Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / "Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны және рөлі. Биогеоценоздар және экожүйелер туралы түсінік. Табиғи бірлестіктердегі трофикалық байланыстар. Қоректік тізбектер" тақырыбындағы ашық сабақтар

"Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны және рөлі. Биогеоценоздар және экожүйелер туралы түсінік. Табиғи бірлестіктердегі трофикалық байланыстар. Қоректік тізбектер" тақырыбындағы ашық сабақтар


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектеп: Астана қаласы №73 мектеп-лицейі

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны және рөлі. Биогеоценоздар және экожүйелер туралы түсінік. Табиғи бірлестіктердегі трофикалық байланыстар. Қоректік тізбектер.

Сыныбы:

Күні: 14.04.2015

Пәні: биология

Мұғалімі: ІІ- негізгі деңгейінің сертификатталған мұғалімі Амиржанова С.Б.


Сабақтың рефлексивті талдауы


Ұйымдастыру сәтінен кейін сабақтың мақсаты, міндеттері таныстырылды.Сабақты оқушыларға психологиялық ахуал тудыру үшін сергіту сәтінің жаттығуын жасатудан бастадым. Қолыма күн бейнесін алып оқушыларға осы күннің жылуын қабыл алып бір-біріне тілек айтуды ұсындым.«Улыбка» әні орындалып тұрды. Оқушылар ортаға шығып, бір-бірінің қолынан ұстап бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тіледі. Келесі кезеңде жазуы бар парақшадағы сөздер бойынша оқушылар «Продуценттер», «Консументтер», «Редуценттер» деп аталатын 3 топқа бөлінді. Әр топ мүшелерінің міндеттері, алтын ережесі қабылданды. Әр топ басшысына бағалау парақтары таратылды. D:\семинар\20150414_091757.jpg

Жаңа тақырыпқа көпір жасау мақсатында Релаксация өткіздім. «Табиғат үні» әуені орындалып тұрды.Оқушылар көздерін жұмып, мұғалімнің қойған сұрағына жауап іздеді.

Мұғалім: Жазда барып өзеннің жағасына бөгелдім,D:\семинар\20150414_092107.jpg

Кім айтады, кәнекей, ол жерден мен не көрдім?

Мұғалім: Жазда тауға өрмелеп,

Шаршап талай бөгелдім.

Жан-жағыма мен кенет,

Қарап едім не көрдім?

Мұғалім: Жазда орман аралап,

Ішіне барып бөгелдім.

Қарап едім таңырқап,

Айтшы кәне не көрдім?

Мұғалім:

Жазда шалғын аралап,

Дем алуға бөгелдім.

Кім айтады, кәнекей, ол

Жерден мен не көрдім?

Оқушылар көрген бейнелерін ортаға салып, ой бөлісті. Жұлдыз: «Мен орманға кіріп, жан-жағыма қарап едім ұшып жүрген құстарды, жортып бара жатқан түлкіні, ағаштан өзінің қорегін тесіп алып жатқан тоқылдақты, құжынаған құмысқа илеуін т.б. көрдім» десе, Динара: « мен тауға көтеріліп жан-жағыма қарап едім биікке көтеріліп ұшып жүрген құстарды, таудан-тауға секіріп жүрген арқарды қөрдім.Самал жел бетімді өбіп тамаша бір күй кештім» деді. Басқа кезде сабақта онша көп сөйлемей бұйыға отыратын Әділ қол көтеріп «мен ашық даламен келе жатып, табиғаттың қаншама құпия сырларын байқадым. Гүлден –гүлге қонып жүрген көбелектер қандай алуан түрлі еді! Көз ала алмайсың. Гүлдер өзінің өте әдемілігімен мені баурап алды. Келе жатып алдымнан кенет шыға келген саршұнақтан селік ете қалып едім ол да менен қорқып кетті-ау деймін дереу өз ініне кіріп кетіп бірден жоқ болды» деді. Осылай оқушылар бірінен кейін бірі өз ойларымен бөлісті. Осыдан кейін оқушыларға мынандай сұрақ қойдым. Осы ойлаған бейнелерінің арасынан қандай байланыс көрдіңдер? Қандай айырмашылықтары бар? Сол айырмашылыққа байланысты оларды қалай топтастыруға болады? Осы топтардың арасында байланыс бар ма? Оқушылар ойлаған бейнелерінің арасынан байланыс көрдік, көргендеріміздің барлығы табиғатқа қатысты болды деді. Айырмашылық бұл табиғаттың екі түрі:өлі табиғат және тірі табиғат деді. Байланыс көрдік, сулы ортада сол ортаға сәйкес бейімделген

ағзалар, тауда, орманда, шалғынды жерде сол ортаға сәйкес бейімделген ағзалар мекендейді, тіршілік етеді деп жауап берді оқушылар.

C:\Users\Дом\Desktop\коучинг инкл№73\семинарға\фото семинар 2015\IMG_3559.JPGC:\Users\Дом\Desktop\коучинг инкл№73\семинарға\фото семинар 2015\IMG_3560.JPGC:\Users\Дом\Desktop\коучинг инкл№73\семинарға\фото семинар 2015\IMG_3555.JPG




3 Д бойынша бейнекөрініс көру сәті






Оқушылар айтқан жауапқа байланысты жаңа сабақтың тақырыбын негіздедім. Жаңа білімге көпір жасалды. Кластэр бойынша жаңа білімге бағыттадым. Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге түсіріп, мақсат-міндеттерімен таныстырып болғаннан кейін, жаңа білімді меңгеру мақсатында 3Д дан «Биогеоценоздар және экожүйелер. Табиғи бірлестіктердегі трофикалық байланыстар. Қоректік тізбектер» бейнекөрініс көрді.Көрген бейнекөріністерін, жаңа сабақтың мәтінін мазмұнымен танысу арқылы жаңа сабақты бір-біріне түсіндірді. Жаңа сөздермен танысты. Оның мағынасын оқыды.(глоссаримен жұмыс жасалды) Оқушылар топпен ынтымақтастықпен бір-біріне жаңа сабақты түсіндірді. Бұл кезде топ басшыларының көшбасшылық жұмыстары айқын көрінді. Әділхан, Әділ сияқты оқушыларға бұл оқушылар үнемі көмек жасай білді, ЖАДА жақсы байқалды. Оқушылардың топтық жұмысқа белсінділігін арттыру үшін сабағымда Мерсердің әңгімелесудің түрлерін , «Галереяға ой шарлау» стратегиясын қолдандым.



«Галереяға ой шарлау» стратегиясы бойынша оқушылар сурет, сызба,анимация, мағлұматтарды сынып ішінде аралап көрді. Топ басшылар тапсырма алды. D:\семинар\20150414_094331.jpg

І-топ:«Орман биогеоценозы, ондағы қоректену тізбегі», ІІ-топ: «Өзен биогеоценозы, ондағы қоректену тізбегі», ІІІ-топ: «Дала биогеоценозы, ондағы қоректену тізбегі» . Әр топқа тапсырманы қорғауға дайындыққа 3 минут уақыт берілді. Кезегімен әр топ өз жұмыстарын қорғады. Әсіресе Темірланның тобы ұйымшылдығымен көзге түсті. Әр

топ бір-бірін «Екі жұлдыз ,бір тілек» арқылы бағалады. Әр топтың ең үздік оқушысын анықтау мақсатында бағалау картасын пайдаландым. Бұл картаның оқушы

белсенділігін анықтауда маңызы зор болды. Әр дұрыс жауаптарына 1 жұлдызша таратып отырдым. Ол ұпайды топ басшылары бағалау картасына түсіріп отырды. Ең үздік оқушыны анықтауға топ мүшелері де қатысып, топтың ішінен екі оқушыға жұлдызша берді, оны топ басшылары картаға түсіріп отырды. Ең соңында ең көп жинаған жұлдызша мөлшері бойынша Темірлан ең үздік оқушы атанды.

Жаңа сабақты жинақтауға «Қатесін тап» тапсырмасын бердім.Жеке жұмыс жасалды.C:\Users\Дом\Desktop\коучинг инкл№73\семинарға\фото семинар 2015\IMG_3584.JPG

1.Продуцент-консумент-редуцент

2.Биогеоценоз – тірі ағзалардың жиынтығы

3.Биоценоз – тірі ағза мен өлі табиғаттың құрамбөліктері арасындағы бірлестік

4.Абиотикалық факторлар: температура, ылғалдылық, жарық, ауа,топырақ , саңырауқұлақ т.б.

5. Тірі ағзалар: жануарлар, өсімдіктер, бактериялар, саңырауқұлақтар

6.Тұтынушы – түзуші – ыдыратушы – тұтынушы

7. Табиғаттағы айналым үшін сырттан келетін энергия көзі - жұлдыз болып табылады.

8. Коректену тізбегінің жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.

Дұрыс жауабы: 2, 3,4,6,7

Оқушылар дәптерлерімен сағат бағыты бойынша ауыстырды. Жұптық бағалау әдісін қолдандым.Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Әр оқушының ұпайы бағалау парағына қойылды. Сабақты қорытындылауда АКТ бойынша тест орындаттым. Оның қорытындысын бағалау парағына топ басшылары түсірді. Топ басшылары бағалау парағы бойынша әр оқушының жинаған ұпай санын оқып, қорытындысын оқыды. Бұpынғы дәстүpлi сaбaқпен сaлыстыpғaндa бұл сaбaқтың үстiнде жұмыссыз oтыpғaн бaлa бoлмaғaнын, C:\Users\Дом\Desktop\коучинг инкл№73\семинарға\фото семинар 2015\IMG_3636.JPGC:\Users\Дом\Desktop\коучинг инкл№73\семинарға\фото семинар 2015\IMG_3573.JPG

бapлығы тoптaсып жұмыс жaсaғaнын, бipеуi суpет сaлсa, бipеуi жaзу жaзғaнын, ендi бipеуi oқулықтaн, байланыс құралы арқылы интернеттен мaғлұмaт iздеп, екiншiсi aуызшa aйтып жaтқaнынa көзiм жеттi. Сaбaқ сoңындa oқушылap өздеpiнiң сaбaққa қaтысуынa бaғa беpiп, түйiн жaсaй aлды. Оқушылap рефлексияда сaбaқтың жaқсы әpi қызықты өткенiн, өздеpiнiң сaбaққa белсене қaтысқaнын айтыпты. Топтық жұмыс кезінде оқушылар ауызбіршілікте болып, бір-біріне көмектесіп, өзара пікірлесуді үйренді. Сабақ аяқталған соң оқушы алдына стикер таратылды, оқушылар бүгінгі сабақтың көңілді өткендерін жазып маған рахметтерін де айтыпты.C:\Users\Дом\Desktop\коучинг инкл№73\семинарға\фото семинар 2015\IMG_3646.JPGC:\Users\Дом\Desktop\практика №73 НИШ\Сауле Ботиевна. Открыт. урок. ноябрь, 2014 г\20141126_152708.jpg










Автор
Дата добавления 09.10.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1086
Номер материала ДВ-044973
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх