Инфоурок Биология СтатьиЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІНІҢ РУХАНИ- АДАМГЕРШІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІНІҢ РУХАНИ- АДАМГЕРШІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

Скачать материал

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІНІҢ РУХАНИ-

АДАМГЕРШІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

Жүзжанова Индира Спартакқызы

«Қызылқұм» жалпы орта мектебінің мұғалімі

 

Жанашыл – педагог Ш.А. Амонашвили айтқан екен: «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді және әр бір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата – анамен педагогтың міндеті  сол сәулесінің жағылып кетуіне жол беріп, өз өмір жолына бағыт көрсету», – деген. Сондықтан, жаратылыстанудың рухани-адамгершілік қағидаларын негізге алу керек. Білім берудегі ең негізгі мәселе пәнді оқыту ғана емес, сол пәнді оқыту арқылы тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы.Ішкі үйлесілімділікке қол жеткізу үшін адамның ойы, сөзі, ісі құндылықтарға сай болуы тиіс. Олар: Ақиқат – өзін-өзі танудың мақсаты, сүйіспеншілік – өзін-өзі танудың негізін қалаушы, дұрыс әрекет – өмір, ішкі тыныштық және қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі.

Халқымыздың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтына қызмет ететін болғандықтан, тәрбиеші баланы өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиелеу керек» деген қанатты сөзі бір ғасыр уақыт өтсе де өз мәнін жойған жоқ. Сондықтан  біз де  өткен тарихтан сабақ ала отырып, студент жүрегіне жол таба алсақ, нұр үстіне нұр болар еді  дегендей өзін-өзі тану пәнінің жаратылыстану пәндермен ықпалдастыру түрлерінен мысал келтіріп отырмын.

Сабақты өткізуде өзін-өзі танудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы студенттеріміздің бойындағы жақсы қасиеттерін жетілдіруімізге болады. Ол үшін ең бірінші ішкі тыныштық күйге келтіру керек.

Ішкі тыныштық күйге келтіру әдісі студенттің эмоционалдық әсерленуін, гипербелсенділігін еңсеруге бағытталады, өз ойын айтуға мүмкіндіктер туғызады, жауаптары жүрек түбінен шығады. Оған бөлінген уақыт – 2-ден 5 минутқа дейін болады.

Ішкі тыныштық күйге келтірудің басты мақсаты: студент ақылын тыныштыққа келтіру, ойларын тазарту.

Психологтардың пайымдауы бойынша,  әрбір адам күніне бір рет болса да 10-15 минут тыныштыққа отыра алуы тиіс. Бұл практика адамның есте сақтау, назар аудару, өзін-өзі бақылау қабілеттерін едәуір арттырады, денсаулықтарын жақсартады, ішкі тыныштық сақтау мен айналаға сүйіспеншілік тарату дағдыларын қалыптастырады.

Музыка балаларды жақсы тыныштандырады, ойларын қалыпқа келтіріп, жүректерін ашады. Ұсынған музыка байсалды, әуені нәзік болуы тиіс. Оқытушының қимылдары асығыссыз, дауысы жай, үні жұмсақ болуы тиіс. Бұл сәт маңыздылығы студенттің терең дем алуында да. Ғалымдар өмір ұзақтығы дем алудың терең және баяу болуына тәуелді екенін анықтады. Сабақтарды және тәрбие сабағын тыныштықта бастау – өте маңызды іс.  

Анатомия сабағында «Анализаторлар» тақырыбын өткенде: бойымызда 7 қасиет бар. Көру – әлемнің сұлулығын көзбен тамашалау. Есту – әлемдегі керемет дыбыстарды есту. Дәм сезу – ең дәмді мен ащының дәмін тату. Сезіну – ізгілікті жүрекпен ұғыну. Ұстау – екі қолмен жақсылық жасау. Аялау – қолда бардың қадірін білу. Махаббат –сүйіспеншілік. Адам бойындағы осы қасиеттер бар. Оны адамзатқа жақсы істер үшін берген деп ойлаймын. Күллі дүниеде осы 7 қасиет түгелімен берілген бір де-бір тірі жан иесі жоқ. Ол тек «Адам» деген атқа лайық пендеге бұйырған. Ендеше адамгершілігі мол азамат боламын дейтін адам осы қасиеттерін жақсы пейілмен іске асыра алады.

Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі пәні мен өзін - өзі тану пәнін ықпалдастыруда «Жер – Күн жүйесінің планетасы. Ғаламшарлар» деген  тақырыпты өткен кезде студенттер ойларын ортаға салды: Ай мен Күн барлық адамзатқа, тірі ағзаға ортақ. Олар ешкімді, еш нәрсені алаламайды. Жақсы адамның да шапағаты барлық әлемге бірдей.

 Дүниетану пәнінінен «Өсімдік мүшелері» тақырыбында өсімдіктерді баптап күту керек. Су құйып, топырағын қопсытып, жапырағына қонған шаңды сүртіп отырса гүлдеп жайқалып өседі. Сол сияқты балаға жас кезінде риясыз сүйіспеншілікпен дұрыс тәрбие берсе еліне қызмет ететін, бойында адамгершілік қасиеті мол нағыз азамат болып өседі.

Баяғзы замандарда ата – бабамыз қызғалдақ гүлін жұлмағандығы туралы әңгімелеуге болады. Себебі, оларда қызғалдақты дұшпанға қарсы соғысқан батыр бабаларымыздың жерге тамған қанынан пайда болған гүл деседі. Сондай - ақ, «қызғалдақ» қызыл + қан – дақ деген үш сөзден құралған атау. Уақыт өте келе бұл атау қысқарып қызғалдақ деп аталып кеткен деседі. Биологтардың айтуынша қызғалдақтың лас ауаны тазалайтын қасиеті бар, яғни жан дүниесі таза, рухы биік адамдар іспеттес. Расында адам қызғалдақ гүлінің арасын аралап бірнеше сағат жүрсе, бойында ерекше қуат пайда болып серпіп қалатынын сезінеді. Жапон ғалымдары арнайы микротолқын қабылдайтын аппаратпен барлық өсімдікті зерттей отырып, олардың жаны, рухы бар деген тұжырымға келді. Құтыда өсіп тұрған қызғалдақты қайшымен қырқып тастамақ болғанда, әлгі аппаратқа: Маған қауіп төніп келеді! Қауіп жақындады! Төнді! Өлдім! – деген жазу басылып шыққан. Ғалымдар гүлдің діріл қаққанын аңғарған. Осы тәрізді деректерді келтіре отырып, табиғатты қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеуге болады.

«Жыл мезгілдері» тақырыбын өткенде «Қыс», «Жаз» мезгілінде болатын табиғаттағы өзгерістерді адам бойындағы қасиеттерімен байланыстыру. «Қыс» қатал, суық, ешкімді аямайды, боран.
«Жаз»
мейірімді, жайдарлы, жылы, ашық.
Сіздерге жылдың қай мезгілдері ұнайды? – деп сұрай отырып, ендеше біз мейірімділік, шыдамдылық, сабырлылық құндылығына тән сипаттар арқылы жан-жағымыздағы адамдарға күн нұрының жылуындай жақсы қасиеттерімізді тарата білейік деймін.

Қ. Мырза Әлінің «Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам өмірдің қызығын сезіне алмайды», – деген дәйексөзін талдатып сұрақтар қоюға болады.   

1.Өмірдің қызығына нелерді жатқызуға болады?

2.Адам өз өмірінің қызықты өтуіне неліктен жауапкершілікте?

3.Адами тереңдік пен өмірдің қызығы арасындағы өз-ара байланыстар қандай?

«Гидросфера» тақырыбын өткенде, судың адам өміріндегі тазалық символы екендігі туралы айтамын. Судың қасиетін, адам өміріндегі маңызын, ғалымдардың судың ақпаратты тасымалдағыш қасиеті, яғни, жағымды ойдың, сөздің судың құрамына қалай әсер ететіні, оның адамға әсері туралы ғылыми деректерді ұсынуға болады.

Психолог-ғалым Эмото Масару ашқан жаңалығы бойынша су ақпаратты тасымалдаушы, яғни оның кристалдарына адамның ойы мен сөзі жазылып қалады: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», деп жазады.

Судың қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты құндылықтар көп болады.

«Атмосфера» тақырыбында ауаның құрамы туралы беріледі. Әр тыныс алған сайын жұтатын ауамыздың құрамын ойланып көрейік! Ауаның құрамында 21% оттегі, 78% азот, 1% басқа газдардың қосындысы бар. Ауаның құрамындағы 21% оттегінің мөлшері кішкене көбірек болғанда күн сәулелері арқылы келетін радиациялар салдарынан Жер беті тұтанып, лаулаған отқа айналып, ал аталмыш мөлшерден кішкене азырақ болғанда, оттегінің аздығынан тыныс ала алмай, бұл дүниемен қош айтысып кетер едік.

Кім болса да жақсы өмір сүруге тырысатыны белгілі. Абай Құнанбаевтың «ақыл мен жүректі бірге ұстаң», деген сөзінен жақсы өмірдің бейнесін көруге болады. Адамның адамға қажеттілігі оның бақытының кепілдігі іспеттес. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысында өз бойларындағы қалыптасқан құндылықтарды көрсете алады. Адам өз күшіне сеніп, өз табиғатымен үйлесімділікте, сәйкестікте болғанда, өз ақылына жүгінгенде ғана бақытқа жетеді. Ақылды адамның жаны да, рухы да таза болады, олар өмір сүруден қорықпайды, дегендей жаратылыстану пәндерімен өзін-өзі тану пәндерін ықпалдастыру қазіргі уақытта өте қажет.

Әр оқушыны керемет рухани күш иесі деп қарап, оның  шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін, отбасын сүйетін,  еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығаратынымыз сөзсіз.

                  

Пайдаланған  әдебиеттер:

1.                 Х.Х. Ахметов. И. Алтынсарин. Избранные сочинения на казахском языке. - Алматы, 1955ж;

2.                 Ы.Алтынсарин. Әңгімелер жинағы. - Алматы, 1980ж;

3.                 М. Жармұхамедов. Ыбырай Алтынсарин тағылымы. - Алматы, 1991ж;

4.                 Ұ.М.Әбдіғапбарова, С.С.Нүркеева. Өзін-өзі тану. Колледж студенттеріне арналған оқу құралы. /Алматы. «Бөбек» ҰҒПББСО, 2010ж;

5.                 Ұ.М. Әбдіғапбарова, С.С. Нұркеева. Өзін-өзі тану. Колледж оқытушыларына арналған әдістемелік құрал. /Алматы. «Бөбек», 2010ж;

6.                 Б.Қ. Игенбаева. «Мен адаммын». Алматы, 2000ж;

7.                  «Өзін-өзі тану » пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.

8.                  «Өзін өзі тану» педагогикалық танымдық журнал.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІНІҢ РУХАНИ- АДАМГЕРШІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2017 904
    • DOCX 56.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакирова Эльмира Айдакашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакирова Эльмира Айдакашевна
    Шакирова Эльмира Айдакашевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48453
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 517 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 556 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 661 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 554 человека