Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Жасай бер айбынды қазақ тілім"!

"Жасай бер айбынды қазақ тілім"!

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«ЖАСАЙ БЕР, АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІМ МЕНІҢ!"


Мақсаты: Мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, оның мәртебесін биік ұстауға,

тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбары, еліміздің елдігін

танытатын тілі мен өнері екендігін терең түсінуге, жас өркеннің ой-

өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, Қазақстанда

тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген

сыйластығын, ұлттық қарым-қатынасын нығайтуға, қазақтың ақын-

жазушыларын құрметтеуге, халықтар достығын, ұлтаралық қарым-

қатынасты сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тіл туралы ұлылар ойлары, газет, слайдтар, шарлар, фанфара;

Түрі: Салтанатты кеш


Кештің барысы:

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.


1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын!


2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті тіл жанашырлары!

Тілің -халқың, Халқың - тілің! Қос егіз!

Екеуінің саясында өсеміз.

Халық пен тіл - жасай берер қос емен,

Саясында көгереді көсегең!

Сіз бен біз де бұл дүниеден көшеміз,

Жасай бермек, жасайды сол қос егіз!

Қадірменді жиналған қауым! Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Жасай бер, айбынды қазақ тілім менің!» атты тіл апталығының салтанатты жабылуына қош келдіңіздер!


1-жүргізуші:

Тіл- ұлттың жаны, асыл қазынасы. Достықтың Отаны Қазақстан Республикасында тұрақтанған барлық ұлт өкілдерінің ортақ мерекесі- тілдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Тілім саған әрқашанда бас иемін,

Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,

Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,

Ұмытпайық бабалардың өсиетін.

Отан, халық, тіл - сан ғасырлық жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтап, Отанымыз бен халқымызды құрметтеуіміз керек.

2-жүргізуші:

Әр адамда өз анасынан басқа,

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада.

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасиетті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.


1-жүргізуші:

Қазағым тіліңменен жана берші.

Әуендетіп, әніме сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін- қазақ тілі.

Көкейімде жатталып қала берші.

Ән. «Ана тілім».

Орындайтын 106 "Мейірбике ісі" тобының студенті Қаржаубаева Альбина


2-жүргізуші:

1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін берді. 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қайта талқыланды. Сөйтіп сол жылы шілденің 7-сі күні «Қазақстан Респуликасындағы тілдер туралы» жаңа Заңы қабылданды. Бұл заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып есептеледі. Қазақ тілінің қолдану шеңберінің кеңейту үшін Республикада «Тілдерді қолдану және дамыту бағдарламасы» дайындалды.

Жыл сайын қыркүйектің 22-сі күні «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі тойланады.


1-жүргізуші:

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына жолдаған жолдауында «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде деген болатын». Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз да туған тіл. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің өз дәрежесінде болып, баршаға ортақ қажеттілік, қолданыс аясын кеңейту, тіл мәртебесін көтеру - өз халқына, тарихына жаны ашитын әрбір азаматтың борышы.

Сол тілІммен дүниені атадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.


2-жүргізуші:

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.


1-жүргізуші:

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.

Кіршіксіз қардай сақтаңдар.

Қазақтың тілін ғаламат,

Ана тілім арым, иманым

Аманат саған, аманат.

Қалалық "Жас дарын" конкурсының, облыстық патриоттық әндер байқауларының лауреаттары Мүсіров Ермек пен Медиев Нұрсұлтанның орындауында Ибрагим Ескендірдің "Аманат" әнімен қарсы алыңыздар.


2-жүргізуші:

Қуан, далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

Тіл туралы Заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан, бабам! Қуаныштың күні бүгін!

Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар!»

«Халық жауы» атандың-ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолында.


1-жүргізуші:

Қуан анам! Ұзағынан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.

Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді,

Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.

Қуан, балам! Туған тілдің киесі

Жебеп сені болғаныңа иесі.

Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс

Дүниеде тіршіліктің жүйесі.

Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,

Сүйінші деп ақын ұлың жырлады

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.


2-жүргізуші:

Тіл – ұлттың белгісі, халықтың жаны, асыл мирасы, тарихи-дүниетаным құралы. Қазақ тілі- адамдық мұратқа жеткізетін, дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас,- деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен осы - қасиетті тіліміз.

Тіл деген қасиетті ұғым екен,

Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,

Ұмытпайық тілімізді ешқашан.

Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.


1-жүргізуші:

Жиналған қауым таң қалсын,

Ән бимен шашу шашылсын.

Мың бұралған биші қыз

Бименен кешті жалғасын, дей келе келесі кезекті биге береміз.

Қазақ биі


2-жүргізуші:

Тілім менің,

Жауға айбарым, ұраным, туым менің.

Найзасымен тең ұстап осы тілді,

Намысымды қорғады Сырым менің.

Тілім менің,

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.


1-жүргізуші:

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.


2-жүргізуші:

Тілім саған әрқашанда бас иемін,

Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,

Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,

Ұмытпайық бабалардың өсиетін.


1-жүргізуші:

Ең бірінші бақытым-халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын аянбаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің,

Ал екінші бақытым –тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім, - деп Мұқағали ағамыз тіл қадірін, қасиетін ерте түсініп, жырға қосқан.

Нұртуғанның "Кәнекей тілім, сөйлеші" термесін 107 «Сестралық іс» тобының студенті Төлепова Ақтұрсынның орындауында қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші:

Тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі ғалымдардың зерттеуі бойынша өткен ғасырдың басында дүние жүзінде 8 мың тіл болған деп болжайды. Сол тілдердің қазіргі таңда 2 мыңы ғана қолданыста, қалған тілдер ірі тілдерге жұтылып, өлі тілдер қатарына өтті. Оның тек 200-ден астамы ғана мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Тәубе, соның ішінде – Қазақ тілі бар.


Ана тілім – абырой, ар-намысым,

Тілім болса болады қолда күшім.

Тіл болмаса қалайша орындалар,

Арман – ойым, мақсатым, алдағы ісім.


1-жүргізуші:

Қайта туды қазағымның ай-күні,

Күннен-күнге асар ма екен айбыны.

Ғасырларда өттік талай кешуден,

Қатар көріп, шаттық, табыс, қайғыны.

Алтын бесік, ағайын, жұрт, туғаным,

Дос бөліссе, қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық, іс жүзіне Тіл Заңын!


2-жүргізуші:

Тәрбие – анамның тілінде.

Әр жүйе – саналы білімде.

Адалдық – киелі дінімде.

Адамдық – жүйелі ділімде, дей келе ендігі кезекті колледжіміздегі "Ақындар" клубының мүшелері дайындап келген қазақ ақын- жазушыларының тіл туралы жырлаған өлең - жырларына берелік.


1-жүргізуші:

Тілім менің, ғасырлардан аманат!

Аманатқа аман болсын қолғанат.

Ар-намысқа келтірмейік жаман ат.

Қазақ болып туылдың ба?

Ендеше,

Өз тіліңді өзгелерге бағалат!-


2-жүргізуші:

Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Былайғы жерде егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.


1-жүргізуші:

Тілім барда қазағым бар, халқым бар!

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар!


2-жүргізуші:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!


1-жүргізуші:

Тіл – әрбір ұлттың заңы, сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде.

Сахна төріне 313 «Сестралық іс» тобының студенті Сұраншиева Сарбиназды «Рух пен тіл» әнімен шақырамыз, қарсы алыңыздар!

Ән мен сөзі Мұхтар Шахановтікі


2-жүргізуші:

Тілім, дінім, мақтанышым, шаттығым,

Үнім барда пәк көңілде жоқ мұңым.

Қазақ болып, қазақ тілім болмаса,

Не етемін өзге тілдің көптігін.

Тілім, дінім, самғасын, шарықтасын,

Самғаудан еш уақыт жалықпасын.

Өз алдына өмірден теңдік алған,

Ана тілім көгімде қалықтаған.


1-жүргізуші:

Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей,

Аңқылдап есіп тұрады.

Қазақ тілінің биязы үні

Домбыраның күмбір қаққан сазыңдай

Асқақ әуенділігі шырқап салар әуендей- деп Әйтеке би айтқандай келесі күйге кезек берейік.

Күй.


2-жүргізуші:

Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім!

Сенімен тоқсан толғап тебіренем.

Сенімен елім үшін еміренем,

Сенімен өмір дархан, өмір ерен.


1-жүргізуші:

Сенімен өмір – тарих, өмір - өлең.

Сенімен сарапталған шешендігім,

Сенімен мадақталған көсемдігім.

Сенімен ел алдында еңсем мығым,

Сенімен көк теңізін кешем бүгін.


2-жүргізуші:

Сенімен Махамбетті, Абайды ұқтым,

Сенімен Жамбыл жыры – арайды ұқтым,

Сенімен мейірімді ананы ұқтым,

Сенімен мейірімді даламды ұқтым.

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.


1-жүргізуші:

Ән салса, айтса таң қаларсың,

Ән сөзін 99 қайталарсың.

Осындай ән туғызған қазақғымды,

Қалайша тар пейіл деп айта аларсың, - деп кезекті әнге береміз.

Ән.


2-жүргізуші:

Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі ол тіл мемлекеттің иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы мұхтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт дей келе, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы ана тілімізге жанашырлық танытып, қадірлей білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Ендеше халқымыздың мұрасы, ұлттық белгіміздің мәртебесін көтерейік.


1-жүргізуші:

Ал, мен сөзімді Мұхтар Әуезов атамыздың сөзімен аяқтағым келіп тұр. «Көген қазағыма қаратып мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: «Ақырғы рет діліңізді айтыңызшы , Мұхтар» десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше болмақ: тас үгіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасап келе жатқан асыл мұра сөзімізді арзандатып алмайық. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып, бүгінгі «Жасай бер, айбынды қазақ тілім менің!» атты салтанатымызды қорытындылауға Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сөз кезегін береміз.


2-жүргізуші:

Уа, халқым, алдыңда ұлы күндер

Тәуелсіздік, теңдікке жүгініңдер!

Білімің де, үнің де азат бәрі,

Ұрпақ үшін ұран сап жүріңдер! –

деген тілекпен бүгінгі салтанатты кешімізді аяқтаймыз.

Ыстық ықыласты көңілдеріңіз үшін сіздерге зор алғысымызды айтамыз.


Екеуі қосылып:

Тілім менің-тірлігім,

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің, тілім менің-тірлігім!


Ән «Жаса, жаса, қазақ тілі». Орындайтын 213 ""Мейірбике ісі" тобының студенті Айбасова Гүлзат



































Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров99
Номер материала ДВ-267851
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх