Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / "Жас зияткерлер" сыныптан тыс сабақ

"Жас зияткерлер" сыныптан тыс сабақ


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел

Сабақтың түрі: топтық сайыс сағаты


  1. Жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Жас зияткерлер» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастау үшін, алдымен 6 сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

6«А» сынып оқушылары, 6 «Б» сынып оқушылары,

6 «Ә» сынып оқушылары, 6 «В» сынып оқушылары

Білеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді,

- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

(Әділқазы алқасында әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады).

Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Жоспары:

  1. Эстафеталық сұрақтар

  2. Жұмбақтар

  3. Анаграммалар

  4. «Ойымды жалғастыр» сайысы.

  5. Математикалық викторина


1. Таныстыру.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі; 5 ұпай

Жүргізуші:

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз

І. «Эстафеталық сұрақтар» сайысына кезек береміз. (Әр топ кезекпен сұраққа дұрыс жауап беруі керек, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

  1. Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут

  2. Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1

  3. Ең кіші жұп санды атаңыз 2

  4. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)

  5. Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең? (180)

  6. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

  7. Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір-бірден бауыры бар. Отбасында неше бала бар? (8 бала)

  8. 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық 310-нан кем.Ол қандай сан. (307)

  9. 4 пен 5-тің арасына қандай санды қойғанда 4-тен артық, 5-тен кем саншығады? (үтір)

  10. Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

  11. Анияның папасының төрт қызы бар. Олар Чача, Чече, Чочо, ал төртінші қызының аты кім? (Ания)

  12. Бір жұмыртқа 5 минут піссе, 5 жұмыртқа неше минут піседі? (5 мин)

  13. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

  14. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

  15. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

  16. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)


Жүргізуші: Айыра біл жақсы менен жаманды

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағын да өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті

ІІ. «Жұмбақтар» сайысына береміз, Сайыс шарты бойынша әр топ кезекпен ұяшықтар таңдап математикалық жұмбақтарды шешеді, І-ші топ жұмбақтың шешімін таппаса, онда екі топ жауап беру құқығына ие болады. (Әр дұрыс тапқан жауапқа 10 ұпайдан беріледі)

  1. Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап. (икс)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

( сызғыш)

  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай.

( натурал сан)

  1. Бойы екі-ақ қарыс,

Сыйып тұр 25 арыс.

(сызғыш)

5. Алды-артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менең кесінді,

Шыққан тегін білсе де. (түзу)

  1. Бір – бірімен жарасқан

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі .

Бәрі нешеу кім білді?

Жауабы: 8


7. Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой.

Бәрін бірге санап қой

Жауабы: 15


  1. 11 түйе, бес жылқы.
    2 сиыр, бір ешкі
    2 қоян, үш түлкі,
    Неше болды барлығы? (24)

ІІІ. Анаграмманы шеш. Геометриялық фигуралардың аттарын табу керек

  1. еңшбре - шеңбер

  2. шұбршүы - үшбұрыш

  3. трұбышрөт-төртбұрыш

  4. рвадкат – квадрат


IV. «Ойымды жалғастыр» сайысы. Оқушылар мақалдағы көп нүктенің орнына санды дұрыс қою арқылы мақал-мәтелді дұрыс айту керек.(әр команда шапшаң жауап беру керек)

1. ..... жұрттың тілін біл, ..... түрлі білім біл (7)

2. Білекті .... жығар, білімді ..... жығар (1, 100)

3. .... жақсы қас болмас, ...жаман дос болмас (2)

4.. ..... елі ауызға – ..... елі қақпақ (1,2)

6. ..... сомың болғанша, ......досың болсын (100)

7. .....тістен шыққан сөз, ..... елге тарайды (30)

8. Білгенің бір ...., білмегенің ...... (9, 99)

9. ..... кісі қазған құдықтан, ..... кісі су ішеді (1, 1000)


V. Математикалық виктарина.

Сол жақтағы 10: Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы неше тең?/11 см/

Сол жақтағы 20: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/

Оң жақтағы 10: Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең? Сол сандарды ата /1,2,3/

Оң жақтағы 20: Қайрат Жанардан кіші,  бірақ Талғаттан үлкен.  Ал Ажар Жанардан үлкен болса,  ең үлкені қайсысы?/Ажар/

Ортадағы 10: 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?/9/

Ортадағы 20: Шахмат ойынына 7 адам қатысқан. Әрқайсысы бір-бірімен бір партиядан ойнады. Олар барлығы қанша партия ойнаған? /21партия/


Осымен сайысымыз аяқталды, Әділқазы алқасы топтардың ұпайларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.

Қызықты үзіліс

1. Аспанда төрт түйе құс ұшып келеді,

Аңшы бірін атып алды.Нешеуі қалды? Жауабы: түйе құс ұша алмайды.


2. Су түбінде қандай тас жатпайды. Жауабы: құрғақ тас жатпайды.


3. Бір топ ұшып келіп ағаштың бұтақтарына қонады. Әр бұтаққа екі құс отырса бір бұта артық қалады. Ал бір құстан отырса, бір құсқа бұтақ жетпей қалады. Бұтақ нешеу? Құс нешеу? Жауабы: Ағаш бұтасы үшеу, құстың саны төртеу.


4.Қандай ыдысқа су құюға болмайды? Жауабы: Тола ыдысқа немесе тесік ыдысқа.


5. Бір бос шыны ыдыс (банка) ішінде доп жатыр, банкаға қол тигізбей допты қалай алуға болады? Жауап: су құю арқылы.

6.Бір кг мақта ауырма?, Бір кг темір ауырма? Жауап: екеуі тең т.б


VIІ. Қорытынды.

  • Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады


Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров134
Номер материала ДВ-377924
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх