Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақсу қаласы «Қызылжар селолық округінің орта мектебі» КММ

Патриоттық тәрбие – жеке тұлғаның

қалыптасуының кепілі

Жангабулова А. Е.



Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. 

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: – Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді,- деген екен.

Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті мір де болмақ емес деп қазақтың классик тәлімгері Ж. Аймауытов тәрбие беру үздіксіз үдеріс болып табылатынын ерекше атап өткен.

Олай болса, тәрбиеаға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз етеін үдеріс.

Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты мен мақсаты – жетілген, толыққанды жеке тұлғаны тәрбиелеу. Мұғалім балалармен қандай жұмыс істесе де, олардың мінез – құлқының, тәртібінің сана – сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Ұстаз екенсің, ұстазға тән қасиетті бойыңа дарытып, көкірегіңе ұялат, ұстазға сеніп тапсырған әр үйдің келешегіне, үміт күтіп отырған мұрагерінің санасына білім, жанына жақсылық сыйла. Ұстазды көргенде жиренетін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиелеу – бүгінгі өмірдің басты талабы.

Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.

Бала – біздің ертеңгі үмітіміз. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана.Олар ата-анасына және ұстазына қарап бой түзейді.

Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл – парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет. Бұл міндетті, әрине, бала тәрбиесіне жауапты ұстаз, яғни сынып жетекші жүзеге асырады. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына байланысты.





Бірнеше жылдық сынып жетекшілік тәжірибемде түрлі сыныптармен жұмыс жасадым. Сынып жетекші ретінде әр оқушының жан дүниесін түсініп, онымен оңай жұмыс жасау үшін сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбие сағаттарын түрлі формада өткізудің пайдасы зор екенін аңғардым. Ескере кететін бір жай бүгінгі күні дәстүрлі, яғни лекция, әңгіме түрінде өтетін сабақтардың пайдасы аз екені белгілі болып отыр. Яғни мұндай сабақтарда негізінен сынып жетекші сөйлеп, оқушы тек тыңдарман ретінде қалып қояды. Ал заманауи үлгідегі сыныптан тыс жұмыстарда көбінесе мұғалім бағыт беруші де оқушы басты рөлде болады. Ендеше сынып жетекшілері сыныптан тыс жұмыс түрлерін жоспарлағанда оқушыларының ерекшелігіне қарай жұмыс түрлерін түрлендіріп отыру аса тиімді тәсіл болып табылады.

Өзім жетекшілік ететін 9-сынып оқушылары тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс жұмыстарды өздері ұйымдастырып, өздері өткізеді. Оқушыларды осындай дәрежеге жеткізу, әрине, бір күннің немесе бір жылдың жемісі емес, бастауыш сыныптан орта буынға енді аяқ басқан 5-сынып оқушыларының өзіне деген сенімділігін оятып, қандай да бір жұмысты өткізуі үшін үлкендердің, әсіресе, тәрбиеші ұстаздың көмегі, қолдауы керек-ақ. Осы жолда жасаған алғашқы қадамым – мектеп психологымен бірлесе отырып әр оқушының мінез-құлқын анықтағаннан кейін сыныптан тыс жұмыстың жоспарын оқушының ерекшелігіне қарай құруды жөн көрдім. Алдыма қойған басты мақсатымның бірі – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда аса тартымды амалдар мен ұтымды жұмыс түрлерін қолдану болса, әр түрлі амалдарды жоспарлағанда ұжымдық, жұптық, топтық жұмыстардың түрлеріне ерекше көңіл бөлемін. Оқушылардың өздерін ізденіске бағыттау да олардың өздеріне деген сенімділігін арттырып, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Әр оқушының жүрегіне жол таба білсек, олармен кез келген жұмысты атқаруға болады.

Қазақстанды «Отаным» деп таныған әрбір азаматтың бойына осы ұлы сезімді ұялату – әрбір сынып жетекшінің басты міндеті деп ойлаймын. Патриоттық сезімді құр ұранды сөз ретінде қолданбай, іс жүзінде жүзеге асыра білу – үлкен шеберлікті қажет етеді. Егер баланың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыра білсек, онда сол арқылы қалған 7 бағыт оңай жүзеге асатынына сенімім мол. Сол себепті өз тәжірибемде патриоттық тақырыпқа көбірек көңіл бөлемін.

Биылғы оқу жылында алғашқы сынып сағаты «Мен елімнің патриотымын» деген тақырыпта өтті. Мақсаты:Оқушылардың өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілін дамыту; ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.















Сынып сағатын өткізуді өз міндетіне алған Аяжан мен Орынбасар алғы сөздерін Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономиканы өркендету үстінде күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады » деген сөзімен бастап, әрі қарай сабақты пікірталас түрінде өткізетіндерін айтты. «Ой да ортақ пікір де ортақ» дегендей, оқушылар

  • Жалпы «патриот» деп кімді айтамыз?

  • Патриотизм дегенді қалай түсінесің?

  • Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсіндіресің?

  • Қазіргі таңда жастардың бойына патриоттық сезімді ұялататын әндер бар деп ойлайсың ба?

Қалай ойлайсың, сен өз еліңнің патриотысың ба? т.б

сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салды. Соңында «патриоттық сезім» сөзін топтастырып, «Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген ойды меңгерді. Және сынып сағатын «Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату» деген сөзбен қорытындылауы өте ұтымды шықты.

















































Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 18.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров17
Номер материала ДБ-363961
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх