Инфоурок / Другое / Тесты / "Жас Ұлан әлемінде" шығарма
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"Жас Ұлан әлемінде" шығарма

библиотека
материалов

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №183 орта мектебі









«Жас ұлан әлемінде»





Дайынадаған: 10 «б» сыныбы оқушысы: Серікбекова Зарина

Жетекшісі: мектеп тәлімгері Қарабалаева Азина Әбілбайқызы





















2015 – 2016 оқу жылы





Жас ұлан әлемінде

«Патриот болу бұл шын жүректен

Отан ананы сүю»

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Шыңға біткен шынардай қазақ елінің ұланы - бүгінгі таңда берекелі де еңсесі биік мемлекетте өмір сүріп жатыр. Болашағынан зор үміт күттіретін жас ұланның алдына қояр мақсаттары нақты. Жарқын болашаққа ұмтылып, ұлы жоспарлауға қадам басу жас ұландықтардың міндеті. Ұлы іске ұмтылу, қолыңнан келместің етегіне жармас деген сөз емес. Қаперіңде ұстасаң кәдеңе жарайтын қарапайым ғана кеңестер. Келешекте «алдыңғы ағаларымыз көре-біле тұра осы жайтты бізге дер кезінде айтпады ғой» демеуің үшін сенің міндетті түрде білуге тиісті жайттарың көп. Қазір балалықтың балдәурен қызығынан бойын арылтқан, алдыңғы күндерге үлкен үмітпен, сенімді жігермен қараған азаматсың. Үлкен өмірге күн сайын, сәт сайын бір қадам жақындап келесің. Ал, сол өздерің көз тіккен қоғамда, үлкен өмірде кімдерге орын бар екенін ойланып көрдің бе? Мұнда тек қана білімге бас иіп, сауаттыдан ығысады. Үлкен өмір күреске, тынымсыз арпалысқа толы. Күні ертең сол майданға өзің де белсене араласасың. Сондықтан бүгіннен бастап бойыңа білімнен қару жия біл! Бұл сенің Жас ұлан әлемінде өз орныңды табуыңа көмектеседі. Өмір майданындағы сенің сенімді қаруың тек білімің ғана. Білімің толық болса – санаң сергек, еңсең тік, мерейің үстем болмақ. Ешкімнен жасқанбайсың, тірі пенденің алдында кіріптар күй кешпейсің. Ал, оқуың шала болса, бойыңда білім қаруы жоқ болса, онда сен дәл осы күні өз ата мекенінде ең кедей, ең бейшара, ең сорлы болып күн кешіп, бір күндік табысы үшін өзге ұлттың құлы болуға арланбайтын намыссыз қандастарыңның бірі боласың. Көріп, біліп, естіп те жүрсің, әсіресе қалалы жерде тұрақты айналысатын еш кәсібі жоқ, енді лажсыздықтан кім-көрінгенге жалдануға мәжбүр, ақшалының алдында сүмірейіп жүретін, «кәсібің не?» десең, «ахраникпін!» деп күмілжитін қазақтың жігіттерінің қатары өте көп. Жүз қайтара оқығаның, естігенің ешқашан бір рет көзбен көргенге жетпейді. Қазақстандағы барлық ірі қалалардың базары, кәсіпорындарының төңірегі – жұмыссыз қазақтардың құжынаған ордасы. Соларға ұқсамауың, солардың кебін кимеуің үшін, білімсіздің көрген қорлық күнінің қандай болатынын жан - жүйеңмен сезінуің, түйсінуің үшін сен сондай жерге арнайы барып, барлық ақиқатқа көзіңді жеткіз. Ойлан! Сол қандастарың мұндай кіріптар күйге қалай түсті? Ойлануың үшін, соның шет жағасын біз түсіндіріп айтуға тырысайық. Өзің де куәсің, уақыт деген көзді ашып-жұмғанша тоқтаусыз зырлап өтуде. Кеше ғана сен сәби, бүлдіршін болып балабақша қабырғасын жағалап жүрсең, бүгін міне мектептің жоғары сыныптарын аяқтап келесің. Байқайсың ба, қандай жылдам өткен уақыт?! Сол сияқты, қазір өзгенің құлдығында жүрген білімсіз бауырларың осыдан он-онбес, жиырма жыл бұрын өздерің сияқты мектеп қабырғасында оқушы еді ғой. Олардың ең үлкен қателігі – дер кезінде арнайы кәсіптің, белгілі бір мамандықтың соңына түсуге талап қылмады. Дәл сендердің жасыңда олар тым бейқам жүрді. Техникалық салаға тосырқай қарады. Компьютер тілін меңгеруге құлықсыздық танытты. Бухгалтерлік пен педагогикаға «е, тәйірі, әйелдер істейтін шаруа ғой» десіп, мұрын шүйірді. Заң, экономика сынды ғылым саласынан «Бас қатырар берекесіз іс, пайдасы жоқ» деп қашқақтады. Ақыры, тез баюдың ең оңай, төте жолындай көріп, базар жағалап жөнелді. Бірақ, білімсіз адам сауда жасап та береке таппайды екен. Бірер жыл өткенде көпшілігі базар саудасының маңайын баса алмайтын күйге түсті.Күрек пен сыпыртқы ұстап көше тазалаған, тепсе темір үзетін шағында көрінген мекеме есігінде «охраник» болып омалып отырған, я болмаса мүлде жұмыссыз жүрген жігіттердің көпшілігі қазір осы біз айтқан жайтты сөзсіз мойындайды. Кезінде біріне мұрын шүйіріп менсінбеген, енді біріне сескене, тосырқай қараған ең қажетті мамандықтардың тізгінін жаттың қолына беріп қойғанына өкінеді. Ісі түскенде енді сол бухгалтердің, инженер мен экономистің, тіпті қатардағы компьютершінің есігін еркін ашып кіре алмай, қорланып жүр. Кеңседегі қызметкердің жұмысына таңырқап, қызыға, қызғана қарайды. Егер кезінде еңбектеніп оқыса, талап қылса сол ұядай жылы жерде, жаны тыныш жұмысты өзі атқарып отырар еді ғой. Міне, білімді мен білімсіздің ең қарапайым мысалы. Бейқам жүре берсең, сол қателікті сенің де қайталауың әбден мүмкін. Сондықтан, сен қазірден бастап оңтайыңа келген мамандықтың бірін нақты таңда. Бұл күнде компьютердің дәурені шырқаған шақ. Соның тілін үйрен, құпиясын меңгер. Заң, саясат, экономика, есеп - қисап, бәрі - бәрі айналып келгенде сол компьютерге жүгініп жатады. Оны меңгермей еңсе түзеуің қиын. Уақытты бос өткізбе. Ізденіп оқымай білім жинай алмайсың. Сондықтан өзіңді-өзің қамшылап, табанды түрде ізденіп оқуға дағдылануың керек. Ең бастысы – өз - өзіңді қадағалауға әдеттен. Көркем мінезді бол. Еңсеңді түзу ұста. Денсаулығыңды күте біл. Дұрыс тамақтана білудің өзі денсаулық кепілі. Өзің ойла, тек оқумен, ізденумен жүріп, жап-жас шағыңда бойыңды дерт меңдеген дімкәс болсаң, сенің дарындылығыңа кім қызығады? Меңгерген мамандығың, жинаған білімің құмға құйған сумен тең болғаны ғой. Күні ертең сондай өкініште қалмауың үшін, спорттың көңілің сүйген бір түрімен тұрақты айналыс. Сонда ғана сен Қазақ халқының үмітін ақтап, елің үшін аянбай қызмет қылатын толыққанды азамат атанасың! Біле - білсең, Сен үш ғасырлық бодандықтың бұғауы үзілген, Тәуелсіздік туы көтерілген тұста өмірге келген ең бақытты ұрпақсың. Сонау ғасырларда заманы жатпен арпалыста өткен ата - бабаңның арманы, Алладан тілегені – дәл өздеріңдей ұрпақ еді. Сондықтан осы күнде Қазақ халқының сенгені де, үміті де Сен екеніңді жадыңнан шығарма. Сенің бойыңда қаһарман бабаларыңның қаны бар. Сол асыл текті қанмен сіңген жүректілік, бекзаттық, зерделілік сынды ерекше қасиеттер иесі де өзіңсің. Сенің міндетің – соның бәрін жеке басыңның қамы үшін емес, ұлтыңның игілігі үшін орын-орнымен пайдалана білу. Өзіңді Тәуелсіз мемлекетте өсірген, тәрбиелеп оқытқан Қазақ халқының алдындағы Сенің перзенттік парызың сол. Осыны ұмытпа, алты алаштың арманы болған Жас Ұлан!



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-526143

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"