Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Конспекты / Жарқын күз - алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Жарқын күз - алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік

библиотека
материалов

Музыка ырғағымен балалар топқа кіріп,

орындықтарының жанына келіп тұрады

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біз ғажайып ертегілер еліне келіп қалған сияқтымыз... Ал, бізден бұрын мұнда апайлар да, ата-аналарымыз да келіп қалған екен қош келдіңіздер! Қане, балалар, «Сәлем - сөздің атасы» демекші қонақтармен амандасайық.

Балалар:Сәлеметсіздер ме?

Тәрбиеші: Балалар, ертегілер елі қандай әдемі, мұнда бәрі бар, бізде күн салқын болғанымен бұл жерде жылырақ екен. Бірақ мұнда да жапырақтар сарғайып түсіпті. Күн салқындап, жапырақтар сарғайып жерге түссе қандай мезгіл болғаны?

Балалар: Күз мезгілі!

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, ертегілер елінде де күз мезгілі екен. Қане, олай болса, біз тоңбауымыз үшін бір-бірімізбен жүрек жылуын бөлісейік.

Жүрек жылуы:

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен

Ертегілер елінде

Татумыз, доспыз бәріміз

Жылынсыншы жанымыз.

Топқа Күз ханшайымы қолына сиқырлы қорапша ұстап келеді

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар, ата-аналар!

Алтын түске боялды

Тау мен қырқа, дала түз

Келдім міне, ортаңа

Менің атым – Алтын күз! - балалар, қараңдаршы, мына әдемі қорапты, сендерге келе жатып жолдан тауып алдым. Ішінде не бар екенін білгілерің келеме?

Балалар жауабы: Иә!

Күз: Ой, балалар, мына қорап ашылмай жатыр, кім маған күз туралы тақпақ айтып береді, мүмкін, сол кезде ашылар...

Балалар тақпағы.

Күз: Жарайсыңдар. Мұнда ертегіші атайдың сендерге арнаған тапсырмалары бар екен (ертегілерден үзінді суреттер алып шығады). Кім тапсырмаларды жақсы орындап, сұрақтарға жақсы жауап берсе сол балалар ертеңгілік аяғында мол сыйлықтарға ие болады екен...

-Мына суретте қай ертегі бейнеленген?

-Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Күз: Қане, балалар, осы ертегілер ішінен «Шалқан» ертегісін рөлдерге бөліп ойнайық... Ал, құрметті қонақтар, «Шалқан» ертегісінің желісімен қойылатын «Жарқын күз» мерекесін тамашалаңыздар!

Музыка ойналып ата бақшаға келеді. Өсіп тұрған үлкен шалқанды көріп суырып алмақ болады. Бірақ шалқан қозғалар емес. Ары тартып, бері тартып ойланып тұрғанда шалқанға дыбыстайды:

Шалқан: Ата, сіз бекер әуре болмаңыз. Одан да әжемді шақырыңыз.

Ата аң-таң болып әжені шақырады.

Ата: Әжесі, әжесі, кел мұнда! Әже келеді.

Әже: Иә атасы, неге шақырдың?

Ата: Мына өсіп тұрған үлкен шалқанымызды көрдің бе? Ол пісіп жетілді. Оны суырып алайық... екеуі ары тартып, бері тартып шалқанды суыра алмайды, сонда шалқан тағы дыбыстайды

Шалқан: Ата, әже - әуре болмаңыздар. Мен әлі толық пісіп жетілгенім жоқ. Мен тезірек пісуім үшін сіздерге қояр шартым бар.

Ата мен әже: Әрине, айналайын, шартың болса қоя ғой...

Шалқан: Ата, әже, мен әдемі ән тыңдағым келеді...

Ата мен әже: Әрине, айналайын, балалар ән айта алады, қане...

«Балабақша бағында» әні

Шалқан: Керемет ән екен.

Әже: Ал шалқаным, пісіп жетілдің бе...

Шалқан: Әлі де шала піскен сияқтымын. Мүмкін, балалардың күз туралы өлеңдерін оқығанда пісермін..?

Күз: Қарашы күз келді, күз келді

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді

Көңілсіз неліктен күз енді?

Балалар тақпақтары

Әже: Ал шалқаным, пісіп жетілдің бе...

Шалқан: Әлі де шала піскен сияқтымын әже. Мүмкін, балалардың күздік ойындарын тамашалағанда пісермін..?

Әже шарасы таусылып тәрбиешіге қарайды

Тәрбиеші: Келіңдер, келіңдер,

Ойын ойнап көріңдер.

Жемістерді шашылған,

Жылдам жинап беріңдер...

«Жемістер жинау» ойыны

Әже: Ал, шалқаным, пісіп жетілдің бе...

Шалқан: Әлі де шала піскен сияқтымын әже. Мүмкін, балалардың күз туралы әсем әнін тамашалағанда пісермін..?

Тәрбиеші: Сәлем, ерен достарым,

Өмірге көп қосқаным

Молайтыңдар шаттықты

Ән айтыңдар бақытты.

«Жемістер мен көкөністер» әні

Әже: Ал, шалқаным, пісіп жетілдің бе...

Шалқан: Әлі де шала піскен сияқтымын әже. Мүмкін, енді қызыңызды шақырарсыз..?

Әже: Қызым, қызым, келе қойшы мұнда Қыз келеді

Қыз: Иә әже, шақырдыңыз ба?

Әже: Иә, айналайын, мына үлкен шалқанымызды көрдің бе? Атаң екеуміз суыра алмадық, мұнда сенің көмегің керек сияқты

Үшеуі ары тартып, бері тартып суыра алмайды

Шалқан: Менің жапырағымнан тартып-тартып ауыртып жібердіңіздер. Менің түбім кеуіп тұр, мүмкін, жаңбыр керек маған...

Күз: Бақыт болып жаушы жаңбыр

Менің әсем қалама,

Бақыт болып жаушы жаңбыр

Менің әсем далама...

«Моншақтар» әні

Топқа әуен ырғағымен Жаңбыр кіреді

Жаңбыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар, менің сендерге көмегім керек екенін сезіп мына әсем күз мезгілінде өздеріңе көмекке келдім. Айта қойыңдар, қандай көмегім қажет?

Б.ж.: Біз шалқанды суыра алмай жатырмыз. Оның түбі кеуіп тұр екен. Азырақ нөсерлетіп жіберіңізші...

Жаңбыр: Ендеше бір ойын ойнап көрейік...

«Қолшатыр» ойыны

Жаңбыр: Нөсер жаңбыр жауады,
Сай – саладан ағады.
Жердің бәрі балшық боп,
Бассаң балқып барады – енді тағы биіміз бар мемес пе, келіңдер барлығың да шыға қойыңдар...

«Тамшылар» биі

Қыз: Ал, шалқаным, енді тағы сені суырып көрейік атасы, әжесі, қызы үшеуі суыра алмайды

Шалқан: Менің әбден пісуіме аз қалған сияқты, мүмкін тағы көмекке үйден біреуді шақырармыз?

Қыз: Иә, әрине, үйде ақтөс пен мамық қалды ғой, соларды да шақырайық..? Ақтөс, Мамық келе қойыңдар...

Топқа ақтөс пен мысық мамық келеді

Екеуі: Бізді неге шақырдың? Көмегіміз керек пе?

Қыз: Әрине, сендердің көмектерің өте қатты қажет болып тұр. Мына үлкен шалқанымызды суыра алмай жатырмыз.

Екеуі: Қане, бәріміз жұмыла суырып көрейік...

Бесеуі ары тартып, бері тартып тағы да суыра алмайды

Шалқан: Ой, ой, ой, менің жапырақтарымның ауырғаны сонша, балалардың тағы да өлеңдерін тыңдағым келіп тұр...

Күз: Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер – енді, мырза күзді жырлайық...

Балалар тақпақтары

Ақтөс пен Мамық: Ал, енді шалқан, біз сенің барлық шартыңды орындаған сияқтымыз. Енді не қалайсың?

Шалқан: Осы ертегі бойынша мұнда тағы тышқан да болу керек емес пе? Мен тышқанды күтіп отырмын...

Мамық: Тышқан, тышқан, шық ініңнен жаныңның барында. Сенің де бізге көмегің келіп тұр! Топқа дірілдей баса қорқып тышқан келеді

Тышқан мысыққа қарап: Не бұйырасыз?

Мамық: Кел, мына үлкен шалқанды суырып шығаруға көмектес...

барлығы шалқанды суырып тартып алып шығады...

Шалқан: Міне, керемет! Мен де пісіп жетілдім! Рахмет сендерге достарым!

Ата мен әже: Өзіңе де көп рахмет шалқан. Сенің шарттарыңның арқасында біз де балалардың күз мезгіліне арнап дайындаған өнерлерін тамашалап қалдық...

Шалқан: Ал, балалар, ата-әже, сұлу қыз, Ақтөс-Мамық, сұр тышқан – мен күз мезгілінде пісетіндіктен және менің шарттарымды бұлжытпай орындағандарың үшін мен сендерге өзім сияқты көптеген дәрумендер сыйлағым келеді. Рахмет сендерге! – деп рөлдерде ойнаған артистер балалар қасына келіп тұрады...

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, сіздерге күздің берер өнімі мол, берекесі құт болсын! Балаларымыздың бал күлкісі мен шаттығын келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше күн жақсы болсын! Енді көңілді флеш-моб биімізбен мерекемізді аяқтаймыз.

«Жаяу» флеш-мобы

3


Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров258
Номер материала ДВ-143740
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх