Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Жаныңда жүр жақсы адам
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Жаныңда жүр жақсы адам

библиотека
материалов

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: І59_ Мерзімі:_09.04.2016 №:_28

Тақырып:_Жаныңда жүр жақсы адам

Құндылық:_Сүйіспеншілік

Қасиеттер:_адалдық, өзара қамқорлық.

Мұғалім:_Төлеген Майра Сынып:_6 Оқушылар саны:_15

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамды жақсы жаққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік; оқушыларды адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас, ынта-ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету;

Дамытушылық; оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға, мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік; оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа,сыпайылыққа тәрбиелеу.


Сабаққа пайдаланатын

құралдар:

Слайт,

аудио

музыка,

фото суреттер,

видео – ролик,

түрлі- түсті қағаз, қарындаштар,

мақа- мәтелдер, т.б.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр енды сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұрды бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру

  • Мейірімді әже неліктен ауыр сөз айтуға мәжбүр болды?

  • Немересінің әжесі айтқан бір ауыз сөзді ұмытпай жүруінің маңызы неде?

  • Өздеріңнің де жақын адамдарыңнан қатты сөз естіген кездерің болды ма?Қандай жағдайға байланысты?

  • Адам бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?

  • Қандай қасиеттер адамның мерейін үстем етеді?

Сабақтың барысын талқылау:

Дәйексөз

Биік төбеге шықсаң ,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңілің ашылады.

М. Әлімбаев

  1. Мақалдың мағанасын қалай түсінесіздер?

  2. Өздеріңіз жақсы адамдар туралы тағы қандай мақал – мәтелдер білесіздер?



Әңгімелесу (сұхбат)


  • Айналасындағы адамдардың жақсылығын қалай сезінесіздер?

  • «Жаныңда жүр жақсы адам»дегенді қалай түсінесіңдер?


Сергіту ойны

Оқушылар көңілді күй әуеніне баріміз бірге біилейік.


Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс

«Жақсы да жаттық жоқ» тақырыбына эссе жазу


Топпен ән айту

Жақсы адамдар               

Әні мен сөзі: Айбек Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар .

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар. Қайырмасы:


Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Қайырмасы:


Қортынды:

Осы ретте Сүйінбай Аронұлының:

Жақсы адам – елінің серкесіндей,

Халқының қалын жүндей көрпесіндей.

Жақсы болар баланың жүзі жылы,

Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.

Жақсының айтқан сөзі тиянақты,

Түйенің аумайтұғын өркещіндей,

Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,

Жасынан бірге өскен еркесіндей, –


Үйге тапсырма беру

Базар жыраудың «Атасы жақсы қандай-ды» өлеңін жаттап келу.

Бағалау

Сабаққа белсене қатысқандарыңа көп рахмет!




Автор
Дата добавления 28.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров193
Номер материала ДБ-101678
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх