Инфоурок Информатика Другие методич. материалыЖаратылыс тану пәндерін оқытуда электрондық білім берудің жаңа ресурстарын тиімді қолдану.

Жаратылыс тану пәндерін оқытуда электрондық білім берудің жаңа ресурстарын тиімді қолдану.

Скачать материал

  Жоспар:

І. Кіріспе

      ІІ.Негізгі

1.  Электронды  оқулықтың  тиімділігі.

2.  Интерактивтік тақтасының   құралдарын  тиімді пайдалану .

3.  Оn-line  жүйесін қолдану

4.  Интернет  жүйесінің  тиімділігі.

5.  «Nova5000»   мини компьютер

      ІІІ.Қорытынды

       ІV.    Әдебиеттер

        Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, жақыннан алысқа , таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сол себептен мектептегі білім беру үдерісіне жаңаша оқыту технологияларын енгізу арқылы оқу үдерісінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.   Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңаша оқыту технологияларын пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны,  электрондық  оқулықты қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады..Бірнеше  жылдан  бері 7-11 сыныптарға  информатика  пәнінен  дәріс  беріп  келемін. Сол  жылдардың  ішінде  информатка  сабақтарында  электрондық  оқулықтарды ,  интерактивті  тақтаны  және  оның  қосымша  құралдарын  сабақта  пайдалана  отырып,   on-linе   жүйесінде  жылда  болып  жататын  олимпиадаларға  оқушыларды  қатыстырып, интернеттен  қажетті  материалды   тауып,  оқытып  отырамын.  «Өрлеу» біліктілікті  арттыру  курсының  үшінші  деңгейін  2012  жылыдың қараша  айында  аяқтап  келдім.Қазір курста  үйреткен  7  модуль  бойынша  барлық  сабақ  беретін  сыныптардағы  оқушылармен, топпен,  жұппен,  жеке  жұмыс  жасап жатырмын.

             Күнделікті    информатика  сабағында    пайдаланып  жүрген  электронды  оқулықтың  тиімділігіне    айтатын  болсам,    бұл  электронды  оқулықтың   білім сапасының артуына  пайдасы бар екенін байқадым. Электрондық оқулық көмегімен   оқушылар сабақ уақытында  тақырыпқа сәйкес мәліметтермен танысуға, машықтану тапсырмаларын өз бетінше орындауларына болады. Бұл орайда  сыныптағы  дербес  компьютерде     интернет  сайттарыннан  алып  дайындаған 7-10  сыныптарға  арналған  бірнеше электрондық оқулықтар  бар. Осындай электрондық оқу құралдарын,  әр сабақта  пайдалану – оқытудың тиімді әдістерінің бірі болып  табылады. Ол оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, ізденіс белсенділігін арттыруына  мүмкіндік береді. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, тірек-сызбалар, бейнекөріністер,  тапсырмалар,  тест   шешуге  болады. Күнделікті   сабақ  барысында  жаңа  тақырыпты  өткен  кезде электрондық  оқулықты  пайдаланамын.Мысалы:  8  сыныпта «Санау  жүйелері »  тақырыбын  өткенде,  8  сыныпқа  арналған  электрондық  оқулығын  пайдаландым.  Ең  бірінші оқушылар  жеке  компьютерде  жұмыс  үстелінде  орнатылған   электронды  оқулықты  ашып , тақырыпты  мұқият  оқып  шығады.  Түсінгендерін  әңгімелеп  айтып  береді. Содан  кейін  электронды  оқулықта  берілген  тапсырманы  кезегімен  орындап  көрсетіп  отырады.  Осы  бағытпен  тапсырманы    аяғына  дейін  орындап  ,  соңында  тақырыпқа  берілген тесті  шешеді. Орындаған  тапсырма  мен  тесті  шешкендегі  пайызы  арқылы  әрбір  оқушы  нақты  бағасын  алады.  Және оқушының  пәнге  деген    қызығушылығы  артып,  құштарлығы оянады.Бұл  электронды  оқулықтың  тиімділігін  пайдалану, тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда маңызды , әрі әсерлі деп  ойлаймын. Бұдан  оқушылар  үшін  электронды  оқулықтың  өте  тиімді  екендігін  көруге  болады.

            Келесі оқушының  білім  сапасының  көтерілуіне ықпал  етіп,  терең  білім  алуына,  ойлау  қабілетінің  дамуына   мүмкіндік  беретін ең өзекті мәселелердің бірі-интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы. Интерактивті құралдардың көмегімен оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылды. Соған  байланысты  интерактивті тақтаны тиімді қолдана білсек, оның көмегімен өткізілген сабақтың да сапасының біршама артатындығына сөзсіз  көз  жеткізуге  болады.Сондықтан  информатика  пәнінен  сабақ  беру  барысында  тек  электрондық  оқулықпен  жұмыс  жасап  қоймай  сонымен  бірге  интерактивті  тақтаның    қосымша құрал-саймандарымен де тығыз  жұмыс  жасаймын. Әрбір тақырыпты  өткізер  алдында  мүмкіндігінше   интерактивті  тақтаны   және  оның басқа да  құралдарын   жиі  қолдануға  тырысамын.  Күнделікті  сабақты  өткізер  алдында  интерактивті  тақтадағы   флипчарт беттеріне сабаққа қатысты материалды енгізіп  аламын.Материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, графиктер болады. Түсіндіру барысында  тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және  нысанды  көрсетіп  және  жазатын  жерде  қаламмен  жазып  көрсетемін. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен  «Менің  флипчартым»  бумасына  сақтап  қойып,  келесі  сыныпқа  көрсетуге  болады.  Келесі  сыныптарда  сабақ  өткенде,  жаңа  материалды  оқушылармен  бірлесе  отырып  талдап,  интерактивті  тақтаның  флипчарт  беттеріне  қаламмен  әр  оқушыға   өзінің  тапсырмасын  жаздыртамын. Практикалық сабақты өткізу кезінде  интерктивті  тақтаны  пайдаланып,алдыңғы өткен сабақты қайталатамын, содан  кейін  флипчартта  алдын - ала дайындаған сабақты  ашып, оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бақытталған тапсырмаларды орындауға беремін. Қажетті жағдайда, оқушыға  тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіремін. Оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма беріп, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт беріп  және бақылап отырамын.  Және оқушылар  тапсырмасын  орындап  болған  соң,  сабақтың  соңында   бекіту  ретінде,  «Activpen»    құралы  арқылы  әр  топқа  түйінді  сөздерді  жазамын. Интерактивті  тақтада   «Activpen»    құралы  арқылы  жазылған ,   өтіп  жатқан  сабаққа  байланысты  берілген «түйінді»  сөздердің  мағынасын  әр  топ  ашып айтып  береді Кейбір   тақырыпты   оқығанда  интерактивті  тақта  да  берілген  кітапханасын  пайдаланамын.  Өткен тақырыпқа  байланысты  суреттер  берілсе,  сол  суретті   кітапханадан  алып,  мағынасын  аштырып,  өз  пікірін  жаздыртамын.    Бұл  интерактивті  тақтамен   жұмыс  жасау сабақты екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді.  Сонымен  қатар    әр  сыныптарда  топпен  жұмыс  жасау  барысында  «Activslate»   құралын пайдаланамын. Бұл құралдың  міндеті итерактивті  тақтаға  жазылған  тапсырмаларды  оқушы  орнында  отырып  топпен    кезек -кезек  жазады, жазған  жазуы оқушы тақтаға  шықпай-ақ интерактивті  тақтада  жазылып  отырады.Бұл «Activslate»   құралын пайдаланып  интерактивті  тақтада  дайындалған  тестардыда  шешуге  болады. Бұл  оқушының  орнында  отырып  топпен  жұмыс  жасау  тиімділігін  арттырады.Интерактивті тақтаны пайдалану кез – келген сабақты серпімді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс - әрекетінің артуына ықпал етеді. Және білімді бақылаудың келесі  формалары :1.оn-line  жүйесін пайдаланып  тест  шешу, халықаралық сайттарда өтетін олимпиадаларға қатысу.Интернеттен  қажетті  материалды алу. 2.Activote   тестілеу жүйесі;  Информатика  сабағында  интерактивті  тақтаның  «Activote»  құралын  пайдаланып, тестілеу жүйесін  ұйымдастырамын.  Тест  тарау  соңында,  тақырыпты  бекіткенде «Activote»  құралы  арқылы  алынады. Тест   алынатын   тақырыпқа  байланысты   құрастырылады.   Бұл «Activote»   құралдың  тиімділігі  өте  зор.  Себебі  тақырып  бойынша  тест  шешкенде  оқушы  өзінің  нақты  шешімін  көз  алдында  интерактивті  тақтада  тестің  қорытынды  шешіміне  көз  жеткізе  алады.Ал  оn-line тест  жүйесінде  оқушылар   халықаралық сайттарға  кіріп , әр  сыныпқа  арналған  тестарды  шешеді.  Сонымен  қатар жылда  оn-line   жүйесіндегі «infourok.ru», «videouroki.net» сайттарында өтетін  халықаралық  олимпиадаларға  қатысып, сертификаттар  алады.  Және  күнтізбелік  жоспарда  берілген  тақырыптар  кітапта  болмаса, онда  ол  тақырыпты  интернет  жүйесінен  іздеп  тауып,  оқып,  әр  оқушы  өз  пікірін айтып  береді.Интернеттің  тиімділігі  оразан  зор,  себебі  барлық сабаққа  керекті қажетті тақырыпты тауып  оқуға  және өз  білімін  тереңдетуге  мүмкіндік  береді. Жаңа техникалық  құралдың бірі«Nova5000»   миникомпьютерін информатика  сабағында  жаңа  тақырып  өткенде, қайталау  сабақтарында  топпен  жұмыс  жасағанда  қолданған  өте  тиімді.«Nova5000» миникомпьютердің ,экраны  жылжымалы ,арнайы  қарындашты  пайдаланып   жұмыс  жасайды. Информатика  сабақтарында   «Nova5000»    миникомпьютердің  қарындашын  пайдаланып, жұмыс  жасау  оқушылардың қызығушылығын арттырады.«Nova5000» миникомпьютердегі Paint,WordPad, Блокнот,Excel  бағдарламаларына  қарындашты  пайдаланып,  сурет  салып , жазулар  жазуға  болады.Оқушылар «Nova5000»    миникомпьютеріндегі Paint терезесін  ашып,   қарындашпен сурет  салады, WordPad,Блокнот  беттеріне    жазу  жазып,  Excel    беттеріне   тапсырманы  орындайды.Бұдан  оқушының тек  Paint  графикалық  редакторының   құрал  саймандарымен тышқанды  пайдалану  арқылы    сурет  салу  ғана  емес,   сонымен  қатар  «Nova5000» мини компьютерде  қарындашты  пайдаланып та  сурет  салуға  болатынына  көз  жеткізге  болады.    

Қорытынды:  Қорыта  айтқанда,  сабақта  электронды  оқулықты,  интерактивті  тақтаның  мүкіндіктерін,  on-line   жүйесін, «Nova5000»    мини  компьютерді   сабақта  қолдану -  бұл оның нәтижелігіне  қолайлы  жағдайды  жасаудың бірден – бір  жолы, ал ол өз кезегінде  бірлесе  жұмыс  жасауға, адами  қарым – қатынастарға  себепкер болады.Оқытуға жаңашыл көзқарасты  қолдану, тәжірибеге  бағытталған  оқытудың  үлкен  жетістігі болып  табылады , сондай- ақ  оның  сапасы  алынған  білімнің нақты  жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің  сапасын  көтеруде  үлкен  сұранысты  қанағаттандыруды  қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл

2.     Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары: оқу құралы / К. Өстеміров.- Алматы: ЖШС «Казпрофтех», 2007.

3.     «Қазақстан мектебі» журналы №82012 жыл

4.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаратылыс тану пәндерін оқытуда электрондық білім берудің жаңа ресурстарын тиімді қолдану."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жаратылыс  тану    пәндерін  оқытуда  электрондық  білім  берудің  жаңа  ресурстарын  тиімді  қолдану.

  Жоспар:

І. Кіріспе

      ІІ.Негізгі

1.      Электронды  оқулықтың  тиімділігі.

2.      Интерактивтік тақтасының   құралдарын  тиімді пайдалану .

3.      Оn-line  жүйесін қолдану

4.      Интернет  жүйесінің  тиімділігі.

5.      «Nova5000»   мини компьютер

      ІІІ.Қорытынды

       ІV.    Әдебиеттер

        Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, жақыннан алысқа , таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сол себептен мектептегі білім беру үдерісіне жаңаша оқыту технологияларын енгізу арқылы оқу үдерісінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.   Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңаша оқыту технологияларын пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны,  электрондық  оқулықты қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады..Бірнеше  жылдан  бері 7-11 сыныптарға  информатика  пәнінен  дәріс  беріп  келемін. Сол  жылдардың  ішінде  информатка  сабақтарында  электрондық  оқулықтарды ,  интерактивті  тақтаны  және  оның  қосымша  құралдарын  сабақта  пайдалана  отырып,   on-linе   жүйесінде  жылда  болып  жататын  олимпиадаларға  оқушыларды  қатыстырып, интернеттен  қажетті  материалды   тауып,  оқытып  отырамын.  «Өрлеу» біліктілікті  арттыру  курсының  үшінші  деңгейін  2012  жылыдың қараша  айында  аяқтап  келдім.Қазір курста  үйреткен  7  модуль  бойынша  барлық  сабақ  беретін  сыныптардағы  оқушылармен, топпен,  жұппен,  жеке  жұмыс  жасап жатырмын.

             Күнделікті    информатика  сабағында    пайдаланып  жүрген  электронды  оқулықтың  тиімділігіне    айтатын  болсам,    бұл  электронды  оқулықтың   білім сапасының артуына  пайдасы бар екенін байқадым. Электрондық оқулық көмегімен   оқушылар сабақ уақытында тақырыпқа сәйкес мәліметтерментанысуға, машықтану тапсырмаларын өз бетінше орындауларына болады. Бұлорайда  сыныптағы  дербес  компьютерде     интернет  сайттарыннан  алып дайындаған 7-10  сыныптарға  арналған  бірнеше электрондық оқулықтар  бар. Осындай электрондық оқу құралдарын,  әр сабақта  пайдалану – оқытудың тиімді әдістерінің бірі болып  табылады. Ол оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, ізденіс белсенділігін арттыруына  мүмкіндік береді. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, тірек-сызбалар, бейнекөріністер,  тапсырмалар,  тест   шешуге  болады. Күнделікті   сабақ  барысында  жаңа  тақырыпты  өткен  кезде электрондық  оқулықты  пайдаланамын.Мысалы:  8  сыныпта «Санау  жүйелері »  тақырыбын  өткенде,  8  сыныпқа  арналған  электрондық  оқулығын  пайдаландым.  Ең  бірінші оқушылар  жеке  компьютерде  жұмыс  үстелінде  орнатылған   электронды  оқулықты  ашып , тақырыпты  мұқият  оқып  шығады.  Түсінгендерін  әңгімелеп  айтып  береді. Содан  кейін  электронды  оқулықта  берілген  тапсырманы  кезегімен  орындап  көрсетіп  отырады.  Осы  бағытпен  тапсырманы    аяғына  дейін  орындап  ,  соңында  тақырыпқа  берілген тесті  шешеді. Орындаған  тапсырма  мен  тесті  шешкендегі  пайызы  арқылы  әрбір  оқушы  нақты  бағасын  алады.  Және оқушының  пәнге  деген    қызығушылығы  артып,  құштарлығы оянады.Бұл  электронды  оқулықтың  тиімділігін  пайдалану, тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда маңызды , әрі әсерлі деп  ойлаймын. Бұдан  оқушылар  үшін  электронды  оқулықтың  өте  тиімді  екендігін  көруге  болады.

            Келесі оқушының  білім  сапасының  көтерілуіне ықпал  етіп,  терең  білім  алуына,  ойлау  қабілетінің  дамуына   мүмкіндік  беретін ең өзекті мәселелердің бірі-интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы. Интерактивті құралдардың көмегімен оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылды. Соған  байланысты  интерактивті тақтаны тиімді қолдана білсек, оның көмегімен өткізілген сабақтың да сапасының біршама артатындығына сөзсіз  көз  жеткізуге  болады.Сондықтан  информатика  пәнінен  сабақ  беру  барысында  тек  электрондық  оқулықпен  жұмыс  жасап  қоймай  сонымен  бірге  интерактивті  тақтаның    қосымша құрал-саймандарымен де тығыз  жұмыс  жасаймын. Әрбір тақырыпты  өткізер  алдында  мүмкіндігінше   интерактивті  тақтаны   және  оның басқа да  құралдарын   жиі  қолдануға  тырысамын.  Күнделікті  сабақты  өткізер  алдында  интерактивті  тақтадағы   флипчарт беттеріне сабаққа қатысты материалды енгізіп  аламын.Материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, графиктер болады. Түсіндіру барысында  тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және  нысанды  көрсетіп  және  жазатын  жерде  қаламмен  жазып  көрсетемін. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен  «Менің  флипчартым»  бумасына  сақтап  қойып,  келесі  сыныпқа  көрсетуге  болады.  Келесі  сыныптарда  сабақ  өткенде,  жаңа  материалды  оқушылармен  бірлесе  отырып  талдап,  интерактивті  тақтаның  флипчарт  беттеріне  қаламмен  әр  оқушыға   өзінің  тапсырмасын  жаздыртамын. Практикалық сабақты өткізу кезінде  интерктивті  тақтаны  пайдаланып,алдыңғы өткен сабақты қайталатамын, содан  кейін  флипчартта  алдын - ала дайындаған сабақты  ашып, оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бақытталған тапсырмаларды орындауға беремін. Қажетті жағдайда, оқушыға  тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіремін. Оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма беріп, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт беріп  және бақылап отырамын.  Және оқушылар  тапсырмасын  орындап  болған  соң,  сабақтың  соңында   бекіту  ретінде,  «Activpen»    құралы  арқылы  әр  топқа  түйінді  сөздерді  жазамын. Интерактивті  тақтада   «Activpen»    құралы  арқылы  жазылған ,   өтіп  жатқан  сабаққа  байланысты  берілген «түйінді»  сөздердің  мағынасын  әр  топ  ашып айтып  береді Кейбір   тақырыпты   оқығанда  интерактивті  тақта  да  берілген  кітапханасын  пайдаланамын.  Өткен тақырыпқа  байланысты  суреттер  берілсе,  сол  суретті   кітапханадан  алып,  мағынасын  аштырып,  өз  пікірін  жаздыртамын.    Бұл  интерактивті  тақтамен   жұмыс  жасау сабақты екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді.  Сонымен  қатар    әр  сыныптарда  топпен  жұмыс  жасау  барысында  «Activslate»   құралын пайдаланамын. Бұл құралдың  міндеті итерактивті  тақтаға  жазылған  тапсырмаларды  оқушы  орнында  отырып  топпен    кезек -кезек  жазады, жазған  жазуы оқушы тақтаға  шықпай-ақ интерактивті  тақтада  жазылып  отырады.Бұл «Activslate»   құралын пайдаланып  интерактивті  тақтада  дайындалған  тестардыда  шешуге  болады. Бұл  оқушының  орнында  отырып  топпен  жұмыс  жасау  тиімділігін  арттырады.Интерактивті тақтаны пайдалану кез – келген сабақты серпімді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс - әрекетінің артуына ықпал етеді. Және білімді бақылаудың келесі  формалары :1.оn-line  жүйесін пайдаланып  тест  шешу, халықаралық сайттарда өтетін олимпиадаларға қатысу.Интернеттен  қажетті  материалды алу. 2.Activote   тестілеу жүйесі;  Информатика  сабағында  интерактивті  тақтаның  «Activote»  құралын  пайдаланып, тестілеу жүйесін  ұйымдастырамын.  Тест  тарау  соңында,  тақырыпты  бекіткенде «Activote»  құралы  арқылы  алынады. Тест   алынатын   тақырыпқа  байланысты   құрастырылады.   Бұл «Activote»   құралдың  тиімділігі  өте  зор.  Себебі  тақырып  бойынша  тест  шешкенде  оқушы  өзінің  нақты  шешімін  көз  алдында  интерактивті  тақтада  тестің  қорытынды  шешіміне  көз  жеткізе  алады.Ал  оn-line тест  жүйесінде  оқушылар   халықаралық сайттарға  кіріп , әр  сыныпқа  арналған  тестарды  шешеді.  Сонымен  қатар жылда  оn-line   жүйесіндегі «infourok.ru», «videouroki.net» сайттарында өтетін  халықаралық  олимпиадаларға  қатысып, сертификаттар  алады.  Және  күнтізбелік  жоспарда  берілген  тақырыптар  кітапта  болмаса, онда  ол  тақырыпты  интернет  жүйесінен  іздеп  тауып,  оқып,  әр  оқушы  өз  пікірін айтып  береді.Интернеттің  тиімділігі  оразан  зор,  себебі  барлық сабаққа  керекті қажетті тақырыпты тауып  оқуға  және өз  білімін  тереңдетуге  мүмкіндік  береді. Жаңа техникалық  құралдың бірі«Nova5000»   миникомпьютерін информатика  сабағында  жаңа  тақырып  өткенде, қайталау  сабақтарында  топпен  жұмыс  жасағанда  қолданған  өте  тиімді.«Nova5000» миникомпьютердің ,экраны  жылжымалы ,арнайы  қарындашты  пайдаланып   жұмыс  жасайды. Информатика  сабақтарында   «Nova5000»    миникомпьютердің  қарындашын  пайдаланып, жұмыс  жасау  оқушылардың қызығушылығын арттырады.«Nova5000» миникомпьютердегі Paint,WordPad, Блокнот,Excel  бағдарламаларына  қарындашты  пайдаланып,  сурет  салып , жазулар  жазуға  болады.Оқушылар «Nova5000»    миникомпьютеріндегі Paint терезесін  ашып,   қарындашпен сурет  салады, WordPad,Блокнот  беттеріне    жазу  жазып,  Excel    беттеріне   тапсырманы  орындайды.Бұдан  оқушының тек  Paint  графикалық  редакторының   құрал  саймандарымен тышқанды  пайдалану  арқылы    сурет  салу  ғана  емес,   сонымен  қатар  «Nova5000» мини компьютерде  қарындашты  пайдаланып та  сурет  салуға  болатынына  көз  жеткізге  болады.    

Қорытынды:  Қорыта  айтқанда,  сабақта  электронды  оқулықты,  интерактивті  тақтаның  мүкіндіктерін,  on-line   жүйесін, «Nova5000»    мини  компьютерді   сабақта  қолдану -  бұл оның нәтижелігіне  қолайлы  жағдайды  жасаудың бірден – бір  жолы, ал ол өз кезегінде  бірлесе  жұмыс  жасауға, адами  қарым – қатынастарға  себепкер болады.Оқытуға жаңашыл көзқарасты  қолдану, тәжірибеге  бағытталған  оқытудың  үлкен  жетістігі болып  табылады , сондай- ақ  оның  сапасы  алынған  білімнің нақты  жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің  сапасын  көтеруде  үлкен  сұранысты  қанағаттандыруды  қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл

2.     Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары: оқу құралы / К. Өстеміров.- Алматы: ЖШС «Казпрофтех», 2007.

3.     «Қазақстан мектебі» журналы №8, 2012 жыл

4.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2015 1050
    • DOCX 57 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимова Майра Жексембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахимова Майра Жексембаевна
    Рахимова Майра Жексембаевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7071
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 493 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 523 человека

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 717 человек

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов