Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Жануарлар тіршілігіне не қажет? дүниетану 2-класс

Жануарлар тіршілігіне не қажет? дүниетану 2-класс

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебі

бастауыш класс мұғалімі Гулайым Игисинова

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар тіршілігіне не қажет?


Сабақтың мақсаты: Тірі табиғаттың бір бөлігі жануарлар туралы әңгімелеу. Жануарлар

тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру. Жануарлар қорегінің

алуан түрлілігі ,өмір сүру ортасы туралы әңгімелеу.

Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың білімділігін,

біліктілігін арттыру. Өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Ойлау,

сезіну қабілетін дамыту.

Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі:сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.


Сабақтың көрнекілігі: тірек-ызба, жануарлармен өсімдіктер суреттері, сөзжұмбақ., «Қайсысы артық» ойыны.


Сабақтың барысы:


І. Психологиялық дайындық.

Қоршаған орта - табиғат

Жануар, өсімдік, адамзат.

Сүю, қорғау – парызың,

Білейік мұны адамзат.

  • Балалар бүгін бізге дүниетану сабағы. Осы дүниетану пәні арқылы нені оқып үйренеміз?

  • Бізді қоршаған табиғат туралы оқып үйренеміз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

  • Өсімдіктердің көбеюі. Өсімдіктер тіршілігі тарауын қайталап келу.

(Тапсырманы 2-3 оқушыдан сұрау)

  • Оқушыларды 3-топқа бөліп, тарау бойынша тапсырма беру.

Тірек-сызба толтыру

1-топ.

  • Өсімдік тірі организм екендігін дәлелде?

  • hello_html_m57c69483.gif

2-топ.

  • Өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады?

hello_html_m7ee007e4.gif


емен тобылғы жусан

қарағай итмұрын селеу

қайың жыңғыл бидайық


3-топ.

  • Өсімдік тіршілігіне қандай жағдайлар қажет?

hello_html_m5a668d0.gif

  • Енді барлығыңызға ортақ сұрақ.

  • Өсімдік мүшелерін атап беріңдерші?

  • Осы өсімдік мүшелері қандай қызмет атқарады ?

hello_html_m26f9cca2.png

1-топ: Тамырдың қызметі

2-топ: Сабақтың қызметі.

3- топ: Жапырақтың қызметі.

- Өте жақсы, балалар, енді осы өсімдік мүшелерінің бірі жеміс. Жеміс өсімдіктердің бізге тартатын сыйы екендігін білеміз. Яғни, жеміс беретін өсімдіктерді жақсы күтіп-баптасақ мол жеміс береді.Осы жеміс неше топқа бөлінеді?

- Екі топқа бөлінеді, яғни құрғақ және шырынды.

- Ал, енді тақтадағы жемістердің суреттеріне қарай отырып, өздерің қай жеміс шырынды, қай жеміс құрғақ екендігін анықтап, айта қойыңдар.

Суретпен жұмыс

  • Ал, балалар, осы жемістің ішінде не болады?

  • Тұқым болады, өсімдіктер көбіне тұқым арқылы таралады.

  • Көбею барлық тір табиғатқа тән қасиет.

Ойын: «Қатесін тап»

Қыста → жапырақтар түседі.

Күзде → өсімдіктер көктеп шығады.

Көктемде→ өсімдіктер пісіп-жетіледі.

Жазда → өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды.

ІІІ. Жаңа сабақ

-Тірі табиғат дегеніміз ен?

-Адам, өсімдік, жануар.

Адам, жануар, өсімдік – тіршіліктің маңызды бір бөлігі.

1. Сызбамен жұмыс

hello_html_m6b6443d9.gif

-Өсімдіктермен жануарлардың қоректенетінін білеміз. Өсімдік – жануарларды суықтан жауларынан қорғайтын баспана және қорек болады. Өсімдіктер адамға тағам, жылу, таза ауа сыйлайды. Ал жануарлар адамға тағам, жылы да, әсем киім, жайлы төсеніш болады. Адам болса, өсімдіктер мен жануарларды қорғайды, өсіп-өнуіне жағдай жасайды.

- Бүгінгі сабағымызда тірі табиғаттың бір бөлігі – жануарлар тіршілігі туралы тарауды бастаймыз. Біз 1-класта жануарлар топтарымен танысқан болатынбыз. Жануарлар қандай топқа бөлінеді?

- Сүтқоректілер, құстар, жорғалаушылар, балықтар, қосмекенділер.

2.Суретпен жұмыс.

Суреттегі жануарларды топқа жіктеу.

-Жануарлар да тіршілік иесі. Тіршілік ету үшін жануарларға да түрлі жағдайлар қажет. Сендердің ойларыңша жануарлар тіршілігіне не қажет деп ойлайсыңдар?

3.Топтастыру.

Жануарлар тіршілігігне қажетті жағдайларды топтастыру.

  • Әрбір жануарлар ауамен тыныс алады. Ауа жоқ жерде ешбір жануар тіршілік ете алмайды. Дегенмен, жануарлар ішінде құрлықта емес, басқа да ортада мысалы, суда, топырақ арасында тірішілік ететіндері бар; «Олар ауамен тыныс ала ма» деп ойлап отырысыңдар ғой. Олар қай ортада тіршілік етсе де, барлық жануарлар тыныс алуы қажет. Мысалы адамадар қыста су қоймаларындағы мұзды ойып, ойық жасап қояды. Адам не үшін ойық жасайды?

4.Суретпен жұмыс

Ойықтың пайдасы туралы сұрақ-жауап алмасу.

-Адам сияқты өсімдіктермен жануарларға да тағам керек. Онсыз олар ашығып өледі. Осы арада өсімдікпен жануарлар жайында айтқанда тағам, тамақтану деген сөздерді қолдану ыңғайсыз сияқты. Өйткені олар адам емес қой. Ғалымдар, үлкендер : «жануарлар, өсімдіктер қоректенеді», «жануардың қорегі», немесе «жемі», «азығы» дейді. Сендерде әр тіршілік иесіне лайық сөздерді дұрыс қолданғандарың жөн.

Біз қай жануар немен қоректенетінін бұрынан да білеміз. Соларды еске түсіру үшін мынадай тест-тапсырмасын талдап, жауап берейік.

5. Сәйкестендіру тесті.

Жануарлар Жем немесе азық түрлері

1.Тауық а.саңырауқұлақ, жаңғақ

2.Тиін ә.ет

3.Аю б.бидай, тары, дәндер

4.Ит в.бал, жидек

/ Сызықтар арқылы қосу/

  • Шөппен қоректенетін жанураларды шөпқоректі, ал тірі жануарларды аулап жейтін қасқыр, жолбарыс, арыстандарды жыртқыштар дейді. Сол сияқты жануарларға жылу, жарық, су керек. Ауыл маңын аралағанда кейбір індерді көретін боларсыңдар, бұл суыр, борсық, тышқан сияқты жануарлардың баспанасы. Ауа-райы суық, салқын болған кезде олар сол баспанасына кіріп жылынып жатады, ұйықтайды.Тиін, тоқылдақ, қысқы аязда ағаш қуыстарына жасаған ұяларына жылынып жатады. Қоян, қасқыр, тиін қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі.

6.Ойын: «Орнын тап»

Суреттегі жануарлардың қайда тұратынын орнын бағытаушы сызықтармен қос.

7. «Қайсысы артық?»

Әр топ суреттегі жануарлардың ішінен артығын тауып, неліктен артық екенін айтқызу.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Сөзжұмбақ


ж

ы

л

қ

ы



а

р

ы

с

т

а

н



қ

о

я

н

б

ұ

з

а

у


а

ю


қ

а

с

қ

ы

р


  1. Қандай жануар кісінейді?

  2. Аң патшасы.

  3. Ең қорқақ жануар.

  4. Сиырдың төлі.

  5. Балды жақсы көретін жануар

  6. Қоянның қас жауы.

  • Сонымен, біз бүгінгі сабағымызда жануарлар тіршілігі тарауын бастадық. Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды оқып-білдік.

  • Жануарлар тіршілігіне не қажет? (Бағытаушы сызықтармен қосу)

Ауа

hello_html_353dff75.gif

hello_html_47e0390e.gifhello_html_m48312614.gifhello_html_m8de550a.gifhello_html_24663270.gifhello_html_m9480bd9.gif

Су Қорек





Жарық Жылу

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Сабақ берілген тақырып бойынша тапсырмалар суреттерден тұрады. Оқушыларға тірі табиғаттың бір бөлігі жануарлар туралы әңгімелеу. Жануарлар  тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру. Жануарлар қорегінің   алуан түрлілігі ,өмір сүру ортасы туралы әңгімелеу.   Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың білімділігін,

  біліктілігін  арттыру. Өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Ойлау,   сезіну қабілетін дамыту.  Табиғатты қорғауға, аялауға  тәрбиелеу.

Сабақта оқушылардың ойын дамытатын тапсырмалар қолдану маңызды.

Қоршаған орта - табиғат

 

      Жануар, өсімдік, адамзат.

 

      Сүю, қорғау – парызың,

 

      Білейік мұны адамзат.

 

Автор
Дата добавления 18.03.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров409
Номер материала 448437
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх