Инфоурок / География / Конспекты / "Жас жаратылыстанушылар" сайысының жоспары
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Жас жаратылыстанушылар" сайысының жоспары

библиотека
материалов

Сейітдәулет Айгүл Маратқызы – «Берел орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Берел ауылы

«Жас жаратылыстанушылар» сайысы


Сайыстың мақсаты: Оқушылардың химия, география, биология пәндерінен білімдерін бақылау. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: презентация, диапроектор, қара жәшіктер, тапсырмалары бар конверттер, ұпайлары бар фишкалар, желім, плакаттар мен маркерлер

Сайыс алты кезеңнен тұрады.

  1. Сергіту сәті. Әр топқа химия, география пәні бойынша 15 сұрақтан қойылады.


1-топ

  1. Экватордың ұзындығы.

  2. Жер бетінің қатты тас қабаты.

  3. Дүние жүзіндегі ең биік шың.

  4. Жер сілкіну ошағы.

  5. Белгілі бір масштабпен сызылған жердің шағын үлескісі.

  6. Мыстың латынша атауы ? Купрум

  7. Темірдің атомдық массасы ? 56

  8. Периодтық жүйеде қанша топ бар? 8

  9. Электр сымдарын жасауда қолданылатын металдар ? мыс, алюминий

  10. Кальций және магний тұздары бар су қандай су? Кермек суы

2-топ

  1. Жер бетінің ауа қабаты.

  2. Географияны ғылымға енгізген кім?

  3. Күнге ең алыс ғаламшар.

  4. Оңтүстік пен Солтүстікті қосатын сызық.

  5. Бағдарлауға арналған аспап.

  6. ІІІ периодтың 3 қатардың 3 топта орналасқан элемент? натрий

  7. Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым ? бекетов

  8. Темірдің латынша атауы? феррум

  9. Металдардың тотығу дәрежесі қандай? оң

  10. HCl қай класқа жатады ? қышқыл

3-топ

  1. Дүние жүзін айналып шыққан саяхатшы ғалым.

  2. Жердің нақты үлгісі.

  3. Фонтан түрінде оқтын-оқтын атқылап тұратын бұлақ.

  4. Жер бетінің тіршілік қабаты.

  5. Жер сілкінуді зерттейтін ғылым.

  6. Ең оңай балқитын металл ? сынап

  7. Аса бағалы металдар ? алтын, күміс, платина

  8. Жер бетінде қосылыстары ең көп тараған металл ? алюминий

  9. Периодтық жүйеде қанша металл бар ? 89

  10. Алюминий гидроксиді қай класқа жатады ? негіздер

4-топ

  1. Атмосфераның төменгі қабаты.

  2. Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл.

  3. Ауа қысымын өлшейтін аспап.

  4. Теңіз немесе мұхит деңгейінен есептегендегі биіктік.

  5. 200 м-ден аспайтын жазық.

  6. Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың бүліну құбылысы ? жемірілу

  7. Кәдімгі ас тұзының формуласы? Аш хлор

  8. Иод метал ма, әлде бейметал ма? бейметал

  9. Сүттің ашуы қандай құбылыс? Химиялық

  10. Қиын балқитын металл ? вольфрам


Қорытындылау.

  1. Деңгейлік сұрақтар.

Оқушылар үш пән бойынша ұпайлары көрсетілген ұяшықтарды таңдайды.

География бойынша

10 ұпай – Бұл не? Қай жерде орналасқан? (Эйфель мұнарасы, Париж қаласында)

20 ұпай – Бұл әннің аты Қазақстанның аласа тауларының бірі, ал бұл әнді орындаушы топтың атауы негізі граниттен тұратын меридиан бағытындағы ірі антиклинальдың қалдығы. Биіктігі 1134 м.

30 ұпай – Дүние жүзіндегі халықтың тығыздығы ең жоғары ел (Бангладеш)

40 ұпай – Бұл кім? Бұл кісінің есімімен Тынық мұхитынының солтүстігіндегі арал, теңіз, бұғаз аталады.

50 ұпай - Бұл қай машинаның белгісі. Бұл машина қайда шығарылады? (Феррари, Италия)

Химия бойынша

10 ұпай – Азоттың ауадағы көлемі қандай ? (78 пайыз )

20 ұпай- Жұмыртқаны отсыз және электр қуатын пайдаланбай қалай пісіруге болады ? (ол үшін өртелген әкке су құйып, сөндіргенде бөлінетін жылу пайдаланылады?)

30 ұпай – Қандай сүтті ішпейді ? әк сүтін ішпейді

40 ұпай – Кейде тас тілген болаттан да,

Кейде жұмсақ қолға алсаң, қалады таңба

Бар ма элемент осындай табиғатта,

Аташы тағы оланып ұзақ таңға

50 ұпай – Ежелгі қытайда тұт ағашының қабығын жұқалап сдырып, ізбес ерітіндісіне екі сағат қайнатқан. Содан соң алынған массаны балғамен езген, оған желім қоысп, су құйған және осының бәрін жұқа елеуіштен өткізген. Түзілген өнімді кептіріп, ары қарай қолдана береді.ал оны не үшін қолданған?

Биология

10 ұпай – Тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі?

20 ұпай – Өсімдіктердің эрозияға ұшырауы дегеніміз не?

30 ұпай – Мүктерді зерттейтін ғылым?

40 ұпай – Сүйекті балықтардың қазіргі кезде неше түрі бар?

50 ұпай - Бүйрек қызметінің бұзылуынан пайда болатын ауру?

Қорытындылау. Бұл кезеңнен кейін ең аз ұпай жинаған топ шығады.

  1. «Қара жәшік».

Сұрақтар бойынша оқушылар қара жәшіктің ішінде не жатқандыған табу керек?

География пәні:

  1. Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны «жылан өсімдігі» деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің Отаны – Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Иісі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: Сарымсақ немесе пияз.

  1. Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан моңғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны – Қытай.

Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе, қазақтардың басы ауырады.

Жауабы: Шай

Химия бойынша

  1. Көне Мысырда майлы шаш сәнді болған, сондықтан мысырлықтар шаштарын ұдайы майлап отырған. Жерлеу кезінде басына күл себетін болған. Бір күні жерлеу кезінде жаңбыр жауады, сол кезде адамзат өмірінде маңызды рөл алатын, ел аузында аңыз болып қалған оқиға болады. Бұл қандай құбылыс.

(Мысырлықтардың бастары көбіктеніп кетеді, аңызға сенсек май мен күлдің қоспасынан сабын алынған. )

  1. Ауырған жерлерді балауызбен, резеңкемен, алтынмен, қорғасынмен емдейтін дәрігерлер емдейтін қай саласына қарайды? Тіс емдеу

  1. «Казино» ойыны.

Бұл кезеңде оқушыларға сұрақты тыңдамас бұрын ұпай тігеді.

География:

  1. Орыс қызының есімі берілген астана (София)

  2. Ол аттас шөл, көл әрі сарқырама бар (Виктория)

Химия:

  1. «Пломба » сөзінің химияға қандай қатысы бар? (бір кезде шіріген тістің қуыстарын тіс емдеушілер қорғасынмен толтырған. Қорғасын латныша плюмбум деп айтылытындықтан, толтырылған қуысты пломба деп атаған.)

  2. Элемент атомының энергетикалық деңгейін, валенттілік электронын қалай анықтайды ? (период және топ бойынша анықтайды)

Қорытындылау. Бұл кезеңде ең аз ұпай жинаған команда шығады.

  1. Конверт

География: мемлекеттердің атауы беріледі оқушылар олардың қай материкте екенін тауып, сол конвертке салады.

Чили, Боливия, Исландия, Аргентина, Алжир, Финляндия, Египет, Венгрия, Парагвай, Конго, Португалия, Ирландия, Чад, Бразилия, Марокко.

  1. «Ой толғау»

Екі топтың оқушылары темір мен көміртегі (Fe, С) элементтерін биология, география және химия пәндері бойынша жан-жақты сипаттап постер құрайды. Қорғайды.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-501057

Похожие материалы