Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Жаратылыстану бағытындвғы пәндер бойынша сайыс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Жаратылыстану бағытындвғы пәндер бойынша сайыс

библиотека
материалов

«Білгірлер сайысы»

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Тәуелсіздік туы- білімді ұрпақ қолында» дегеніндей алдымызда тұрған дені сау, рухы биік, ой – өрісі кең, болашағы айқын жеке тұлғаны ХХІ ғасырдың білгірде, білімді етіп шығару өз қолымызда. Себебі, 8- 9 сыныптар аралығында өтетін интеллектуалды ойын осының дәлеліндей.

Көруге бұл сайысқа жиылғандар,

Ұлы ғалымдарға құрметпенен сиынғандар

Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар!

Ойынның ұраны: «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт».

Ойынға қатысушы оқушылармен танысу:

  1. 8 сынып оқушысы - Жүсіпбаева Гүлім Таңатқан қызы. Бос уақытында шахмат, кітап оқумен айналысады.

Гүлім: «Еңбек бәрін жеңбек» деген қанатты сөзді әрқашан жадында ұстайтын үлгілі оқушы.

  1. 8 сынып оқушысы - Дүйсенбеава Гүлім Құрманбекқызы. Бос уақытында кітап оқып теледидар көргенді ұнатады. Гүлім: «Талапты тас жарар, талапсыз бас жарар» деген мақалды әрқашан ұстанатын биязы да ұқыпты оқушы.

  2. 9 сынып оқушысы Вышутин Глеб Игорь ұлы . бос уақытында футбол ойнап, кітап оқиды.

Глеб: «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» деген ұлағатты сөзді ұстанатын салмақты да, ойы ұшқыр, қазақша тілде керемет сөйлейтін, ұқыпты оқушы.

  1. 9 сынып оқушысы Қайырбекова салтанат Манатқызы. Бос уақытында тоқыма тоқып, кітап оқып, бассейінде жүзгенді жақсы көреді.

Салтанат: «Кітап- алтын сандық, іші толған- қазына құт. Оқы- оқы, ойыңа тұт» деген сөзді әрқашан жадында ұстайтын, ізденімпаз оқушы.

  1. 9 сынып оқушысы: Болатова Салтанат Болатқызы. Бос уақытында компьтердің алдында отырғанды жақсы көреді.

Салтанат: «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас» деген қанатты сөзді әрқашан жадында ұстайтын алғыр оқушы.


Сайыс басталмай тұрып әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Сайыстың алғашқы кезеңі - «Бәйге».

«Бәйге « кезеңінде мектеп бағдарламасынан химия, биология, география пәндерінен 16 сұрақ қойылады. Әрбір сұраққа 10 ұпайдан беріледі. Оған 2 оқушыдан артық жауап бермейді. Жауап бере алмаған оқушы келесі сұраққа жауап беру құқығынан айырылады.

  1. Индекс, коэффициент дегеніміз не? (Индекс- атом санын, коэфициент- молекула санын көрсетеді)

  2. Масштабтың қанша түрі бар? (3 )

  3. Табиғатта бос күйдегі молекулалық оттекті бөліп шығаратын реакция (фотосинтез)

  4. Өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездесетін негізгі органоид? (ядро)

  5. Жапыраққа жасыл түс беретін қандай заттар? (Хлоропластар)

  6. Адам организміндегі ұлпаның неше түрі кездеседі? (эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке)

  7. Ақ құм (кремнезем)

  8. Литосфера дегеніміз не? (Жер)

  9. Жанартаулар неден тұрады? (жанартаулар шөгінді жыныстардың қалың тығыз қабығынан және тасқын мен жанартаулық күлден тұрады)

  10. Желдің бағыты мен күшін анықтайтын құрал ? (флюгер)

  11. Ең биік тау шыңы? (Джомолунгма (Эверест) )

  12. Мұнайды ең өндіретін ел? (Сауд Арабиясы)

  13. Оксидтер дегеніміз не? (екі элементтен тұратын біреуі оттек болып келетін бинарлы қосылыстар)

  14. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсасжасушалар мен жасуша аралық заттар жиынтығы қалай аталады? (Ұлпа)

  15. Мидың орташа салмағы қанша? (1300-1400)

  16. Қазақстан республикасының жер көлемі қанша? (2,7 млн шқ2)

«Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсекте көретінімз химия ғажайыптары» деген қанатты сөз өте орында айтылғандай.

Күнделікті тұрмыста үлкен мен кішіге етене жақын болып кеткен химиялық талшықтан тоқылған мата мен пластмассаның түр- түрінен жасалған бұйымдарды, дәрі- дәрмекті, кір жуғыш ұнтақтар мен жердің құнарлылығын сақтайтын тыңайтқыштарды, асыл тастардан, бекзат материалдардан жасалған әшекейлерді, көз тартар бояуларды, өсімдіктердің зиянкестерімен күресетін гербицидтерді, иісі мұрын жаратын әтірлерді, қыздар мен әйелдердің көркіне әр қосатын хош иісті майларды, т.т. айта берсек , біздің химия әлемінде өмір сүріп отырғанымызға, химиясыз көп нәрсеге зәру болатынымызға көз жеткізер едік.

Келесі кезең- «Өнер алды- қызыл тіл» мұнда мақал- мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып немесе жұмбақты шешіп, қазақша, орысша, ағылшынша аудармасын табу керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай қосымша аудармасына 10 ұпайдан беріліп отырады.


Дос сынды келбеті, Шаршап жүріп құдық қазсаң,

Онда бар түп –түгел Тынығып жатып не ішесің? (Су-вода-

Әлемнің әлпеті (Ғаламшар-планета-


Мал өсірсең .... өсір, Кең әлемді кернейді,

Өнімі оның көл көсір. (Қой- баран- Көзің бірақ көрмейді. (Ауа- воздух-


Бұлақ көрсең .... аш, (Көз- глаза- Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,

Қыста жатсаң, жаның рахат табады

(Ағаш- дерево-

Судың кепкені- .... кетекені (Тіршілік-

Сайыстың 3 кезеңі- «Жеті жұмбақ»

Ұяшықтың астында үш пәннен (химия, биология, география) сұрақтары жасырылған. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе , көрсетілген ұпайды алады. Ұяшықты аз оқушы ашады.

Оң жақ

Ортадағы

Сол жақ

30

30

30

40

40

40

50

50

50


Оң жақтағы 30: Беринг бұғазы қандай мұхиттарды қосып тұр? (Тынық мұхиты пен солтүстік мұзды мұхиты)

Ортадағы 30: Организмдегі ДНҚ- ның саны мен құрылымының өзгеруі қалай аталады? ( мутация)

Сол жақтағы 30: Қандай заттарды күшті электролиттер деп атайды? (Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын заттар)

Оң жақтағы 40: Мәрмәр тасты 10000С қыздырғанда пайда болған затқа су қосса, ол қайнайды. Ол қандай зат? (Кальций оксиді)

Ортадағы 40: Бұрын тіршлік етіп кейін жойылып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым? (Палеонтология)

Сол жақтағы 40: Қазақстан БҰҰ қашан мүше болды? (1992 ж 2- наурызда)

Оң жақтағы 50: Барлық бөліктері бір- бірімен байланысқан, тұрақты өзін- өзі зерттеуші экологиялық жүйе? (Биогеоценоз)

Ортадағы 50: Графит пен алмаздың бір химиялық элемент атомынан тұратын қалай білуге болады? (Жаққан кезде СО2- газы бөлінеді)

Сол жақтағы 50: Дүние жүзіндегі ең үлкен қорық қай жерде орналасқан? (Африкада)


Бұл кезеңнен кейін ұпайлары аз екі оқушы сайыстың келесі кезеңдеріне қатыса алмайды. Егер ұпайлары бірдей болып қалса, қосымша 5 сұрақ беріледі.

Музыкалық үзіліс Айманова А.М

  1. Жердің терең қабатындағы балқыған зат. (магма)

  2. Қазіргі жағдайдағы өсімдік түрінің ең жоғары түсім беретін тобы( Іріктеме)

  3. Бүкіл жерді қандай картадан бірден көруге болады? (Глобустан)

  4. Калий қандай металл? (сілтілік металл)

  5. Ізбесті қыздырғанда бөлінетін газ (СО2)

Сайыстың келесі кезеңі- «Дода»

Үш жақты білім пирамидасы берілген. Пирамиданың әр бетінде үш пәннен сұрақтар жасырлыған. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады. Сұрақтың бесеуіне дұрыс жауап берген оқушыға 30 ұпай бонус беріледі.

География пәнінен сұрақтар

  1. Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты қанша өзен бар?

А) 75 мың;

Ә) 85 мың ;

Б) 95 мың.

2. Жердің өз орбитасы арқылы, қозғалысының салдарынан қандай құбылыс байқалады?

А) күн мен түннің ауысуы;

Ә) жыл мезгілдерінің ауысуы; б) күн тоқырауы;

3. Экватор сызығы қай өзенді екі рет кесіп өтеді?

А) Конго;

Ә) Амазонка;

Б) Ніл;

4. Дүние жүзіндегі ең лас теңіз?

А) Қара теңіз;

Ә) Каспий теңізі;

Б) Жерорта теңізі;

5. Азия мен Европаны бөліп тұрған тау?

А) Орал;

Ә) Гималай; б) Анд;


Билогия пәнінен сұрақтар

  1. Жердің газ тәрізді қабықшасы:

А) атмосфера; ә) гидросфера; б) биосфера;

2. Көп пәтерлі үйде 201 адам ағаш тұрады. 3 адам бір ағаштан өсіргенде үй жанында қанша ағаш өсіріледі?

А) 67 ағаш; ә) 70 ағаш; б) 69 ағаш;

3. Бір адамға ас тұзының тәуліктік мөлшері қанша?

А) 5 грамм; ә) 7 грамм; б) 10 грамм;

4. Көру аймағы мидың қай бөлігінде орналасқан?

А) самай; ә) шүйде; б) маңдай;

5. Бүйрек үсті безінің гормоны:

А) инсулин; ә) адреналин; б) меланофор;


Химия пәнінен сұрақтары:

Осы кезеңде ұпайы аз 1 оқушы шығады.

Ең соңғы кезең – «Жорға»

Сұрақтарға екі нұсқа (а және б) берліген. Ұпайы аз оқушы нұсқаларды таңдайды. Бір минут аралығында 20 сұрақ беріледі. Сайыскерлер әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан алады. Сұрақтың жауабын білмесе, келесі сұрақты оқуға белгі беру керек.

«А» нұсқасының сұрақтары:

  1. Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар. (Тұздар)

  2. Жүре келе пайда болатын рефлекс (Шартты)

  3. Кез келген заттың бір молінде қанша молекула саны болады (6,02 * 1023)

  4. Периодтық жүйеде неше топ бар? (8 топ)

  5. Бақаның дернәсілі (итбалық)

  6. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөлейтті жер. (Сахара)

  7. Жыланның сипап- сезу мүшесі? (Тілі)

  8. Кариб теңізі қай мұхиттың бөлігіне кіреді? (Атлант мұхитына)

  9. Адам бір рет тыныс алғанда қанша мл ауа жұтады? (500 мл)

  10. Күкірттің ең жоғары тотығу дәрежесі нешеге тең? (+6)

  11. Элементтің реттік нөмірі атомның несін білдіреді? (ядро зарядын)

  12. Нәруыздың мономері (Амин ұқышқылдары)

  13. Жасушаны зерттейтін ғылым. (Цитология)

  14. Нәруызды синтездеуге қатысатын органоид (Рибосома)

  15. Табиғатта кездесетін ең қатты минерал. (Алмаз)

  16. Эвоюциялық ілімнің негізін салған ғалым. (Ч.Дарвин)

  17. Қаныққан көмірсутектерге тән реакция (орын басу)

  18. Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)

  19. Салыстырмалы атомдық массасы 32 – ге тең элемент. (Күкірт)

  20. Сома жасушаларының бөлінуі қалай аталады? (Митоз)

«Б» нұсқасының сұрақтары:

  1. Екі элементтен тұратын оның біреуі оттек болып келетін қосылыс . (Оксидтер)

  2. Туа біткен тұқым қуалайтын рефлекс (Шартсыз рефлекс)

  3. Период нөмірі атомның несін білдіреді? (электрондық қабатын)

  4. Фиджи аралы қай жерде? (Тынық мұхитында)

  5. Бақаның жүрегі неше бөліктерден тұрады? (3 бөліктен)

  6. Жыныс жасушаларының бөлінуі (Мейоз)

  7. Оттектің салыстырмалы молекулалық массасы (32)

  8. Энергия беретін органоид (Митохондрия)

  9. Ең терең көл (Байкал көлі)

  10. Қай бұлшықет өте күшті? (Ауыз бұлшықеті)

  11. Азот қышқылының тұздарын қалай атайды? (Нитраттар)

  12. Тіс қандай затпен қапталған? (Кіреуке)

  13. Бейметалдардың жалпы саны (22)

  14. Қай елдің географиялық орыны өте ұзын және жіңішке (Чили)

  15. Ересек адамның жүрегінің салмағы (300г)

  16. Салыстырмалы атомдық массасы 12- ге тең элемент. (Көміртек)

  17. Ас содасының формуласы (ИаНСО3- натрий гидрокарбонаты)

  18. Ұйқы қандай гормон бөледі? (инсулин)

  19. Ізбесті қыздырғанда бөлінетін газ? (СО2)

  20. Тромбоцит қандай қызмет атқарады? (қанды ұйыту)



Жорға кезеңі қортытындыланып, жаратылыстану пәндері бойынша жеңімпазы анықталды. Жеңімпазға диплом, жеңімпаз тақтасы және сыйлық табыс етіледі.


Назар қойғандарыңызға рахмет!





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров193
Номер материала ДВ-286207
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх