Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Жас математик" факультативтік курс бағдарламасының 1сынып бойынша жіктелуі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Жас математик" факультативтік курс бағдарламасының 1сынып бойынша жіктелуі

библиотека
материалов

"Жас математик" факультативтік курс бағдарламасының 1сынып бойынша жіктелуі :

Барлығы - 33 сағат

Аптасына -1 сағат.


Бағдарлама мазмұны төмендегідей :

1. Сиқырлы сандар ( 9 сағ.)

2. Есептеп үйренейік ( 7 сағ.)

3. Ғажайып фигуралар әлемі (9сағ.)

4. Ойлан , тап (8сағ.)


Бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшелігін ескеріп құрастырылған. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру балалардың жалпы интеллектуалдық дамуының іргетасын , олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін орнықтырып , балалардың мектепте табысты білім алуына деген танымдық қызығушылығын қалыптастырады. Математикалық тапсырмаларды орындаған кезде оқушылардың шығармашылық қабілеті, жеке тұлға қасиеттері қалыптасады.


1. Сиқырлы сандар.

Бұл бөлімде балалар сандар және олардың қасиеттерімен таныса отырып, санның құрамына байланысты жаттығулар орындайды. Бұл бөлімнің басты мақсаты - балаларды сандар әлемімен таныстыру, сандарды өмірде пайдалана білу. "Сиқырлы сандар" дидактикалық ойыны , "Санамақтар" , "Санап үйренейік" , " Ғажайып сандар" сайыстары откізіледі. Балалар сандар қатарына , таңбаларына , қасиеттеріне байланысты логикалық тапсырмаларды орындайды. "Сандар сөйлейді" тақырыбы кейбір сандардың адам өміріндегі маңызы, орны туралы балалардың білімдерін кеңейту мақсатымен өткізіледі : 7 саны- "Жеті ата", "Жеті қазына " т.б., 3саны- "Үш байлық", "Үш арсыз" т.б.,, 4 саны - "Төрт түлік" , "Төрт мезгіл" т.б. , 5 саны - "Бес саусақ", "Бес асық", т.б.


2. Есептеп үйренейік.

Бұл бөлімде логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың арифметикалық амалдарды қолдану машықтықтары қалыптасады. Түрлі дидактикалық ойындар, тапсырмалар орындау арқылы балалар санап , есептеп үйренеді.

"Ормандағы оқиғалар"дидактикалық ойыны тапсырмаларын орындай отырып, балалар жан-жануарлар және өсімдіктер әлемімен танысады. "Көңілді бояулар" дидактикалық ойынында балалар түстеріне байланысты заттарды топтау, ажырату , заттарды бояу тапсырмаларын орындайды."Белгісіз арал"дидактикалық ойынының тапсырмаларында балалар мысалдарды шығару арқылы арал суретін бояп шығады және де теңіз жәндіктеріне байланысты басқа тапсырмаларды орындайды. Соңында, "Ойлан , тап" тақырыбында, балаларға логикалық және шығармашылық тапсырмалары бар шағын тест тапсырмалары ұсынылады.

3.Ғажайып фигуралар әлемі.

Бұл бөлімде балалар геометриялық фигуралармен байланысты тапсырмалар орындайды.Бұл бөлімнің басты мақсаты - балалардың геометриялық фигураларды ажырату, геометриялық фигуралардың қасиеттерін білу, өмірде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.

"Ғажайып үшбұрыш", "Ғажайып шаршы", " Ғажайып дөңгелек" тақырыптарында геометриялық фигуралардың қасиеттеріне байланысты тапсырмалар орындалады: фигураларды түсі, пішіні, өлшемі бойынша жиынтықтарға бөлу;үлгі бойынша бояу; бірдей шаршыларды біріктіру;қажетті фигураларды салу; қатарды жалғастыру; түрлі сызықтар салу; мұнараның әрбір бөлігін үлгі бойынша бояу, т.б. тапсырмалар. Соңында "Ғажайып фигуралар әлемі" атты сайысы өткізіледі.


4.Ойлан , тап .

Математикалық эстафета, математикалық викторина, логикалық есептер, көңілді есептер, қызықты есептер, математикалық ребустар, сөзжұмбақтар -- балалардың ақыл-ойы, қиялы, интеллектуалдық ой-өрісінің ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.

Жыл бойы өткенді қорытындылау мақсатымен "Ойлан , тап !" білім байқауы ұйымдастырылады.



















Түсінік хат.


"Жас математик" факультативтік курсы бастауыш сатысының 1сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама 1 сыныпқа арналған "Математика " пәні бойынша білім беру стандартында көрсетілген жүйе бойынша жасалды.

Бағдарлама мазмұны төмендегідей :

1. Сиқырлы сандар .

2. Есептеп үйренейік .

3. Ғажайып фигуралар әлемі .

4. Ойлан , тап.


Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.

Жас балалардың цифрлар мен сандар туралы қарапайым математикалық түсініктерін, пішін мен шама, заттардың қатынасы мен қасиеті туралы түсініктерін қалыптастыру. Тапсырмаларды орындай отырып балалар заттар мен құбылыстардың түрлі белгілерін салыстыруға , сандар әлемі мен геометриялық фигуралармен танысуға , сондай-ақ , логикалық ойлау мен заңдылықтарды табуға үйренеді.Баланың бойында оқу мен жаңаны тану қажет қана емес , қызықты екеніне сенімділігі қалыптасуы қажет.

Бірінші сыныпта баланың абстрактілік ойлау деңгейі ой түйіндеуге, өзгеше, танымдық тапсырмалар шешу кезіндегі логикалық ой қорытуға мүмкіндік береді. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.
«Жас математик» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Жас математик» бағдарламасы арқылы оқушылардың тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
Көңілді жаттығулар, викториналар, ребустар, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.

"Жас математик" факультативін оқытудың басты мақсаты - оқушылардың өздігінен ойлау мен талқылау , алған мәліметтерді талдау мен шешім шығару , шығармашылық пен әрекеттерді болжау дағдыларын қалыптастыру . Балалардың бойындағы логика мен ой-өрісін, зейін мен жадыны тұрақтандырып , дамыту. Балалардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту; балалардың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін нығайту.

"Жас математик" факультативтік курсын оқытудың міндеттері:

  • ойлау іскерлігін қалыптастыру;

  • ақыл-ойын жетілдіру ;

  • есте сақтау қабілетін жетілдіру;

  • қызығушылық қабілетін ояту ,

  • тіл,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру ;

  • өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру ;

  • жұмыстарды шығармашылықпен атқару;

  • берілген негіздер бойынша жиынтықтар құрастыру;

  • 10 көлемінде санау, салыстыру,тура және кері санау;

  • мысалдар мен қарапайым есептерге байланысты логикалық

жаттығуларды орындау;

- геометриялық пішіндерді ажырату;



Күтілетін нәтиже:

- математикалық түсініктерді меңгеру;
- математикалық сөйлеу дағдылары ұштау;
- шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- есте сақтау қабілетін арттыру;
- қиялдау қабілетін кеңейту;

- шығармашылық , логикалық тапсырмаларды өздігінен шешу;

- математикалық тест тапсырмаларын орындау ;

- математикалық сайыстарға, викториналарға, эстафеталарға белсене қатысу;

- "Ақ бота", «Кенгуру» , облыстық интеллектуалдық марафонға , т.б. сайыстарға қатысуға дайындалу ;















"Жас математик"

1-сынып

Аптасына - 1сағ.

Барлығы - 33 сағ.

Тақырып

Сағат саны

Уақыты




1.

І тоқсан

Сиқырлы сандар ( 9сағ. )


Сиқырлы сандар әлемі.




1


2.

Санап үйренейік.

1


3.

Санамақтар.

1


4.

Қызықты сандар.

1


5.

Сиқырлы сандар.

1


6.

Сиқырлы сандар.

1


7.

Сандар сөйлейді.

1


8.

Сандар сөйлейді.

1


9.

"Ғажайып сандар" сайысы.

1





10.

ІІ тоқсан

Есептеп үйренейік ( 7 сағ.)


Жұмбақ-есептер.




1


11.

"Ормандағы оқиғалар" (дидактикалық ойындар)

1


12.

"Көңілді бояулар" ( дидиктикалық ойындар )

1


13.

Көңілді есептер

1


14.

Көңілді есептер

1


15.

"Белгісіз арал" (дидактикалық ойындар )

1


16.

Ойлан , тап.

1





17.

ІІІ тоқсан

Ғажайып фигуралар әлемі ( 9 сағ. )


Ғажайып үшбұрыш.




1


18.

Ғажайып шаршы.

1


19.

Ғажайып дөңгелек.

1


20.

Фигуралар әлемі.

1


21.

Фигуралар әлемі.

1


22.

Ғажайып фигуралар.

1


23.

Ғажайып фигуралар.

1


24.

Ойлан , тап.

1


25.

"Ғажайып фигуралар әлемі" сайысы.

1








26.




ІV тоқсан

Ойлан , тап ( 8 сағ. )


Сиқырлы шаршы.







1


27.

Шапшаң сана.

1


28.

Математикалық эстафета.

1


29.

Математикалық викторина.

1


30.

Математикалық ребустар.

1


31.

Ребустарды шешейік.

1


32.

Логикалық есептер.

1


33.

"Ойлан , тап " сайысы.

1














Краткое описание документа:

Бағдарлама мазмұны төмендегідей :   

1.   Сиқырлы сандар ( 9 сағ.)

2.    Есептеп үйренейік ( 7 сағ.)

3.    Ғажайып фигуралар әлемі  (9сағ.)

4.    Ойлан , тап (8сағ.)

 

Бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшелігін ескеріп құрастырылған. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру балалардың жалпы интеллектуалдық дамуының іргетасын , олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін орнықтырып , балалардың мектепте табысты білім алуына деген танымдық қызығушылығын қалыптастырады. Математикалық тапсырмаларды  орындаған кезде оқушылардың шығармашылық қабілеті, жеке тұлға қасиеттері қалыптасады.

 

1. Сиқырлы сандар.

Бұл бөлімде балалар сандар және олардың қасиеттерімен таныса отырып, санның құрамына байланысты жаттығулар орындайды. Бұл бөлімнің  басты мақсаты - балаларды  сандар әлемімен таныстыру, сандарды өмірде пайдалана білу.   "Сиқырлы сандар" дидактикалық ойыны , "Санамақтар" , "Санап  үйренейік" , " Ғажайып  сандар" сайыстары откізіледі. Балалар  сандар  қатарына ,  таңбаларына , қасиеттеріне байланысты логикалық тапсырмаларды орындайды. "Сандар сөйлейді" тақырыбы  кейбір сандардың адам өміріндегі  маңызы, орны туралы балалардың білімдерін кеңейту мақсатымен өткізіледі : 7 саны- "Жеті ата", "Жеті қазына " т.б., 3саны- "Үш байлық", "Үш арсыз" т.б.,,  4 саны - "Төрт түлік" , "Төрт мезгіл" т.б. , 5 саны - "Бес саусақ", "Бес асық", т.б.

 

2. Есептеп үйренейік.

Бұл бөлімде логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың арифметикалық амалдарды қолдану машықтықтары қалыптасады. Түрлі дидактикалық ойындар, тапсырмалар орындау арқылы балалар санап , есептеп үйренеді.

"Ормандағы  оқиғалар"дидактикалық ойыны тапсырмаларын орындай отырып, балалар жан-жануарлар және өсімдіктер әлемімен танысады. "Көңілді бояулар" дидактикалық ойынында балалар түстеріне байланысты заттарды топтау, ажырату , заттарды бояу тапсырмаларын орындайды."Белгісіз арал"дидактикалық  ойынының тапсырмаларында  балалар мысалдарды шығару арқылы арал суретін бояп шығады және де теңіз жәндіктеріне байланысты басқа тапсырмаларды орындайды. Соңында, "Ойлан , тап" тақырыбында, балаларға  логикалық  және  шығармашылық  тапсырмалары  бар шағын тест тапсырмалары ұсынылады.

 

3.Ғажайып фигуралар әлемі.

          Бұл бөлімде балалар геометриялық фигуралармен байланысты тапсырмалар  орындайды.Бұл бөлімнің басты мақсаты - балалардың геометриялық фигураларды  ажырату, геометриялық фигуралардың қасиеттерін білу, өмірде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.

        "Ғажайып  үшбұрыш", "Ғажайып шаршы", " Ғажайып дөңгелек" тақырыптарында  геометриялық фигуралардың қасиеттеріне байланысты тапсырмалар орындалады: фигураларды түсі, пішіні, өлшемі бойынша жиынтықтарға бөлу;үлгі бойынша бояу; бірдей шаршыларды біріктіру;қажетті фигураларды салу; қатарды жалғастыру; түрлі сызықтар салу; мұнараның әрбір бөлігін үлгі бойынша бояу, т.б. тапсырмалар. Соңында "Ғажайып фигуралар әлемі" атты сайысы өткізіледі.

 

4.Ойлан , тап .

        Математикалық эстафета, математикалық викторина, логикалық есептер, көңілді есептер, қызықты есептер, математикалық ребустар, сөзжұмбақтар --  балалардың ақыл-ойы, қиялы, интеллектуалдық ой-өрісінің ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.

        Жыл бойы өткенді қорытындылау мақсатымен "Ойлан , тап !" білім байқауы ұйымдастырылады.

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 04.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров955
Номер материала 364398
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх