Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Жартылай өткізгіштегі электр тогы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Жартылай өткізгіштегі электр тогы

библиотека
материалов

Қызылорда облысының білім басқармасы

«Жас өркен» колледжі






«Келісілді» «Бекітемін»

Әдіскер__________ Жалғасова О Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________Токтамысова Д





Ашық сабақ

Пән аты: Электротехника электроника негіздерімен

Сабақ тақырыбы: Жартылай өткізгіштегі электр тоғы

Оқу тобы: Қ-14-9

Өткізілетін күні: 14.04.2016

«Техникалық» пәндер бірлестігінің оқытушысы: Мыңбаева А.Қ







«Техникалық» пән

бірлестігінде қаралды

Хаттама № _____

«_____»______ 2016 ж.

Бірлестік жетекшісі:

__________ Шалқарбаев А.







Қызылорда 2016ж.

Электротехника электроника негіздерімен пәні бойынша ашық сабақ жоспары


Сабактың өткізілетін күні: 14.04.2016

Оқу тобы: Қ-14-9

Сабақтың тақырыбы: Жартылай өткізгіштегі электр тоғы

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік: Өткізгіштегі электр тоғын еске түсіріп, болашақ маман ретінде өз ойын айта алуға қалыптастыру.

ә) тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, теория мен тәжірибені байланыстыра отырып, жауапкершілігін, адамгершілігін арттыруға тәрбиелеу .

б) дамытушылық: Салыстыра білу қабілеттерін, танымдық қызығушылықты дамыту, жаңашылдық, жүйені ойлауға дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, оқулықтар, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: «Техникалық механика негіздері», «Металдар технологиясы және құрылмалы материалдар».

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына назар аудару 2-3 мин

  2. Бұрынғы білімін жетілдіру, тексеру, бекіту 30-35 мин

  3. Жаңа білімді хабарлау және оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру , пәннің басқа пәндермен байланысын көрсету 15-20мин

  4. Оқушылардың алған білімін бағалап, жаңа тақырыпты бекіту 20-25мин

  5. Үй тапсырмасы 3-5 мин



Сабақтың өткізілу барысы


I.Ұйымдастыру кезеңі


Сабақ басталмай тұрып алдымен дәрісхананың тазалығына және дайындығына назар аударамыз. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру кезінде кезекші арқылы кімнің жоқ екенін белгілейміз.


II. Өткен білімін тексеру кезеңі


Оқушылардың пән бойынша білім деңгейін тексеру жүргізіледі. Алдын ала дайындалған карточкалар мен тест сұрақтары таратылады.Дайындалуға үш төрт минут уақыт беріледі. Уақыт өткен соң оқушылар кезегімен тұрып жауап береді.

Оқушыларға карточка және тест сұрақтарын, пайдалану арқылы оқушының өткен сабақты күнделікті қайталап тұруға, сонымен қатар жақсы сақтауға тигізетін пайдасы мол.

Үй жұмысын ауызша сұрауда оқушылармен пікірлесе отырып, олардың ойлау қабілетін және сөз қорын дамытуға бірінің білмегенін екіншісі толықтыру арқылы бір бірімен жақсы қарым қатынаста болуға тигізетін әсері мол.

  1. «Білім қоржыны» ойынымен уйге берген тапсырманы тексеру

  1. Электронды генератор дегеніміз не?

  2. Генераторлар тербеліс пішіні бойынша қалай классификацияланады?

  3. Генераторлар жиілік бойынша нешеге бөлінеді?

  4. Синусоидалы тербелістің генераторы деген не?

  5. Синусоидалы тербелістің генератордың құрылымдық сұлбасын көрсет.

  6. Үш нүктелікті дегеніміз не?

  7. Түзеткіштер дегеніміз не?

8. Түзеткіштердің құрылымдық тізбегі қандай?

9. Кернеуді тұрақтандырғыш дегеніміз?

10. Вин көпірінің схемасы?

Оқушылардың білімін тексеріп болған соң, мұғалім сөз алады. Оқытушы жаңа тақырыпты жариялайды, тақырып бойынша қаралатын сұрақтарды атап өтеді.


III.Жаңа сабақты түсіндіру.



Жаңа сабақтың тақырыбы: Жартылай өткізгіштегі электр тоғы

Қаралатын сұрақтар:

  • Өткізгіштегі электр тоғы

  • Жартылай өткізгіштегі диод

  • Стабилитрон


Өткізгіштердегі электр тоғы – салыстырмалы түрде қосатын қоспамыз өте аз болғанымен , оның алған материалымыздағы абсолюттік шоғырлану шамасы жеткілікті. Жартылай өткізгіштер деп өзінің меншікті электрлік кедергісінің шамасы бойынша металлдар мен изоляторлардың ортасында орын алатын заттардың тобын айтамыз. Жартылай өткізгіштерге германий, кремний, селен, элементтері жатады. Қазіргі заттың құрылысы туралы теория бойынша әрбір атом электрондар бұлтына оранған ядродан тұрады. Энергиялары белгілі қабаттарда ядродан біршама қашықтықта электрондар айналып жүреді. Бұл көзге көрінбейтін атомды қатпар – қатпар қабаттардан тұрады.Әрбір энергиясының шамасы белгілі қабат энергетикалық деңгей немесе энергия деп аталады. Электрон рұқсат етілген бір деңгейден алыстау орналасқан энергиясы үлкен басқа деңгейге ауысқан кезде энергияның жұтылу процесі жүреді де , ал егерде электрон энергиясы жоғары деңгейден энергиясы төмен деңгейге көшсе энергия сыртқа бөлініп шығады.Өткізгіштің екі түрі бар: кері өткізгіш, тура өткізгіш.

Жартылай өткізгіштегі диод – екі электродты, электр тоғының бағытына байланысты әр түрлі өтімділігі бар электронды аспап.Жалпы вольт – амперлік сипаттамсы дегеніміз диодқа болсын басқада берілетін кернеу өзгергенде соған байланысты токтың қалай өзгеретінін көрсететін графикті шама. Диод электр өткізгіштігі екі түрлі қоспаны заттарын бір – біріне беттескенде «n-p» өтілімі пайда болу арқасында бір жақты өткізгіш қасиетіне ие болатын радиодеталь.

  • Электронды өткізгіштігі бар қоспа , сызбада «n» белгіленген (negative)

  • Бос орындық өткізгіштігі бар қоспа, сызбада «p» белгіленген (positive)

Екі түрлі қоспаны электр өткізгіштігі келесідей түсіндірмесі бар:

« Егер табиғатта кездесетін барлық химиялық элементтерден электр өткізгіштігіне сай тізбек жасайтын болсақ, өзімізге белгілі өткізгіштер мен диэлектриктер екі жақ шетінде орналасқан болар еді. Олардың арасында өткізгіштерде де , диэлектриктерде де тән қасиеттері бар: графит, селен, германий, кремний,теллур т.б ондаған элементтер сап түзейді. Бұлар шала өткізгіштер деп аталады. Солардың ішінде радиоэлектроникада ең көп қолданылатындары – германий мен кремний.

Қандай элемент болмасын ол атомнан тұрады.Ал жеке атом оң зарядты ядродан тұрады да, оны қабат – қабат болып қоршаған теріс зарядты электрондар айналып жүреді. Электрондардың зарядтарының жалпы шамасы қалыпты жағдайда атом ядросының зарядына тең.

Стабилитрон - ондағы ток өзгерседе, бірқалыпты мөлшерде өзгертпей ұстап тұра алатын аспап. Құрылысы жағынан тура сол диод. Тек қана схемаға қосылу тәртібінде өзгешеліктер бар. Стабилитронның қосылу схемасы диодқа керісінше болады. Аод минусқа қосылса , катод плюсқа жалғанады.

Стабилитрон өзімен тесілу кернеуіне дейін кері кернеуде жұмыс істейтін жалпақ диодты көрсетеді,тесілуге дейін диодта өте жоғарғы кедергісі болады, ал тесілуден кейін – өте аз динамикалық кедергісі болады.Осылайша тесілу кернеуінің деңгейлерінде кернеудің шектелуі болады және стабилитрондардың вольт – амперлік сипаттамаларында электрлік тесілу облысы пайда болады, яғни тесілу стабилитрон жұмысының қалыпты режимі болып табылады.

Стабилитронның төменгі вольтты және жоғарғы вольтты түрлері бар.

Төменгі вольтті деп аталатын стабилитрондар кремнийдің қоспасынан жасалады. Бұндай стабилитрондардың p- n ауысуының ені аз және туннельдік тесілу болады.

Жоғары вольтті стабилитрондарға 6 В жоғары стабилизация кернеуі бар стабилитрондар жатады.Стабилитрондардың негізгі параметрлері болып: дифференциалды кедергі, статикалық кедергі, стабилизация кернеуі басталатын минималды ток, стабилизация кернеуінің температуралық коэффициентті.

Стабилитронды жасау кезінде қолданылатын жартылай өткізгішті материал ретінде кремниий қолданылады, сондықтан кремнийлік диодтар ауысуында аз ток болады, p-n ауысуында жоғарғы реттелген температурасы болады. Германийді стабилитрондарды жасау үшін қолданбайды, өйткені германийлік диодтарда кері ток көлемі өте үлкен, кремнийлікке қарағанда және жылулық тесілу ықтималдығы өте үлкен.





IV. Жаңа сабақты бекіту


Пысықтауға арналған сұрақтар:


  • Стабилитронның неше түрі бар? Төменгі вольтті және жоғарғы вольтті

  • Анод, катод қалай жалғанады? Анод минусқа катод плюсқа жалғанады

  • Диод дегеніміз не? Екі электродты электр тоғының бағытына байланысты әр түрлі өтімділігі бар электронды аспап

  • Диод электр өткізгіштігі n-p ауысуы бар, n-p дегеніміз не? Электронды өткізгіштігі бар қоспа, n – negative. Бос орындық өткізгіштігі бар қоспа, p – positive

  • Стабилитрон дегеніміз не? Ондағы ток өзгерседе, бір қалыпты мөлшерде өзгертпей ұстап тұратын аспап

  • Германийді стабилитрондарды жасау үшін қолданбайды не үшін? Себебі германийлік диодтарда кері ток көлемі өте үлкен және жылулық тесілуі ықтималдығы өте жоғары


  1. Айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы тоққа түрлендіретін статикалық электромагниттік құрылғы: Трансформатор

  2. Шала өткізгіш монокристалды негізінде жасалған шалаөткізгіштік аспап: Тиристор

  3. Электр машинаның айналмайтын бөлігі: Статор

  4. 1979 – 1955 жылдары өмір сүрген ғалым, басты еңбегі – салыстырмалылық теориясы, физик – теоретик: Альберт

  5. Екі электроды бар, электр тоғының бағына байланысты әр түрлі өтімділігі бар электронды аспап: Диод

  6. Электромагниттік индукция процесі нәтижесінде пайда болатын индукциялық ток бағытын анықтайды.Бұл кімнің ережесі: Ленц

  7. Электр тізбегінің әртүрлі тармақтарындағы ток күшін кернеуді шектеу немесе реттеу үшін қолданылатын аспап: Резистор

  8. Электр зарядын анықтайтын құрал: Электроскоп

  9. Токтың өлшем бірлігі: Ампер

  10. Электр машинаның айналатын бөлігі: Ротор

  11. Электр сөзі қай сөзден шыққан









С
















Т
















А
















Б
















И
















Л
















И
















Т
















Р
















О
















Н














IV.Оқушылардың алған білімін бағалап, жаңа тақырыпты бекіту

Жаңа сабақты бекіту сұрақ-жауап арқылы оқушының өтілген тақырыптан түсінгенін қорытындылау.



V.Үй тапсырмасы


1) Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, Жартылай өткізгіштегі электр тоғы туралы жазып келу

2) Интернет желісінен қосымша материалдар іздену



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1)Исаханов М. Электр машиналары және транформаторлар . 2013ж

2)Мұхити И. Электротехника. 2012ж

3)Робинович А.А Крановок. Электржабдық М.Энергия .1979ж

4)Ракутов Б.М Металлургиялық крандардың Электржабдығы М.1979ж




Оқытушының қолы:


Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров651
Номер материала ДБ-035237
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх