Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Жас математиктер" сайысы, 5 сынып

"Жас математиктер" сайысы, 5 сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:


Кhello_html_528db599.jpgулумбетова Гульбарам Аркабаевна

Астана қаласы, №38 мектеп-лицей, математика пәні мұғалімі




Жас математиктер жарыс


Мақсаты: Ой-өрісін танымдық белсенділігін, балаларды білімге, ғылымға, пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін дамытып, білім танымын кеңейту. Оқушылардың ұжымдылыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Түрі: ойын

Көрнекілігі: интерактивті тақта , қанатты сөздер, кестелер, сөзжұмбақтар, плакаттар.

Жоспары:

  1. Топты таныстыру.

  2. Викториналық сұрақтар

  3. Тапқырлық кезең

  4. Білім арқаны

  5. «Ғажайып алаң»

Қанатты сөздер:

  1. Математика- тілдің жете алатын ең биік шыңы. (Л. Блофелд)

  2. Әрқандай адам баласының зерттеу, тектеу әрекеті ғылым бола алмайды. Бұл әрекет математиканың бейнелеу формасы (тәсілі) арқылы және математикалық дәлелдеуден өтіп өзіне жол ашқанда ғана ғылым болады. (Леонардо до Винчи)

  3. МАТЕМАТИКА – бір салалы алып білімдік жүйе.

  4. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс)

  5. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов)


Жүргізуші.

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өрендер.

Бүгінгі біздің 5 А және 5 Б сыныптары арасында өтілетін «Жас математиктер» атты жарысымызға қош келдіңіздер.

Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың,
«Ақыл-ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән - математика атанғансың! - дей келе ортаға бүгінгі ойынымызға қатысатын топпен танысайық.

5 А сыныбынан құралған «Болашақ» тобы

5Б сыныбынан құралған «Мұрагер » тобы



Әділдік болмаса егер шығар алға

Бұл дүние жақсылардан қалар ада.

Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз,

Мықтыларға берер деп әділ баға.- дей отырып, ойын барысын қадағалап отыратын, сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділ қазылар тобымен таныстырып кетейік:

Математика және информатика пәнінң мұғалімі Барманбекова А.Т.

Кітапхана меңгерушісі Абишева С.И.


Сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз. Викториналық сұрақтар. Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ беріледі. Дұрыс жауапқа 1 ұпай анықталады. Бірінші тапсырманы орындауға 5Б сыныбына берейік. Экранда берілген ұяшықты таңдаңдар.

Қызыл ұяшық

1. 2-ге бөлінбейтін натурал сандарды қалай атаймыз? (тақ сан)

2. Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар қандай санға бөлінеді? (10 санына)

3. Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар қандай сандар деп аталады? (Құрама сан)

4. Үлестер дегеніміз не? (Тең бөліктер)

5. Алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең бөлшек? (Бұрыс бөлшек)

6. Құрамында тек қана сандардан тұратын өрнек анды)

7. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан (аралас)

8. Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы? (тіктөртбұрыш)

9. Дөңгелек тең 4 бөлікке бөлінген. Мұндай бөліктер қалай аталады? (үлес)

10. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сан (жай)


Жасыл ұяшық

1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады? (Әріпті өрнек)

2. 0, 2, 4, 6, 8 цифрларын қандай цифрлар деп атайды? (Жұп)

3. Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар қандай санға бөлінеді? (5 санына)

4. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар қандай сан деп аталады? (жай сан)

5. Дұрыс бөлшек дегенмізі не? (Алымы бөлімінен кіші бөлшек)

6. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қандай сан деп аталады? (Аралас сан)

7. Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті теңдік (теңдеу)

8. Центрі жоқ шеңбер (дөңгелек)

9. P=a+b+c ненің формуласы? (периметр)

10. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс)


Бұл кезеңнің нәтижесін әділ-қазылар есептейді. Ал біз келесі «Тапқырлық» кезеңімізді бастаймыз. Экранда берілген 9 ұяшықты кезек-кезек ашып, сұрақтарға топ мүшелерімен ойланып, ақылдасып жауап бересіздер. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1 ұяшықта - «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек» дегенді кім айтқан? (Ломоносов)

2 ұяшықта – Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1 әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2 ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6 адам)

3 ұяшықта – «Мыңжылдықтың проблемасы» деп аталатын 7 ең күрделі математикалық есептерді дүниежүзінің ғалымдары шешуде. Олар : Равенство классов P и NP; Гипотеза Ходжа; Гипотеза Пуанкаре (есеп шығарылған); Гипотеза Римана; Теория Янга — Миллса; Существование и гладкость решений уравнений Навье — Стокса
Гипотеза Бёрча — Свиннертон-Дайера.

Мың жыл бойы «мен» деген математиктердің тісі батпай жүрген жеті күрделі есептің шешімін есеп-қисаптың аталары саналатын Архимед пен Евклидтің жерлестері емес, өзіміздің арамызда жүрген қазақтың бір азаматы тапты. Ол — «Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» атты еңбек ашты.

Сұрақ: «мыңжылдық проблемалар» қатарына жататын ең күрделі жеті математикалық есептерді шешкен кі?

(Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіндегі Еуразиялық математика институтының директоры, профессор Мұхтарбай Өтелбаев)

4 ұяшықта – Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында бір тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы да сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса, тырналар тобында барлығы неше тырна ұшып барады? ( 120 тырна)

5 ұяшықта – «Математика ғылымдардың патшасы, ал арифметика математика патшасы» сөзінің авторы кім? (Гаусс)

6 ұяшықта – Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда)

7 ұяшықта – 4 қасқыр 4 қойды 4 сағатта жейді. Ал 10 қасқыр , 10 қойды неше сағатта жейді? (4сағ)

8 ұяшықта – Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында бір тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы да сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса, тырналар тобында барлығы неше тырна ұшып барады? ( 120 тырна)

9 ұяшықтаӘсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7- вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған? (13)

Жүргізуші:

Бұлбұлдың екі құлақ, бір басы бар
Салдырған сегіз жерден таңбасы бар
Бұлбұлды жолға салып айдағанда
Салатын неше түрлі жорғасы бар (домбыра) – деп келесі кезеңді әуенге берейік. Алдарыңызда 5 А сынып оқушысы Макашев Абзал.



«Білім арқаны» атты 3 кезеңінімізді бастаймыз. Берілген экранда 4 ұяшық көрсетіледі, мұндағы тапсырманы екі топта орындайды. Дұрыс жауабын сынып бөлмесінде ілінген карточкалардан тауып, алып келу керек. Әрбір дұрыс тапсырмаға 5 ұпай. Мұнда әр топ өз алғырлығын және жылдамдығын таныту қажет.

1 ұяшық – Теңдеудің түбірін анықтаңдар: hello_html_m1e0c2ef6.gif ( 6 )

2 ұяшық – Есептеңдер:
hello_html_m4ba62775.gif(hello_html_m20a24e4c.gif)

3 ұяшық – Есепті шығарыңдар:

320 компьютердің hello_html_42021a75.gif -ін мекемелер сатып алды. Қалғанының hello_html_56b5c363.gif –і мектептерге жіберілді. Мектептерге неше компьютер жіберілді? (200)

4 ұяшық - Бөлшекті есептеңдер:

hello_html_7fecd0cc.gif


«Ақылдассаң шешерсің

Ақылдаспасаң кем көсерсің!» (Шахмат туралы бейне клип)

«Ғажайып алаң» атты кезеңімізді бастаймыз. Әр топқа шахмат тақтасынан құралған кестелер беріледі. Бұл кестеде шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқығанда қазақ математиктерінің қанатты сөздері шығады. Бұл тапсырманы орындау үшін сіздерге шахмат атының жүру тәртібінің 3 кескінін ұсынамыз. Өз кестеңізге лайық кескінін тауып, «математика» туралы нақыл сөзді табыңдар. Дұрыс сұраққа 10 ұпай. Мұнда әр топ оқушылары ақылдасса отырып жұмыс жасау қажет.


1 сұрақ (қызыл ұяшық)


да

математика

қамқоршысы

бастаушысы

жаңашыры

де

сан

жаңалықтары

ғылымның

іргетасы

химия

физика


Сан - математика ғылымның іргетасы» - бұл нақыл сөзді айтқан Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков, физика-математика ғылымының қазақ арасынан шыққан тұңғыш докторы. 220-дай еңбегі жарияланған)


2 сұрақ(көк ұяшық)


жоқ

математика

ия

де

ол

да

өз тілі

идеясы

сызықтар

формула

графтар

бар

(«Математиканың өз тілі бар-ол формула» - бұл қанатты сөзді айтқан Софья Ковалевская. Орыс халқының атақты математиктердің бірі.)


Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрің біл,

Өз тіліңді құрметте- дегендей топ дұрыс шешім тапқанша, көрермендермен ойын жүргізейік. Сіздерге жұмбақ жасырылады. Жауабын міндетті түрде үш тілде айту керек.

1 жұмбақ.

Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі,

Екі қоян, үш түлкі,

Таба алмасаң бос күлкі. (28, twenty eight)

2 жұмбақ.

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар (ешкі, коза,

3 жұмбақ.

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. (сиыр, корова, cow)

4 жұмбақ

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында.

( сызғыш, линейка, ruler)


Топтардың тапқан қанатты сөздеріне назар аударайық.

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Сөз кезегін әділ-қазыларға берейік.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 20.10.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров381
Номер материала ДВ-080776
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх