Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / "Жаралған сөзі асылдан» шығарма

"Жаралған сөзі асылдан» шығарма

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:











«Жаралған сөзі асылдан»

Кезінде жыр алыбы Жамбыл: «Майлықожа, Құлын­шақ, Пірім еді бас ұрған. Айтқандары нұсқа еді, Жа­ралған сөзі асылдан» деп ақындығына айрықша баға берген Майлы­қожа Сұлтанқожаұлының биыл 175 жылдық мерейтойы елордада ерекше дәстүрмен өрнектелді. Президенттік мәдениет орталығындағы өнер кеші тау суындай сар­қыра­ған саумал жырлармен көмкерілсе, шайырдың кәусар туын­дыларын халыққа мүлтіксіз жеткізуде әр өңірден келген жыршы-термешілердің сіңірген еңбегі мол болды.

Президенттік мәдениет орта­лы­ғы елдің аяулы перзенттеріне құр­мет көрсетіп, тағзым етудің өне­гелі дәс­түрін қалыптастырған рухани ұяға айналғаны қашан. «Ілім­ге толса көкірек, Ашылар кө­зі сананың» деп ақын жыр­ла­ған­дай, бір жағынан, ол кейінгі өсіп келе жатқан жас ұр­паққа тә­лім-тәрбиенің ошағы, екінші жа­ғы­нан ұмыт бола бастаған есімдерді қайта жаңғыртуға, халқы­мен қапы­сыз қауыштыруға бір­ден-бір себепші болып жүрген Аста­на­дағы рухани орданың бірі саналады. Шығарма­шылық кешті Президенттік мәде­ниет орталы­ғының дирек­то­ры, филология ғы­лымдарының док­торы, профессор Мырзатай Жол­дас­бековтің өзі жүргізіп отыр­ды. Кейде белгілі тұлғаларға арнап ескерткіш орна­тып, есімдерін ұлық­тауда ке­лең­сіз бір дағ­дының бой көр­сетіп қа­ла­тыны рас. Халқы­мыз­дың ардақ­ты азамат­тары­ның мерей­тойлары тек туып-өскен өңірлерінде ғана атап өтіліп, ал қал­ған жерлер шет қа­лып қойып жата­тын. Бұл, әрине, дұрыс емес. Артын­да қалған асыл мұрасы барша қазақ­тың қазы­насы саналатын Майлы­қожа баба­мыз­ды мысалы, тек оң­түстік өңірі ға­на әспеттеп қоймай, ақын жыр­ларын елорда жұртшылы­ғына ұсы­нуда да осындай тұтас­тықтың тұ­шымды өрнегі жатыр десек, қате­леспейміз. Ізгілікті шаралар мен асыл бейнелерді аялаудың ай­нымас қалыптары қалыптасып келе жатыр. Соның бір үздік үл­гі­сі­не Май­­­лы­қожа бабамыз­ға ар­нал­ған ел­ор­­да­­дағы осынау ән кешін жат­қызу­ға болар еді. Бұл неге керек қазір бізге деушілер табылар. Жастар тәрбие­сіндегі олқылық­тың дені осы «неге керектің?» зар­дабы­нан туындап жат­қанын біле бермейміз. Алтын тамыр­дан ажырап қал­ған жерді дерт мең­дейді. Майлы­қожа ақынның жыр­лары сондай алтын тамырдың бірі. Мұны бүгін мектептерден бастап, жоғары оқу орындарындағы студенттерге дейін оқуы керек. Кеште орын­далған «Ата-ананың қа­дірі», «Білер­сің таң­ның ата­рын», «Ана туралы толғау», «Жақ­сы бір адам қартайса», «Дү­ниеге мейман көңілім, Мақтасам дауа тілерсің», «Ғаламат» сияқты т.б. жыр-тер­мелер кісіні жаман дағды­дан бойын аулақ салуға итермелейді.

«Байқап басқың ізіңді,

Жамандармен іс қылма.

Құрбы-құрдас досыңды,

Бәлеге басын дұш қылма» деп ақылдың әрекеті иманға байла­нуын уағыздайды. Ақын өсиет­тері білімдері таяз кейбір оқыту­шы­лар­дың оқып жүрген лекция­лары­нан әлдеқайда қымбат деп бағалануы әсте тегін емес.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Оты­рар ауданының Қожатоғай ауы­лында дүниеге келген Май­лы­қо­жа­ның жасы он төртке толғанда әкесі­нен айырылып, өмір азабын көп тар­тады. Көкірегі зар мен мұң­­ға то­лы бала ерте есейеді. Сон­­дық­тан да болса керек, оның жазған жыр-дастандарының дені өсиет пен на­қыл сөздерге толы болды. «Шора батыр», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу», «Қасқыр» дастан-мысал­дары, «Жолдас бол­саң жақсымен», «Жақ­сы бір адам қартайса» нақыл өлең­дері, «Тұр­лыбекке», «Ахмет тө­ре­ге» арнау жырлары т.б. осындай айтыс­тары мен термелері өмірдің мәні мен сырына жасында азапты көп ше­гіп, көз жеткізген адамның ой-елегі­мен, аңсар биігімен өрілген өршіл дүниелер еді. Әкесі Сұл­тан­қожа әрі тапқыр, әрі шешен, еліне сыйлы, батыр адам болса, наға­шы­сы, айтқан сөзі хал­қына ем болған Мәделіқожа тура­лы әңгіме тіпті бөлек. Майлықожа сол нағашы жұр­тының қолында өседі. «Туған жие­ні­нің бойын­да­ғы алмастай жарқыл­даған сөз сап­тау қасиетін ерте бай­қа­ған Мә­деліқожа бола­шақ ақынды қа­сы­нан бір елі тастамай ертіп жүр­ген» деп жазады ақын шығар­ма­ла­рын зерттеп, өсиет термелерін топ­тастырып жүр­ген жанашыр жан­дар. Бір кездері Бұ­хара жаққа өтіп, аз уақытта ислам қағида­ларымен су­сын­дап, білімге бой ұр­ған жан­ның кемел шағында туған өлең-терме­лерінің негізінен имандылық пен ибаға қатысты болып келу себебі па­йым­далады. Ақынның атын шы­ғар­ған терме өнері деп түйінде­леді. Нәзиралық түр­де орында­латын терме жанры не­гізінен Сыр бойы­нан тамыр тар­тады десек, оның әуезді әуені өзге жерлердің термелеріне ұқ­са­май, өз алдына бөлек өрі­леді. Осы арада айта кететін тағы бір нәр­се, тер­ме өнерін теңдессіз байлық деп баға­лауда әлі де болса сел­қос­тық таны­тып отыр­ғанымыз қын­жы­лта­ды. Ұлт­­тық бір­лік пен ын­ты­мақ, өмір­дің ащы­лы-тұщылы кезеңі, жаман мен жақсы жарыса жырланар тер­ме­нің толағай тол­ға­нысына тоқ­тал­сақ, батыстың «бат­пағына» ба­тыр­май, жастарды хал­қы­мыздың осын­дай төл өнері­мен сусындатсақ болмай ма деген ойға тірелесің. Жас құ­раққа қазір осын­дай өзіміздің ха­лық­тық қа­зы­на­ның кәусар нәрі же­тің­кі­ре­мей жатқан­дай. Ақын ру­хын ел­ор­дада жаңғыр­тудағы бір себеп осы. Майлы­қожа­ның терме-жыр­­лары әлі де болса халық ара­сын­да кең насихатталмай жатыр. Мәсе­лен, дүкен сөрелері шетелдің небір у да шу музыкалары жазыл­ған таспалардан майысады. Солар­дың ор­нын­да қазақтың шіркін, терме-жыр­лары­ның таспасы тұр­­са, бөгде­нің бөзі жастардың са­на­­сын сонша­лық уламас еді ғой деп ойлайсың. Май­лықожа еңбек­терін кітап етіп басып шығару да алда тұрған тағы бір ау­қым­ды іс сана­лады. Бір топ өлең­дері Я.Лютиш­тің құрастыруы­мен 1883 жылы Ташкентте жарық көр­ген «Қырғыз хрес­томатиясы» кіта­бы­­на енсе, 1964 жылғы «Үш ға­сыр жырлай­ды», «Бес ғасыр жыр­­лай­ды», 1991 жыл­ғы «Ай, заман-ай, за­ман-ай» жи­нақтарынан да біраз дү­ние­лерін кезіктіресіз. 1972 жы­лы «На­қыл» жеке жинағы оқыр­ман қо­лы­на тисе, 1988 жылы «Ай­­тысқа» бір­қатар шы­ғармалары кіріпті. Бі­рақ мұны­мен ақынның жыр бұлағы сарқыл­ды деп санауға болмайды. Тағы бір жақсы хабарға жұрт мар­қайып қалды. Майлы­қожа бабаның бай­лы­ғын кітап етіп бастырып жүр­ген жанашыр адамдар бар екен. Осы кеште олар ақынның биыл «Ата­мұра» баспа­сынан жарық көр­ген «Терме, ар­нау­ларын» Президенттік мәде­ниет ор­та­лығының ди­рек­торы М.Жолдасбековке табыс­та­ды. Оған қоса Май­лықожа Сұл­тан­қожа­ұлы­ның есімімен атала­тын Шым­кентте бір көше мен ескерткіш мүсіні тағы бар. Туған жұрты ақын аруағын қа­дір­­леуден кенде емес секілді. Бірақ ха­лық қазы­насын қас­терлеуде мұ­ның бәрі те­ңіздің там­шы­сындай бо­лып кө­рінер. «Мәделі, Майлы­қожа, Май­­­көт ақын, Асырған бар қазаққа атақ-даңқын» деп Кенен ақын жыр­ға қосқан, «Қожада Майлы менен Мә­делі еді, Олардың сөзі қандай әдемі» деп Нартай ақын ас­қақтатқан Сыр дүлдүліне көр­сетілер ел-жұр­ты­ның құрметі мұ­нан да биік болу­ға лайық деп есептейміз. Қазақ­стан­ның халық әртісі, Мемлекеттік сый­лықтың лау­реаты Сәбит Оразбаев бастап, Алмас Алматов, Қарсы­бай Ақтаев, Гүлмира Сарина, Маралбек Бабақұлов, Ай­гүл Елшібаева, Жәкен Омаров, Ай­нұр Әбіл­даева сияқты өнердің бір топ саңлағы қоштап, теңдессіз тер­менің терезесін жар­қырат­қан кешінен, ұлт­тық дәстүр­лер театрының фольк­лор­лық ансамблі мен Әлқуат Қазақ­баев орын­даған «Қоңыр», «Жез киік», «Көр­ұғлы» күйлері сары­ны­нан осын­дай тағылым сезілді.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

______________________

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров95
Номер материала ДВ-410358
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх