Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Жас психологтарға арналған әдістемелік нұсқаулық

Жас психологтарға арналған әдістемелік нұсқаулық

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_56a4bca.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m118cba6a.gifhello_html_m118cba6a.gifhello_html_m118cba6a.gif

hello_html_cd154ac.gifБАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ӨРКЕН» ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ









Орал, 2014



Мазмұны:


  1. Кіріспе...............................................................................................................4

  2. «Жас психолог» психологиялық клубының бағдарламасы.....................5

  3. Психологиялық сабақтар.................................................................................9

  4. Психологияға кіріспе......................................................................................10

  5. Түйсік және қабылдау.....................................................................................12

  6. Ойлы бала озар................................................................................................14

  7. Қабілет..............................................................................................................17

  8. Эмоция және ерік............................................................................................20

  9. Қарым-қатынас жасау - жеке тұлға дамуына қажетті фактор.................22

  10. Арт-терапия………………………………………………………………...26

  11. АҚТҚ ЖҚТҚ алдын алу.................................................................................29

  12. Дау-дамайды болдырмау, денсаулыққа жол салу.....................................30

  13. Дау-дамай...………………………………………………………………...35

  14. Мықты адам – ерік жігері күшті адам......…………………………….....38

  15. Өзіңді өзің танысаң – істің басы....................................................................40

  16. Өз ісіңе жауап бере біл...................................................................................43

  17. Өзін−өзі тану....................................................................................................45

  18. Өзіңді өзің таны...............................................................................................46

  19. Үйлесімді дамыған тұлғаның – болашағы жарқын...................................49

  20. «Ұжымдық. Достық. Әріптестік» психологиялық тренингі....................52

  21. Пайдаланған әдебиеттер................................................................................53


Кіріспе


Құрметті достар!

Жиі біз мынадай сұрақтарды естиміз: қосымша білім орталығында психологтің не қажеті бар, қызметінің мағынасы мен міндеттері? Қызметінің мақсаттары қандай? Мақсаттарын жүзеге асыруы үшін қандай жұмыстар өткізуі керек? Психологтiң мүмкiндiктерiне сәйкес келетiн кәсiби қызмет ету үшiн орын табу өте маңызды, қосымша бiлiмдегі психологтің ұстаздармен, әкімшілікпен, жас көшбасшылар мен ата-аналардың арасындағы кәсiби өзара iс-әрекеттiң айқын шекараларын анықтау қажет.

Психологтің жұмысы 3 бағытта өткізіледі:

  • балалармен жұмыс;

  • ата-аналармен жұмыс;

  • педагогтармен жұмыс.

Біздің орталықта «Жас психолог» клубы жұмыс істейді.

Клубтың мақсаты - балалар және жасөспiрiмдердiң әлеуметтiк-психологиялық құзыреттiлiгiн асыру, адамдармен тиімді өзара әрекет ету қабілеттерін дамыту.

Осы жинақта «Жас психолог» клубының психологиялық сабақтары көрсетілген. Ұсынған жинақ сізге көмегін тигізіп, жұмыста үлкен жетістіктер әкеледі деп сенеміз!

Жұмыста табыс тілейміз!



«Жас психолог» психологиялық клубының бағдарламасы


Түсінік хат

Адам дүниеге өзін-өзі тану үшін, қоршаған ортаны білу үшін келеді. Өйткені адамға бәрі де жұмбақ. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер үшін барлығы құпия. Психология ғылыми айналаны танып білуге, көптеген сұрақтарға жауап алуға көмектеседі, ізгілік пен шыдамдылыққа үйретеді.

Клубтың мақсаты мен міндеттері:

Клубтың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық құзіреттелігін көтеру, қоршаған ортада жақсы қарым-қатынаста болуын дамыту.

Клубтың міндеттері:

  • Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу

  • Психиканың даму заңдылықтарын қалыптастыру, адам болмысымен танысу, тұрмыстық қарым-қатынастың бастапқы ілімін меңгеру.

  • Тез тіл табысқыштың қабілеттерін дамыту. Психикалық процестерді түсінуі (қиял, ес, ойлау, зейін, сана)

  • Жеке тұлғаның моральдық және адамгершілік қабілетін дамыту.

Оқыту курсы 1 жыл. Аптасына екі рет екі сағат. 5-11 класс оқушылары қабылданады.


Жұмыстың негізгі бағыттары

Психологиялық алдын алу шаралары.

Диагностикалық және зерттеу. Жұмыстың негізгі формасы: лекциялық тренингтік сабақтар. Ең бастысы – жұмыстың қорытындысы, өзектілігі мен маңыздылығы клуб туралы ережеде. Сабақта балалар психолог жұмысының этикалық ережесімен танысады.

1. Жалпы принципі:

- практикалық психологтың жұмысы тұлғаның толық дамуына, денсаулығын нығайтуға бағытталған.

- психолог өз клиенттерінің діни және адамгершілік көзқарастарын түсіну керек.

- келген клиентке өктемдік жүргізуге болмайды.

- клиентке байланысты жазбаша құжаттарды жүргізуде абай болу керек.

2. Жауапкершілік:

- психолог өзіне артқан сенімге жауапкершілікпен қарауға міндетті. Ол қоғамның және адамның алдында жауапты.

3. Компетенция (құзырет)

- психолог тек өзі үйренген жағдайда ғана көмек көрсете алады.

- өз жұмысында тек сыналған ғылыми әдістерді пайдаланады.

- психолог өз әріптестеріне сенімсіздік танытпауы керек.


Жас психологтың құқығы мен міндеттері

Жас психолог міндеті:

1. практикалық психологияның білік, дағдыларын білуге.

2. әр кәсіптік қарым-қатынаста құпия сақтауға

3. Өз жұмысында «Кесіріңді тигізбе» принципіне жүгінуге.

Жас психолог құқылы:

1) өз ойын айтуға

2) айтқанды тыңдауға

3) әдістемені үйренгеннен соң ғана пайдалануға

4) практикалық психологияның білік, дағдыларын игеруге


Жас психолог анты

Мен ..... зерттеу қызметі жолына ене отырып, ант етемін:

  1. Практикалық психологияның білік, дағдыларын игеруге.

  2. Алған білік, дағдыларды зерттеу жұмысында пайдалана отырып, «Кесіріңді тигізбе» принципіне жүгінуге, оның ішінде:

  • менің қолымда маған сенген адамның жаны, яғни тағдыры тұр;

  • берген ақыл-кеңесім маған сенген адамның пайдасына тиеді;

  • жасалған зерттеулерді құпияда сақтауға.


Тақырыптық жоспар

р/с

Тақырыптар


Сағат саны

теориялық

практикалық

барлығы

Кіріспе

1

1

2

ТҚ,ЖЖЕ, ӨҚ жөніндегі нұсқаулар

1

1

2

Ес және зейін

1

1

2

Түйсік және қабылдау

1

1

2

Сөйлеу және ойлау

1

1

2

Темперамент

1

1

2

Қабілет

1

1

2

Эмоция және ерік

1

1

2

Жеке адам,даралық,тұлға

1

1

2

Қарым-қатынас деңгейі

1

1

2

Бейсөз қарым-қатынасы

1

1

2

Арт-терапия

1

1

2

Жауапкершілікті қарым-қатынас тренингі

1

1

2

Жас ерекшелігінің психологиясы:

1

1

2

- рефлексия

1

1

2

-дау-дамай (конфликтология)

1

1

2

-зоопсихология

1

1

2

-агрессия

1

1

2

- мінез

1

1

2

- қажеттілік

1

1

2

Ойын өнері

1

1

2

Дүниежүзінің діндері

1

1

2

Тыңдау өнері

1

1

2

Бұқаралық шаралар, жорықтар

1

1

2


Барлығы:

24

24

48


Бағдарлама

Кіріспе. Ұжыммен танысу.

ТҚ, ЖЖЕ, ӨҚ жөніндегі нұсқаулар. Жүріс-тұрыс ережелері.

Ес және зейін. Ұғым анықтамасы, жас ерекшеліктері, өркендету тәсілдері.

Түйсік және қабылдау. Ұғым анықтамасы, жас ерекшеліктері, өркендету тәсілдері.

Сөйлеу және ойлау. Ұғым анықтамасы, өзара байланысы, ойлау түрлері, сыртқы және ішкі сөйлеу, өркендету тәсілдері.

Темперамент. Түрлері, ерекшеліктері, темперамент түрін анықтауға арналған жаттығулар, практикалық кеңестер.

Қабілет. Анықтама, түрлері, дарындылықты тексеру.

Эмоция және ерік. Анықтама, өзара байланысы, сезім әрекетіне бой алдырғыштық саласын басқару, ерікті өркендету тәсілдері.

Жеке адам, даралық,тұлға. Анықтама, өзін-өзі белсендіру, ұлы тұлғалар.

Қарым-қатынас деңгейі. Қарым-қатынастың бес деңгейі, ерекшеліктері, пайдалану барабарлығы.

Бейсөз қарым-қатынасы. Жалпы ұғым, ым-ишалар,олардың орны мен мәні.

Арт-терапия. Символдар және маңызы. Боди-арт.

Жауапкершілікті қарым-қатынас тренингі. СПИД-тің және нашақор тәуелділігінің алдын алу бойынша тренинг өткізу.

Жас ерекшелігінің психологиясы. Баланың жас ерекшелік психологиясы. Жас шамасына сай шақтары. Балалық шақ, ерекшеліктері.

Рефлексия. Анықтама, өркендету тәсілдері.

Дау-дамай. Теориясы, диагностика, іс-әрекет стратегиясы.

Зоопсихология. Инстинкт ұғымы, психиканы өркендету.

Агрессия. Анықтама, физиологиялық ерекшеліктер, бала агрессиясы.

Мінез. Анықтама, типтері, қалыптасу процестері.

Ойын өнері. Актерлік шеберлік сабақтары.

Дүниежүзінің діндері. Шығыс және Батыс дүниетанымы, ортақ белгілері, айырмашылықтары.

Тыңдау өнері. А.С.Экзюпер, Б.Алмазов және т.б. шығармаларымен таныстыру.

Бұқаралық шаралар, жорықтар.

hello_html_m4bdff16a.jpg

Сабақтың тақырыбы: Психологияға кіріспе.

Психология” – сөзі грек сөзінен шыққан, дәстүрлі сөзбе сөз аудармасы бұл – “жан туралы ғылым” (гр. psyche – жан, logos – ілім, ғылым) – психиканың объективті заңдылықтарымен себеп-салдарын зерттейтін ғылым.

Психе́я немесе, Психе (ежел.-грек. Ψυχή, “жан”, “тыныс”) — ежелгі грек мифтерінде жан мен тыныс алудың көрінуі болып табылады.

Ол көбелек немесе қанаты бар жас қыздың бейнесі ретінде көрінуі.

Психея жанды жәндік,ия болмаса тірі организмнің дене бөліктері түрінде елестеткен.

Психология міндеттері

Психикалық құблыс және оның заңдылықтарының негізін түсіне білуге үйрету;

Оларды басқара білуге үйрету;

Алынған білімді қалыптасқан ғылым мен оның салаларын мақсатты түрде тиімділігін арттыруда қолдану;

Психологиялық қызметте алынған теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу.

Психологияның дүниеге келуі

Адам өмірінің психологиясын тану орта заманнан қалыптасқан философиялық ойдан көруге болады.(Аристотелдің “жан туралы” трактатта)

Психология ұғымы XVI ғ. Европада тиологиялық және университетте қолданып, Г.В.Лейбниц Христиан Вольфтің шәкіртінің “Рационалды және Эмприкалық психология” еңбектерінде кеңінен қолдана бастады.

Психологияның өз алдына ғылым болуына 1879 ж – атақты неміс психолог, философ В.Вунд Лейпциг қаласында 1–ші рет эксперименттік лаборатория ашты.

Психологияны өзіндік анықтау бөлімдері

I.“Жан туралы” ғылым (Декрт, Локк)

II.“Рух” туралы ғылым (Дильт)

III.“Сана” туралы ғылым (эмприкалық психология XIXғ.)

IV.Терең психология(санасыздық )

V. “Мінез- құлық” туралы ғылым (Биохеверизм - ағылш тілінен- мінез) Дж. Уотсон.

VI. XIX – XXғ басында зерттеу негізі тұлға болды. (Персона - лат. Тіл. Әртістің бет бейнесі, оның ролі) У.Джемсон.

VII.”Психика” туралы ғылым (адам дамуының заңдылықтары,қырлары.Ол ұзақ және қайшылығы мол дүние.) И.М.Сеченов, Л.С. Выготский.

Психологияның негізгі салалары

1.Диффенциалды психология (жеке топтардың арасындағы ерекшелік зерттейді).

2. Даму психологиясы( психиканың дамуын зерттейді).

Жалпы психология(психиканың жалпы заңдылықтарымен механизмін зерттейді.)

3. Тарих психологиясы(психологиялық біліммен даму, қалыптасуының тарихи заңдылықтарын зерттейді).

4. Тұлға психологиясы(адамның ерекшелігі және оның іс-әрекетінің, өзара қарым-қатынасын зерттейді).

5. Психофизиология (орталық нерв жүйесіннің психикасын зерттейді).

6. Әлеуметтік психология (адамдармен қарым-қатынаста, мінез-құлық әрекетіндегі ерекшелікті зерттейді).

Психологияның негізгі әдістері

Бақылау Эксперимент

А) Объективті түрде бақылау.

А) Лабораториялық(арнайы жабдықталған орын)(мінезі, психо-физиологиялық табиғи (табиғи жағдайда)мінездеме).

Б) Өзіндік бақылау в) Қалыптастырушы

(өзінің психикалық жай-күйін зерттеушінің зерттелушіге

бақылау). психикасына белсенді түрде

әркет етуін анықтау.

Психологиядағы қосымша әдістері

  • Қосымша

Психодиагностикалық Сұрау әдісі Диалог әдісі

Әдістер(тест, әдістеме (сауалнама) (әңгіме,сұхбат)

Сауалнама)

Психо-биографиялық Эксперименталды

әдіс әдіс


Сабақтың тақырыбы: «Түйсік және қабылдау».


Мақсаты: Түйсік және қабылдауқабілетін дамыту.

Міндеттері:

  • Түйсік және қабылдауадам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Түйсік және қабылдауқабілетін дамыту.


ІІ. Тренинг ережесімен таныстыру:

1. Достық жақсы қарым-қатынаста болу.

2. Өзіме пайдалы нәрселерді алу.

3. Өзімді еркін ұстауға үйрену.

4. Өз ойымды ашық айта білуді үйрену.


Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі.

Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктер және түйсіктермен бірге жүзеге асады, бірақ оны солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер арасындағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен қатынастарына тәуелді.

Бейнелерді қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен бір тұтас жүйеге өтеді.Біріктірудің мұндай түрі бір сезімдік қызмет аймағында да суретке қарай, біз әртүрлі көру әсерлерін бір, бүтін бейнеге біріктіреміз, сондай-ақ, бірнеше сезімдік қызмет ауқымымен (апельсинді тану үшін біз көру, сипай сезу, дәм, бұларға қоса жеміс жөніндегі білімдерімізді байланыстырамыз) орындалуы мүмкін.Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз.

Түйсік дегеніміз - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы, сыртқы дүние заттарының жеке қасиетінің сезіміне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер. Түйсік туғызатын физиологиялық аппаратты анализатор деп аттаймыз.


Дамыту жаттығулары.

«Өзіндік қабылдау».

Қағазды 2 бөліп сызып, сол жағына «менің кемшіліктерім», оң жағына «менің жетістіктерім» деп ойларын бүкпей ашық жаздыру.


менің кемшіліктерім менің жетістіктерім

1

2

3

4

5


5 минуттен соң 3-4 оқушының өз жаздырғанын топтап талдап, талқығасалады. Оған 10 минут уақыт беріледі. Мына ережені есте ұстанған жөн: бір-біріне сұрақ қоюға болады, бірақ сын айтуға болмайды.

Қорытынды: тренингнәтижесі оқушының шыншылдылығын, жауаптылығын, алғаш рет өзіне қортынды жасауын, өзін түсініп, өзгеге сенуін көрсетеді.

Тренинг барысында баяу музыка ойнап тұрады. Ол оқушылардың ашылуына, ойланып сөйлей білуіне әсерін тигізеді.


«Мен қандай адаммын?»

Бұл сұрақ көбіне өзгелерге қойылады. Ал тренингте ақ қағазға : «Мен қандай адаммын?» - деп жазып, мына сұрақтарға жауап берілуі тиіс.

1. Менің өмірім қандай, менің жетістіктерім мен кемшіліктерім?

2. Отбасы әсері: ата – анам, аға – іні, сіңілі – қарындастарым, т.б.

Бұл тренингті де жиі өткізуге болады, оқушы әр сабақ сайын өзінің кемшілігі мен жетістігін біліп отырады, өз-өзіне қорытынды жасап, кемшіліктерді болдырмауға, азайтуға тырысады.

«Өзіңді ғана емес , өзгені де таны»

Оқушыларға ұлылардың (ақын, педагог, жазушы, ғалым т.б) суреттері бар қағаздар таратылады. Балалар еріктері бойынша топтарға бөлініп, ол кісі туралы білгендерін жазып, оны қорғайды. Оқушыларға ойлануға 5 минут уақыт беріледі.

Қ о р ы т ы н д ы : Оқушылар жинақталады,білгендерін еске түсіреді, неғұрлым жақсы қорғау үшін жауапкершілігін сезінеді.

«Мейірім»

Жақсы сөз жаныңды жадыратады. Қуаныш сезім билейді. Ендеше өзгелерге де жақсылық жасап көрейік. Өзіңнің жақын туысқаның, танысың туралы қандай жақсы сөздер айтар едің? Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Көңіліңіз қалаған адамды таңдайсыз. Ол туралы әңгімеңіз қысқа, нақты болуы шарт, әсіресе қандай қасиетін бағалайтыныңызды айту керек.

Қ о р ы т ы н д ы : «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын».


«Біз бақытты баламыз» әнімен аяқтау.

Біз бала көктемгі гүлдей жайнаған,

Біздерге қосылып бұлбұл сайраған,

Жеріміз біздің көңілді,

Жырлаймыз шаттық өмірді,


Орман, тау қосылып, бірге жырласын,

Сәбидің күлкісін әлем тыңдасын.

Жеріміз біздің көңілді,

Жырлаймыз шаттық өмірді.



14 ОЖББМ психологы Хабиева А.Ж.

Сабақтың тақырыбы: «Ойлы бала озар»


Мақсаты: Ойлау қабілетіндегі белсенділікті дамыту.

Міндеттері:

  • Терең ойдың, ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Ойлай білу іскерліктерін дамыту;

  • Ойлылыққа тәрбиелеу.


ІІ. Тренинг ережесімен таныстыру:

1. Достық жақсы қарым-қатынаста болу.

2. Өзіме пайдалы нәрселерді алу.

3. Өзімді еркін ұстауға үйрену.

4. Өз ойымды ашық айта білуді үйрену.


Ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттер арқылы танылады. Ойлау сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолымен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі.

Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып тікелей сезім процесінің шеңберінен әлде қайда асып түседі. Ойлау - адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арқасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.

Әріптер әлемі “Қалампыр”

«Логикалық есеп» ауызша Ойлауды дамыту

  1. Судыр балықшы

Балықшыдан неше балық ұстадың дегенде:

Жиырманың жартысын,бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін,-деді.Балықшы неше балық ұстады?

2.Үстел үстінде төрт алма тұр.Бір алманы алып,ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

3.Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?

(Бір пұт, себебі түйеқұс салмағы өзгермейді.)


ОЙЛАН ТАП”

  1. Сәске кез болатын. Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?

Жауабы. Қант құрғақ шай үстіне түсті.

2. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне-бірі:

-Достым, мен сені көріп отырмын,-дейді. Олар, бірін-бірі қалай көреді?

Жауабы. Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, олар бірін-бірі көреді.

  1. Айдала. Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн. Суыт жүрістілер аяң жүріспен келеді. Екі ауыл арасы ет пісірімдік жер. Жаппадан жылт еткен сәуле сөніп-өшті. Үй иесі бұрын көре ме, әлде салт аттылар бұрын көре ме? Жауабы. Ешқайсысы көрмейді, себебі сөніп-өшті деген сөзге мән берсек, сәуле сөнгеннен кейін жанған жоқ, өшіп қалды.

«Екі бақа» туралы аңыз

Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақтан құтылып шығады.

Қалай құтылып шығады деп ойлайсыңдар?

Жауабы: Әлгі бақаның секіргенінен қаймақ қоюланып, майға айналады. Бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығады.

Сергіту сәті

Менім қалпағым үшбұрыш

Үшбұрыш менің қалпағым

Бұрышы үшбұрыш болмаса

Онда қалпақ менікі емес.

1. Үш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу?

3 мысық.

2. Бір отбасында алты ұл бар. Олардың бір-бірден қарындасы бар.Осы үйде барлығы неше бала бар?

6 ұл бала.

3. Далада торғайлар ұшып жүр. Бұтақтарға бір-бірден қонса, бір торғай артық, ал екі-екіден қонса, бір бұтақ артық қалады. Сонда қанша торғай, қанша бұтақ бар?

4 торғай, 3 бұтақ.

«Ойлауды дамыту» әдістемесі.

Бала тілегі

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен-қара орман

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік - ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.





Сабақтың тақырыбы:Қабілет

Мақсаты:

  1. Қабілет және оның түрлері мен айырмашылықтары, қалыптастыру жолдары туралы түсінік беру;

  2. Студенттердің бойындағы қабілеттіліктерін арттырып, белсенділіктерін қалыптастырып, дамыту;

  3. Студенттердің бойындағы өзіндік жеке дара қабілеттерін жетілдіре отырып, қабілеттілікке тәрбиелеу.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, ой қозғау, миға шабуыл, сұрақ – жауап.


І. Ұйымдастыру бөлімі:а) сәлемдесу

ә) топты түгендеу

1. Қабілет деп – әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз мақсатқа бағытталған тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және нәтижелі етіп атқаруы. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынандай екі түрлі көрсеткіші арқылы анықталады.

1) іс-әрекетті тез өзгерту.

2) іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы.

Қабілеттілік – адамдардағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат болып табылады. Адамның ақыл – ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез – келген адамнан табылатын қабілет – жалпы қабілет деп аталады.

Адам қабілеттерінің жан-жақты жетілуі – еңбектің, яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандыққа таңылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді.

2. Қабілет – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ол туа пайда болатын нәрсе, осы қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан деп аталады. Нышанның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған жасушаның қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы, ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып, жетіледі. Нышан сан қилы мағынада көрініс береді.

3. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамға әртүрлі. Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандылық сияқты қасиеттер де жатады.

Қабілеттің жоғары деңгейде көрінуін «талант» деп атайды. Талантты адам істің белгілі саласында ірі жетістіктерше қол жеткізеді.Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада, т.б.әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. Мысалы, адам жас кезінде ауызекі немесе жазба сөзге олақ болғанымен, есейе келе ерен еңбек етудің нәтижесінде ірі ақын, белгілі жазушы болуы мүмкін.

Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Дарынды адамдардың қабілеті әдетте ерте ашылатынын зерттеу жұмыстары байқалып жүр. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. 5 – 6 жаста ондай балалар өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық білетін болады. Кейде дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі.

Дамыту жаттығулары

1-жаттығу.

Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрады.
Нұсқаулық:«Қазір біздің таныстығымызды ары қарай жалғастыру мүмкіндігі тумақ. Оны былай жүзеге асырамыз: шеңбердің ортасында тұрған (алғашында ол адам орнында мен боламын) ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру (ауысып отыру) ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды. Мысалы мен: «Араларыңыздан әпкелері барлар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар» - деп айтамын, - сол кезде кімнің әпкесі бар, солар орындарын ауыстыруы қажет. Осы сәтте шеңбердің ортасында тұрған адам, орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қалған адам, ойынды жалғастырады. Бұл жағдай бір-біріміз жөнінде толығырақ біле түсуге мүмкіндік береді».

Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» немесе «Қазіргі сәтте сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» деген сұрақтар қоюына болады. Әрине, мұндай жаттығу көңілді өтеді. Ол қалыптасқан қолайсыздықты төмендетіп, көңіл-күйді көтереді, назар мен ойлауды белсендіреді.

2-жаттығу.
Қатысушылар жүздері бір жаққа ауған күйде, бір қатарға тұрады. 
Нұсқаулық:
«Мен санақ жүргіземін, сол сәтте сіздер 90 градуске бұрылыс жасап секірулеріңіз қажет. Бұл тапсырманы бір-бірімізбен сөйлеспей, үнсіз күйде жүзеге асырамыз. Басты тапсырма – барлығымыз жүзімізді бір жаққа аударуымыз қажет және мүмкіндігінше жылдамырақ жасауға тырысуымыз керек».

Жаттықтырушы топ мүшелерінің барлығының жүздері бір жаққа қараған кезде санақты тоқтатады. 

Жаттығу топты біріктіреді, көңіл-күйді көтереді, қолайсыздық, сенімсіздік сезімін төмендетеді. Сонымен қатар, жаттығу барысында топтың әр мүшесі ортақ шешім түйіндеуге келісулері тиіс, бұл әрқайысының бойында бірлесе әрекет жасауға белсене араласу тәжірибесін қалыптастырады. «Топтың алдына қойған тапсырманы жүзеге асыруына не көмектесті?», «Тапсырманы жылдам жүзеге асыруға не кедергі жасады?» («тапсырманы жылдам жүзеге асыруға не көмектесер еді?») және т.б. сұрақтар қою арқылы жаттығуға қатысушылар бойынан әр жағдайда қандай әрекеттер жасайтындығын байқауымызға болады, топ ортақ шешімді түйіндеу барысында, қандай да бір келісімге келуі тиіс сияқты және т.б. Осындай сәттерде бір-біріне назар аудару қажеттілігі, өз іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен келісе жүзеге асыруы, басқаның ұстанымына, логикаға сүйенуі туындайды; іс-қимылдың ең тиімді тәсілі ретінде әріптестік екенін көрсететін жағдайға қысым жасамау керек екендігі байқалады. 

3-жаттығу.

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық:
«Біздің алдымызда біріге шешу қажеттілігі бар тапсырма тұр: бір-бірімізбен келіспей, сөйлеспей, мүмкіндігінше жылдам және бір мезгілде екі қолымыздың бірнеше саусағын ортаға қарай көрсете созамыз. Бұл тапсырманы біз төмендегі жолмен шешеміз: мен бір, екі, үш деп санаймы- үш деген кезде саусақтарымызды бір мезетте ашамыз. Жаттығудың ойдағыдай орындалғанын анықтауға көп уақыт кетпейді. Егер нәтижесіз болса, жаттығуды қайталаймыз. Түсінікті ме? Қанекей бастайық».





36 ОЖББМ психологы Талпақова С.А.


Сабақтың тақырыбы: “ Эмоция және Ерік ”

Сабақ мақсаты: эмоция, кек–ыза, агрессия турасында пікір алмасу, әңгімелесу және осы негативті эмоцияларды жеңе білуге үйретуде түрлі жаттығулар орындау.

Керек құралдар: ақ парақ, қарындаш, түрлі бояу, үлестірме карточкалар.

Әңгімелесу

Қандай эмоция және сезім түрлері болады? Позитивті және негативті сезімдер. Бізге не үшін негативті сезімдер керек? Кек, агрессия дегеніміз не?Агрессия, кек, ашуды игере білу тәсілдері. Шынайы және жалған сын дегеніміз не? Жақтырмау кезінде қалай жауап беруге болады?

Келіспеушіліктер және қарама – қайшылықтар өмірде шынайы, ақиқатты, алайда зорлық – зомбылық адамдар арасындағы конфликтіні шешудің жолы емес.

Жаттығу 1. “ Менің көңіл – күйімнің түсі ”.

Қатысушылар дәл қазіргі кездегі көңіл–күйлерін ассоциациялайтын түстерін шеңбер бойынша атайды. Шеңбер ортасына “қуаныш”, “көңілсіздік», «мұңды”, “ыза”, “үрей”, “қызығушылық” сөздері қойылады, және қатысушылардан бұл түсініктердің қандай байланысы бар екені сұралады. Жауап: бұл – эмоциялар. “Эмоция” сөзіне нақты анықтама беру сұралады.

Эмоция – қаншалықты жағымды болғанына қарай, қандай да объектіге немесе жағдайға деген қарым–қатынас. Басқа адамдардың эмоцияларын, көңіл–күй және өзіндік сезіммен анықталатын, олардың мінез–құлқы арқылы түсінуге болады.

Жаттығу 2. Сезімдер атауы.

Әрбір қатысушы кестеге білгенінше сезім “атауларын” жазады. Әр қатысушы ретпен жазғандарын оқиды (қайталамауға тырысу керек).

Бірінші колонкасында сезім “атаулары” жазылады. Содан соң осы сезім туындайтын орынды белгілейсіз, мұны сіз крестик арқылы белгілейсіз.

«Сезім атаулары» кестесі

Сезімдер «атауы»

Мен әдетте бұл сезімдерді бастан кешіретін орындар

Үйде

Көшеде

Мектепте

Жаңа ортада

Достар ортасында

Басқа орындарда (қайда? )

Ә Д Е Т Т Е

1. Ыза







2. Қуаныш







3. Қапалану







4.







5.







Б Ү Г І Н

1. Жабырқау







2. Үрей







3. Таң қалу







4.







5.








Жаттығу аяқталу кезінде топқа бірнеше сұрақтар қоюға болады: Соңғы емтихан болған сәтте қандай сезімде болдыңыз? Ең жағымсыз сезім не деп ойлайсыз?Өз сезіміңді бақылай, басқара аласыз ба?

Жаттығу 3 . “ Көрме ”.

Инструкция: “Ыңғайлы отырыңыз, босаңсыңыз, көзіңізді жұмыңыз, 3-4 рет терең демалыңыз. Өзіңізді шағын көрмедемін деп елестетіңіз. Онда сіз ызаланатын, сізді ренжіткен немесе сізге әділетсіздік жасаған адамдардың фотографиялары бар. Бір портрет таңдап, бұл адамның сізді ренжіткен сәтін, ситуациясын еске түсіруге тырысыңыз. Өз сезіміңізді еске түсіріп, оған ойша не айтқыңыз келеді соның барлығын айтып тастаңыз, нені қалайсыз, немесе не істеуді қаладыңыз соның бәрін жасаңыз”.

Талқылау. Қандай ситуация болды? Өз түйсігіңізді елестету қиын болды ма? Сіздің түйсігіңіз өзгерді ме?

Жаттығу 4. “Менің денемдегі эмоциялар”.

Инструкция: “Қазір сіз біреуге немесе қандай да бір нәрсеге өте ашулысыз деп елестетіңіз. Өз ашуыңызды бүкіл денеңмен сезінуге тырысыңыз. Мүмкін, сізге біреуге ашулы болып, жақында болған жағдайды еске түсіру жеңіл болатын шығар. Сіздің ызаңыз денеңіздің қай жерінде екенін сезініңіз. Сіз оны қалай түйсінесіз? Мүмкін ол ішіңіздегі алауға ұқсас шығар? Немесе жұдырығыңыз қышып тұрған шығар? Бұл бөлімдерді өзіңіздің суретіңізде қарындашпен белгілеңіз. Енді сіз қазір бір нәрседен оқыс үрейленген сияқты етіп елестетіңіз. Сізді не үрейлендіруі мүмкін? Елестеттіңіз бе? Сіздің үрейіңіз қайда орналасқан? Ол неге ұқсас? Бұл орынды өз суретіңізде басқа түстегі қарындашпен белгілеңіз.

Денеңіздің қай жерінде өз ызаңызды сезінесіз (үрей, жабырқау, қуаныш)? Қандай сезімді өз денеңізде сезіну және түйсіну жеңіл болды? Ал қайсысы қиынырақ?

Жаттығу 5. ”Жайлы орын”.

Ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз.

Инструкция: Өзіңізге өте ұнайтын қандай да орынды елестетіңіз. Бұл орын бір кездері болған, немесе қиялдағы орын болуы мүмкін. Бұл орында сіз өзіңізді сондай жайлы сезінесіз... Оны барлық детальдарымен елестетіңіз... Айналаға қараңыз. Сіз не көріп тұрсыз? Құлақ салыңыз. Мүмкін, сізге қандай да дыбыстар естілетін болар... Мүмкін сізге жел ысқырығы сезілетін шығар... Қазір сізде осы орында бола тұруға бірнеше уақытыңыз бар... Бұл сіздің жайлы орныңыз. Қазір тағы бір мұқият қарап шығыңыз, терең дем алып, көзіңізді ашыңыз.

Жаттығу орындалған соң сезімдерімен бөліседі. Өзіндік сезімнің позитивті өзгеруіне көңіл аударған жөн.


26 ОЖББМ психологы Кабдугалиева А.С.

Сабақтың тақырыбы: «Қарым-қатынас жасау жеке тұлға дамуына қажетті фактор».

Мақсаты:

Балалардың өзара қарым-қатынастарын сыйластыққа, сүйіспеншілікке құруға үйрету.

Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері

  • Әлеуметтік өмірде адамдардың іс-әрекеттерінің негізгі бір түрі- сөйлеу. Ол- күрделі психологиялық процесс. Сөйлеу- адамның қарым- қатынас жасау құралы. Ал қарым- қатынас жасаудың қуатты құралы- тіл.

Әр адамды қызықты әңгімелесуші ететін қарым-қатынас.

  • Практикада адамдар қарым-қатынас әрдайым ұтымды қалыптастыру және үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін өзін төмендегідей етіп ұстау керек:

- ол алыстан, сырттай ашық, жарқын, тартымды болуы;
- ол жақыннан түсінікті, жылы лебізді, көңілді болуы;
- оның ішкі дүниесі мәселені терең түсінетін, адал, шыншыл, байсалды болуы;
- оның ішкі дүниесі мен сыртқысын бөліп-жара қарамау керек.


  Қарым-қатынастың негізгі бағдарлары:

  • Әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз.

  • Қызықты түрде информацияны жеткізуге тырысыңыз.

  • Қызықты оқиғалар жинастырып, есте сақтап оларды айта білуге үйреніңіз: қоршаған ортаңыз туралы. Ауыз әдебиет, шығармашылық- бұл өнер, әрқашан бізбен бірге болады.

  • Әрбір адам «жылылықты» қажет етеді. Сіздің әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты, яғни, мықты болып сезіну керек.

  • Әрбір адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз, оның өзі туралы, проблемалары, жетістіктері, табыстары туралы.

  • Оған сізден гөрі өзі туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік беріңіз.

  • Оның пікірін сұраңыз және кеңес алыңыз.

  • Зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз.

  • Сыйластық пен қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз. Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы тыңдай алатын адам.

  • Тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз. Үндемей қалуға еркіңіз бар. Өз пікіріңізді айтуға да еркіңіз бар. Сырттан қарағанда бет әлпетіңізден байсалдылық, жайсаңдық, жылылық байқасын.

  • Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға тырыспаңыз.

  • Өзіңізді ашық-жарқын адам ретінде көрсетіңіз. Сіз тұйық болсаңыз, әңгімелесушіңіз де тұйық болып шыға келеді.

  • Өзіңіз естіген жайлар, оқиғаларға, пікіріңізді, қатынасыңызды жалтармай жеткізіңіз, шыншыл болыңыз. Ашық мінезді кісінің сыртқы көрінісі: қол мен аяқтың ашық түрде болуы, яғни тұлғасы тырысып, бүрісіп қалмау, ара қашықтықты жақындату сөйлескендегі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы, бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі.

  • Әңгімелесушіңіздің ашық-жарқын, емін-еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз.


Түйіндеу

  • Қателесу әр адамға тән, бірақ ақымақ адам ғана өз қатесін мойындаудан бас тартады.

Цицерон.

  • Ешкімде саған дос емес, ешкімде саған қас емес, бірақ әр адам саған оқытушы.

Орыс мақалы.

Ойын ережесі

  • бір-бірін тыңдау

  • уақыт үнемдеу

  • белсенділік таныту

  • достық қарым-қатынас

  • жағымды эмоция тудыру

1. Амандасудың ерекшеліктері

Нұсқау:

Балалар дөңгеленіп отырады. Бір-бірімізге жақындап, амандасамыз. Мұнда әрбір серіктесі өзінің амандасу тәсілін көрсетеді. Келесі адаммен амандасқанда, бұдан бұрын сізбен амандасқан адамның тәсілін пайдаланамыз. Егер, қайсыбір жұпта бірдей амандасу тәсілі кездесіп қалса, онда амандасудың жаңа тәсілін қайталау керек.

2. Хабарландыру «Дос іздеймін»

Мақсаты: өзін-өзі таныстыру қабілетін дамыту, позитивті көңіл-күй орнату.

Тапсырма: өзі туралы және өзінің сүйікті ісі, қызығушылығын жазу. Жазып болған соң жүргізуші оқығанда кім жазғанын табу және қосымша қасиеттерін атау.

Жаттығуға талдау жүргізу.

- Көңіл-күйіңіз қалай?

- Жаттығуды орындау кезінде қандай қиындықтар болды?

3. «Айсберг»

Нұсқау:

Оқушылар ортаға шығып, жерге төселген газет беттерінің үстінде тұрады. Айсберг еріген сайын бір газеттен алынып отырады. Ал оқушылардың міндеті төселген газет беттеріне сыйысу қажет.

4.« Қағаздарды жинақтау»

Мақсаты: Қарым-қатынас және қабылдау дағдысы.

Нұсқау:

Барлық ойыншылардан көздерін жұмуы қажет. Қарамау! Барлығына қағаз таратылады. Ойыншылар қағазды екі бүктейді және бүктелген қағаздың оң жақ бұрышын жыртып алуды сұраңыз. Кейін тағы бір рет екі бүктеуге және сол жақтағы бұрышын жыртып алсын. Қарауға болмайтынын ескеру қажет!

  • Енді көздерін және қағазды ашып көрсету керек.

  • Қағаздың парақтары әртүрлі кесіледі.

  • Бұл жаттығудан не байқадыңдар?

5. «Періште ойыны»

Мақсаты:

Балаларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлік пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.

6. Мен кетіп бара жатырмын

Қолдау

Ойыншыларды шеңбер бойымен тұруын сұраңыз. «Мен кетіп бара жатырмын және құшақтасқым келеді» деген сөздермен бастаңыз. Оң жақтағы ойыншыны құшақтаңыз. Бұл ойыншы да «Мен кетіп бара жатырмын, құшақтасқым және иығынан соққым келеді» деп айтады. Бұл ойыншы да оң жақтағы көршісін құшақтап, иығынан соғып қоштасады. Осы қимылдармен, сөздермен ойын жалғасады және әрбіреуі бір-бір қимылдан қосады.

7. «Қолға қол»

Баға беру

Нұсқау: Бәрі шеңберде бір-біріне жақын тұрады. Сізден сол жақта тұрған қатысушыны қолын созып оқу процесінде өзіне қандай қиындық көрді және қандай жақсылық алғанын айтуды сұраңыз. «Маған ұнаған жоқ, ол....» және «маған ұнады, ол....» деген сөйлемдерді қолдануды сұраңыз. Келесі сол жақтағы қатысушыны қолын созып жалғастыруды сұраңыз. Бәрі қатысушылар өз пікірлерін айтып болғанша шеңбер бойы жалғастырылады. Қолдан жасалған мұнара біздің команданың мықтылығын көрсетеді.

Қорытындылау

Әр адамда құдіретті күш бар, сондықтан адамдар бір-бірін сыйлауға тиіс.

М.Горький.




42 «Ақ ниет» гимназиясы Бисенгалиева Л.С.

Сабақтың тақырыбы: Арт-терапия

Мақсаты:

  • оқушыларғаАРТ - терапия туралы түсінік беру;

  • сурет салу терапиясы жаттығуларын орындау;

  • әсемділікті сезінуге тәрбиелеу.


Ортақ қобалжу: «Біз бәрібір әртүрліміз»

Әдістемелік жарақтау: А3қағаз, түрлі түсті бояу, интер.тақта, су бояу.

Уақыты:1 сағат

Жоспар:

1. Сәлемдесу (танысу) жаттығуы

2. АРТ-терапия туралы түсінік

3. Сурет салу терапиясы

4. Еркін сурет жаттығуы

5. Түстер терапиясы

6 Сиқырлы алақан жаттығуы

7. Разминка

8. Рефлекция


Тренингтің барысы:

1. Сәлемдесу жаттығуы “ Кездесу ”

Оқушылар бір–бірімен амандаса тұрып, адамға жағымды сөздер айту әдетін жаттықтыру. Мысалы: Сәлем Айгүл, сен бүгін өте әдемісін, немесе сәлем Бахтияр, осы аптадағы істерің онды болсын.

Таныстыру

Жүргізуші.Барлығымызға белгілі біздің азан шақырып қойған атымызбен қатар отбасымызда ата-анамыз, ата-әжеміз, аға-апамыз, сонымен қатар достарымыздың ортасында еркелетіп атайтын екінші есіміміз бар.Оны естіген кезде ерекше сезімге бөленіп, көңіліміз көтеріліп жатады.

Нұсқау: Қазір 1 минуттай ойланып, сол есімдеріңіз бен өзініңізді теңестіретін қандай да бір затты, табиғат құбылысын немесе бейнені естеріңізге түсіріңіз. Сіздердің өз есімдеріңізді топ алдында жариялап, топқа өзіңізді жаңа бір қырыннан таныстыруға мүмкіндігіңіз бар.

2. АРТ-терапия туралы түсінік

Арт–терапия әсемдік өнерді көзбен шолатын психотерапияның ерекше түрі ретінде қарастырады (емдеу мақсаты емделуші мен психотерапевт арасындағы бірлесіп әрекет жасау).

Негізгі мақсаты - диагностика, психоанализ және емдеу.

Теориялық және практикалық жағынан арт–терапия Адриан Хилл термині, шамамен XX ғасырдың 30 жылдарында пайда болды. (лат. ars — өнер, греч. therapeia — емдеу, өнер әдістерімен емдеу).

Арт–терапия” түсінігінің эволюциясы 3 бағытты құрайды: медициналық, әлеуметтік, педагогикалық .

Ағылшын тілді елдерде “ Art–therapy “әсемдік өнердің түсінігі ретінде қарастырылады: суреттер, графика, мүсіндер, дизайн және шығармашылықтың басқа да түрлері қарым–қатынастың көзбен шолу каналы ретінде маңызды роль атқарады. Түрлі ерекшеліктеріне қарамастан арт–терапияның барлық бағыттары бейнелеу өнерінің және тұлғааралық өзара ықпалдастықтың құралы ретінде қарастырады.

Арт-терапия түрлері:

живопись , графика, фотография, сурет салу, ермек сазбен жұмыс,

маскотерапия, ертегітерапия, оригами, драматерапия, музыкотерапия,

түстертерапия, видеотерапия, құм терапия, ойынтерапия.

Мақсаттары:

  • Креативтік ойлау қабілетін дамыту;

  • Адамның ішкі дүниесін ашу;

  • Өзін-өзі бағалауын көтеру;

  • Босанысып жағымсыз эмоциялардан және ойлардан арылуға үйрету;

  • Топтық жұмыстануда әлеуметтік қарым–қатынасқа жақсы келуге ұйрету;

  • Ойлау, есте сақтау, зейінін және шешім қабылдау дағдыларын дамыту;

- Бейімделу мүмкіндіктерін көтеру.

3. Сурет салу терапиясы

Арт-терапия техникасының бірі - сурет салу. Егер адам өзін еркін сезінгісі келсе оған сурет салу керек. Сурет арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге тырысады. Сурет терапиясы көп ауыруларғада емдік көмегін тигізеді. Баланың ойын, қиялын да жақсы дамытатын терапияның бірі – сурет салу терапиясы.

Сурет салу терапиясы түрлі түсті бояулармен де, қарындаштармен де тіпті саусақ пен салуға да болады.

4. Еркін сурет жаттығуы

Мақсаты: Бұл жаттығу сабақ бастамасында өте қолайлы. Ол топтың шығармашылық бастамасын оятады, өз эмоцияларын сезінуге және бір-бірлерімен танысуға мүмкіндік береді.

Материалдар: парақ, қарындаш, бояу.

Өтілу барысы: Топ қатысушылары парақ, қарындаш жағынан жетіспеушілік сезінбеуі керек. Әр адам өзі жалғыз қала алатын орын табады. 2 минуттай өз ойын жинақтайды, өз сезіміне құлақ салады. Оған алдағы жұмыстың шығармашылық жағын ойлап керек емес. Ол тек қарындашты алып, сурет сала бастауы керек. Сурет салушының міндеті - өз жағдайын символикалық бейнелеу. Ол өзін нақты бір нәрсе суреттеуге мәжбүрлемеу керек. Басына не келеді, соны салуы тиіс. Топ сурет салуды аяқтағаннан кейін, қатысушылар өзінің және басқалардың жұмыстары туралы ойларымен бөліседі, бірақ оларға баға бермеуі тиіс. Өз суретіне ұқсас суреттерді қарап шығып, бірге талдау.

5. Түстер терапиясы

Ең алғаш түстертерапиясы ежелгі Грецияда пайда болған. Түстер терапиясымен Египетте, Қытай, Үнді, Парсы елдерінде ем етіп қолданған. Египет елінің шіркеулерінде археологтар арнайы бөлмелер тапқан. Күннің сәулесі бөлмеде ойнап науқас адамдарға ем берген. Түс біздің өмірімізге жарық береді. Түстерді біз көбіне көз арқылы көреміз, сонымен қатар түстерді адам терісі арқылы сезінеді екен. Түстер біздің ағзамызға үлкен әсерін тигізеді, биохимиялық реакцияның айналысымен адам ағзасына керекті дәрумендер пайда болады.

6. Сиқырлы алақан жаттығуы

Мақсаты: жаттығу шығармашылықты дамытады, өз қиялын оятады.

Материалдар: парақ, сулы бояу, қарындаш.

Өтілу барысы: Әрбір қатысушыда парақ, түрлі–түсті қарындаштар, қарындаш болуы керек. Бәрі шеңбер құра отырады. Оқушыларға өз алақанына өзіне ұнаған бояуды жағып алып, сонаң соң ақ қағазға түсіреді. Кейін сол түскен саусақтардың ізінен өз қиялымен сурет жасап шығару керек. Тағыда жетіспеген элементтер қосуға болады. Жұмысты талдау.

7. Разминка

Жақсы бір әуенге, би қимыл қозғалыстарынжасау.

8. Рефлексия

Оқушыларға бүгінгі сабақ туралы ойларын білу, сұрақтар қою.

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма, қандай әсер алдың?

  • Бүгінгі сабақта саған не жаңалық болды?

  • Болашақта өзіңе осы сабақтан не алар едің?

«Жақсы сөз» жаттығуы арқылы қоштасу.





Сабақтың тақырыбы: АҚТҚ(адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы)/ЖҚТҚ (жұқтырған қорғаныш тапшылық белгілері)(ВИЧ\СПИД) алдын алу.

Мақсаты: Оқушыларға АҚТҚ(адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы)/ЖҚТҚ(жұқтырған қорғаныш тапшылық белгілері) (ВИЧ\СПИД) дерті жайлы ақпарат беру және қайдан пайда болатыны жайлы, қалай жұғатыны жайлы түсіндіру.

Көрнекіліктері: плакаттар, маркерлер, доп, қағаздар.

Барысы:

1. Танысу (әр оқушы өзінің атын айтады және бос уақытында немен айналысатының айтады).

2. Ойға шабул (оқушыларға сұрақтар қойылады).

1). СПИД дегеніміз не? Ол қайдан пайда болады? Одан жазылудын жолдары қандай?

3. Ойын «Өзіңнің арқанды тап».

4. Жаттығу: Оқушыларға қағаз таратылады. Әр бала сол қағазға өзіне жақын отбасындағы адамдарды рет-ретімен жазу керек. Мысалы: 1-орында анам, 2-орында әкем т.с. Әр оқушы жазғандарын оқып шығып, сол кезде қандай қиындықтар кездескені жайлы айтып шығады.

5. «АҚТҚ/ЖҚТҚ (ВИЧ\СПИД)» жайлы ақпарат (баяндама оқылады).

6. Топпен жұмыс

Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беріледі.

1. ВИЧ\СПИД дегеніміз не?

2. ВИЧ\СПИД дерті ол адамға қалай жағады?

3. ВИЧ\СПИД дертінен қалай сақтануға болады?

Жауаптар оқылып, талдау жасалады.

7. Жаттығу: «Ілтипат» Оқушылар бір-біріне деген жылы сөз, лебіздерін білдіріп, жағымды көңіл-күй сыйлайды.

8. Ойын. «Массаж»

9. Ойын: «Ыстық қартошка» оқушылар бір-бірлеріне доп береді жүргізуші тоқта дегенде кімнің қолында доп қалса соған тапсырмалар беріледі, берілген тапсырмаларды қимыл-қозғалыспен (жестпен) білдіруі қажет.

- қасында отырған адамға гүл сыйла

- құшақта

- қолынан ұста

- хат жаз

- аймала

- өз сезімінді білдір.

9. Қорытындылау: Әр оқушы бір-екі сөзбен бүгінгі тренинг жайлы өз ойларын білдіреді.

10. Тренингті аяқтау. Оқушылар орындарынан тұрып қолдарының үстіне қолдарын қойып «біз біргеміз», «біз командамыз» деп айқайлап тренингті аяқтайды.


19 ЖОББМ психологы Тулешова Г.М.


Сабақтың тақырыбы: «Дау–дамайды болдырмау, денсаулыққа жол салу».

Сабақтың мақсаты: Ересектер мен балалар қарым-қатынасындағы кикілжің жағдайларды дұрыс шешуде психологиялық құзыреттіліті көтеру, үйлесімді қарым-қатынастың қалыптасуына әрекет ету.

Сабақтың міндеттері:

  • «Кикілжің» ұғымына және оның туындау жағдайларына мән беру;

  • Ересектер мен балалардың өзара қарым-қатынаста «қателеспеу» жағдайларын қарастыру;

  • Өзге адамның сезімін түсіндіру және сыйлай білу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: тренинг, сұрақ-жауап түрінде, топтық жұмыс.

  1. Есімдер аллитерациясы.

Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен таныстыру.

Шарты: Әр оқушы есімін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды, яғни ғажайып қасиетін айту керек. Әр оқушының сөзінен кейін қалғандарыңыз үш рет қол соғып қошеметтеп отырыңыз.

  • Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

  • Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл күйде отырсыз?

Психолог сөзі:

Дау-дамай (лат тілінен аударғанда conflictus – «қақтығыс») – қарама-қарсы көзқарастардың, қызығушылықтардың, тілектердің қақтығысы, асқыну қаупі бар келіспеушілік, дау, ұрыс.

Кикілжіңдер біздің өмірімізде жиі кездседі. Біз үйде, мектепте, дүкенде, көшеде, жұмыста бір-бірімізбен келіспей жатамыз. Кикілжің жақын тыныс адамыңмен, кейде мүлем танымайтын адамдармен, мәселен кезекте тұрғанда, қоғамдық көлікте.Барлығымызға белгілі кез-келген кикілжің көңіл-күйімізді түсіріп, ыңғайсыз жағдайда қалдырады.

Кикілжің әрқашан күшті, жағымсыз эмоциялардан тұрады, адамның жүйке-жүйесіне қатты әсер етеді. Қалай болғанда да кикілжіңнің алдын алып тиімді және көңілімізге қайғы түсірмей мәселені шеше білуіміз қажет. Бүгін өз-өзімізді ұстай мұғалімдермен, ересектермен келіспей қалып жүретін болсақ, кейін өскенде жұмыста да сондай жағдайға тап болатынызды ұмытпайық.

Тіпті мұндай қылықтарымызбен достарымызбен келіспей қалып ренжітіп аламыз. Кейде тіпті қатты өршіп араларыңыздағы қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.Олай болса, егер адам кикілжің жағдайларын алдын-алып олардан шығу жолдарын білсе мектепте де, үйде де, көшеде де, өзін жақсы ұстай алады.

Талқылау сұрақтары.

  • Кикілжің дегеніміз не? Ол қалай туындайды?

  • Қалай ойлайсыздар кикілжің біздің қоғамға керекпе? Неліктен?

2. «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлық» жаттығу

Мақсаты: Сенімді мінез-құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлықты бір-бірінен ажырата білу.

Жүру барысы: Топтағы әр қатысушыға әр түрлі жағдаят жазылған парақ үлестіріледі, әрбір қатысушы сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінде ойнап беру керек.

Тапсырма:

  1. Сіздің досыңыз немесе танысыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті.

  2. Кинотетрда сіздің артыңызда отырған адамдар, қатты даусымен сізге кедергі жасады. Сіздің әрекетіңіз?

  3. Оқытушы сіздің шашыңыздың сәнділігі оқушының сыртқы түріне сай келмейді деп айтса.

  4. Досыңыз сізден бір қымбат тұратын затыңызды сұрайды, ал сіз оны онша таза, жауапты адам деп есемтемейсіз.

  5. Сіздің жолдасыңыз ескерту жасамай, сізді танымайтын кісімен кездесуге шақырды.

Агрессиялық әрекет:

Сенімсіз әрекет:

Сенімді әрекет:

(Оқушылар сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінде ойнап береді).

ІІІ. Негізгі бөлім.

Кикілжің – бұл екі адамның ойлары, мақсаттары, пікірлері, позицияларының, көзқарастарының қарама-қарсы бағытта болып келіспеушілікке келді. Кикілжің мынадай жағдайда туындайды.

  • Бір немесе бірнеше адамдар арасында

  • Қарама-қарсы көзқарастардың, пікірлердің туындауынан

  • Адамдардың бір-бірін дұрыс түсіне алмаудан

  • Адамдардың бір-бірін сыйламаудан

3. «Әке мен бала» (аңыз әңгіме)

Ертеде бір кісі баласы тұрмай жүріп көрген баласын әбден есіртіп еркелетеді. Бала өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, әдепсіз атанады. Жұрт безердей болғандықтан оның қасына жақындамауға тырысады. Әкесі әбден ойланып мынадай жағдай жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсен сонша шеге қақ дейді. Бірінші күні бала тақтайға отыз жеті шеге қағады. «Балам, өзіңді тежеп ұстап шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап азайта отырып ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «енді балам ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені күндердің бір күнінде тауысыпты. Әкесі қуанып: «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің. Жақсы адам болатын жолға түстің. Бірақ балам мына тақтайға қарашы бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрқ тесік. Сен қанша кешірім сұрасада, олар кешірім берседе кезінде айтылған сөздерді қалай өшірерсің? Бәрібір ол жүректің түкпірінде қалдығой. Әрине бұл күндердің әркіммен бір ұрсысып жүргеннен жақсы. Бірақ, бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол»,-дейді.

Талдау сұрақтары:

  • Көп еркелеткен бала қандай болады?

  • Әкесі неге қарапайым талап қойды?

  • Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөзді немен өшіруге болады?

  • Өмірлік сабақ деген не?

hello_html_1ab40e42.png





4. «Егерде ..., мен онда ...» жаттығу

Мақсаты: Даулы жағдайда тез жауап беру әдетін өңдеу.

Жаттығуды дөңгеленіп отырып жүргізеді: бір қатысушы кейбір даулы жағдайлы шартты қояды. Мысалға: «Егер мені дүкенде алдап қойса ..» келесі, жанында отырған адам, соны ары қарай (жалғастырып) барып бітіреді.

5. Миға шабуыл.

«Ересектер мен балалар арасындағы кикілжіңнің қалай алдын алуға болады?» Қатысушылар тез әрі шапшаң ересектермен балалар арасындағы кикілжіңнің алдын алу нұсқаларын айтады.

6. Ситуациядан шығу.

Өмірде кездесетінәр түрлі жанжал түрлерін ситуация түрінде рөлдерге бөліп талдау.

Талданатын ситуациялар:

Мектеп ауласындағы төбелес;

Ересек оқушылардың кішілерден ақша сұрауы;

Оқушыға ұялы телефон керекпе?

Рөлдер 4 топқа бөлінеді: Ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар, полиция қызметкерлері.

7. Релаксациялық жаттығу «Теңізге саяхат».

Психолог: Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.

Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып сіз тұрсыз. Өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтылығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқынлдарының тамшыларын сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп-жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.

Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Асықпай бұл орынмен қоштасыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз.

Талдау: Өзіңізді қалай сезіндіңіз? Өзіңізді жағалауда елестете алдыңызба?


8. «Өрмекші» тренингі

Барлық қатысушылар ортаға шығады. Кез-келген бір қатысушыға қолына бір буда жіп беріледі. Ол қатысушы жіптің ұшын ұстап, қасындағы көршісіне тілек айтып жіпті ұсынады, солай тілек айту арқылы бір-біріне жіп жалғаса береді. Нәтижесінде қатысушылар өрмекші бейнесін құрап шығарады.

Қорытынды.

Әрбір қатысушы өзінің алған әсерлері туралы ойларын ортаға салады. Психолог қатысушыларға рахметін айтып төменде көрсетілген ержелерді ұстануды ұсынады.

Кикілжіңнің алдын–алу ережелері:

  • Егер серігің соншалық ашу ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектес.

  • Егер адам қатты ашуға берілсе, ойы теріс пікірлер мен сезімдерге толатынын естен шығарма.

  • Серігіңе қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңді айт.

  • Серігіңнің ар-намысына тиме, ауыр сөздер айтпа.

  • Әрқашан да өзіңді сабырлы, сенімді ұста.

  • Кінәлі болсаң кешірім сұрауға ұялма.

  • Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс.

  • Өзіңді сезімге, ашуға билетпе.

  • Өзіңді тым жоғары ұстама.



42 «Ақ ниет» гимназиясы

Наурызова Н.Ж.


Сабақтың тақырыбы: Дау-дамай (Конфликт)

Мақсаты:

  1. Оқушыларға дау-дамай шығу көзін, дау-дамайдың түрлерін талдай отырып, дау-дамайға қарсы тұру жолдарын үйрету.

  2. Еркін сөйлеуге бағыттау.

  3. Өмірге деген көзқарастарын кеңейту.

Өткізілу әдісі: Тренинг түрінде

Қажетті құралдар: Плакаттар, маркерлер

Өткізілу барысы:

І. Қызығушылықты ояту: Ассоциация

Мұғалім:

Дау-дамай (Конфликт) өмірде көп кездесетін қарым-қатынастың бір түрі. Оның шығу себебі де әртүрлі. Дау-дамай бірнеше түрі бар.

Міне, бүгінгі сабағымызда дау-дамайды қалай түсінеміз екен, ол қандай жағдайда болады екен немесе оның пайдалы және зиянды жақтарын қарастыра отырып, осы дау-дамайға қалай қарсы тұруға болатындығын анықтауға жол ашамыз. Ол үшін ең алдымен «дау-дамай» сөзіне ассоциация құрайық.

(оқушылардың айтқан сөздерін плакатқа жазып тұрамын)hello_html_10aa4838.png

ІІ. Мағынаны тану

Осы сөздерді топтастырдық. Құрылған топ бойынша әрбір топқа тапсырма берілді.

  1. Достар арасындағы дау-дамай

  2. Мұғалім мен оқушы арасындағы дау-дамай

Топпен жұмысқа 5 минут уақыт берілді. Уақыты аяқталған соң әрбір топтан шығып өз жұмыстарын қорғап, талдайды.

Достар арасындағы дау-дамай (конфликт) біздің ойымызша барлық адамның арасында кездесуі мүмкін. Соның ішінде оқушыларды алатын болсақ, әсіресе біздің жасымызда дау-дамай көп кездеседі. Кейбір кездері болмашы сөзді көңілімізге алып ренжіскеннен кейін бірнеше уақытқа дейін сөйлеспей жүргендері де бар. Біздің ойымызша дау-дамайды болдырмауымыз керек. Яғни, әрбір сөзді тез қабылдамай терең ойлануы керек. Сонымен қатар, дау-дамай болған жағдайда өздігінен шешім қабылдамай, психолог немесе өзіне жақын деген адаммен ой бөлісе отырып, одан шығу жолдарын анықтау қажет деп ойлаймыз. Ал, дау-дамайдан кейін сөйлеспей қалатын оқушылардың шешімін біз дұрыс емес дейміз. Себебі, қай нәрсенің де өзінің шешімі бар ғой. Сондықтан да ренжіскеннен кейін ыңғайын тауып достасуы керек деп ойлаймыз.

Мұғалiм мен оқушы арасындағы дау-дамай. Бiздiң ойымызша мұндай жағдай көбiне-көп жоғарғы класс оқушылары арасынан кездестiруге болады. Оның да бiрнеше жағдайы бар. Бiреулер баға үшiн ренжiсе, бiреулер тапсырылған жұмыстың тиянақты орындалмауы үшiн немесе өтiлетiн шараға қатыспау сияқты бiрнеше түрлерi болуы мүмкiн. Кейбiр жағдайда мұғалiмнiң ескертуiне ренжiген оқушы «басқасына ештеңе демейсiз, тек менi ғана көре қалады екенсiз»- деген сөздер де кездеседi. Мұндай жағдайда оқушы өзiн басқамен салыстыру емес, ескертуге байланысты қатесiн түзетуге тырысуы керек. Сол сияқты кейбiр жағдайда бiр сарынды өткен сабақты қаламай өзге түрiн ұсынған немесе қосымша тапсырма сұрағаны үшiн мұғалiммен ренжiсiп қалатын жағдайлар да кездеседi. Мұндай жағдайда бiз мұғалiмдiкi дұрыс емес деп ойлаймыз. Себебi, сабақтың қызықты да, мағыналы өткенi кiмге зиян. Кейбiр мұғалiмдер кластың көзiнше бiр оқушыға ескерту берiп екеуi ренжiсiп қалады. Мұндай жағдайда да бiз мұғалiмдiкi дұрыс емес деп ойлаймыз. Себебi оқушы барлығының көзiнше қысылып қалады және ол үндемей қалғанның өзiнде де ренжiп тұрғандықтан өзiнiң қатесiн түсiнгiсi келмейдi.


ІІІ. Толғаныс.

Мұғалiм:

  • Мiне, оқушылар! Бүгiнгi сабақта сiздер «Дау-дамай» сөзiнiң мағынасын ашып, оны болдырмау жолдарын себептерiн де айтып отырсыздар. Ойларыңыз өте орынды. Ендi осы дау-дамайдың пайдалы және зиянды жақтарын бөлiп жазайықшы.

Пайдалы Зиянды


1. Егер сенiң досың 1.Көңiл-күйi бұзылады.

нашақорлармен 2.Қарым-қатынас бұзылады.

араласса қажет 3.Ортақ тiл табыса алмау.

2. Мәселенi анықтап 4.Төбелеске апарады.

Көз жеткiзгенде қажет 5.Соғыс болуы мүмкiн.

6.Халық зардап шегедi.

7.Ауруғашалдығады.

8.Бiр кiсi үшiн өзге қиналады.

Оқушылар дау-дамайдың зиянды жақтарымен қатар пайдалы жақтары да бар екенiне көз жеткiздi. Сонымен қатар оның зиянды жақтарына қарсы тұрып, болдырмау жолдарын атап өттi. Яғни, дау-дамайды болдырмас үшiн ортақ тiл табысуға тырысу керек.

Сабағымыздың соңғы бөлiмiнде әр оқушы өзiмен дау-дамайға келіп қалған оқушыға хат жазсын деген тапсырма бере отырып, көптеген оқушылар бiр-бiрiнен кешiрiм сұрады.

Мұғалiм:

Мiне, оқушылар! Дау-дамай мәселесi өзiнiң шешiмiн тапқандай болды. Дау-дамай екi немесе бiрнеше адамның ойының бiр жерден шықпауы салдарынан болады екен. Оны болдырмас үшiн өзiңiз айтқандай ортақ тiл табысып, сабырмен шешуге тырысу керек екен. Бүгiнгi сабақты мынадай өлең жолдарымен қорытсам деймiн.

Көңiлсiз күй, ренжiсулер ешқашанда болмасын,

Сәл нәрсеге кiрбiң қағып, көңiлiмiз солмасын.

Татулық пен достық туын биiк ұстап өмiрде

Елiмiзге қалықтап кеп бақыт құсы торласын!




36 ОЖББМ психологы Джармуханбетова Г.З.


Сабақтың тақырыбы: “Мықты адам – ерік жігері күшті адам”

«Түрлі-түсті алақан» тренингі

Мақсаты:Аудиторияда жағымды атмосфера орнату, топпен қарым-қатынас, байланыс орнатуға дағдыландыру.

Жүру барысы:Барлық қатысушылар ортаға шығады. Жүргізуші қолында үш түсті (қызыл, көк, сары) алақан болуы керек. Жүргізуші кез–келген бір түсті алақанды көтергенде қатысушылар төмендегідей амандасулары қажет:

Қызыл түсті алақан – қолдарымен амандасу.

Көк түсті алақан – арқаларынан сипау.

Сары түсті алақан – арқаларын түйістіру арқылы амандасу.

Рәміз”тренингі

Жүру барысы:Қазір сіздерге қарындаш және ақ парақ ұсынылады. Парақ 4 бөлікке бөлінген және ол келесі ақпараттардан тұрады: Тапсырма орындау уақыты: 7 минут
 

  1. Аты.

  2. Өзімді қалай елестетем немесе немен ассоциация жасаймын

2. Нені және кімді мақтан, үлгі тұтамын

3.Мен нені бағалаймын

4. Өзіңіздің жетістігіңіз

«Австралиялық жаңбыр» тренингі

Мақсаты:Жеке тұлғалардың жағымсыз әсерлерін бәсеңдетуге, тыныштандыруға, эмоциялық көңіл-күйлерін бәсеңдетуге бағытталады.
 
Жүру барысы: Ортаға шеңбер бойымен, біріміздің артымызға біріміз тұрайық. Австралиялық жаңбырдың қандай екенін білесіндерме? Ендеше, байқап көрейік қандай екенін? Шеңбер бойына менің нұсқауым бойынша қимыл қозғалыстарды жалғастырып тұрамыз.

Австралияда кенеттен күн бұлттанып, жел көтерілді. (қолдарымызды үйкеу)

Желдің артынан жаңбыр алғашқы тамшылары сезіле бастады. (саусақпен тарсылдату)

Жаңбыр күшейіп қатты жауа бастады. (кезекпен арқасынан соғу)

Нөсер одан бетер күшейіп жатыр (сандарынан қатар соғу)

Жаңбырмен бұршақ араласып жауып жатыр. (аяқтарымен тарсылдату)

Бұршақ басылып келе жатыр (сандарынан соғу)

Жаңбыр саябырланып, басылып келе жатыр (алақанымен басымен тез-тез соғу)

Жаңбыр тамшылары сирек жауа бастады.
(саусақпен тарсылдату)

Желдің сыбдыры ғана естіледі. (алақандарымен жоғары төмен түсіру)

Көп ұзамай күн шықты (қолды жоғары көтеру).

«Көбелек» релаксациясы

Мақсаты: Денедегі жағымсыз, қажет емес, кедергілерден құтылу, сенімділікті орнату.

Мазмұны: Алдымен, өзіңізге еш нәрсе кедергі келтірмейтіндей етіп, ыңғайлы отырыңыз. Көздеріңізді жұмыңыз. Сіз өзіңізді көбелек ретінде сезініңіз. Сіз аспанда қалыптап ұшып жүрсіз, өзіңізді жеп-жеңіл сезініңіз. Ұшып жүріп, жақын маңдағы бір әдемі баққа кіріңіз. Онда неше түрлі өсімдіктер өсіп тұр. Соның ішіндегі өзіңізге ұнайтын бір гүлге барып қоныңыз, оның иісін иіскеп, барлық бойыңызға таратыңыз. Иіскеп болсаңыз, бақтан шығып, кері мына аудиторияға ораламыз. Көзімізді ашамыз.  

«Қошемет» тренингі

Мақсаты:Жеке тұлғаға жақсы эмоция, қуанышты көңіл-күй туғызу. Топты белсендендіру.
 Жүру барысы:Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Жүргізуші тарапынан айтылған нұсқау сәйкес келсе, сол қатысушы ортаға шығады. Ал қалғандары шапалақтайды, яғни қошемет көрсетеді.

Қандайда бір аспапта ойнай алатындар

Ағасы барлар

Математика пәнін жақсы көретіндер

Мысықты жақсы көретіндер

Бүгін бестік баға алғандар

Ән салатындар

Коньки тебе алатындар

Тұздалған қиярды жақсы көретіндер

Дене шынықтыру сабағын жақсы көретіндер

Бүгін кофе ішкендер

«Ақ қар» тренингі

Мақсаты: Тілек айту арқылы оқушылардың бойында жылылық, достық қарым–қатынас қалыптастыру және жағымды көңіл–күй сыйлау.

Жүру барысы: Берілген қолымыздағы парақшаға тілек жазамыз, тілек оқушыларға арналуы қажет. Жазып болған соң парақты қар пішінде умаждаймыз. Сосын бір–бірімізге лақтырамыз. Бірнеше рет қайталап қолымызға түскен қағазды барлығымыз ашып, қағаздағы тілекті дауыстап оқимыз.

Рефлексия

1. Бүгінгі сабақтан алған әсерім? 2.Бүгінгі сабақта маған ұнағаны...



10 ОЖББМ психологы Батырова Г.Қ.

Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді-өзің танысаң –істің басы»

Мақсаты:Оқушының өзін-өзі танып білуге, өзін-өзі ашуға, басқаруға негіздеу, белсенділікке тәрбиелеу.Орта жағдайында жағымды эмоция қалыптастыру.

Жоспары:1.Сәлемдесу.

2.Демалу немесе жылыну тренингі.

3.Айна тренингі.

4.Ситуациялық сұрақтар.

5.Орманға саяхат ауто тренинг.

6. Қорытынды.

Керекті құралдар: магнитафон, арнайы әуен,А4 қағаз беттері,тренингтік ереже, қалам.

Жүргізушілерге ұсыныс:

1.Топтың жұмыс істеуін бақылап, орындауын қатаң қадағалау.

2.Жаттығуды түсіндіру,сабақ ережесімен таныстыру.

3.Топтың эмоционалдық күйін бақылау,керек жағдайда психологиялық көмек көрсету.

4.Қорытынды жасау.

Жүргізуші:мектеп психологі Батырова Г

Топтағы қатысушыларға төмендегі тренингтік ережені оқып,түсіндіру:

1.Топтың толық қатысуы;

2.Қатысушылардың жақсы,тату қарым-қатынастары;

3.Қарым-қатынастардың ашық,әділ болуы;

4.Белсенді қатысу.

5.Осы жерде айтылғандар, топтың сыртына шығарылмайды.


1-жаттығу. Жүргізу барысы:Құрметті тренингке қатысушылар!

«Өзіңді-өзің танысаң –істің басы» - дегендей өзімізді белсенді қатыстыра, мынадай жаттығулар жүргіземіз.Қазір біздер дөңгелек шеңбер құрып отырамыз.Енді нұсқау бойынша жұмыс істейміз.

2-жаттығу.

Барлығымыз көздерімізді жұмып, денемізді бос ұстаймыз.Ойша бір шеңбер сызып аламыз. Сол шеңбердің сыртына бүкіл қиыншылықтарыңызды,проблемаларыңызды тастап кетеміз.Денені ауырлатуға емес, аяқ-қол мен бүкіл дененің біртіндеп жылуына бағыт береміз.Көз алдыңызға ортада от жанып тұр деп елестетіңіз.От лаулап жанып тұр, жанған ағаштардың дауысы шырт-шырт етіп, құлаққа жағымды естіледі. Жанған ағаштардың, түтінің иісі киімге сіңіп қалды.Отқа ең бірінші қолымды жылыттым. Жылы алақандарыммен бетімді сипап жылыттым.Осылайша адам өміріне және көңіл-күйінің жақсы болып жүруіне жылылық сезімнің пайдасы зор екенін байқадық. Жаймен көзімізді ашамыз, жылы жүзбен күлімсіреп бі -бірімізге қараймыз.

Ендеше өздеріңіздің осы жаттығуда қандай сезімде болғандарыңыз жөнінде ой-пікірмен бөлісейік.

3-жаттығу.

Біздің келесі тренингіміздің аты «Айна» деп аталады. Бұл ойынның мақсаты басқалардың сезімін түсінуге және сезіне білуге тәрбиелеу. Барлығымыз екіге бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрамыз да бір-бірінің қөзіне қарайды. Біреуі бір қимыл жасай бастаса екінші ойыншы сол мимиканы қайталайды.Психолог жест және мимика арқылы әртүрлі эмоцианалды жағдайларды ұсынамын. Мысалы мұң, қуаныш, ауру, жек көру т.с.с. Міне жалпы адам бір күндік өмірде түрлі образға ене алады және бетімізді әр түрлі мимикаға келтіре аламыз.

4-ситуациалық сұрақтар.

Ситуациалық сұрақтар.

  1. Сіз аса қызығушылықпен сабақ айтып тұрсыз.Бір кезде қатты дөрекілікпен күлген дауыс естілді. Артта отырған сыныптасыңыз: сенің дауыс мәнерің маған ұнамайды деді.

Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз?

2. Сенің досыңмен ұнататын адамыңның хат берісіп тұрғанын байқадың. Хат мазмұнымен таныспай жатып екеуіне ауыр сөздерді айтып,ренжіттің.Кейін білгеніңде олар сенің туған күніңе дайындалып жатыр екен. Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз?

3. Сіз бүгінгі сабаққа әзір емессіз.Сол сәтте мектеп директоры сабаққа қатысты.Сізден сабақ сұралды.Сіздің әрекетіңіз?

4. Біреуге немесе жалпы ренжіген кезде не істейсің, өзіңді қалай сабырға келтіресің?

5-жаттығу.

Олай болса келесі тренингіміздің аты «Орманға саяхат».

Орманға саяхат жасағанда:теректерге,аңдарға, жолдарға, бөлмелерге яғни бала бөлмесі, қонақ бөлмесі, ас бөлмесі,қаранғы бөлмеге,төмпешікке назар аударыңыз. Олай болса тренингімізді бастайық. Көзімізді жұмамыз. Өзіңізді үйде отырмын деп елестетіңіз. Менің қазір орманға барып дем алғым келіп тұр.Бүгін ауа райы тамаша.Мен керекті заттарымды алдым.Сыртқа шығып такси тоқтатып, өзім қалаған жерге түсіп қалдым.Мен орманда келе жатырмын деп елестетіңіз.Алдымнан қиғаш жол мен түзу жол кездесті.Екі жолдың біреуін таңдап сол жолмен жүріп келе жатырмын. Алдымнан теректер кездесті.Ол теректердің биік аласа екеніне назар аударыңыз.Сөйтіп келе жатқанда алдымнан бір топ аңдар шауып өтіп кетті.Теректерден ақ тиындар секіріп жүр.Құлағыма қиқулаған құстардың дауысы естілді.Ана бір жерде шағын үй көрінді.Ол үйдің сыртында кішкене төмпешік бар екен.Ол төмпешікті айналып өтсем бекен, аттап өтсем бекен деп ойланып тұрмын.Ол төмпешіктен де өттім.Есікті ашып үйге кірдім. Үйдің ішінде ешкім жоқ.Орманда тұрған жалғыз үй екен. Үйдің ішінде:қонақ бөлмесі, балалар бөлмесі,ас бөлмесі бар. Сол бөлмелерді аралап келе жатып бір қаранғы бөлмені көрдім. Ол бөлменің есігін итерсем ашылмайды.Есікті итердім,соқтым, жайлап үйден шықтым. Кеш мезгілі жақындап,ауа райы біртіндеп салқындай бастады.Мен үйіме қайттым.Жайлап көздерімізді ашамыз.Осы тренингте қандай сезімде болдыңдар?Кім өз көргенін айтады.

Жауабы:

Орман-адамның өмір сүретін әлеуметтік ортасы. Теректер-достары.Аң-сенің мінезің сол аңға ұқсайды,тік жол-мақсатына жететін адам, қиғаш жол-орта жолдан тоқталатын адам, қонақ бөлме-қонақ жайлы адам,ас бөлме- отбасына қамқор болтын ана,қаранғы бөлмеөлімнен қорқатын адам,төмпешік-егер аттап кетсе проблемаларды өзі шешіп,құтылып кетеді. Егер айналып өтсе-айналасындағы адамдардың көмегіне жүгінеді.

Психологиялық портрет жасалады.(іс-әрекет бойынша)

  1. Жоспарлап жүйелеп жасайды.

  2. Жиі ісімен сөзі сай келмейді.

  3. Асығыс жасайтын адам.

  4. Өзіне білмей ұтылып жүреді.

  5. Өз шығармасын көрсете алмайды.

Қорытынды. Талдау.




14 ОЖББМ психологы Хабиева А.Ж

Сабақтыңтақырыбы: Өз ісіңе жауап бере біл.

Мақсаты: Өздерінің жасаған іс-әрекетіне ойлана тұжырым жасай білдіру.

Өз-өздерін танытуды дамыту.

Өтілубарысы

Қайырлы күн, оқушылар! Бүгінгі шарамызды бастамас бұрын «Жылы қабақ,мейірімді жүз» суретіне қарап көңіл-күйімізді анықтап алайық.

«Мейірім» тренингі

Жақсы сөз жаныңды жадыратады.Қуаныш сезімі бөлейді. Ендеше өзгелерге де жақсылық сыйлап көрейік.Көңіліңіз қалаған адамды таңдаңыз.Ол кісі туралы қысқа нұсқа әңімеліңіз.Әсіресе қандай қасиеттерді бағалайтыныңызды айтыңыз. Қорытынды: Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

Талқылауға арналған сұрақтар: Өз ісіңе жауап бер дегенді қалай түсінесіз?

Өз ісіңе жауап беру үшін қандай қасиеттер қажет?

«Мен кіммін?» тренингі

Нұсқау: сіз елсіз аралда тұрасыз. Қиын жағдайға тап болдыңыз.Бұл жағдайдан шығуға 1-2 мин. бар.Сізге қандай да бір объект,өсімдік немесе жануар түріне еніп, қауіптен құтылуыңыз керек.Қиын жағдайдан шығып және одан аман қалу үшін қандайда бір объектіні, өсімдікті,жануарды таңдайтыныңызды ойланып салыңыз.

Талқылау сұрақтары: 1.Сізде қандай қиын жағдай болды?2.Қандай объекті,өсімдік,жануар кейпіне ендіңіз?3.Не үшін таңдадыңыз?

Мағынаны тану.

Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді.Өсе келе тілі удай ащы,есерсоқ, Бейәдеп жігіт атанады.Жұрт безердей болғандықтан,оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.

Әкесі әбден ойланып,мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып,бір жалпақ тақтай береді.Күніне қанша адамды ренжітесің,мында сонша шеге қақ дейді.Бірінші бала тақтайға 37шеге қағады. «Балам,өзіңді тежеп ұстап,шегеңді азайтуға тырыс»депті.Баласы әкесінің сөзін тыңдап,азайта отырып,бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Енді балам,ешкіммен ұрыспайтын болдың.Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр».Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып,тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты.Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді-өзің тәрбиеледің,жақсы адам болып жолға түстің.Бірақ балам,мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес.Беті шұрық тесік.Сен қанша кешірім сұрасаң да, олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің?Бәрібір ол жүректің түбіңде қалады ғой.Әрине,бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы.Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын,тіліңе ие бол»,-дейді.

Бұл әңгімеден сендер қандай ғибрат алдыңдар, оны сұрақтар арқылы талдап көрейік.

-Әкесі неге қарапайым талап қойды?

-Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?

-Көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады.

- Сен біреуді ренжіттің бе?

Ой түбінің маржаны

  1. Адамның бәрінен де тамаша көрінетін сәті-оның кешірім сұраған немесе біреуді кешірген сәті.

Жан Поль.

2.Ақымақ болып туу ұят емес,ақымақ күйіңде өлу ұят.

Э.Ремарк.

3.Мақтан қума,бірақ мақтауға лайықты әрекет істеуге барыңды сал.

Я.Каменский.

Өзіндік таным

Мен деген сөзді әрі қарай жалғастыру.Өздеріңізе тән қасиеттеріңізді басқалардың айтуымен емес өз ойыңызша бағалаңыз.

«Кел, ойнайық» -сергіту сәті

А)Өтірік айту жаман қасиет дегендерің,қол соғайық.

Б) Жақсы адам болғыларың келсе,орнымыздан тұрайық.

В)Жалқаулық жаман қасиет дегендеріміз орнымызға отырайық.

Г)Жауапкершілік жақсы қасиет дегендерің,қолымызды жоғары көтерейік.

Бекіту

  • Балалар,сендер әр отбасының үміт артқан,үкілеп тәрбиелеп отырған ұл қызысыңдар. «Атымды адам қойған соң,қайтіп надан болайын» деп Абай атамызайтқандай әр адам алдағы өмірінде адам деген атына лайық өмір сүруі тиіс деп сабағымызды қортындылайық.



22 ОЖББМ психологы Нарынбаева И.К.


Сабақтың тақырыбы: «Өзін-өзі тану» тренингі.

Мақсаты:Тұлғалық қасиетті білу

  1. «Менің есімім» атты жаттығу.

Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т.б.

  1. «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

Қажетті заттар: түрлі-түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.

1. а) Интерпретация

Қызыл - қуанышты көңіл-күй

Алқызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш қуаттың төмендеуі

Ақ –анықталмаған көңіл-күй.

2. а) Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпретацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.

  1. « Әнмен бой сергіту».

Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді). Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат бригаданың әуенін салып тұрса, Хадиша өз әуенін естіп Азаматпен бір топты құрайды.

  1. «Мимикалық ситуация».

Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық» тақырыптар берілгенӘр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.

  1. «Автопортрет».

Ф. Бернстің «Автопортрет» әдістемесі арқылы тұлғаның қасиетін анықтау.

Қатысушыларға дәптер, қалам беріледі. Олар өздерінің автопортреттерін салады. Нәтижесін психологтар талдайды.

Қажетті заттар: дәптер, түрлі-түсті қаламдар, медитациялық музыка.

  1. «Ақ тілек»

Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.

Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.

Тренинг соңында әр қатысушы өз ойын білдіреді.


Сабақтың тақырыбы: Өзіңді-өзің таны.


Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.

Көрнекілігі: Тәлім-тәрбиеге байланысты ұлы ғұламалар сөздері жазылған плакаттар, А4 қағаз беттері, тренингтік ереже,қалам, Геометриялық пішіндер.

Жоспары:

1.Сәлемдесу «Іскерлік ойын».

2.И.Панариннің «Психогеометриялық типология» тестісі.

3.Тренинг: «Өзін-өзі бағалау».


Психолог сөзі:

  • Құрметті оқушылар,өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын дамыту үшін, әр адам өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып,бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс. Сол үшін де қоғамның әрбір азаматы өзін-өзі көпшілік алдында жақсы, ұнамды жағынан көрсете білуге ұмтылуы керек. Бүгінгі трнинг сабағымызда біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтаймыз.

Данышпан философ Фалес айтқандай,

Дүниедегі ең үлкен нәрсе-Кеңістік.

Бәрінен жүйрік-Ой.

Бәрінен дана-Уақыт.

Бәрінен жеңілі- Басқаға ақыл айту.

Бәрінен қиыны - Өзіңді-өзің тану.

Психолог сөзі: Бүгінгі «өзіңді-өзің таны» атты тренинг сабағымыздың бірінші бөлімінде оқушыларды өз бетімен комплемент айтуға, «жақсы сөз-жарым ырыс», «өзіңді ғана емес өзгеніде таны»-дегендей жақсы, жағымды сөз айтуға ой түіндеуге, өз ойын еркін айтуға, көзқарасын қорғауға жетелейтін «іскерлік ойын» атты психологиялық ойын да комплементті қалай айтуға болады екен соған тоқталайық.


Көрнекілігі:

  1. «Жақсы сөз-жарым ырыс».

  2. «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны»

(халық мақалы)

Жүру барысы:

«Іскерлік ойын»

Комплимент

  • Мақтау,біреу жайлы сын пікір.

Мейірімді-сыпайлы, елгезек, ибалы.

Ибалы-құрметті, кішіпейіл.

Сүйкімді-қымбат,ұнайды.

Мақтау-біреу жайлы жақсы пікір,қолдау.

Комплиментті қалай жасау керек?


Адамдар киіп жүрген киімнен саған ұнайтыны жайлы айт.

Мысалы: «Маған сіздің костюміңіз ұнайды», «Сіздің портфеліңіз керемет!».

Адамның сырт кейіпінен саған не ұнайтынын айт.

Мысалы: «Сіздің шаш үлгіңіз керемет!», «Сіздің қасыңыз әдемі, мәнерлі!»

Адамдардың мінез-құлқында не ұнайтыны туралы айт: мысалы, сіз өте жайлысыз, мейірімдісіз, батылсыз, ашықсыз және т.б.

Комплиентті қалай қабылдау керек?

Әрине, дұрыс қабылдап, қуана білу керек. Комплиментті ешқашан теріс бағаламау керек. Комплимент-сенімің мен күшіңнің көзі.

Қуанып және рахмет айтып қабылда.

Комплиментті қуанып қабылдағаныңды көрсете біл.

Жай ғана комплимент айтқаны үшін «Рахмет» айт.

Әңгімелесіп тұрған адамыңыздың байқаған нәрсесіне өзіңізді жақсы көзқарасыңызды білдіріңіз: «Рахмет, менің өзіме де костюм ұнайды: өте ыңғайлы». Комплиментті осындай бағытта бір-бірімізге айтуға болады(оқушылар түгелдей парталарды айнала түргеліп тұрады).

Кәне,оқушылар бір-бірімізге комплиемент айтудан бастаймыз.

1-Оқушы: Күнкөркем, сен бүгін ерекше көріктісің.

2-Оқушы: Айдана, көркіңе ақылың сай және қатысушылар санынан байланысты жаттығу жалғаса береді.

Психолог сөзі:

  • Рахмет, оқушылар! Дәл бүгінгі күні біз бәріміз бір-бірімізді біліп, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге ұмтылып, жақсы қасиеттерімізбен көрінуге тырыстық. Құрбылас қыздардың өзіне тән қасиеттерді ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар соны түсініп алдық. Жақсылық пен жамандықты айыра біліп, өздеріңіздің бар қасиеттеріңізді жетілдіріп, өзіңіздегі кемшіліктерін түзете біледі деген ойдамын. Әрбір жүректен шыққан сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырады.

Қазір, сендер әрбір столда тұрған геометриялық пішіндерге назар аударып, әркім өзіне ұнаған пішінге барып отырады.Өздері ұнатқан пішіндерді не үшін таңдағаны туралы әр жеке таңдалған пішінге оқушылар ақылдаса отырып, өз ойларын айтып шығады (Оқушылардың болжамдарынан кейін психолог осы тесттің мақсатын түсіндіреді)

«Психогеометриялық типология» И.Панарин тестісі.


Геометриялық пішіндер.


hello_html_m40d642e.png

Қане, біз 5 топқа топталайық.


Тік төрт таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.

Үшбұрыш таңдаған өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

Төрт бұрыш таңдағандар жаңа идаяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.

Дөңгелек осы 5 фигураның ішіндегі өте мейрімді, басқаның қайғысын жәнеқуанышын да бөлісуге даяр тұратын жандар.

Зигзаг таңдағандар, шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.

Психолог сөзі:

  • Міне оқушылар, әркім өзін тест бойынша да тануға болатына көзіміз жетті.

Келесі тренинг «Өзін-өзі бағалау» бағытында өтеді. Оқушылар өздеріне 1- ші сатымен 9-шы сатының аралығындағы сатылардың қайсына орналасқыларың келеді.

1-3 сатысын таңдаған өзін төмен бағалауы.

4-6 сатысын таңдаған өзін ортада бағалауы.

7-9 сатысын таңдаған өзін жоғары бағалауы.

Қорытынды:

Міне бүгінгі «Өзіңді-өзің таны» атты тренинг сабағымызда азда болса тұлғаны да білуге, өздеріңді де, өзгені де жақсы қасиеттерін бағалауға, танып білуге жол ашты - деп ойлаймын.


5 ОЖББМ психологы Муктарова А.С.


Сабақтың тақырыбы: Үйлесімді дамыған тұлғаның – болашағы жарқын!

Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

- оқушылардың өзін-өзі түсіну, өзін-өзі тану мүмкіндіктерін дамыту;

- өзін-өзі тәрбиелеудің мәнін түсіндіру;

- өзін-өзі тәрбиелеудің өзіндік тәсілдерін үйрету.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Тренинг: «Дәстүрлі емес амандасу»

Мақсаты: дәстүрлі емес түрде сәлемдесу арқылы топта жағымды ахуал тудыру.

Нұсқау: Біз күнделікті қалыптасқан талаптарға тәуелдіміз. Олар әрине өмірде көмектеседі, алайда олар кейде қызықты бола бермейді. Кәне, олай болса бүгін сол қалыптасқан ережені сәл бұзып, қызықты, дәстүрлі емес амандасу тәсілін пайдаланып көрейік. Мысалы:

- алақанымыздың сыртымен;

- аяқтың ішкі жағымен;

- тіземен;

- иықпен;

- басымызбен.

Жаттығу. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мен сіздердің көңіл-күйлеріңізді білу мақсатында келесі жаттығуды ұсынамын.

«Кім бүгін.....» жаттығуы бойынша сіздер шеңберге тұрып, менің нұсқауым бойынша әрекет етуге тырысыңыздар.

Нұсқау:

  • Кім бүгін сабаққа кешікпей келді, сол оқушылар ортаға бір қадам басып шығып, орындарымен алмасып тұрсын.

  • Кім бүгін таңертең ұйқысы қанып, сергек оянды ....

  • Кімнің бүгін көңіл-күйі көтеріңкі .......

  • Кімнің бүгін ұйқысы қанбай қалды......

  • Кім бүгінгі сабаққа жақсы дайындықпен келді.........

Жақсы, олай болса орнымызға отырып, бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІ. Негізгі бөлім.

Тренинг: «Үш есім»

Мақсаты: өзіндік рефлексияны дамыта отырып, өзін топқа таныстыру.

Нұсқау: Әрбір оқушы өзінің жақын туыстарының, жолдастарының, барлық таныстарының жиі айтатын өз есімінің үш түрін жазуы керек. Соның ішінде өзіне ерекше ұнайтын есімді берілген қағазға жазып, төсбелгі ретінде тағып алады.

Өзіңмен-өзің түскен күрес ең қиын күрес

Өзіңді - өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс

Ф. Логау

Тәрбие мақсаты педагогикалық үрдіс пен қоғам қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Қоғам мүшелерінің бәрінде ортақ, бірегей мінез-құлық, қасиет болмайды. Адамдар тұлға ретінде өзіндік жеке ерекшеліктерімен дүниеге келмейді. Әрбір адам жеке адам ретінде қалыптастырылып, тәрбиеленуі оның өзіндік іс-әрекеттеріне де тікелей байланысты. Ол үшін әр адам өзін үнемі тәрбиелеп отыруы тиіс. Осы тұрғыда өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өзінің теріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіруге байланысты саналы, мақсатты іс-әрекеті.

Көптеген жағдайларда адамдар тәрбиесі қоғаммен, ортамен ұйлеспей жатады. Мұндай жағдайда әрбір жеке адам өзін-өзі тәрбиелеумен саналы түрде айналысуы тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т.б саналады.

Өзіңнің бойыңдағы кемшіліктерді кейбір ұнамсыз мінез бітістерін жою үшін әр адам өзімен жұмыс жасай білуі керек. Бүгінгі сабағымызда біз өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі тәсілдері туралы ақпарат ала отырып, олардың сабақта қолданамыз.

1. Өзін-өзі бақылау – адамның өз іс-әрекетін, психикалық процестері мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл адамдарға айналадағылармен сабырлы қарым-қатынаста болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіз жақтарына, қателіктеріне шыдамды болуды үйретеді. Аталған тәсіл көмегіменадам шиеленіскен жағдайларды реттеп, ұстамдылыққа, күрделі жағдайларда байсалдылық, сабырлылық сақтауға үйренеді.

Сұрақтар:

1. Екі адамның арасында болған кикілжің орын алмас үшін адамдарға қандай қасиеттер керек?

2. Сіз осы жағдайда не істер едіңіз?

3. Осы екі адамның арасында қарым-қатынас әрі қарай жалғаса ма?

2. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады. Тұтас педагогикалық процестегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзіне, «Неге мен осындаймын?», «Басқалар мені қалай қабылдайды?», «Мен қандай адаммын?» - деген сауалдарды қоюы арқылы зерттеуіне болады. Осы ақпаратты ісжүзінде қолданып көрейік.

Тренинг: «Агрессивті, сенімсіз және сенімді адам»

Мақсаты: Әр түрлі жағдайларда адекватты жауап қайтара білуді, қажетті ролдік дағдыларды қалыптастыру.

Нұсқау: әр топтан бір оқушы шығып, үш түрлі карточкаларды таңдап алады. Берілген жағдаяттарды осы карточкада жазылған көзқарастар тұрғысынан сахналау.

Карточка-1: Агрессивті..

Карточка-2. Сенімсіз.

Карточка-3. Сенімді

Жағдаяттар:

1. Сіз кинотеарда отырсыз. Сіздің артыңызда отырған адамдар, өзара әңгімелесіп, сізге кедергі келтіріп отыр. Сіздің жауабыңыз.

2. Мұғалім сіздің шаш үлгіңіз оқушы кейпіне сай емес дейді. Сіздің жауабыңыз.

3. Сізге сабақ үстінде парталас көршіңіз сұрақтар қойып, сізге сабақ тыңдауға кедергі келтіруде. Сіздің жауабыңыз.

Талқылау:

- Сіз осы жағдайлардың қайсысында адам жетістікке жете алады деп ойлайсыз?

- Өзіңізге осы жағдайлардың қайсысы көбірек тән?

4. Өзін-өзі түзету адамға өз мінез-құлқындағы кемшіліктерін және басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі түзету адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады.

Ендеше сіздердің де өздеріңізге деген сыни көзқарастарыңыз арқылы өзіңізді тәрбиелеуге деген алғашқы қадамдарыңызды байқау үшін келесі тренингіне шақырамын.

Тренинг: «Сурет - жоба»

Мақсаты: оқушылардың өзіне шынайы көзқараспен қарай отырып, өз бойындағы кемшіліктерді түзетуге деген ұмтылысын қалыптастыру.

Нұсқау: Бұл тренингтің ережесі бойынша сіздер парақты екі бағанға бөліп, «Қазіргі мен» және «Болашақтағы мен» атты екі сурет саласыз. Сонымен қоса суреттегі өз сұлбаңызға бойыңыздағы барлық қасиеттерді бейнедейсіз.

Талқылау:

- Сізге осы салған суреттеріңіздің қайсысы көбірек ұнады?

- Болашақта өзіңіз ойлағандай адам болу үшін өзіңізбен қандай жұмыстар жасайсыз?

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе алдағы уақытта бүгінгі сабақтан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, өзіңіздің тәрбиелейтін кемшіліктеріңіз бар деп тапсаңыздар, өзіңізді тәрбиелеуді қолға алыңыз. Сол жолда сізге көмектесетін мына «Сенің сиқырлы бестігің» деп аталатын көмекші құралды тарту етемін.

Қорытынды:

«Жылулық» тренингі.

Мақсаты: оқушылардың бойында жағымды әсер тудыру, бір-біріне деген жылулық сезімін қалыптастыру.

Нұсқау: майшамды бір-бірімізге шеңбер бойымен ұсына отырып, өзіміздің бір-бірімізге деген жылы лебізімізді білдіреміз.


«Ұжымдық, Достық, Әріптестік» психологиялық тренингі


Құрастырған: педагог-ұйымдастырушы М.Нарымбаева,

психолог А. Бакиджанова

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Психологиялық тренинг жаттығулары. 

Тренинг тақырыбы: «Ұжымдық, Достық, Әріптестік» 

Тренингтің мақсаты: Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру. 

Тренингтің міндеттері: 

  • Білімділік: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір – бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу. 

  • Дамытушылық: Тұлғаның өзін ортада көрсете білу, өзін бағалай алуға түрлі психологиялық жағдайлардан шығу және өз пікірін ашық айтуға ықпал жасау.

  • Тәрбиелік: жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік, сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық құндылықтарын ұғынуға көмектес. 

Қатысушылар: «Өркен» қосымша білім беру орталығының ұжымы

Жұмыс түрі: Топтық жұмыс 

Қажетті құралдар: Түрлі түсті қағаздар,бояулар, қиынды гүлдер, сұрақтар жазылған карточкалар. 


Тренинг бағдарламасы:

1. Танысу жаттығуы

2. Топқа бөліну.

3. Ой жинақтау

4. «Сезімдер әлемі» жаттығуы.

5. «Мен және менің айналамдағылар» сурет салу

6. Күн шуағы (Рефлексия)

 

Тренинг ережесі:

1. Өз ойын ашық айту

2. Өзгелердің пікірін құрметтеу

3. Белсенді әрекет ету.

4. Шынайылық

5. Топтасып жұмыс жасау.

Барысы: Амандасу рәсімі

Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті достар!

«Мы пришли на праздник к Вам» ойыны ойналады.


Мы пришли на праздник к вам (музыкальная игра, повторяют движения за ведущими)

Тук-тук-тук! Откройте нам двери

Хлоп-хлоп-хлоп! Испекли мы вам печенье

Ням-ням-ням! Запили сладким чайком

Где девчонки крошки? Хлопаем в ладошки!

Где мальчишки крепыши? Топаем мы от души!

Но что тут случилось, где всё наоборот

Где мальчишки крошки? Хлопаем в ладошки!

Где девчонки крепыши? Топаем мы от души!

Ну а какая разница, давайте все играть

Где мальчики, где девочки дружнее отвечать (2 раза)

Где девчонки крошки? Хлопаем в ладошки!

Где мальчишки крепыши? Топаем мы от души!


Кіріспе сөз. Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы - ұжым. Ұжым - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін А.С.Макаренко анық та толық айтып берді. Ұжым дегеніміз - жек адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі. Достық - адамдарды бір – біріне туғандай бауыр етіп, жақын ететін, араларын кіршіксіз таза етіп байланыстыратын ізгілікті қарым – қатынас. Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын , дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдар болады. Міне – ол дос адам. Дос болу - таныстықтан бастап, шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеу, алдамау. Әріптестік дегеніміз - белгілі бір ұйымдарда бірігіп жұмыс жасайтын қызметтес адамдар. Әріптестік әр түрлі жас аралығын қамтиды. Әріптестік белгілі бір мамандықтар бойынша бөлінеді.


Кіріспе сөзден кейін «Сен, мен және бәріміз» әні шырқалады.

«Ты да я, да мы с тобой» әнімен.

Сөзін жазған А. Қожанғалиев

  1. Сен, мен және бәріміз, 2р

Қандай жақсы, достарым бар қасымда



2 р



Бөлінбейді еш арамыз

Біз балдырған балалармыз

Достық жырын шырқатайық расында.


  1. Сен, мен және бәріміз, 2р



2 р



Бар әлемді шарлап кәне шығайық

Бейбітшілік өмір әнін

Ынтымақпен достық әнін

Әрқашанда терең біздер ұғамыз.


  1. Сен, мен және бәріміз, 2р

Айтайықшы қосылып бірге әнді



2 р



Алыстарға біз кетсекте

Жырақтарда біз жүрсекте

«Достықты» әркез жырлаймыз біз мәңгі.



1: Топқа бөліну. Қатысушылар түрлі - түсті гүлдерден өздеріне ұнайтын бір түсті таңдайды, сол таңдаған түстері бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады. Үш топқа мына аттар ұсынылады.

І – топ. Ұжымдық

ІІ топ Достық

ІІІ топ Әріптестік

Әр топ мүшелері өз топтарының атауларын қорғап шығу керек. Тапсырма. «Ой жинақтау» Әр топқа өз атауларына байланысты 3 сұрақтан беріледі. Ойлануға 5 минут уақыт.

І топ сұрақтары.

1. Ұжым дегеніміз не?

2. Өз қуанышыңызды ұжыммен бөлісіңіз? (Ролге ену)

3. Ұжым туралы ән?

 

ІІ топ сұрақтары.

1. «Достық» ұғымын қалай түсіндіресіз?

2. Достық туралы мақал мәтел келтіріңіз.

3. Достық қиындықта көрінеді. (Ролге ену)

 

ІІІ топ сұрақтары.

1. Әріптестік сөзіне тұжырымдама бер.

2. Әріптестікті кім басқарған жөн. (Жасына сәйкес)

3. Бір жағдайға байланысты Жұмыстан сұрандыңыз,әріптесіңізден өзіңіздің орныңызға қалуға өтініш білдіріңіз. (Ролге ену)


Топтар сұрақтарға дайын болғанша қонақтармен ойын ойнайық.

І-тапсырма. «Сезімдер әлемі » жаттығуы. Әр топ екі таратпадан алады. 

Сары таратпалар

Жасыл таратпалар

Қуаныш

Таңдану

Батылдық

Достық

Сенімділік

мейірімділік

Қайғы - мұң

Ашу – ыза

Қорқыныш

Қызғаншақтық

Реніш

өзіне риза болу

 

Осы сезімдерін көрсетіп беру.

Әр топтың тапсырмаларына қорытынды жасау.

 

ІІІ тапсырма. «Мен және менің айналамдағылар» тақырыбында сурет салу.

ІІІ тапсырма бойынша топтардың жауабы тыңдалады.

Талқылау: суретті салғанда нені елестеткенін, олар қандай мағына беретінін білу.

Сказка «Репка».

Ведущий: посадил дед (ек макарек) репку (запарили уже), выросла репка (запарили уже) большая-пребольшая. Стал дед (ек макарек) тянуть репку (запарили уже), тянет потянет, вытянуть не может. Позвал дед (ек макарек) бабку (убила бы), бабка (убила бы) за дедку (ек макарек), дедка (ек макарек) за репку (запарили уже) – тянут, потянут, вытянуть не могут. Позвала бабка внучку. Внучка (а я готова) за бабку, бабка за дедку, дедка за репку – тянут, потянут, вытянуть не могут. Позвала внучка Жучку, Жучка (а косточку дашь) за внучку, внучка за бабку, бабка за дедку, дедка за репку – тянут, потянут, вытянуть не могут. Позвала Жучка кошку, кошка (А я сама по себе) за Жучку, Жучка за внучку, внучка за бабку, бабка за дедку, дедка за репку – тянут, потянут, вытянуть не могут. Позвала кошка мышку, мышка (ну куда вы без меня) за кошку, кошка за Жучку, Жучка за внучку, внучка за бабку, бабка за дедку, дедка за репку – тянут, потянут – вытянули!!!

Репка – запарили уже.

Дед – ек макарек.

Бабка – убила бы.

Внучка – а я готова.

Жучка – а косточку дашь.

Кошка – а я сама по себе.

Мышка – ну куда вы без меня.

Күн шуағы (Рефлексия)

Қарамен жазылған сөздер тақтада жазылып тұрады.

Семинарға қатысушыларға күннің шуақтары таратылады., тақтадағы сөздерден біреуін таңдап, алдарындағы параққа жазып беру қажет .Содан кейін шумақтар жиналады да күннің бейнесі құрастырылады . Тақтаға келесі слайдта әр адамның таңдауы бойынша қандай қасиеті бар екені шығып тұрады.

Жақсы - бірқалыпты адам

Өте жақсы- барлық істі жақсылыққа жоритын адам

Білім – ізденімпаз

Тамаша - әсерлі адам

Керемет – жан дүниесі мол адам

Орташа - қанағатшыл

Көңілді – көпшіл адам

Әсем – талғампаз

Шебер – идея, фантазиясы жоғары

Жұлдыз – жаңалыққа жаны құмар

Тәтті – балажан, бауырмал

Ұстаз – баланың инженері

Қамқор – қамқорлыққа дайын

Өнер – Сегіз қырлы , бір сырлы

 

Бүгінгі тренинг жаттығуымызға қатысқандарыңызға рахмет!




Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Алексеев Н.А. личносто-ориентированное обучение: вопросы теории и практики. – Тюмень : Тюменского университета. 1996г.

  2. Андреева г.А. Социальная психология. М, 2004г.

  3. Анна Құдиярова Ортақтасу психологиясы. Алматы – Дарын 2002ж.

  4. Бэрн Э Психология человеческих взаимоотношений . СПб , М, 1992г.

  5. Бергер Чарльз. Межличностная коммуникация : Теории и перспективы. Журнал «Коммуникация»., Лондон 2005г.

  6. Паригын Б.Д. Анатомия общения. Спб 1999г.

  7. Зимняя И.А. Воздейственность выступления лектора. М.2000г.

  8. Ладанов И.Д.Речь как главные средство общения. М.1995г.

  9. Жиенбаева Н.б.Коммуникативный субъект в образоввательном процессе. Алматы .2006ж.

  10. Мұқанов М. М. Жас және педагогикалық психология. Алматы,1982.

  11. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров А., Педагогика. Алматы, 2004.

  12. Мұқанова Б. Ы.,Төлеубекова Р.К. Педагогика. Алматы, 2003.

  13. Мұқанов М. М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы,1962.

~ 60 ~


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Жиі біз мынадай сұрақтарды естиміз: қосымша білім орталығында психологтің не қажеті бар, қызметінің мағынасы мен міндеттері? Қызметінің мақсаттары қандай? Мақсаттарын жүзеге асыруы үшін қандай жұмыстар өткізуі керек? Психологтiң мүмкiндiктерiне сәйкес келетiн кәсiби қызмет ету үшiн орын табу өте маңызды, қосымша бiлiмдегі психологтің ұстаздармен, әкімшілікпен, жас көшбасшылар мен ата-аналардың арасындағы кәсiби өзара iс-әрекеттiң айқын шекараларын анықтау қажет.

Автор
Дата добавления 24.04.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров4713
Номер материала 252662
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх