1752390
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015

Скидка 0%

112 курсов профессиональной переподготовки от 3540 руб.

268 курсов повышения квалификации от 840 руб.

МОСКОВСКИЕ ДОКУМЕНТЫ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ

Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана 26 сентября 2017 г. Департаменотом образования города Москвы

Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жас математиктер сайысы" 7-сынып

"Жас математиктер сайысы" 7-сынып

Международный конкурс

Идёт приём заявок

Подать заявку

Для учеников 1-11 классов и дошкольников

16 предметов

библиотека
материалов


«Жас математиктер» сайысы
Сыныптан тыс жұмыс
Мақсаты: математиканың жан жақты екендігін көрсету. Әртүрлі ойлау, ойнау әдістерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту болып табылады.
Сайыстың көрнекілігі:
Тақырыптық сөздер, шарлар, ұлағатты сөздер.
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» (М. В. Ломоносов).
«Математика – ғылымдардың патшасы», ал арифметика – математика патшасы» (К. Гаус).
«Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С. В. Ковалевская).
«Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз» (С. Ков).
Сайыстың барысы:
Оқушыларға қызықты болу үшін жарыс түрінде өткіземіз. Оқушылар екі топқа бөлініп жарысады.
Жоспары:
1. Таныстыру
2. Дода
3. Бәйге
4. Ширату
5. Ия немесе жоқ
6. Тапқырлық
7. Жаңылмас - жеңімпаз

Бірінші кезең: Таныстыру
«Алғырлар тобы»:
Шақырып жарыстарды сан – салалы,
Алғырлар топ жарғалы зер салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!

Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

«Тапқырлар тобы»:
Осындай алғыр достар кез – келгенде,
Жетсін – ау, жарыстарда жеңгенге – не?
Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!

Құрметпен алғырларда ой – саналы,
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ән салады.

Екінші кезең: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Дода сайысында оқушыларға сұрақтар қойылады.

1. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
2. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
3. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
4. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
5. Жарты түзу. (сәуле)
6. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
7. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)
8. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)


ІІ топқа:
1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)
2. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
3. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
4. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?
5. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)
6. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)
7. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
8. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)



Үшінші кезең: Бәйге деп аталады. Сұрақтар тест ретінде беріледі. Кестені тек дұрыс жауаптармен толтырулары керек.

Төртінші кезең: Ширату. Сайыскерлеріміз анаграмма шешеді.

п а й ы з
м е т р
х о р д а
т а қ
а к с и о м а
р а д и у с

1. Санның 100 ден 1 бөлігі.
2. Ұзындық өлшемі.
3. Шеңбердің екі нүктесін қосатын қосынды.
4. 2 бөлінбейтін сандар.
5. Дәлелденбейтін ұғым.
6. шеңбер бойындағы кез келген нүктелерін центрмен қосатын кесінді.


ж а й
п а р а л л е л ь
т а қ
ш и р е к
к е с і н д і
ж а з ы ң қ ы

1. 1 – ге және өзіне бөлінетін сандар.
2. Қиылыспайтын түзу.
3. 2 бөлінбейтін сан.
4. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі.
5. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.
6. 180 ⁰- тең бұрыш.




Бесінші кезең: «Ия немесе жоқ». Бесінші кезең команда капитандарына арналған. Әр команданың топбасшылары келіп, сұрақтарға жауап береді

І-топқа

1) 4 - ке қарама - қарсы сан 4 (жоқ)
2) Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш үшбұрыш (жоқ)
3) 4-санының квадраты 16-ға тең (иә)
4) Тікбұрышты үшбұрышта хорда болады (жоқ)
5) Қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады? (иә)
6) Табиғи жарық көзі тоқ (жоқ)
7) 0 - ден кіші сандар оң сандар (жоқ)
8) Геометрия сөзі грекшеден аударғанда жер өлшеу деген ұғымды білдіреді (иә)
9) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем аксиома (иә)
1
0) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 60 (жоқ)


ІІ-топқа
1
1) 1-барлық санға қалдықсыз бөлінеді (иә)
1
2) 1 мин - та 60 секунд бар (иә)
1
3) Қиылыспайтын түзулер параллель түзулер (иә)
1
4) Төртбұрыштың бұрыштарының қосындысы 180 градусқа тең (жок)
1
5) Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым аксиома (жоқ)
1
6) Жасанды жарық көзі от, сіріңке, шам, шырақтар т. б. (иә)
17) Бұрышты өлшейтін құрал градусник (жоқ)

18) 5- санының квадраты 25-ке тең (ия)

19) 2-ге қарама-қарсы сан -2 (ия)

20) 1-сағатта 60-минут бар (ия)



Алтыншы кезең: «Тапқырлар»
Топтарға ортақ сұрақ. Қол көтеріп жауап береді.

1. Бір топ үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің артында, үшеуі тізбектесіп қатар ұшқан? Қанша үйрек келеді? (Үш)

2 Бір - бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу, кім білді? (8)

3Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (1
7)


4. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда әр қапта неше кг картоп болуы тиіс? (48 және 52 кг)

5. Әжесі мен немересінің жастарын қосқанда 65 жыл. Немересіне неше ай болса, әжесіне сонша жас болады. Әжесі нешеге толды? Немересі нешеге толды? (немересі 5 жаста, әжесі 60 жаста)

6. Данияр бір сан ойлады. Егер ол санды 30 есе көбейтсе 2700ге тең болады. Данияр қандай сан ойлады? (90)

Жетінші кезең: «Жаңылмас жеңімпаз» деп аталады. Топтар 15 - ке дейiн санаулары керек. Санау ережесі қазақша, орысша кезек кезек. Мысалы: бір, два, үш, четыре,бес, шесть, жеті, восемь, тоғыз, десять, он бір, двенадцать, он үш, четырнадцать, он бес.

Қорытынды.

















«И.Панфилов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






«Жас математиктер» сайысы

(7-сынып)






Қосымша білім беру педагогі: Ниязбек Гүлбану













2016-2017 оқу жылы

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Педагог-библиотекарь
Курс профессиональной переподготовки
Библиотекарь
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Бұл материал жетінші сынып оқушыларына арналған. Математика сабағында оқушылардың білім деңгейін жақсартуға, математика сабағына деген қызығушылығын арттыруға арналған. Оқушылар бесінші алтыншы сыныпта өткен тақырыптарын қайталауға арналған. Қайталау арқылы математикалық білімдерін жетілдіре түседі.

Общая информация
Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «Организация маркетинга в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Организация процесса страхования (перестрахования)»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление процессом по предоставлению услуг по кредитному брокериджу»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
17 курсов по пожарно-техническому минимуму
Обучение от 2 дней
дистанционно
Удостоверение
Программы актуальны на 2019 г., согласованы с МЧС РФ
2 500 руб. до 1 500 руб.
Подробнее