Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Конспекты / Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы

библиотека
материалов

Ф.219

6. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні

1 негізгі ИС


1 негізгі ФО-1

03.03





Пән: Физика

14 бөлім. Оптика. Салыстырмалық теориясының негіздері

Курс тақырыбы: №14.2 Геометриялық оптика

Сабақ тақырыбы: №6. Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы. Шынының сыну көрсеткішін анықтау

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: тәжірибелік, зертханалық


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Біртекті магнит өрісінде катушканы бір қалыпты айналдыра отырып айнымалы токты алу. Айнымалы токтың генераторы туралы түсініктер

Кәсіптік құзыреттілік

Катушка мен конденсаторды параллель қосу


Сабақ мақсаттары


оқытушылық

1. Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғамын қалыптастыру, сыну заңы мен формуласын үйрету;

2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;

3. Сыну құбылысының схемалық суретін сала білу.

тәрбиелік

Өзі және топ мүшесі үшін жауапкершілік ала білуге тәрбиелеу

дамытушылық

1. Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау.

2. Жаңа білім беру, білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Физика (К.т.: №14.1 Жарықтың табиғаты. Жарықтың таралуы.)

Қамтамасыз етілетін

Физика (К.т.: №14.3 Жарықтың толқындық қасиеттерімен түсіндірілетін құбылыстар)


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар


Таратпа материалдар


Оқытудың техникалық құралдары


Әдебиет: негізгі

  1. Р.Башарұлы Г. Байжасарова У. Тоқбергенова «Физика» Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10 сынып оқулығы.

  2. С. Тұяқбаев, Ш. Насохова. Б. Кронгарт, В. Кем, В. Загайнова. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10 сынып оқулығы.

Қосымша

  1. Ж.Абдулаев «Физика курсы»

  2. Г.Я.Мякишев. Б.Б.Буховцев «Физика-10»

  3. Л.С.Жданов «Физика курсы»

  4. А.П.Рымкевич «Физика есептер жинағы»


Сабақ мазмұны

Эле-мент№

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру (2 мин)

  • амандасу

  • аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру (таза тақта, бос тұрған орындықтардың түп-түзу тұруы, еденге арналған және тақта сүртуге арналған шүберектің суланып салынуы) және оқушылардың (оқушылардың сыртқы киім киістерін, оқу құралдарының түгел бар болуы) сабаққа дайындығын тексеру;

  • мәлімдеме бойынша сабақта бар оқушылардың түгел бар болуын тексеру;


2.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау (2 мин)


3.

Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)

Сөзжұмбақ арқылы өткен тақырыпқа шолу.

1.


 

 

О

 

2.


 

 

П

 

 

 

 

 

 

 


3.


 

 

Т

 

 

 

 

 

4.


И

 

 

 

 

5.


 

 

 

 

К

 

 

 

 

 

6.

А

 

 

 



Сұрақтары

1. Жарық жылдамдығын ашқан француз физигі. Физо

2. түскен, шағылған және сынған сәуле орталарды бөлетін шекарада сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған ........ бір жазықтықта жатады. перпендикуляр

3. Ағылшын физигі. Ньютон

4. Табиғат туралы ғылым. физика.

5. Дүние жүзіндегі ең биік телемұнара. останкино

6. «сфералық және жазық» деп бөлінетін не? Айна



4

Жаңа сабақ (30 мин)

Курс тақырыбы: №14.2 Геометриялық оптика

Сабақ тақырыбы: №6. Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы. Шынының сыну көрсеткішін анықтау

  1. Жарықтың шағылу заңы.

  2. Жарықтың сыну заңы.

  3. Шынының сыну көрсеткішін анықтау



5.

Жаңа сабақты бекіту (22 мин)

  1. Жарықтың шағылуы 12, 21

12. Жарық сәулесінің айна ортаға түсу бұрышы 50o тең. Айна беті мен шағылған сауленің арасындағы бұрыш қанша?

21. Егер шағылу бұрышы 400 тең болса, онда айна жазықтығы мен түскен сәуленің арасындағы бұрыш қандай?

  1. Жарықтың сынуы 2,3,5,7,9,10,11,13,14,15,

2. Шыныдағы жарықтың таралу жылдамдығы 136000 км/с. Шынының сыну көрсеткішін есепте.

3. Жарық вакуумнан мөлдір ортаға түседі. Түсу бұрышы 600 тең. Сыну бұрышы 450. Осы ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы қанша? ( с = 3 ∙ 108 м/с )

5. Жарық вакуумнан мөлдір ортаға түседі. Түсу бұрышы 300 тең. Сыну бұрышы 450. Осы ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы қанша? ( с = 3 ∙ 108 м/с )

7. Скипидардың сыну көрсеткішін анықтаңдар, егер скипидардан шыныға өткен жарық сәулесі (n=1,5) түсу бұрышы 45° тең болса, ал сыну бұрышы 33°. (sin33°=0,5446; sin45°=0,7071)

9. Шынының абсолюттік сыну көрсеткіші 1,5 тең. Алмаздың абсолюттік сыну көрсеткіші 2,40. Жарық сәулесі алмаз пластикасынан шыныға өтеді. Осы жағдайда салыстырмалы сыну көрсеткіші қаншаға тең?

10. Жарық жылдамдығы 230000 км/с тең ортаның сыну көрсеткішін анықта, ал ортаға қатысты жарықтың жылдламдығы 290000 км/с

11. Жиілігі 400'ТГц жарық толқыны мөлдір ортада таралады. Толқын ұзындығы 700 нм тең. Ортаның сыну көрсеткішін анықтаңдар.

13. Сыну көрсеткіші 1,33 тең жарықтың жылдамдығын табыңдар. ( с = 3 ∙ 108 м/с).

14. Ауадағы қызыл жарықтың толқын ұзындығы 780 нм. Тербеліс жиілігін табыңдар.

15. Егер сыну көрсеткіші 1,6 тең болса, онда заттағы жарықтың жылдамдығы қанша? (с = 3∙108 м/с)

Семантикалық карта.

Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз. (бір сұрақтың 2-3 жауабы болуы мүмкін)



Сұрақ

Шағылу

Сыну

Шағылу заңы

Сыну саңы

Сындыру көрсеткіш

1

бұл ненің формуласы?




+


2

Көл бетінен күн көрініп тұр. Бұл қандай құбылыс?

+





3

бұл ненің формуласы?

-түсу, -шағылу бұрышы



+



4

Судағы балықтар үлкен болып көрінеді. Бұл қандай құбылысты көрсетеді?


+




5

Вакумдағы жарық жылдамдығының ортадағы жарық жылдамдығына қатынасына тең тұрақты шама:





+

6

бұл қай заңның формуласы?




+


7

бұл ненің формуласы?




+




6.

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (2 мин)

1) сабақтың қорытындысын айту;

2) белсенді оқушыларды айту;

3) белсенді түрде сабаққа қатыспайтын оқушыларға ұсыныстар жасау.


7.

Үй тапсырмасы (2 мин)

  1. Р.Башарұлы Физика 11 сынып 71-74 беттер

Шағылу құбылысына мысал келтір

Сыну құбылысына мысал келтір

Қолдану


Жазық айнадан шығылу


Пирескоп, телескоп, т.б оптикалық приборлар.



Судағы жарық сәулесінің сынуы

Суға астын бақылағанда ескеру



Шыныдан сыну

Үлкейтетін, жақындататын оптикалық приборларда.

Мына кесте бойынша есептерді шығарыңыз.



n

Қандай зат?

1

450

270

1,47

глицерин

2

450

180

2,42

алмас

3

510

300

1,56

қант




Оқытушы _________ Г.К.Мукушова

Дәріс №6


Курс тақырыбы: №14.2 Геометриялық оптика

Сабақ тақырыбы: №6. Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы. Шынының сыну көрсеткішін анықтау


(Проблемалық ситуация)

Стакандағы суға ұзын тебен-инені салып, оны центрден шетке қарай жылжыта отырып сыну құбылысын көрсетеді. Қандай өзгеріс/құбылыс көрдіңдер? Неге болат ине су-ауа шекарасында «сынып» көрінеді?

Бүгінгі сабағымызда жарық сәулесінің аса бір қызықты қасиеті жарықтың сынуы мен мен оның қолданылуын қарастырамыз.

Сабақ мақсатын белгілеу. Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғамын қалыптастыру, сыну заңы мен формуласын үйрену.

Тәжірибе-1. Тарелке, су, тыйынмен жасалатын тәжірибені көрсету.

Тарелкеге тиын салып қойып, оған тиын көрінбейтіндей қырынан қарап тұрып жәйлап су құямыз. Аздан соң тиын көрінеді.

Тыйын неге «көтерілді»?

2. Бұл тәжірибелер екі түрлі ортаның шекарасында, яғни су-ауа шекарасында жарық сәулесі түскенде бір бөлігі шағылып, ал бір бөлігі екінші ортаға өтетінін және өткенде бағытын өзгертінін (сынатынын) дәледейді.

Осы құбылыстан қандай тұжырым жасауға болады?

Жауап: Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жырқтың сынуы дейміз.

hello_html_6c302bd7.png

Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш () сыну бұрышы деп аталады.

Жарық аудан шыныға өткенде сынған сәуле перпендикулярға жақындайтынын тәжірибеден көрдік. Бұл сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар тұсу бұрышын сан мәнін (градус) сыну бұрышының сан мәніне бөле отырып олардың тұрақты екеніне назар аударамыз.

Бұдан қандай тұжырым айтуға болады?

Жауап:

  • Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

  • Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.hello_html_m54801609.png

, бұл формула мен анықтаманы сыну заңы деп атайды.

Бұл заңды Синелус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В Синелус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған. Формуладағы n – сыну көрсеткіші деп аталады.

Жарықтың орта таралу жылдамдығы тұрақты болғандықтан олардың қатынастары да тұрақты болады. Яғни


Бірінші ортада таралатын жарық жылдамдығының екінші ортада таралатын жарық жылдамдығынан неше есе үлкен екендігін көрсететін физикалық шаманы салыстырмалы сыну көрсеткіші деп атайды.


Сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың ауамен салыстырғандағы к өрсеткіші «абсолют сыну көрсеткіші» деп аталады.


3. Жарық сәулесі вакумда 300000 км/с жылдамдықпен тарайды. Жарық 300000 км/с кем жылдамдықпен таралатын орта оптикалық тығыздығы жоғары орта деп аталады.

Жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткенде сыну себебі әртүрлі ортада жарық жылдамдығының түрліше болатындығынан. Яғни, оптикалық тығыздығы жоғары ортада жарық жылдамдығы кемиді. Ортаның сындыру көрсеткіші осы жылдамдықтың неше есе кемитінін көрсетеді.

Сонда берілген екі орта үшін (ауа – су, ауа – шыны...) заттың сындыру көрсеткіші


формуласымен де анықталады. С- жарықтың вакумдағы жылдамдығы, v –ортадағы жылдамдығы, Онда екі формуланы біріктіріп былай жазуға болады.



Топ жұмысы. Қазіргі кезде көптеген заттардың сындыру көрсеткіштері тәжірибеде анықталып жазыған кестеге жазылған.

Заттар

Ауаға қатысты сындыру көрсеткіші

  Су

  глицерин

  Алмас

  Мұз

  Тұз

  Кварц

  Лағыл

  Қант

  Шыны сорттары

1.33

1,47

2,42

1,31

1,54

1.54

1,76

1,56

1,47 до 2.04


Екі қабатты линза тәжірибесі.

Әртүрлі мөлдір заттар жарық сәулесін түрліше сындырады. Стакандағы судың бетіне кастор майын (ол жоқ болса басқаша мөлдір май) қалыңдығы 1 см болатындай етіп құямыз. Стаканға жақсылап жарықтандыру керек

Ине алып оны стаканның дәл ортасынан майға батырамыз. Май қабатынан өткен соң ине суға да 1 см –дей еніп тұруы керек. Еегер стаканның бүйірінен қарасақ жуандығы әртүрлі бір бүтін инені көреміз: иненің суға батып тұрған астынғы бөлігі қолымызға ұстап тұрған үстінгі бөлігінен жуандау, ал, майда тұрған ортанғы бөлігі бәрінен жуан болып көріненді

Инені аздап оңға – солға стакан шетіне қарай қозғап көреміз, сонда ол күтпеген жерден үш бөлікке «кесіліп» кетеді; иненің жоғарғы бөлігі мен астынғы бөлігі шетке қарай аздап ығысса, ортанғы бөлігі тіптен ығысып кетеді...

Инені жылжытуды жалғастырамыз. Сонда мынаны байқаймыз: ортаңғы бөлік бәрінен де тез ығысады, одан соң астынғы бөлік, ал үстінгі (ауадағы) бөлік ең баяу жылжиды. Ине үшке бөлініп кетті. (Әрине оптикалық тұрғыдан ғана)?


hello_html_4ac4fa6a.jpghello_html_m75ebd921.jpg


Үшбұрышты шыны призмаға бүйірінен түскен жарықтың сыну құбылысы.

hello_html_2bc432a8.gif


Oқытушы _________ Г.К.Мукушова


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров676
Номер материала ДБ-011286
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх