Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалы"Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" тақырыбындағы сабағының рефлексивті есебі.

"Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" тақырыбындағы сабағының рефлексивті есебі.

Скачать материал

 

Ембі қалалық №2 орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің  тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған " С.Аронұлының өмірбаянына шолу."Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" тақырыбындағы сабағының рефлексивті есебі.

 

      Қазақ әдебиеті пәнінен С."Аронұлының өмірбаянына шолу."Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" тақырыбындағы  6"а" класында өткізетін сабағымды жоспарлау барысында,оқушылар ақынның өмірі туралы мәлімет алады;өлеңінің идеясын түсінеді; мәнерлеп оқуға бейімделеді деген нәтижелер күттім.Түйінді идея ретінде "Жақсылар жақсымын деп айта алмайды,Жамандар жақсымын деп айқайлайды,"-деген өлең жолдарын алдым.

    Сабағымды бастамас бұрын "Әңгімеге бастау жасайтын және оны бақылап отыратын адам мұғалім"(Мерсер,Нұсқаулық,41-б.)деген қағидасына сүйеніп,оқушылармен амандасып, "Сіз маған ұнайсыз" жаттығуын жасаттым.Оқушылар шеңбер құрып, қасындағы сыныптасының бойындағы ұнататын қасиетін айтты. Барнстың "Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді" деген сөзін (39-б.)ескере, ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру  арқылы, оқушылардың өз күші мен уақытын аямастан қызығушылықпен жұмыс істейтіндей жағдай туғызып, ішкі уәждерін қалыптастыруды көздедім. Осы жұмыс арқылы мен оқушылардың сыртқы уәжді қалай қабылдай алатындығын байқадым.Олар бір-бірінің адами қасиеттерін айтуы, менің де  оқушылардың  мінез-құлқы,қасиеттері  туралы біршама мәлімет алуыма септігін тигізді.

      Шанк пен Циммерманның балалардың өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін қалыптастыруға баса назар аударғанын (Нұсқаулық,45-б.) негізге ала отырып, оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеруге жағдай жасап, сыныпты "Жақсы қасиеттер", "Жаман қасиеттер","Мақалды жалғастыр",- деп үш топқа бөлдім.Оқушылар таңдаған стикердегі сөздің мағынасын ашты. Осы тұста мен "Мысал келтіре аласың ба?","Көмектесе алатындар бар ма?" деген сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтарын қойып, оқушыларға бағдар  беріп отырдым. Сұрақ қою барысында Харгривс пен Гэлтонның "Сұрақ қойылғаннан кейін шамамен екі секундтай кідіру керек" (Нұсқаулық,42-б.)деген сөздерін басшылыққа алып, сұрақ қойғаннан кейін кідіріс жасап, оқушыға ойын жинақтап жауап беруге мүмкіншілік бердім.Бірінші топтағы, сабақта белсендік көп таныта бермейтін,Еркебұлан есімді оқушым стикеріндегі "адамгершілік" деген сөздің мағынасын "Адамгершілігі бар адам жан-жағындағы адамдарға қастандық ойламайды, қиналған сәтте қол ұшын береді",-деп, мен күтпегендей, сөздің толық мағынасын ашты.Екінші топтағы, сабақта өз ойын ашып айта бермейтін балалардың бірі, Жібек есімді оқушым,"өсек айту" деген стикеріндегі сөздің мағынасын түсіндіргенде, "Өсек таситын адамдар екі адамның арасын

 

алшақтатады. Бұл - жаман қасиет"-деп ойын тұжырымдады. Бұрын сыныпқа көп араласпайтын, үшінші топтағы Дархан есімді оқушымның стикерінде "Білекті бірді жығады",-деген мақалдың басы берілген болатын.Ол көп ойланбастан:"Білімді мыңды жығады",- деп мақалды жалғастырып, "Күші көп адам бір адамды жеңеді, ал білімді адам бірнеше адамға ақылын айтып, оларға басшылық жасай алады",-деп мысал келтіріп, мақалдың мағынасын ашты.Оқушылардың жауабын "жарайсың", "өте жақсы",-деп бағалап отырдым.

      Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу  оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі"(41-б.) екенін назарға алып, оқулықта берілген Сүйінбай Аронұлының өмірбаянын"Үштік модель" әдісін пайдалана отырып,  топта талқылаттым. Осы сәтте әр топтан бір оқушы өз бетінше басшылық жасап, әр қайсысын жұмысқа тартып отырды. Мысалы, екінші топтағы Нұрай есімді оқушым "Сен мына тұсын айтасың","Ал сен мына мәліметті есте сақтап ал",-деп сыныптастарының сабаққа белсенді қатысуына септігін тигізіп отырды. Осы арада Выготскийдің "оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады",(28-б) -деген пікіріне көзім жетті.Ақынның өмірі туралы берілген мәліметпен оқушылар мұқият танысып, мазмұнын айта білді. Олар Сүйінбай Аронұлының өмірбаянын баяндағанда, ақынның портреті, туған жерінің бейнесі интербелсенді тақтадан  көрсетілді.Оқушылар ақын туралы оқулықтан алынған қысқаша мәліметтің  мазмұнын толық меңгергенін түсіндім.

     Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мен: Сабақты немен бастадық?"-деп сұрақ қойдым.Нұрай есімді оқушым:Бір-біріміздің қасиетімізді айтудан бастадық",-деп жауап берді.Анель есімді оқушым:"Топтасқанда да жақсы қасиеттер, жаман қасиеттер, деп топтастық, мақалдардың тақырыбы да  адамға тән қасиетер",-деп Нұрайдың сөзін толықтырды.Осы арада мен: "Біздің сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?"-деп сұрақ қойғанда, Ботагөз есімді оқушым:"Адамға тән қасиеттер",-деп сабақтың тақырыбын ашты.

     "Ойлан,бірік,бөліс" әдісі арқылы "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" өлеңін үш топқа бөліп бердім. І топқа Венн диаграммасы арқылы өлеңде берілген адамның бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді салыстыруға,ІІ топқа үзіндідегі жақсы және жаман адамның бейнесі, ІІІ топқа өлеңде берілгеннен басқа, жаман адамда тағы қандай қасиеттер болуы мүмкін, жақсы адамда тағы қандай қасиеттер болуы керек жөнінде ой толғау тапсырмалары берілді. Нұсқаулықтағы "Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз"(35-б.) деген тезис ескеріліп, талқылауға 10 минут уақыт бөлінді. "Түртіп алу"әдісі арқылы дәптердің әр жолына мағынасы түсініксіз сөздерді   жазып алуды талап еттім. Осы арада Анель есімді оқушым  Айдын мен Еркебұланға

 

"Сендер кітаптан түсініксіз сөздерді теріп жазып алыңдар, қалғанымыз әзірше түсінгенімізді постерге түсірейік",-деп әр топ мүшесіне тапсырманы бөліп берді.Сөздердің мағынасын топқа түсіндіріп жатқанын байқап, оның дарынды және талантты, сонымен қатар көшбасшылық қабілеті бар оқушылар қатарына жататынын анықтадым.Айнұр мен Диана өлеңнен адамға тән жақсы және жаман қасиеттерді теріп жазып алып отырды, ал Анель мен Ботагөз оны Венн диаграммасына салды.Осы кезде оқушылар жұптасып жұмыс жасады. Выготскийдің "оқушылардың жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек" дегенін басшылыққа алып, әр топтың қасына барып айтқандарына құлақ салып, айтқандарын қолдап, бағыт-бағдар беріп, тапсырманы дұрыс орындауына ықпалдастым.

     Екінші топтағы Аружан есімді оқушы топтың көшбасшысы болуға ұмтылғаны байқалды, дей тұрғанмен Нұрайдың көшбасшылық қабілетінің жоғары екені анықталды. Аружан топ мүшелеріне берілген тапсырманы бөле бастағанда, Нұрай жақсы және жаман адамның бейнесін сызбамен түсіндірген тиімді екенін топқа түсіндіріп, айтқанын істете білді.Үшінші топтағы Перизат есімді оқушы: "Дархан, сен суретті жақсы саласың ғой,"-деп оған сызғыш ұсынды. Осы сәтте мен Дарханның жақсы сурет салу қабілеті барын естідім,сонымен қатар оның сызбаларды сызуға бейім екенін көрдім. Нұсқаулықтың 72-бетінде бұл туралы төмендегідей делінген: "Кейбір оқушылар бір салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілетін танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері айқындай алады."

     Оқушылар өз деңгейіне сәйкес тапсырманың түрін таңдап, оны тиімді пайдалана біліп, қажет болған жағдайда көмек сұрап, сұрақтар қойып отырды. Мен өз тарапымнан, "рефлексивті агент" ретінде жұмыс істей отырып, Жером Брунер айтқандай,"орман өсіруші"-(Нұсқаулық,45-б) болдым, яғни, тапсырманы орындау барысында қолдау көрсетіп, әр топтың қасына барып, әр қайсысының пікірін тыңдай білдім. Перридің "Өздігінен реттелетін оқудың үш элементінің(46-б) аса маңызды болып табылатынын түсіндім.

·        Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;

·        Оқушылардың проблема мен мақсаттарды өздігінен айқындауы;

·        Проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.

    Постерді әзірлеу барысында әр оқушы белсендік танытып,ақылға қонымды мәлімет ұсынып, айтқандарын дәләлдеп, бір келісімге келуге тырысты. Сонымен қатар, өз ойларын дауыстап айтып,"Солай емес пе?"деген сұраққа сүйенді. Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме

 

түрлерінен құралады. Бұл топтық жұмыс түрлері Мерсердің: "Ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады", (нұсқаулық,40-б)-дегеніне дәлел болды.Дархан есімді оқушым қызығушылық танытып,"олақ"деген сөздің мағынасын сұрап, өлеңді мұқият оқып отырды.

Ақбілек есімді оқушым: "Жамандар өсек аяң айтып жүрер,Ешкімнің білмесе де қылмысын-ай,-деген сөз мана топтасқан кезде өсек айту деген сөз тіркесін Жібек түсіндіріп кетті ғой, өсек айтатын адамдар адамның жамандығын білмесе де ойдан шығарып, қосып айтып екі адамды араздастырады,"-деді.Осы тұста мен оқушылар бір-бірінің айтқанын мұқият тыңдағанын аңғардым.Постерге түсінгендерін түсіріп жатқан сәтте оқушылар уақытты үнемді пайдалана білді.Берілген уақыт аяқталған соң, әр топ постермен шығып өзінің тапсырмасын қорғады.Осы тұста әр оқушының үні естілді.Оқушылар "Түртіп алу" әдісін пайдаланып, мағынасы түсініксіз сөздердің мағынасын өз бетінше түсіндірген болатын. Мен интербелсенді тақтада алдын ала "Сөзмаржан" деп аталатын  слайдта сөздердің мағынасын жасырғанмын. Оқушылар сөздердің мағынасын слайдтағы жазумен салыстырды.Мен оқушылардың ойлауын дамыту мақсатында оларға дайын білімді ұсынған жоқпын, яғни сөздердің мағынасын әуелі өздеріне түсінуге мүмкіншілік бердім.

    Тапсырманы қорғауға әр топқа 3 минуттен берілді. Оқушылар өз жұмыстарын қорғауға алып шыққанда өздерін еркін сезінді.Бірінші топ  жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді Венн диаграммасы арқылы түсіндірді.Ботагөз есімді оқушым:" Бір адамның бойында жақсы да жаман да қасиеттер қатар болуы да мүмкін. Мысалы,өтірік айтпайтын, адал адамның бойында жалқаулық қасиеті болуы мүмкін,"-деп өз ойын қосты.Көп сөйлемейтін Айнұр есімді оқушым осы арада:"Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады" деген өлең жолында жақсы адам берген уәдесін орындайды,"-деп жақсы қасиет туралы өз пікірін айтты.Екінші топ жақсы және  жаман адамның бейнесін ақын қалай жеткізгенін баяндап, жақсы қасиеттерді қалай қалыптастыруға болатынын айтып кетті.Камила есімді оқушым:"Сүйінбай Аронұлы жақсы адамның бейнесін орыстың күймей піскен бөлкесімен салыстырған.Күймеген нан жылтырап,әдемі болып, адамның тәбетін ашып тұрады,жақсы адам да айналасындағыларға мейірімділік көрсетіп, өзіне тартып тұрады,"-деп топтың  жауабын толықтырды.Үшінші топ жаман қасиеттерге ұрлық жасау,өтірік айту,жалқаулық,әдепсіздік, сабақ оқымау деген сөздерді постерге түсіріп, әр сөздің мағынасын ашты.Мысалы,Ақжүніс:"Сабақ оқымау жаман қасиеттерге жатады.Себебі сабаққа дайындалмаған оқушы мұғалімнің берген тапсырмасын орындамайды, берген тапсырмаға жауапкершілікпен қарамайды,"-деді.Мен:"Не себепті сендер өтірік айтуды жаман қасиетке жатқыздыңдар?"-деп сұрақ қойғанда, Ақбілек есімді оқушым:"Өтірікші

 

адам өтірік айтып екі адамның арасында араздық тудырады.Бірнеше рет өтірік айтқан адам өзіне деген сенімді жоғалтады,оның айтқанына адамдар күмәнмен қарайды",-деді."Жақсы адамда тағы қандай қасиеттер болады?-деген сұраққа Дархан постердегі "Сыпайлылық, инабаттылық, мейірімділік" деген сөздерді оқып,мейірімді адам барлығына қол ұшын беріп,қиын сәтте көмек беруге дайын екенін айтып ойын тұжырымдады.

   Келесі кезекте  оқушылармен "Театр Кабуки" сергіту сәтін өткізбес бұрын, сол сергітудің кейіпкерлері Ханшайымға, Айдаһарға, Самурайға тән қасиеттерді атап өтуді сұрағанда, оқушылар "Ханшайым - нәзік, Айдаһар - қаһарлы, Самурай - ержүрек"-деген сияқты қасиеттер айтты.Еркебұлан есімді оқушым:"Қазақ тілінде "сұмырай" деген сөз қатыгез,мейірімсіз адамға қатысты айтылады ғой"-деп өз пікірін айтқанда,Эльдар деген оқушы:"Бұл жерде Самурай сөзі-жапон халқының жауынгері деген мағынада ғой,"-деп Еркебұланға сөздің мағынасын түсіндірді. Мен:"Қандай ұлт өкілі болмасын, жақсы қасиеттерді бағалап, жаман қасиеттерден аулақ болуды көздейді,қай халық болмасын, адам бойындағы жақсы қасиеттерді жоғары бағалайды"-деп,оқушылардың айтқан сөздерін қорытып, сергіту сәтін өткіздім.Кейін стикердегі "Теңеу", "Егіз сөздер","Қанатты сөздер" деген жазулармен сыныпты екінші рет топтастырдым."Ізде, тап, айт" әдісімен І топқа өлеңнен теңеу табу,ІІ топқа  өлеңнен көп мағыналы және омоним сөздерді табу,ІІІ топқа өлеңнен қанатты сөздер табу және мағынасын түсіндіру тапсырмалары берілді.

     І топтағы Ақжүніс пен Жібектің қасына барып:"Сүйінбай Аронұлы жақсы адам мен жаман адамның қасиеттерін немен салыстырған?"-деген түрткі сұрақ қойып, "Жақсы адам көрінер жыл құсындай,"-деген сөйлемге назар аударыңдаршы,ақын оқырманына жақсы адам істеген жақсылығын айтпайтынын, өзгеден артылуға тырыспайтынын жеткізгісі келіп,жыл құсымен салыстырған,"-деп мысал ретінде бір сөйлемнің мағынасын ашып бердім.

                                             

Екінші топтағы оқушылар оқулықтан көп мағыналы және омоним сөздерді әр қайсысы жеке белгілеп, кейін тапқан сөздерін тобына айтып, жауап беруге дайындалды.Оқушылар әр сөзге мысал келтіріп, дәлелдеді.Мысалы,Нұрай:"Қала деген сөз етістік және зат есім ретінде қолданылады.Бұл омоним сөз.Кірпішті қала, Ақтөбе қаласы;көр - көзбен көру және көр - мола деген мағынаны білдіреді,"-деп айтқан сөздерін 

 

 

дәлелдесе, Айдын:"Құс - ұшатын құс,екінші мағынасы құсу,лоқсу,"-деп, Эльдар:"Сақ - тайпа,сақ  -  шөптің қалдығы,"-деп мысал келтірді.

        Үшінші топтағы Әйгерім есімді оқушым "Жаманның көкірегі – көр, көзі соқыр" деген сөз тіркесін  өмірмен ұштастырып, мағынасын ашты.Ол:"С.Аронұлының өлеңінде берілген "Жаманның көкірегі көр, көзі соқыр"деген сөйлемді біздің топ қанатты сөзге жатқызды, бұл қанатты сөздің мағынасын біз жаман адам жақсылық пен жамандықты айыра алмайды,ол адасып жүрсе де,өзін тура жолда жүрмін деп есептейді,"-деп сөзін аяқтады.Ақбілек "Олақтан салақ жаман"деген қанатты сөзін түсіндіру барысында, салақтық адамның денсаулығына зиян екенін, бұл қасиеттен адам оңай құтылмай       тынын айт-ты.Дархан да бұл сабақта өз ойын айтуға тырысты, қасында отырған Диана оған көмек беріп ойын толықтырып, қолдау көрсетіп отырды.

    Келесі тапсырмада оқушылар өз тобынан мәнерлеп оқитын оқушыны таңдауы қажет болды.Оқушылар, интербелсенді тақтадағы,мен құрған бағалау критериімен танысып, мәнерлеп оқуға дайындалды.Критерий құру барысында мен оқушылардың мәнерлеп оқуын, тіл сұлулығы мен шығарма көркемдігін сезінуін, өлеңнің саз-интонациялық және нақышты-ырғақты суретін жеткізе білуін, өлеңнің аты мен авторын айтуын талап еттім.Өкінішке орай, мәнерлеп оқыған оқушылардың ешқайсысы өлеңнің аты мен авторын айтқан жоқ. Мен мұны оқушылардың толқып, сасқалақтағаны деп қабылдадым.Алдағы берілген тапсырмаларды оқушылар үш рет қол соғып бағаласа, бұл сәтте мәнерлеп оқыған оқушыны сыныптастары бас бармақпен бағалады.

    Сабақтың соңында оқушыларға "Жақсы қасиеттерді қалай қалыптастыруға болады?" тақырыбында эссе жазуды тапсырдым.Уақыттың тығыздылығына байланысты оқушылар эссені  жазып бастағанымен, ойын ауызша аяқтауға тура келді.Осы тұста Анель есімді оқушым "Жақсы қасиеттердің қалыптасуына адамның қоршаған ортасы көп ықпалын тигізеді.Баланың бойына жақсы қасиетерді ата-ана қалыптастырса, өсе келе ол өзі дұрыс немесе бұрыс жол таңдайды,"-деп ұшқыр ойын жеткізді.

   Екінші топ оқушылары осы арада өздерінің ұйымшылдығын, тапқырлығын көрсете білді. Олар эссесін "Қарлы кесек" әдісін пайдаланып, оқып шықты.

    Үшінші топтан Аружан есімді оқушым, топпен бірге жазған эссесін оқыды."Баланың бойында жақсы қасиетті қалыптастыру үшін ең басты тұлғалар ата-аналар,содан кейін мұғалімдер.Олар баланы білімге ұмтылуға,адалдыққа, әдептілікке шақырады,"- деп дәптеріндегі жазуды оқып берді.

    Сабақтың соңында "Алма ағашы"әдісі арқылы кері байланыс жасадым. Оқушыларға қызыл, жасыл және  сары түсті алма бейнесіндегі стикерлер таратылды.Оларға:"Қызыл түсті алма тақырыпты меңгермегендеріңді, сары

 

түсті алма тақырыпты меңгергендей болдым дегенді білдірсе,жасыл түсті алма бүгінгі сабақтың толық меңгердім деген мағынаны білдіреді,"-деп оқушыларға стикер тандаттым.Оқушылар жасыл түсті алманы таңдап, тақтадағы алма ағашының бейнесіне барып, стикерлерін орналастырды. Алма ағашында бір ғана сары алма болды.Ол Дарханның алмасы.Ол тақырыпты жартылай меңгергенін  қысылмай, өтірік айтуға бармай  ақиқатты бейнелегені менің бір жетістігім деп қуандым. Оқушыларға өзімнің сабақ туралы ойымды айтып, оларға алғысымды білдірдім.Үзіліс кезінде, Дархан сыныптан шығып кеткенде, сыныптастары оның  сабақта белсендік танытқанын айтып, оған "сен білмейсің,   жауапкершілігін жоқ," деген сөздерді айтпай, сенімділік білдіріп,ортаға тарту керектігін айтты.

     Сабақта жағымды ахуал қалыптасты, оқушылар өздерін еркін ұстады, өз ойларын ұялмай айтты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болды. Сабақта мақсатыма  жеттім, оқушылар анализ жасауға, мақсат қоя білуге, қорытындылауға бейімделді. Тақырып бойынша өз білімдерін толықтырды, өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыланды, бірін-бірі және өзін бақылауға үйренді. Оқушыларымның жетістіктері мені қуантты:

- білім денгейлері көтерілді;

- өз беттерінше ізденді.

   Бұл бағдарламаның менін шығармашылығымды, сыни ойымды дамытуына көмегі зор. Менің сабағыма қатысқан әріптестерім, қызығып, осы жобаға қатысуға ерік білдірді.

 

 

   

   

 

 

 

      

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" тақырыбындағы сабағының рефлексивті есебі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.09.2015 3770
    • DOCX 88 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курантаева Эльвира Магауевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курантаева Эльвира Магауевна
    Курантаева Эльвира Магауевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36405
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 54 регионов

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения немецкому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Французский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель французского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе