Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Жас Қырандар биікке самғай бер! салтанатты жиын

Жас Қырандар биікке самғай бер! салтанатты жиын

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жас Қыран» ұйымына өту салтанаты.


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар ! Мектебіміздің оқушыларын Республикалық «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатына қош келіпсіздер. Бүгінгі бұл жиынға аудандық білім бөлімінен Жас Отан жастар қанатынан және мектеп ұстаздары, ата-аналар қатысуда. Ендеше, «Жас Қыран» қатарына өту салтанатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: Оқушыларды Республикалық «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатын ашық деп жариялаймын!

Әнұран ойнайды

«Жас Қыран» - мектеп оқушыларының бірлескен ұйымы. Бұл ұйымның басты мақсаты оқушыларды салтанатты түрде жиынға қабылдай отырып, Қазақстан мемлекетінің дарынды , қайратты білімді азаматы болуға, әдептілікке, адамгершілікке, бірлікке, адалдыққа үндей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін жастар тәрбиелеу болып табылады.

«Жас Қыран» төсбелгісі сәндік үшін тағылмайды. Ол оқушының «Жас Қыран» ұйымының мүшесі екендігін білдіретін құрметті белгі. Ал, «Жас Қыран» болу үлкен абырой мен сенім.

«Жас Қыран» ұйымының мүшесі үлгілі, тәртіпті болып, үнемі алда жүруі тиіс.Құрметті қонақтар ! Алдарыңызда қуаныштан гүл жайнап, «Жас Қыран» ұйымына қабылдануға ниет етіп тұрған оқушыларымыз «Жас Қыран» болуға дайын екендіктерін білдіріп, Уәде беруге дайын. Олай болса, мектебіміздің «Жас қыран» ұйымының мүшесі 4 сынып оқушысы _______________________ сөз береміз.

Уәде:

Біз, «Жас Қыран» ұйымына өтуші – оқушылар, өзімізді алдағы уақытта тек қана жақсы жағымыздан көрсетуге, жақсы оқуға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесімізді қосуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, қазақ халқының тілі мен мәдениетінің дамуына үлес қосуға салтанатты түрде Уәде беремін !

Хормен: Уәде беремін ! Уәде беремін ! Уәде беремін !

Ендігі кезекті құрметті қонақтар «Жас Қыран» ұйымының белгісі «төсбелгілерімізді» қырандарымызға тағайық.

/Қонақтар төсбелгіні тағады/

Құттықтау сөз мектебіміздің директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Хамзин Айдос Бейсенбайұлына беріледі.

Келесі құттықтау сөз Аудандық Білім Бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері Молдашева Шынар Темірбайқызына беріледі.

Келесі құттықтау сөзін ата-аналар атынан _________________________ береміз.

Келесі құттықтау сөз кезегі 4 сынып оқушысы Аралбаева Сабинаға беріледі.

Құрметті қонақтар ! оқушыларды «Жас Қыран» ұйымына қабылдауға арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймын ! /Әнұран ойнайды/

Қош сау болыңыздар.


Жамбыл бастауыш мектебі.

hello_html_4927a6d6.gif















Өткізген: Тастұрғанова Р.Ж.


«Жас Қыран» ұйымына өту салтанаты.

(сараптама)


«Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты болып өтті. Қабылдау салтанатын әнұранмен бастадық . Бүгінгі бұл жиынға аудандық білім бөлімінен тәрбие жөніндегі әдіскері Молдашева Ш.Т. қатысып, оқушыларды құттықтады. Және мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хамзин А.Б. құттықтады. «Жас Қыран » қатарына бірінші сынып оқушылары қабылданды. 1 «А» сыныбынан – 18 оқушы, ал 1 «Б» сыныбынан – 19 оқушы, 1 «В» сыныбынан – 16, «Жас қыран» қатарына қабылданды. Бұл салтанатты рәсімде «Жас Қыран» ұйымы жайлы айтылып өтілді. Оқушылырымыз өздерін алдағы уақытта жақсы оқуға, жақсы жақтарынан көрсетуге, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға өз үлестерін қосуға, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуға, үлкенге құрмет – кішіге ізет көрсете білуге өз уәделерін берді. Кейін келген қонақтарымыз «Жас Қыран» ұйымының белгісі «төсбелгілерін» қырандарымызға тақты. Содан кейін қонақтарымызға құттықтау сөз кезегі берілді. Соңынан «Жас Қыран » қатарына өту салтанатын әнұранмен аяқтадық.












Өткізген: Тастұрғанова Р.Ж.









2015 – 2016 оқу жылы

Автор
Дата добавления 23.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров112
Номер материала ДВ-280252
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх