Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Жануарлар селекциясы

Жануарлар селекциясы



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Күздік жұмсақ бидайлар[өңдеу]

1. "Богарная-5б" бидай сорты — Қазақтың В.Р. Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институтында өсіріліп шығарылған. Бұл үшін ("Юбилейная осетин х Амфидиплоид JIB-1") "х Безостая-1" будандастырылған. Авторлары: Т.Г. Зусманович, Р.А. Оразалиев, П.Ф. Федоров, М.П. Сейфуллина.

2. "Красноводопадская-210" бидай сорты — Красноводопад мемлекеттік селекциялық орталығында (Шымкент облысы) шығарылған. Екінші ұрпақта ("Красноводопадская-49 х Би-ма-1") "х Безостая-1" сортымен будандастыру арқылы алынған. Авторы — А.Ф. Марко.

3. "Алматинская полукарликовая" бидай сорты — Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында ВИР-дің Италиядан өкелінген 213708 үлгісін "Безостая-1" сортымен будандастырып шығарған. Авторлары: Т.Г. Зусманович, Р.А. Оразалиев, П.Ф. Федоров, С.И. Испанов, М.П. Сейфуллина.

Бұлардан басқа: "Южная-12", "Прогресс", "Жетісу", "Қарлыгаш", "Эритроспермум-350", "Стекловидная-24", "Сапалы", "Алмалы", т.б. бидайдың сорттары егілді (92-сурет).



Жаздық жұмсақ бидайлар[өңдеу]

4. "Казахстанская-3" бидай сорты — қазақ егішілік ғылыми-зерттеу институтында "Безостая-1" "х Казахстанская-126" сорттарын бұдандастырып, оның үшінші ұрпағынан жеке-дара сұрыптау арқылы шығарылған. Автолары: Н.Л.Удольская, Г.Л.Банников, М.П. Сейфуллина.

5. "Шортандинская-25" бидай сорты — Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында "Саратовская-36 х Лютесценс- 38" сорттарын бұдандастыру жолымен шығарылған. Авторлары: В.И. Кандауров, В.К. Мовчан, JI.M. Городилова, Г.А. Лаке.

6. "Целинная-21" бидай сорты — Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында "Ласточка х Саратовская-29" сорттарын будандастыру әдісімен шығарылған.

Бұлардан басқа: "Казахстанская-4", "Казахстанская-10", "Арай", "Казахстанская-15", "Казахстанская-25", "Лютесценс-90", "Акмола-3", "Целинная-Зс", "Карабалыкская-90", т.б. жаздық бидайларының сорттары егіледі.



Жануарлар селекциясы және оның жетістіктері[өңдеу]

Жануарлар селекциясында қолданатын жалпы әдістер, өсімдіктер селекциясына ұқсас болғанмен, олардың өз табиғатына байланысты ерекшеліктері бар. Ауыл шаруашылығы малдары тек жынысты жолмен көбейеді. Олардан қолдан жасанды жолмен мутация алуға болмайды. Алынған жағдайда олардың тіршілік қабілеттілігі төмен және әр түрлі ауруларға бейім келеді. Жануарлар селекциясында экстерьерлік (лат. eksternus— сыртқы) белгілері бойынша сұрыптау жүргізеді, яғни олардың дене кұрылымы мен әрбір мүшесінің бір-біріне үйлесімділігі негізге алынады. Сұрыптаудың екініші түрі — ұрпақтары бойынша сынау. Бұл әдісті жануарлардың тұқымын жақсарту мақсатында қолданады. Мысалы, тауықтың жұмыртқалағыштығын арттыру үшін қоразды таңдап алып, мекиенінің (аналық) ұрпақтарының жұмыртқа әкелу өнімділігін, аналықтан алынған ұрпақпен және тұқымның орташа өнімділігімен салыстырады. Егерде мекиеннен алынған ұрпақтардың өнімділігі жоғары болса, онда қоразды аталық ретінде тұқымдарын асылдандыруға қолданады. Қазіргі жануарлар селекциясының негізін салушы ғалым М.Ф. Иванов ұрпақтары бойынша сынау арқылы жоғары өнім беретін Украинаның далалық ақ шошқа тұқымын және Аскания-1 қабанын алды. Бұдан баска жүнінің сапасы жоғары Аскания рамбульесі қойының тұқымын және сүтті бағыттағы ірі қара малдың Кострома тұқымын шығарды.



Қазақстандағы мал тұқымдары[өңдеу]

Қой тұқымдары: Қазақтың арқар-мериносы. Бұл академик М.Ф. Ивановтың ұсынған әдісі бойынша биязы жүнді қойды таудың тағы арқарымен бұдандастыру арқылы шығарылған, дүние жүзіндегі бір ғана қой тұқымы. Қазақтың арқар-мериносын шығаруда, негізінен, шағылыстырудың сіңіре будандастыру және зауыттық будандастыру тәсілі қолданылды. Үшінші үрпақтың будан қошқарлары қандас саулықтарымен (ата жанынан қуғанда) шағылыстырылады. Осының нәтижесінде төртінші ұрпақ алынды. Бұл ұрпақтың қошқарлары да қандас саулықтармен шағылыстырылды. Бұдан бесінші ұрпақ алынды. Жұмыстағы негізгі мақсат — қойдың тұкымдық жаңа тобын, биік таулы жердің жағдайына бейімделген биязы жүнді қой түқымын шығару болды. Іріктеу және жұп таңдау, басқа да күрделі жұмыстарды орындаудың нәтижесінде қойдың отандың жаңа тұқымы — қазақтын арқар-мериносы шығарылады. Авторлары: Ж.С. Бутарин, А.И. Есенжолов, Е.В. Большакова, А.И. Жандеркин. Республика көлемінде қойлардың бір қатар асыл тұқымдары бар. Олар: қазақтың биязы жүнді қойы, авторы: В.А. Бальмонт. Дегерес қойы — авторлары: В.А. Бальмонт, Т.Б. Бөкенбаев, М.А. Атлетов, Т.С.Садықүлов, А.Б.Байжүманов, т.б. Еділбай қойы—халықтық селекциялық жолмен алынған. Құйрықты қойлардың ең жақсы тұқымы. Жергілікті құйрықты қойлардың тұқымын асылдандыру үшін Еділбай тұқымының таза көпщарларымен бұдандастыру жүргізеді. Қаракөл қойлары көп ғасыр бұрын Орталық Азияда, Бұхарада шығарылған. Қазір қаракөл қойлардың қара, көк, сұр, қызғылт, қызыл коңыр, шатурн түсті түрлері бар. Ірі қара мал тұқымы. Қазақтың Ақ бас сиыры қазақтың жергілікті сиырын қалмақ бұқасымен бұдандастырып, одан алынған ұрпақты Герофорт тұқымымен шағылыстыру арқылы алынған. Қырдың қызыл сиыры — Солтүстік Қазақстанда шыққан бұл тұқым қазақтың жергілікті сиырын Швицкий бұқасымен бұдандастыру арқылы алынған. Симменталь ірі қара малы және Әулиеата ірі қара малы тұқымдары бар. Жылқылардың тұқымдары:



1. Қостанай жылқысы — авторлары: В.А. Хитенов, А. Моторико .

2. Көшім жылқысы — авторлары: Ю.Н. Барминцев, А.И. Беляев, М.В. Борисов, С.С. Рзабаев.

3. Мұғалжар жылқысы — Ю.Н. Барминцев, И.Н. Нечаев, С.С. Рзабаев, А. Жұмағүлов, Г. Бегімбетова.

Шошқа тұқымдары. Халықты етпен қамтамасыз етуде шошқа шаруашылығының алатын орны ерекше. Басқа үй малдарымен салыстырғанда, шошқа ұрпақ-әрбіту мерзімінің қысқалығымен, ұрпағының көп болуымен және шапшаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Елімізде шошқаның жергілікті тұқымын жетілдіру мен жаңа тұқымын шығаруда шетелдерден әкелінген түұқымдарын (Англия, Дания, Ирландия, т.б.) англияның ірі ақ тұқымды шошқасы Беркшир шошқасын орташа ақ шошқа, ірі қара шошқа, салпаңқұлақ ақ шошқа, Ландрос, дюран шошқасы, гемпширлік шошқа, т.б. жергілікті қолтұқымдарымен бұдандастырын, шошқаның етті, етті-майлы бағыттағы тұқымдары алынды. Осымен қатар шағылыстыру процесіне шошқаның жабайы түрі — Ортаазия қабандары да қатыстырылды. Осындай әдіспен Қазақстанда алғаш рет шошқаның "Жетісу" тұқымы алынды . Жетісу шошқасы — етті-майлы тұқым. 1978 жылы Қазақ ғылым академиясының эксперименттік биология институты шығарған. Авторлары: В.А. Ли, П.А. Еськов, С. Қалдыбаев.



Микроорганизмдер селекциясы және оның жетістіктері[өңдеу]

Микроорганизмдер селекциясының негізгі өдістері — тәжірибелік мутагенез және сұрыптау. Микроорганизмдердің жоғары өнімді штаммаларын шығару үшін оларға мутагендермен әсер етіп, жасушада мутация туғызады. Штамма (неміс тілінде — үрпак) дегеніміз — морфологиялық және биологиялық қасиеттері бірдей бір түрге жататын микроорганизмдер себіпдісі. Осындай зең саңырауқұлақтарынан алынған штаммалар пенициллин өндіруде бастапқы формаларынан мың есе әсерлі болған. Ашытқы саңырауқұлақтардың жаңа штаммалары нанның сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Биомицин түзуші штаммалардың өнімділігі 600%-ға, террамицинді түзушілер өнімділігі 80%-ға өсті. Генетикалық өдістер көмегімен лизин және глутамин қышқылдарын өндіру арттырылды. Сонымен қатар микроорганизмдердің өнімді формалары витаминдерді, гормондық препараттарды, ферменттерді өндіруде зор маңызы бар.



[1]



Дереккөздер[өңдеу]

Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2



Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.



Бұл мақалада еш сурет жоқ.

Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.

Суретті мыннан табуға болады:



FIST құралы арқылы сурет іздеуге болады. Іздеуді бастау үшін мына сілтемені нұқыңыз;

осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін;

мақаланың шет тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;

өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).





Көбелек Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Санат: Биология



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

XX ғасырдың соңында жер бетінде халықтың саны 6 млрд-қа жетті. Халықты жоғары сапалы азық-түліктік заттармен толық қамтамасыз ету үпгін өсімдіктер мен жануарлардың өнімді сорттары және тұқымдары қажет. Қазір Қазақстанда 200-ден астам ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен будандары аудандастырылған.

Бидай — астық тұқымдас өсімдіктердің ішінде Қазақстан үшін негізгі дәнді дақыл. Қазақстанда бидайдың жәнө басқа дақылдардың селекциясымен айналысатын ірі ғылыми-зерттеу институттары бар. Олар А.И. Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Ақмола облысы Шортанды ауданы), Қазақтың В.Р.Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институты (Алматы облысы Алмалыбақ ауданы). Осы институттардың ғалымдары шығарған жоғары өнімді сапалы бидай сорттары республикамыздың көптеген алқаптарына егіледі. Академик Р.А.Оразалиев өзінің шәкірттерімен соңғы 20 жылдың ішінде 50-ге жуық бидайдың сорттарын шығарып, аудандастырды. Қазақстан ғалымдары шығарған кейбір бидайлардың сорттары.

Автор
Дата добавления 12.06.2015
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров759
Номер материала 305048
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх