызыншы орын ала­тын Қазақстан жерін кезінде ата-бабалар үнемі аттың үстінен түспей, кірпік қақпай, түн ұй­қысын төрт бөліп, бүгінгі ұрпаққа аманат етті емес пе? Олай болса, бүгінгі таңда тарихымызды әлемге паш ететін туристік бағытты дамытудың орайлы сәті туып отыр. Торғай өңірінде  туризмді дамытудың өзіндік мәселелері болғанымен, олар жалпы Республиканың мәселелерімен сәйкес келеді. Ең әуелі бұл салада жүйелі жұмыс, дәйекті зерттеу қажеттігі айқын. Кеңістігі жетерлік даламыздың айтылмаған сыры, ашылмаған жері жетіп жатыр. Егемен тұста ел ескерер тағы бір тағылым- барды бардай, азды көптей сезіне білу. Заман түзелгеннен бері бәрі орнына қайтып жатыр. Қазақ- қазақшылығына мақтанатын болды. Өткеннің бәрі салауат десек те, елдігін сақтаған елдің санаулы болғанына тағы да шүбә келтірмейміз. Соның бірі біздің Торғай елі. Енді жаңаша қимыл, жаңаша ойлаудың орны ерекше. Ең алдымен, қолға тигенді жетілдіру, бастаған істі баянды ету қажет.  Біздің қасиетті мекеніміз Жер анасы-Торғайдың кіндігі үшін, даламыздың даналығын әлемге паш ететін, сонымен қатар Жангелдин ауданының әлеуметтік-экономикалық саласына оң өзгерістер әкелетін тарихи дүниемізді жаңғырту, төрткүл дүниеге ашық туристік маршруттарды дамыту- қазіргі заманның күттірмес талабы деп түсінген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі


1. Никонова Г.Н. «Краеведение».-М., 1984.
2. Астапенко П. Д. Вопросы о погоде. - Л., Гимдрометеоиздат, 1987
3. Громов Г. Методика этнографических экспедиций. М., 1966.
4. Ердавлетов С. Р. Достопримечательные места Казахстана. - Алма - Ата: Знание, 1988.
5. Ю. С. Накатков . История туризма в Казахстане. 2001
6. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы

7.Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005

8. Д.Әбдібек [Өлкетану мұражайы туған өңір тарихын насихаттайды], Қостанай таңы. 2001 ж 17 тамыз.

9. Е.Әбдіхалықов [Ескеркіш - халық еншісі], Торғай таңы. 1988ж. 5 ақпан.

10. Ж.Әнесұлы [Торғай қаласындағы Ш.Жәнібекке арналған бейнелі кескіндеме ашылу салтанатынан], Ауыл тынысы.1993ж. 4 қыркүйек.

11. Х.Мұсабаев [Мемлекет қамқорлығына алынған тарихи ескерткіштер қалпына келтірілді], Қостанай таңы. 2003ж. 9 қыркүйек.

12. Ө.Омарұлы [Ескерткіштерге қамқорлық керек], Қостанай таңы. 2006ж. 24 қазан.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жангелдин ауданында туристік маршруттарды дамыту мүмкіндіктері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Туризм – экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады. Қазақстанның туризмін экономиканың басымдылыққа ие саласы ретінде қарастыруға болады. Елімізде туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартуға мол мүмкіндік аламыз.

 

Республикада туризм мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қабылдануда. Шетел тәжірибесінен белгілі болғандай егер мемлекет тарапынан дұрыс және тиімді саясат жүргізілетін болса, туризм өзін өзі қамтамасыз ететін және де бұл нарықтың белгілі бір дәрежеде әкелетін жүйеге айналады. Біздің Торғайда табиғи ресурстар, тарихи ескерткіштер көп. Бүгінгі күні туризмнің инфрақұрылымы, қызмет көрсету деңгейі нашар дамыған, білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағатсыз жағдайы, туристердің біздің өлке туралы хабарының аздығы-міне, бұның бәрі туризмінің дамуына бөгет болады. Шыны керек, туризм индустриясын дамыту сан салалы жұмыстарды жолға қоюдан басталады. Ең бірінші біз өз өңірімізді Қазақстанның өзге өңірлеріне және шетелдіктерге барлық жағынан таныстыруымыз керек. Олардың қызығушылығын тудырып, туризмді дамыту туралы жаңа бағыттар ашу қажет.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2015 2194
    • DOCX 51.8 кбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Култанов Женис Габдумаликович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Култанов Женис Габдумаликович
    Култанов Женис Габдумаликович
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20102
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции