Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Жас келсе іске" жас мамандарға арналған сайыс

"Жас келсе іске" жас мамандарға арналған сайыс

Скачать материал

                        "Жас келсе-іске"

                           ( жас мамандарға арналған сайыс) 

 Бухарбаева Сандугаш Мейрхановна 

                                                        Ақтөбе облысы  Мұғалжар ауданы

                                                       Құмсай ауылы  Құмсай орта мектебінің

                                                            ағылшын тілі пәні мұғалімі,әдіскері.

Жүргізуші: Жас ұстаздың жанарында жанады от,

Ол да келген бір мектепке бала боп,

Бүгін ұстаз.....

Талай сындар тұр күтіп,

Енді оларға сөйлеу керек дана боп- дей келе, "Жас келсе-іске" атты жас ұстаздарға арналған байқауымызды бастаймыз. Байқауда ұстаздар өздерінің білімдерін, шығармашылық ізденістерін, белсенділіктерін көрсетеді.

   Сахнаға байқауға қатысушы жас ұстаздарды шақырамыз. ( жас ұстаздарымызды қошеметтеп, қол соғу)

1.Көзіңе елестетер таңғы гүлді,

Жарасқан өн бойына әр қылығы.

Баулыған шәкірттерін ізгілікке,

Ал, қане қарсы алайық Армангүлді.

2.Мінезі бар жайлы салмақты,

Ән де айтады ұстаз ғой ол жан-жақты.
Нұрзия есімді ұстазды қарсы алайық,

Мектебіне болып жүрген ардақты.

3. Жас болса да ұстаздықты қалаған,

Міне, бүгін топқа түспек аламан.

Физик апай Сарсенбайқызы Жарқынды,

Қошеметпен қарсы алып тұр бар адам.

4. Келбеті бар сұңғақ бойлы көрікті,

Мұғалім ол бірегей де, білікті,

Бердіғали есімді қарапайым ұстаз бар,

Тарта білген мінезімен сыныпты.

Жүргізуші:Байқау барысында ұстаздарымызға әділ баға беретін әділқазылар алқаларымен таныстырып өтейін.

Жүргізуші: Ей, жас ұстаз!

Қысылма да, қымсынба!

Түсіп көрген талай ұстаз бұл сынға.

Сабаңа түс,

Өнеріңді бастап кет.

Баяғыдай бала болып тұрсың ба!

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиеден талайға.

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл-Фараби, Омар Хаям, Абай да.

Патша көңіл ашылып бір сайрасын,

Жаңылысып әділ жолдан таймасын,

Таныстыру рәсімі кезегін,

Мұғалімдер әрі қарай жалғасын.

Бірінші кезең-Таныстыру. (5 ұпай)

Әділқазылар шешім шығарғанша кезекті әнге береміз.

Махамбетов Азамат.

Жүргізуші: Мақал-мәтел-сөз мәйегі, тілегі,

Әр сындарда асыл сөздің тірегі.

Қарапайым қазақ тілі-өз тілім

Өз тілім деп бұлқынады жүрегім.

Екінші кезең-"Көкпар". (5 ұпай)

Мақалды аяқтау.

1.Найзасыз ер болмайды,

( Таңбасыз ел болиайды)

2. Екпей егін шықпас,

( Үйренбей білім жұқпас)

3. Қына тасқа бітеді,

( білім басқа бітеді)

4. Ақыл азбайды,

( Білім тозбайды)

5. Оқусыз білім жоқ,

( Білімсіз күнің жоқ)

6. Өз білмегеніңді кісіден сұра,

( Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)

7. Ақыл жас ұланнан,

( Жүйрік тай, құнаннан)

8. Оқу-білім бұлағы,

( Білім-өмір шырағы)

9. Ұқыптының тоны тозбас

( Ұқыпсыздың ісі оңбас)

10. Білекті бірді жығады,

( Білімді мыңды жығады)

  Жүргізуші:Өнер көкке жеткізер,

Өнер болса қолында.

Өнершінің ырысы ,

Жарқырап жатар жолында.

Үшінші кезең-"Өнер өрге жүргізер" (5 ұпай)

Ұстаздар өз өнерлерін ортаға салады.

Жүргізуші:Біле білген білімдіні зерек дейміз,

Білімімен  ел-жұрттан ерек дейміз,

Оқушымен, ата-анамен жұмыс істейтін ұстаздарға

Түрлі-түрлі жағдайлардан шыға білу керек дейміз.

Төртінші кезең-"Біле білген білімді" (5ұпай)

Ұстаздар конверттерді бір-бірлеп апып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.

Ән.Наргиза.

 Жүргізуші:Ойын-бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын мен еңбек үстінде баланың дарындылығы , белсенділігі байқалады. Сондықтан олар тәрбиенің ең әсерлі құралына жатады. Осындай алуан түрлі құралдарды тиімді пайдалану үшін асқан дарын мен шеберлік керек.

Бесінші кезең-Сергіту сәті. (5 ұпай)

Ұстаздар отырған көрермен қауыммен ойын ойнау арқылы сергіту сәтін өткізеді. Ұстаздың белсенділігі, шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті басты назарға алынады.

Жүргізуші: Соңғы алтыншы кезең "Шешендік өнер" деп аталады.( 5 ұпай)

Ұстаздар "Бақыт" деген сөзді қалай түсінеді соны өз ойларымен жеткізуі керек.

Ұстаздарымыз дайындалғанша кезекті әнге береміз. Нұрсая

"Бақыт деген не өзі?" слайдтан көрсету.

Жүргізуші:Ұлтымыздың әр сөзі,

Асып жатыр кәдеге.

"Жас келсе-іске" байқауы

Келіп жетті мәреге.

Құрметті қауым, әділқазылар алқасы бүгінгі байқау жеңімпазын анықтап, қорытынды жасағанша тағы да әсем әуенге береміз. Нұрбибі.

Бүгінгі байқауға қатысқан ұстаздарымызды сахнаға шақырамыз. Сөз әділқазылар алқасына және мектеп директорына беріледі.

Жүргізуші: Қадірменді жас мамандар! Кәсіби шеберлікті қалыптастыру үшін ұстаз өзінің ынталылығын, шығармашылығын, білімділігін, іскерлік қағілездігін ұштай білуі қажет. Сонда ғана өз еңбегінің жемісін көріп, белгілі нәтижеге жете алады.

Сіздерге алғашқы ұстаздық еңбек жолдарыңызға одан әрі сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз.

Сіздердің мақтаныштарыңыз -еліміздің мақтанышы болар шәкірттеріңіз көбейе берсін.!

Бойларында от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар ,әрдайым.

 

Міне біздер анықтадық тұлпарды,

Айта алмаспыз, міне, мынау кеш қалды.

Риза боп әділқазы алқасы,

Құттықтаймыз нәтижемен озып шыққан,

Жүзден жүйрік, мыңнан озған тұлпарды!

Байқауымыздың соңында , білім беру ісінде ұстаз басты шешуші тұлға дегім келеді. Себебі ұлттың болашағы -ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі-ұстаз қолында. Еңбектеріңіз жемісті болсын!

Кешті "Ұстазым" әнімен аяқтаймыз. ( слайд)

  Жүргізуші: "Жас келсе-іске" атты байқауымыз аяқталды, келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жас келсе іске" жас мамандарға арналған сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 024 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.09.2015 2888
    • DOCX 346.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бухарбаева Сандугаш Мейрхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15839
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 185 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек