Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "ЖАНУАРЛАР БАҒЫНА САЯХАТ" АШЫҚ САБАҚ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"ЖАНУАРЛАР БАҒЫНА САЯХАТ" АШЫҚ САБАҚ

библиотека
материалов


Тобы: Ортаңғы топ

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология, қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Жануарлар бағына саяхат.

Мақсаты: Қазақстандағы жабайы аңдар туралы және Антарктида мен Африка сияқты ыстық елінің жануарлары туралы білімдерін кеңейту және бекіту. Жануарлардың тіршілігі мен қалай қозғалып, қандай дыбыс шығыратындығы туралы қарапайым ұғымдарын қалыптастыру. Жануарлар әлеміне танымдық қызығушылығын, тілектестік, қамқорлық сезімін ояту. «Қызыл кітап» туралы түсінік беру. Жеке және топта жұмыс істеу дағдыларын бекіту.

Көрнекіліктер:Слайд-жабайы жануарлар, жануарлар жұмсақ ойыншықтары, Африка мен Антарктида бейнеленген суреттер, жануарлардың суреттері.

Таратпа материалдар: .Балаларға таратпа дидиктикалық ойындар

Әдіс-тәсілдері: 1. Қызығушылығын ояту, миға шабуыл.

2. Дидактикалық ойындар

3. «Тірек сөздер» арқылы әңгіме құрастыру

4. Көрнекілік

5. Рефлекция (қорытынды жасау)

Сөздік жұмыс: Алдын ала «Африка» мен «Антарктида» сөздеріне түсінік беру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

Тәрбиеші: Сәлемесіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сендерді бүгін жабайы жануарларды көруге шақырамын. Ал жабайы жануарларды қай жерден көруге болады? (Орман, цирк, жануарлар бағы, теледидар,..) Ендеше, балалар, біз бүгін жануарлар бағына саяхат жасаймыз. Саяхатты бастайық. Жануарлар бейнеленген слайд көрсету. (Балалар жануарларды, олардың мекендейтін жерін, қылықтарын естеріне түсіріп атайды)

Балалар, кәне, саяхатты әрі қарай жалғастырайық. Қараңдаршы, жануарлар жасырынып өздерінің көлеңкелерін ғана қалдырыпты. Жануарлардың көлеңкелеріне қарап, жануардың өзің атап көрейікші.

(Балалармен «Жануардың көлеңкесін тап» дидактикалық ойыны жүргізіледі)

Балалар, әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Жануарлар бізден көмек сұрап тұрған сияқты. Африка мен Антарктида жануарлары адасып, әр жануар өз еліне қайту жолын таба алмай тұр. Ыстық елдің жануарлары суыққа төзбейді, суық жақтың жануарлары ыстыққа шыдамайды. Балалар, әр жануарға өзінің тұратын жағын көрсетейік. (Балалар жануарларды «Африка» мен «Антарктида» суреттерінің астына бөліп орналастырады)



Балалар, бізге қонаққа көңілді пингвиндер келді, олармен билеп көңіл көтерейік. (Балалар интерактивті тақтадан қарап, «Көңілді пингвиндер» сергіту сәтін орындайды)

Балалар, жануарлар бізбен тағы да ойнағысы келіп тұрған сияқты.

(«Не артық?» дидактикалық ойыны жүргізіледі)

Жануарлар тағы да жасырынып тұр. Бізге енді оларды дауысы бойынша табуды өтінді.(Балалар жануарларды дауысы бойынша ажыратады)

Балалар, сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма? Қандай жануарларды кездестірдік? (орманда, ыстық елдерде, суық жақта тұратын жануарларды)

Балалар, қазіргі кезде жойылып кету қаупі бар сирек кездесетін жануарлар бар. Оларды «Қызыл кітапқа» жазады. Балалар, жануарлар жойылып кетпес үшін не істеу қажет? (Ормандар егу қажет, жануарларға қамқор болу, табиғатты ластамау керек..)

Балалар, сендер бүгін өте ақылды, зерек, көңілді болдыңдар. Сендерге көп рахмет. Мен сендерге саяхаттан естелік ретінде жануарлардың суреттері бар боямақтар беремін.























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров381
Номер материала ДВ-498667
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх