Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Жас математиктер сайысы" 5 сынып

"Жас математиктер сайысы" 5 сынып


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

« Жас математиктер сайысы». Сыныптан тыс жұмыс

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін

математика.Сондықтан оны оқу керек

(М.В.Ломоносов)


Күні: 21.01.2016 жыл

Сыныбы 5 «а,ә,б,в»

Мұғалімі: Изеева Б.Ж


Мақсаты:

1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,алған білімдерін нығайту,ойлау қабілеттерін дамыту

2.Міндеті. Оқушылардың,танымдық дағдыларын дамыту.,әр түрлі сұрақтарға дұрыс жауап беруін үйрету.

3.Тәрбиелігі. Ұйымшылдыққа оқушылардың білесе топта жұмыс жасауларына, шапшаңдыққа,жинақылыққа,адамгершілік ,достық қасиеттерін дамытуға жауапкершілікке

тәрбиелеу

Түрі: Сайыс сабақ

Әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау,топпен жұмыс, «Кубизм әдісі» сұрақ –жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд,презентация,кеспе қағаздар,лото ойыны

Жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық дайындық: Шаттық шеңбері.

ІІІ. Топтар өз топтарының атын қорғайды

1 топ Үлестер, 2топ Жай бөлшектер, 3 топ Бұрыс бөлшектер , 4топ Құрама сан

ІV. І кезең «Ой қозғау» сұрақтары

V. ІІ кезең «Кубизм әдісі» сұрақ –жауап

VІ. ІІІ кезең Логикалық есептер. Кенгуру, Ақбота

VІІ. ІVкезең Лото ойыны

VІІІ. V кезең Жанды сұрақ

ІХ. Қорытындылау

Сайыстың жүру барысы

Жүргізуші


Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес,Пифагордан бата алғансың!

Төзбейтін өтірікке,жалғандыққа

Жасықтан емессің, қаталдансың

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін Нағыз пән –математика атанған

соң дей, келе ортаға 5 а, 5ә- 5б 5в —топтарын шақырамыз.


Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы Әділ баға беріңіздер! – дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын сайлаймыз.

Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.



Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.


І «Ой қозғау» сұрақтары


1) Математика оқулығының авторы кім? (Алдамұратова Т.А)

2) Үш таңбалы 87? саны 5-ке де, 3-ке бөлінеді. Осы санның соңғы цифрын тап.870 саны.

3) Жұп сан мен тақ санның көбейтіндісі... (жұп сан)

4) Тақ сандар дегеніміз не ? (2-ге бөлінбейтін сан)

5) 168м матадан 65 көйлек тігіледі, сондай 96м матадан қанша көйлек тігуге болады?(37)

6) Шеңбердің радиусы 5см. Шеңбердің ұзындығын табыңыз. (10п)

7) Бұрышты өлшейтін құрал (Транспортир)

8) Ең кіші жай сан(2)


ІІ. « Кубизм әдісі.»

Оқушылар кубикті айналдыра отырып,сұрақтар алады, топ болып жауап береді

Егер таңдаған ұпайға оқушы жауабы болмаса, топ болып жауап береді топ болып жауап бермесе, басқа топтан сұралады.Ұпай саны сол топқа қосылады.


1. Қосудың қандай қасиеттері бар? Ереже айтып, мысал келтіреді

2. Дәреже дегеніміз не? Ереже айтып, мысал келтіреді

3. Бұрыш деп нені айтамыз? Түрлерін ата? Ереже айтып, мысал келтіреді

4. Шеңбер дегеніміз не? Ереже айтып, мысал келтіреді

5. Сәулеге анықтама бер Ереже айтып, мысал келтіреді

6. Үлестірімділік заңды қалай тұжырымдаймыз?

7. ЕКОЕ-ті қалай табамыз?

8. ЕҮОБ-ті қалай табамыз?

ІІІ. Логикалық есептер. Кенгуру, Ақбота есептері


Оқушылар қажетті 20,30,40,50 ұпайларды ала отырып,сұрақтарға жауап береді.Егер таңдаған ұпайға топ болып жауап бермесе, басқа топтан сұралады.Ұпай саны сол топқа қосылады.


  1. Кітаптың 14 парағын номерлеген сандардың қосындысы тақ сан ба,әлде жұп сан ба? Дәлелдеңдер.

  2. Сырт пішіндері бірдей 8 сақинаның біреуі өзгелерден жеңіл.Өзге сақиналардың массалары бірдей.Кір тастары жоқ табақшалы таразымен ең кем дегенде неше рет өлшеп ,жеңіл сақинаны табуға болады?

  3. Нұргүл,Мадина және Зарина аулада ойнап жүр.Олардың көйлектері ақ түсті,көк түсті ,жасыл түсті.Нұргүлдің көйлегі жасыл түсті емес Заринаның көйлегі ақ түсті де, жасыл түсті де емес.Кімнің көйлегі қандай түсті?

  4. Тақтада 45-ке қалдықсыз бөлінетін алты таңбалы сан жазылған. Маңайынан өтіп бара жатып Марат бір санды өшіріп, орнына * салып кетеді. Сонда 324*5 саны шықты. Марат қандай санды өшірген?

  5. Қазір ағасы қарындасынан 5 жас үлкен. 4 жылдан соң олардың жастарының қосындысы 19 жас болады Қазір қарындасы неше жаста, ағасы неше жаста?

  6. Марканың бағасы 45 теңге.Айнұрда 20 теңгелік монеталар бар Егер сатушыда қайтаратын ақша болмаса ,Айнұр кем дегенде неше марка сатып ала алады? (4)

7.Айжанда үш бүтін алма,екі жарты алма және төрт ширек алма бар Айжанда барлығы қанша алма бар?(5)

8.Сырт пішіндері бірдей 12 бөлшектің біреуі жарамсыз.Жарамсыз бөлшек жеңіл.Гірсіз

табақшалы таразымен үш рет өлшеп жарамсыз бөлшекті қалай табамыз?

9. Жерде 7 торғай жем шоқып жатыр.Оның біреуін мысық ұстап алды. Жерде неше торғай

қалды (1)

10. Отбасында 3 қыз бар .Олардың әрқайсысының 3 інісі бар. Отбасында неше бала бар?(4)

11. Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер олардың әрқайсысы 2 партиядан ойнаса, онда барлығы неше партия ойнады? (3)

12. Берілген үшбұрышта неше үшбұрыш бар? (13)


hello_html_m212c6f4f.png

ІV. Лото ойыны


Оқушылар лотоны айналдыра отырып,шыққан шариктерге байланысты қажетті есептерге жауап береді.Егер таңдаған ұпайға топ болып жауап бермесе, басқа топтан сұралады. Ұпай саны сол топқа қосылады.



  1. Ұзындығы 9см,ені 5см тік төртбұрыштың ауданын табыңдар

  2. Квадраттың периметрін тап а= 5см

  3. Тік параллелепипедтің көлемін тап: Өлшемдері 12см,9см,5см

  4. Бір қабырғасы 9 см,ал ауданы 108 см болатын тіктөртбұрыштың екінші қабырғасын табыңыз.

  5. Кубтың көлемін тап? а= 6см

  6. Кубтың бетінің ауданы неге тең ? а= 4см







V Жанды сұрақ


Интерактивті тақтадан видио арқылы математика мұғалімі Кауымбаева Ирина сұрақ

қояды.

Дүние жүзіндегі екінші ұстаз,қазақтың ежелгі ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби қай жерде

дүниеге келді және қай ғасырда өмір сүрді?

Оқушылар жауабы алынады.


Қорытындылау үшін бейінді оқу меңгерушісі Намысова Б.Е сөз беріледі

Жеңімпаз топтар алған балдарына байланысты

І, ІІ, ІІІ, ІV орындармен марапатталады.


Бүгін сайыс талай шабыт шыңдады,

Бұның қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелі тәлім мол, әсерлі болса егер

Осыменен аяқтаймыз ,сайысты.

Көңіл бөліп бұл сайысқа, келгендеріңізге көп рақмет!





























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров301
Номер материала ДВ-392488
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх