Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Жақсы деген немене, жаман деген немене?

библиотека
материалов

Төрлет, төрлет, Жаңа жыл!

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Екі жүргізуші ортаға шығады.

І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!


ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, қымбатты оқушылар!


І жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Мешін жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

 

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!


ІІ жүргізуші: О, Жаңа жыл! Менің айтар әнім көп,

Қазақстан тұрған жоқ па сәнім боп.

Бар халықпен достығымыз жарасып,

Өтейікші бірге туған бауыр боп.


(І жүргізушіге) Білесің бе Айым, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.


І жүргізуші: Дұрыс айтасың, Гүлназ, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!


ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп басшысы Омарова Ғалия Қарақұлқызына береміз.


ІІ Жүргізуші: Жаңа жылым, жаңа жауған қардай бол,

Жақсы тілек адамдарға арнай бер.

Қуат алып әр жыл сайын арманым

Биіктерден биіктерге самғай бер.

І- жүргізуші:

Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «» жырын айтайық.


ІІ- жүргізуші: Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған Қой жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың? - Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.


Бәрі: Хош келдің ескі жыл.


Ескі жыл: Ауылдастарым, достарым,

Алғысым көп айтар менің.

Дәл осындай, артығырақ,

Қарсы алыңдар мешін жылын.


І- жүргізуші: - Ескі жыл сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.


ІІ-жүргізуші: Би билейік бұралып,

Қыздар тұр сұранып.

Мен де тұрмын құр қалып,

Шаттанайық қуанып. - Ескі жылымыздың құрметіне 2-4 сыныптың орындауында би. Қарсы алыңыздар. (Би биленеді)


І- жүргізуші: Әншіде құс үні бар,

Кірсең кештің сәні бар.

Салайықшы шарықтап.

Жаңа жылдың әніне

Ал ағайын тұрмайық

Жаңа жылды жырлайық. (Ән айтылады)

І жүргізуші:  Өзінің құттықтау әнімен ортаға әншілеріңіз (ұл, қыз) келіп тұр екен, қарсы алыңыздар!Музыка қосылады. Бірақ әншілер әнді айтпайды.

Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.


ІІ жүргізуші: Ойбууууй, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық. Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!


ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

(Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.)

Аяз ата: 

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын жапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстіктен бұғымызға шанамызды жеге салып Жаңа жылды алып келіп тұрмыз.


ІІ- жүргізуші: Сыңғырлашы сырнайым,

Жаңа жылды жырлайын.

Шашбаулы қыз сырғалы,

Ақша қарды тыңдайық.

Ақша қар: Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар!

Өздеріңді сағынып келдік,

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Өтіп кеткен қой жылымызға аман есен саулық тілеп,

келер жылымыз - мешін жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.


І- жүргізуші: Қуанышпен келдіңіз бе, Жаңа жыл?!

Мен де саған арнайыншы жаңа жыр.

Есік ашық, дастарқаным жаюлы,

Қарсы алуға не керектің бәрі әзір.

ІІ-жүргізуші: Басталарда жаңа әлем,

Құйылады жаңа нұр.

Жүрекке арман бөлеген,

Қош келіпсіз, Жаңа жыл!

Мешін жылы: Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық,

Жаса, жаса достық, бірлік, туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық.


(Ортадан ескі жыл шығады)

Қой: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім:

Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат

Алдыңғы сапта боларсың

Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)


Мешін жылы: Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар

Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар

Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.

ІІ жүргізуші: 

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.

Аяз ата:

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші балам, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

(Ән салынады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.) (ән айтып болғанда сырттан үш ергежей кіріп келеді)


Ергежей 1: Аяз ата өзіңізді әрең таптық қой!

Аяз ата: Әй жүгірмектер сендер неғылдеп жүрсіңдер? Қайтыңдар. Қалай жеттіңдер бұл жерге.

Ергежей 2: Біз сіздің кәрі бұғыңызды жегіп, сонымен келдік.

Ергежей 3: Сіз бізді қалай қайтармақ болсаңызда, біз қайтпаймыз. Кәрі бұғы шаршап әлсіреп қалды. Оған демалуға уақыт керек.

Аяз ата: Тоқтаңдар! Сендер бұларың үшін жауап бересіңдер.

Ергежей 1: Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерімізді байқамайсыз. Бүгін ақыры сәті түсіп тұр екен, біз де осы балаларға өнерімізді көрсетейік. (Бәрі жамырай шулай кетеді)

ІІ жүргізуші: Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Оларға несін ренжисіз. Оданда бұларда да өнер бар екен, ендеше біздің оқушыларга корсетсін.Сіздің көмекшілеріңіздің өнерлерін тамашалау. біздер үшін ең жақсы сыйлық. Қане оқушылар сендер Аяз атамыздың көмекшілерінің өнерін тамашалағыларың келе ме?

Оқушылар : Иә

Аяз ата: Жаксы. Ендеше өнерлеріңді бастаңдар. (Ергежейлер өнер көрсетеді)

Аяз ата: Ой бәрекелді! Осынау ерекше кешті бірінші рет көрдім. Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүр екенбіз ғой.

1-жүргізуші: Рахмет сендерге. Сендердің де өнерлеріңді тамашаладық.

Енді алыстан ат терлетіп келіпсіздер, біздің оқушылардың да өнерін көріңіздер


ІІ жүргізуші:  Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!-дей келе ортаға

даярлық топ балаларын шақырамыз


І жүргізуші: О, Жаңа жыл! Сенсің менің асылым,

Қуанғаннан теңіз болып тасыдым.

Бақытыңды туған елге төгебер,

Жаңа туған менің жаңа ғасырым!-дей келе сахнаға

« .»сынып оқушыларын шақырамыз


ІІ жүргізуші: Қараңыздар, жаңа жылдың ақ таңын,

Тым ерекше гүл жайнайды бақтарым.

Жалғыз тілек: қазақ халқы өсе бер!

Сенің арқаң ел боп менің  жатқаным! –сахнада « .»

сынып оқушылары, қарсы алыңыздар.

І жүргізуші:  Жаңа жыл-жаңа ниет, жаңа күнсің,

Ғаламға ғашық болған жанарымсың.

Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,

Шаттықтың шарайнасы бола білгін!-келесі кезек « .»

сыныптың балаларында.

Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар.

Сонда барайын.

Сендерге көп рахмет.

Өнерлерін өрге жүзсін.

Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.

Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.


І-жүргізуші: Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

ІІ-жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз. (Аяз ата, ақша қар кетеді. )


І-жүргізуші:Құрметті достар!

ІІ-жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І-жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын!

ІІ-жүргізуші: Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін.

І жүргізуші:  Еңбектеріңіз жемісті болсын.

ІІ-жүргізуші: Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-366320

Похожие материалы