Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Конспекты / «Жас тәрбиеші» үйірмесі арқылы оқушылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру» (баяндама)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

«Жас тәрбиеші» үйірмесі арқылы оқушылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру» (баяндама)

библиотека
материалов


Орал гуманитарлық- техникалық колледжісі Педагогика, психология кафедрасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»

бөлімінің оқытушысы Бексариева Жазира Сабетбековна

Баяндама тақырыбы:

«Жас тәрбиеші» үйірмесі арқылы оқушылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру»

«Мұғалімнің айналысатыны - үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер... Дидактика мұгалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді, сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды».

Ж.Аймауытов.

Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ. Сондықтан отбасынан бастап қоғамдық мекемеге дейінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның жан – жақты дамуына аса жауаптылықпен қарау баршамыздың негізгі міндетіміз.

«Бала – ұрпақ еркесі» деген ұғым ерекше ескеріліп, бүгінгі күннің алға қояр ең маңызды мақсаты да осы. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде — тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті. Бұл бала тұлғасының дамуы мен қалыптасу үшін жағдайлар жасайды. Өйткені ел өміріндегі өзгерістер қоғам болашағына жауап беретін жан – жақты жетілген, білімді, парасатты жаңа азамат тәрбиелеп өсіруді көздейді.Бұл жұмыс баланы нәрестелік шағынан отбасы, балабақша, мектеп болып бірыңғай сабақтастықта, үздіксіз жүзеге асырылатын процесс.

2012 жылдың 14 желтоқсанында «Қазақстан 2050 стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына білім саласы бойынша «Балапан» бағдарламасы мектепке дейінгі мекемеге жасына сай балаларды толықтай қамтамасыз ету, білімге құштарлығын, әртүрлі көркемдік іс – әрекет түріне жағдай жасау мақсатында мәдениетімізді, салт – дәстүрлеріміз бен әдеп – ғұрыптарымызды бала бойына сіңіру, үздіксіз жұмыс жасау басты айтылды.

Елдің болашағы өресі биік, дүние танымы кең, кемел ойлы азаматтарын тәрбиелеп өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазыналы әлемдік озық ой пікір мен ұштастырылған сапалы білім қажет екендігі айқын. Қазіргі жағдайда жұртшылықтың бала тәрбиесіне қатысты түсінігі кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда. Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты. Қоғам талабы –заман талабы. Жас ұрпақты есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының қасиетті парызы.

Бала барлық үлгі — өнегені өзі шыққан жанұядағы адамдардың ықпалы мен қалыптастырады. Аяғын апыл – тапыл басқан алғашқы қылықтарын ата – анасынан, аға – апаларынан көрген , үйренген үлгі бойынша жасайды. Сондықтан баланың алдында ата – ана үлкен жауапкершілікті сезінуі тиіс. Өкінішке орай, бала тәрбиесіне жүре қарап, өзінің ұрпағына деген қамқорлық түсініктерін баланы тамақтандыру, киіндіру ғана деп ойлайтын ата –аналар аз емес.

Бала тәрбиелеу саласында көптеген ғалымдар еңбек етті. Сол ғалымдардың психологиялық зерттеулері бойынша мектепке дейінгі жас баланың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоциональдық дамуын анықтайтын жас екендіні дәлелденді. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл – ауқаты үшін де өмірлік маңызы бар. Мектеп жасына дейінгі баланы дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланыс екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту секторы ретінде стандарттар әзірлеу қажеттілігі туындайды.

Сәбидің мектепке дейінгі балалық шағынан бастап –ақ кейбір адамгершілік қасиеттер қалыптасады. Сонымен қатар әр баланың жүйке жүйесінің, сана – сезімінің ерекшеліктері байқалады. Баланың бастапқы жеті жыл бойында организмі тез өседі. Ми көлемі туған кезінен алғанда үш жарым есеге ұлғаяды. Осы кезеңде бала психикалық жағынан дамиды, ойлауы, сөйлеуі, еске сақтауы, өз құрбы қатарларымен қарым – қатынас арқылы және ересектердің ықпалы мен жетіледі. Баланың психикалық дамуында тәрбиенің ролі ерекше. Тәрбиенің бала дамуына жасайтын ықпалы- бала өмірінің алғашқы күндерінен басталады. Ұлы педагог А. С. Макаренко баланың өскенде қандай бала болатыны бес жасына дейінгі қалай тәрбиелегендігінде байланыстылығын атап көрсеткен.

Жас бала ағаштың жаңа жайған жапырағы тәрізді. «Бала жастан, асыл тастан» осы сөзді халқымыз бекер айтпаған. Бала сан алуан құбылыстарын ойлап бағалай білуі тиіс. Балаға түрлі тақырыпта қысқа әңгімелер айтып, кітапшалар оқып беріп, өлең – тақпақтар, жаңылтпаштар жаттатып, мақал – мәтелдер мағынасын түсіндіріп отырса, баланың ой- өрісі кеңейіп, тіл байлығы артады.

Адамгершілік психологиялық жағдайлардың күрт құлдырып кетуі ең бірінші балаларға зиян. Егер балаларға өз тұрғыластарының әртүрлі сипаттағы қылықтары бейнеленген суреттер көрсетілсе, олар еш қиналмастан – ақ олардың қайсысының бұрыс екендігін дәл айтып бере алады. Алайда жекелеген балалардың кейбір нақты көріністерге адамгершілік тұрғыдан нақты баға бере алмайтыны да рас. Тәрбиешінің міндеті мазмұны әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, ( мысалы оқу, эстетикалық әңгімелер өткізу, т.б кезінде) балалармен қосыла талқылау кезінде олардың сипатын біртіндеп күрделендіре түсу, сол арқылы оларға болып жатқан оқиғаларды адамгершілік тұрғыдан дұрыс баға беруге үйрету.

Адамгершілік, кішіпейілдік, қарапайымдылық, достық, жолдастық, әділдік, шыншылдық сияқты асыл қасиеттерді балаға сәби күнінен үйрету – ата -ананың негізгі міндеті.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу балабақшадан басталып, өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білімді өресі биік, денсаулығы мықты өкілдер болады деген сенімі бүгінгі тәрбие мен білім өзегін бала бойына қалыптастырар тәрбие ошағына артқан жүк екені сөзсіз. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру жүйесіне, даму бағытына тікелей байланысты екені белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытуға қызмет ететін білім мен тәрбие негізі бастауышта, барша білімнің іргетасы да осында қаланады десек те білім мен тәрбие өзегі балабақшадан бастау алатынын бүгінгі күллі білім беру әлеміне дәлелденіп отырғаны айқын.Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілікпен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз абзал. Тағылымды тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын, ұлтжандылық пен адамгершілікті жүрегіне ұялататын тәрбие ошағының қазіргі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі қомақты. Ғибратты сөздердің елегінен жақұттарын, інжу терген халқымыз бала тәрбиесінің маңыздылығынан түйінді сөз, салиқалы ой өрбіткен. «Бір жылдығыңды ойласаң, арпа ек, он жылдығыңды ойласаң, тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала тәрбиеле», — деген дана сөздің асылдығы үкілеген үмітіміз – бала келешегіне аса мән бергенін аңғарамыз.

Балабақшаға келген бөбектер үйренгенше өздерін әртүрлі ұстайды. Біреулері жаңа жағдайға тез бейімделеді, ал кейбіреулері көндіге алмайды, енді біреулері қорқақтық танытады., қайсарлық пен қарсылыққа баратындары немесе енді біреулері үлкендерге айқайлап, жылап, ашуланып қайткенде де өзінің дегендігін орындатқысы келетіндері де бар. Мұндай жағдай баланың отбасында алған тәрбиесіне байланысты. Бір бала тым ерке болса, екіншісі орынсыз тыйымнан, жазалаудан жасық болып қалған үйдегі ересектердің балаға әрқайсысы әртүрлі талап қою әсерінен де оның мінезі құбылмалы күй кешеді.

Бүгінгі таңда бес – алты жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата – аналар мен ұстаздар қауымын ерекше толғандырады.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту тұжырымдамасында» бес – алты жастағы бала міндетті түрде мектепке дейінгі дайындықтан өтіп баруы тиіс»- делінген. Онда баланы оқыту бағдарламаның үйлесімділігі бала денсаулығына назар аудару, баланың оқуға, білімге құштарлығын арттыру көзделген. Салауатты отбасы — өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында дамып, байытыла түседі. Тәрбиенің бастапқы әліппесі бала отбасында қалыптастырады.Онда адамгершілік, ізгілік тәрбиесінің негізі қаланады. Отбасы адам баласының дүниеге келгенінде есігін айқара ашып, енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын алтын бесігі. Бала тәрбиесі – отбасынан басталып, балабақшада жалғастырылады. Балабақша мен ата – ананың бірлесіп жұмыс жасағанының ұтымды жағы көп. Біздер балабақша да үйреткенімізді үйде ата – ана әрі қарай жалғастырса, бізге де жақсы. Ата – ана да баласыны не үйреніп жүргенін, дүниетанымын қалай өсіп келе жатқанын біліп отырады. 

Балабақша — мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме. Мұндай мекеменің ең алғашқы үлгісін неміс педагогы Фребель (1702—1852) ұйымдастырған (1837). Еліміздегі тұңғыш Балабақша Алматы қаласында 1917 жылы ұйымдастырылып, онда 100-ге тарта бала тәрбиеленді. 1919 — 1920 жылдары Қызылорда, Торғай, Орынбор, Орда, Қостанай қалаларында 115 Балабақша жұмыс істеді. 1997 жылы ҚР бойынша барлығы 1419 Балабақша жұмыс істеп, 162.2 мың бала тәрбиеленді. Олардың 425-і (18,2 мың бала) қазақ, 994-і (114,0 мың бала) орыс тілдерінде тәрбие жұмысын жүргізді. Балабақшада тәрбие, білім беру жұмыстары баланың жас ерекшелігіне, күн режиміне сәйкес жасалған бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады (қазіргі Мектеп жасына дейінгі тәрбие). Тәрбие жұмыстарын арнайы мамандықтары бар тәрбиешілер жүргізеді. Балабақшадағы балалар 2-ден 3 жасқа дейін — бөбектер тобына, 3-тен 4 жасқа дейін —cәбилердің 1-тобына, 4-тен 5 жасқа дейін — сәбилердің 2-тобына, 5-тен 6 жасқа дейін — естиярлар, 6-дан 7 жасқа дейін — мектепке даярлық топтарына бөлінеді. Балабақшалар бюджеттік, гимназиялық, жекеменшіктік, коммерциялық, т.б. негізде жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.


Қазіргі таңда Орал гуманитарлық техникалық колледжісінің «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығының студенттері баланы тәрбиелеуде өмір талап етіп отырғандай, заманына сай зерделі, саналы, жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруда тәрбие беру мен оқытудың үздік әдістерін қолданып келеді. Бұл бағытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты басшылыққа ала отырып оқу – тәрбие жұмыстары жүргізілуде.

Талапқа сай жан – жақты дамыған ой — өрісі жоғары жас ұрпақты қоғамға бейімдеп дамыту барысында балабақша ұжымы алдында тың іс, игі бастама межелі мақсат, күрделі міндет тұрғаны белгілі. Олай болса бүгінгі тәрбиеленуші еліміздің ертеңгі тұтқасы десек, егеменді еліміздің болашағын тәрбиелеуде баршамыз тыңғылықты еңбек етіп, қомақты үлес қосуымыз қажет. Бала жанының бағбаны- тәрбиеші қауымының жүйелі жұмыс жүргізуіне мол мүмкіндік туғызу басты міндетіміз. Атап айтсақ, балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға үлкен басымдық беріледі. Баланың өмірінде 3 жастан 5 жасқа дейінгі аралықтағы кезең ерекше орын алады. Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық істеріне толық құқықты қатысушы ретінде ата – аналармен жұмыс жүргізудің жаңа әдістерін қолдану қажеттілігі туып отыр. Осы мақсатта ата — аналармен бірге тренингтер, пікір сайыстар, дөңгелек үстелдер, отбасылық сайыстар, танымдық – тәжірбиелік шаралар өткізіліп тұрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің      2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен  бекітілген   «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

      5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.
      6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:
      1) баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толыққанды физикалық дамуын, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері негізінде салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыруды;
      2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін құруды және кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуді;
      3) тілді және ана тілін, қатынас мәдениетін дамытуды, сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындауды;
      4) мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, мінез-құлық нормалары мен ережелері, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыруды;
      5) өз Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеуді;
      6) балада қоршаған ортаның тұтас бейнесі, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруды;
      7) баланың танымын дамытуды, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды;
      8) баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді.
      7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мынадай бес білім беру саласын қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
      8. Білім беру салаларының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, балалардың өзіндік іс-әрекеті және ересек адам мен баланың бірлескен іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
      9. «Денсаулық» білім беру саласы
      Мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуді тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық сапаларын қалыптастыру.
      «Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:
      1) дене шынықтыру;
      2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология.
      10. «Коммуникация» білім беру саласы
      Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағы ортамен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.
      «Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
      1) тіл дамыту;
      2) көркем әдебиет;
      3) сауат ашу және жазу негіздері;
      4) мемлекеттік, орыс және басқа тілдер.
      11. «Таным» білім беру саласы
      Мақсаты: танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды проблемаларды шешуде қолдануға қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыру.
      «Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
      1) сенсорика;
      2) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
      3) құрастыру;
      4) экология негіздері;
      5) қоршаған ортамен таныстыру.
      12. «Шығармашылық» білім беру саласы
      Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық саласы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту.
      «Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
      1) сурет салу;
      2) мүсіндеу;
      3) жапсыру;
      4) музыка.
      13. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
      Мақсаты: әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасқа қабілетті әлеуметтік-бейімделген, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
      «Әлеуметтік орта» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
      1) өзін-өзі тану;
      2) қоршаған ортамен таныстыру;
      3) экология;
      4) көркем әдебиет.
      Мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен топтарында «Қазақ тілі» пәні ұйымның қалауымен басқа пәндерге ауыстырылады.


«Педагогика және психология» кафедрасының 2013-2014 оқу жылына бекіткен «Жас тәрбиеші» үйірмесі туралы мәліметтері

Кафедра атауы: Педагогика,психология

Клубтың, үйірменің атауы: «Жас тәрбиеші»

Клубтың құрылған жылы: 2010

Бағыты: жас тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру

Қатысатын студенттер саны: 25

Жетекшісі туралы мәлімет (аты-жөні, ғылыми дәрежесі) Бексариева Жазира Сабетбековна, Педагогика, психология және мектепке дейінгі педагогика, психология, жеке әдістемелер пәндері оқытушысы

Байланыс телефоны және электронды адресі: 21-39-50, сот: 87014465806, jozi-84

Педагогика психология кафедрасының «Жас тәрбиеші» студенттер үйірмесінің 2013-2014 оқу жылына жоспары

Үйірменің жұмыстары

Орындалу мерзімі

Шараның түрі

Орындалуына жауапты

1

Үйірме жұмысының жоспарын бекіту, үйірме мүшелерін сайлау, жұмыстың мазмұнын талқылау. Кел танысайық .

Үйірме мақсаты, міндетімен таныстыру.

Қыркүйек

Танысу кеші

Үйірме жетекшісі, 1аКДО,1вКДО,1гКДО,

2кбКДО,2бКДО топ студенттері.

2

«Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» бөлімінің 1 курс студенттерін колледжі қалашығымен таныстыру

Қазан

Экскурсия

Үйірме жетекшісі


3

«Ұстаздық менің жүрек қалауым»

Қараша

Кездесу кеші

Үйірме жетекшісі, 1аКДО, 1аРДО, 3бКДО топтары

4

«Ертегілер еліне саяхат»

желтоқсан

театр ұйымдастыру.

Үйірме жетекшісі, үйірме мүшелері

5

«Қазіргі таңдағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудегі» жаңалықтар» ақпарат журналдарға шолу

Қаңтар

Семинар

Үйірме жетекшісі, үйірме мүшелері

6

«Әлемді өзгертем десең - өзіңнен баста!»

Ақпан

Тренинг

Үйірме жетекшісі, үйірме мүшелері

7

«Ең үздік жас тәрбиешілер тобы»

Наурыз

1-2 курс студенттері сайыс

Үйірме жетекшісі, үйірме мүшелері

8

«Қазақстанның болашақ балабақшалары» жоба қорғау

Наурыз

сайыс

Үйірме жетекшісі, үйірме мүшелері

9

«Қазір біз сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында бақыттымыз!»

Сәуір

Стелла алаңына саяхат

Үйірме жетекшісі, үйірме мүшелері

10

Үйірме отырысының қорытындылау кеші

Мамыр

Қорытынды кеш

Үйірме жетекшісі, үйірме мүшелері


Үйірме жетекшілері қызметінің ережесі

Жалпы ережелер

Ереже ҚР Білім туралы Заңы, ҚР Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жөніндегі кешенді бағдарлама, ҚР Бала құқығы туралы Заңы, ҚР Жастар туралы Заңы, Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің ішкі ережесі негізінде жасақталған.

Аталған ереже үйірме жетекшілерінің құқықтық-нормативтік және әдістемелік-ұйымдастырушылық әрекетін анықтайды.


Үйірме жетекшісі қызметінің негізгі міндеттері

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашуға, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасау;

Тәрбие жүйесінің бір бөлігі ретінде топ ұжымын қалыптастыру;

Топта әр түрлі ұжымдық-шығармашылық жұмыстарды жүзеге асыру, студенттердің қоғамдық жұмыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

Студенттердің жеке тұлғалық дамуын қалыптастыру, бос уақытын ұйымдастыру.


Үйірме жетекшісінің атқаратын міндеттері

3.1. Ұйымдастырушылық

Колледж әкімшілігі бекіткен жоспарлау талаптарына сәйкес топтардағы студенттермен жұмысты ұйымдастыру;

Құжаттарды рәсімдеу;

Студенттерді ұжымға біріктіру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін, дарындылығын анықтау;

Үйірме мүшелерімен жүйелі түрде отырыстар, тәрбиелік шаралар, әңгімелесу сағаттарын ұйымдастыру;

Тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті жағдайлар қалыптастыру мақсатында үйірме мүшелерінің жастар қоғамдық бірлестігімен байланысын қамтамасыз ету;

3.2. Коммуникативтік:

Үйірме мүшелері арасында тұлға аралық қарым-қатынастарды реттеу;

«студент-оқытушы» жүйесінде оңтайлы қарым-қатынас орнату.

3.3. Аналитикалық:

Үйірме мүшелерінің үйірме жұмыстарына қатысуын қадағалау;

әр студенттің жеке тәрбиесіне баға беру және талдау;

студенттердің жеке тұлғалық қабілеттерін зерттеу;

ұжымның және жеке студенттің тәрбиесіне баға беру.

3.4. Іс-қағаздарын жүргізу:

жылдық үйірме жұмысы жоспарын жасақтау;

Үйірмеде жүргізілген шаралардың материалдарын дайындау.

үйірменің есептерін дайындау.

Үйірме жетекшілерінің құқығы

Үйірме жетекшісінің құқығы бар:

Колледждегі тәрбие және үйірме жұмысы жоспарын талдауға қатысады және ұсыныстар енгізе алады;

Үйірме атынан колледжішілік шараларды ұйымдастырады және шараларға қатысады;

Үйірме мүшелерімен келісілген тәрбие жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды Тәрбие Кеңесіне жеткізе алады.

Топ жетекшілерінің жауапкершілігі

Орал гуманитарлық-техникалық колледж Уставын және ішкі еңбек ережесін, колледж басшысының бұйрығын, қызметтік міндеттемелерін себепсіз орындамағаны үшін еңбек заңында анықталған тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Айына 2 рет үйірме жұмысын өткізеді.

Үйірме жетекшілерінің кәсіптік деңгейіне қойылатын талаптар

әлеуметтік және жалпы педагогика, жалпы, әлеуметтік және жас ерекшелігі психологиясы бойынша біліктілігі мен іскерлігінің болуы

тәрбиенің жеке тұлғаға ықпал ету технологияларын игеруі, тәрбиенің теориялық негіздерін білуі.

білім беру мәселесіне қатысты заңнамалық актілерді, тәрбиенің кешенді бағдарламасы бойынша талаптарды білуі;

ұйымдастырушылық қабілеті мен дағдысының болуы;

коммуникативтік қабілеттерінің болуы.

Студенттердің дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін шыңдай білуі.

«Жас тәрбиеші» үйірме жұмысының жоспары бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің студенттері арасында «Қазақстанның болашақ балабақшалары» атты жоба қорғау шарасы өтті.
Мақсаты: Жас тәрбиешілерге кәсіптік шеберлігін,оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін,әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас тәрбиешілерге өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас тәрбиешілердің мотивациясын арттыру.
Міндеті:

1.Жас тәрбиешілерге өз әрекетінің мәнін ашып, ойды дамытуға мүмкіндік туғызу.

2.Іскерлік қарым – қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.

3.Жаңа технологияның оңтайлы әдістерін қолдана білуге үйрету.

4.Жас тәрбиешілерге өз іс әрекет нәтижесін жобалай білу тәсілдерін меңгеру.

Әдісі: іскерлік ойын, миға шабуыл, топтық шешім қабылдау, тренинг.

Сайыс соңынан жас тәрбиешілер білуге тиіс: жаңа технологиялармен танысады; қазіргі кезеңдегі жаңа технологиялармен жұмыс жасауға бағыт – бағдар алады; оқытудың мақсатын айқындай алады, оңтайлы әдістерін меңгереді; жаңа іскерлік қарым – қатынас құра біледі.

Күтілетін нәтиже: жас тәрбиешілердің жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады, зерттеумен айналысады, іс – әрекет нәтижесін жобалай білуі қалыптасады.

Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдеге бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: — «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры [5].

Еліміз жыл сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділік те бізде мол.

Қолданылған әдебиеттер.

  1. 1. РҚ МЖЖБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

  2. Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова, Ф. Ниязбекова және т.б. Балбөбек. Қазақ балабақшаларына арналған бағдарлама. Алматы, 2006.

  3. Усова А.П. Роль игры в организации жизни и деятельности детей. «Дошкольное воспитание», 1965, №10.

  4. Нагибин Ю. Азбука подвига. М.: Просвещение, 2002.

  5. ҚР бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. – Қарағанды 2006.

  6. Журнал «Дошкольное воспитание». №2/2009.









Краткое описание документа:

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. 

Автор
Дата добавления 22.01.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1833
Номер материала 328227
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх