Инфоурок / Другое / Конспекты / "Жарасымды қарым-қатынас" 10 сынып өзін-өзі тану
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

"Жарасымды қарым-қатынас" 10 сынып өзін-өзі тану



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Жарасымды қарым-қатынас 

Сабақтың мақсаты: 

  • «Үлкен» мен «кіші», «ел ағасы» деген сөздердің мәнін ашу;

  • «Үлкен» мен «кіші» арасындағы сыйдасымды қарым қатынастың мәнін ұғындыру;

  • Өзіңнен үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, инабатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: оқулық, дәптер, слайд, бейнематериал, аудиоматериал...

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындықтарын бақылау.
Тыныштық сәті:

 Сабақтағы жағымды күйге келу. «Орманға саяхат»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!



Үй тапсырмасын тексеру.

С.Б.Дорженовтың ізімен жазылған мәтінді оқып келу.

  • Сіздің қызығушылықтарыңыз бен тілектеріңіз болашақ жетістіктеріңізге кепіл бола ала ма?

  • Қазіргі бет алысыңыз бен тілектеріңіз болашақ жетістіктеріңізге кепіл бола ала ма?

  • Қойған мақсаттарыңызға қол жеткізуге мүмкіндігіңіз сай ма?

Дәйексөз. М.Әуезов:

«Жасы кіші ініні – ақылы артса, аға тұт.

Жасы үлкен ағаны – жақсы сыйлап, жаға тұт»

  1. Сыйластықтың адам өміріндегі маңызы қандай?

  2. Қазақ халқы қандай жағдайда жасы кішіні сыйлайды?

  3. Қазақ халқында үлкенді сыйлауға байланысты қандай дәстүрлері бар?

  4. Сыйластық қажет пе?


Шығармашылық жұмыс. «Әдеп»

Бір жұрттың әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем береді. Оған қарсы әлгі әкім төре онан да төменірек басұрып сәлемін алады. Қасындағы бай:

  • Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша басұрасыз? – дейді.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? – дейді.

Әңгіме бойынша сұрақтар қою.

  1. Бұл әңгімеден қандай ой түйдік?

  2. Егер әкімнің орнында өздерің болсаңдар осылай жасар ма едіңдер?

  3. Әдептілік не үшін керек?

Топтық жұмыс. Сынып 4 топқа бөлінеді. Оқушылар әртүрлі түсті жүрекшелерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1-топ. Қызыл 2-топ. Сары 3-топ. Көк 4-топ. Жасыл

Сахналық қойылым. «Үлкен мен кіші арасындағы сыйластық» тақырыбында әр топқа сахналық қойылым ұйымдастыру беріледі.

Ән шырқйық достар. «Жақсы адамдар» Әні мен сөзі: А.Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.



Үйге тапсырмасы. Дәптердегі 1-тапсырманы орындау. С.Ақатайдың әңгімесі.

Қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік?

  • Сыйластық дегеніміз не?

  • Жағымды қарым-қатынас бізге не үшін керек?

Тыныштық сәтін ұйымдастыру.

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.





Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-503862

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>