Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Жақсы сөз – жанға қуат» атты тақырыбына сабақ жоспар 4-сынып "Өзін - өзі тану"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

«Жақсы сөз – жанға қуат» атты тақырыбына сабақ жоспар 4-сынып "Өзін - өзі тану"

библиотека
материалов


Лебяжі ауданы Мерғалым ауылы

Б.Уахатов атындағы орта мектебі

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі:Исагалиева Айгүл Сабыржановна 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз – жанға қуат»

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер:жақсы сөз,сүйіспеншілік

Ықпалдасатын пәндер: әдебиеттік оқу пәні, бейнелеу сабағы,музыка пәні

Сабақтың мақсаты:1.Балалардың «жақсылық»,қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; жақсы сөздер түсіндіру,жақсы сөздер ұғымының кең екенін,жақсы бала бола білудің маңызын ұғындыру.

2.Жақсылық нышандарын табиғатпен үйлестіру;

Міндеттері:

- жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-жақсы сөздерді сезіне білуге ,біреуге жақсы сөз айта білуге;

- оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау;

-қайырымдылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.

Дәйек сөз: Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.

Шаттық шеңбері: Мұғалім балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады:

- Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық.

Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге

қарай қолдарыңды созыңдар.

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)

Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)

Күлімдеп күн бүгін, (қасындағы балаға қарайды)

Қарады саған да

Шуақпен төгіп нұр.

Қуанамын мен де, (қолдарын кеуделеріне қояды.)

Қуанасың сен де,(қасындағы балаға қолын созады)

Қуанайық достарым,(бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Арайлап атқан күнге(қолдарын күнге созады)

hello_html_69664667.jpg


ІІ.Үй тапсырмасы бойынша:

-Балалар, өткен сабақта адам бойындағы жақсы қасиеттерді күн көзінің шапағымен байланыстыра жазып және сурет салып келуге тиіс болғансыңдар. /Балалардың жауаптары тыңдалады./

hello_html_13bc106d.jpghello_html_m709b501e.jpg

-Ендеше тақтада салынған күн көзіне адам бойындағы жақсы қасиеттерді шығып жазайық./оқушылар күн көзінен төгілген нұрының сәулесіне білгендерін жазады/

hello_html_71dc79e1.jpg

- Жарайсыңдар балалар, мен сендердің суреттеріңе және адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазғандарыңа қуанып тұрмын. Бойларыңда осы жазылған қасиеттер көп болса, адамды жақсылық жасауға жетелейді.

Кәне,ендеше өз-өзімізге жақсы сөздер айтудан сабағымызды бастайық


hello_html_mde4c8da.jpg

-Мен әдептімін!

-Мен мейірімдімін!

-Мен кішіпейілмін!

-Мен қайырымдымын!

Кәне,енді бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық:

Оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап,көздеріне қарап біріне-бірі жақсы сөздер айтады:

-Сен қайырымдысың!

-Сен жақсысың!

-Сен инабаттысың!

-Сен ақылдысың!

-Сен адал доссың!

Сен т.б

Сен бүгінгі сабақта жақсы сөздерді сезіне білу және бір-бірімізге жақсы сөздер айта білу туралы әңгімелесеміз.

ІІІ. Музыканы түспен қабылдау

-Балалар,

Музыка,Түс,Сөз деген сөз дегенде нені елестетесіңдер?

Не ойларыңа түседі?

/Оқушылар өз ойларын айтады/

Музыка –нота,көтеріңкі көңіл-күй,жыр,ән,концерт,дискотека,композитор,оркестр т.б

Түс - әлем ғажаптары,бояу қарындаш,кемпірқосақ,түрлі-түсті қағаз,түс көру

Сөз – айтылатын жақсы сөздер,өз,ойымыз

Музыканы түспен қабылдау

Берілген 10 карточканы кез-келген түспен бояу –музыка әуенімен,

Музыкалық әуен арқылы қағаз бетіне түстер бояйды hello_html_m27aefc02.jpg

Болған соң үш ұнатқан түсіңді жапсырып,өз ойларыңды жазыңдар

Неліктен ұнаттыңдар?

Әр музыканы тыңдай отыра нендей әсер берді?

/оқушылар өз ойларын жазады./

Мадина

Ақ түс – мен музыка тыңдай отырып ақ түсті таңдаған себебім,адам өмірге келгенде ештеңені ойламайды, жаны тыныш,аппақ ,жүрегі тап-таза қалпында болады.

Сары түс – аспаннан күннің шуағы жарқырап тұрғандай жылу мен жарық беріп тұрғандай сезілді.

Қызыл түс – Есейгенде қуанышты күндерім көп болса екен деп тілеймін!

Ризат

Сары түс – мен сары түсті таңдағаным,музыканы тыңдай отырып анамның емханаға кеткені,оны қатты сағынғаным есіме түсті..Сары түс – сарылып күткен кезді елестетті.

Қара түс – анам қалада көп болды ,сол кезде ешкімге білдіртпесем де жылап жүрдім,үйде жалғыз қалғандай сезіндім.

Қызыл түс – қуанышты түс,мен қуандым ,өйткені бауырым дүниеге келді,анаммен және бауырыммен қауыштым.

Аружан

Музыканы тыңдай отырып маған бір ой келді

Көгілдір түс – мұз айдынында коньки теуіп жүргендей сезіндім

Қызыл түс – қызғалдақтай құлпырған қыз болып өссем екен деймін

Сары түс – Уайымым жоқ болса екен деймін

Рахат

Ақ түс – Менің мінезім ашық жарқын, бәрімен тіл табысып кетемін

Қызыл түс – бұл түсті ұнатқаным мен өзімді ақ көңілмін дедім ғой,сондықтан көз тимесе екен деймін

Мади:

Ақ түс – мен бұл түсті ұнатамын,демек маған қыс мезгілі ұнайды,кеше айналаның бәрі аппақ,жел жоқ,тек жапалақтап қар жауды.

Жасыл түс –Жарқын мінезді,жаны жайсаң анам аман болсыншы!

Көк түс –Көк аспанымыз ашық,көгілдір туымыз мәңгілік желбіреп еліміз аман болып,болашағымыз жарқын болса, мен де бақыттымын

Айбар:

Жасыл түс- айнала табиғаттың бәрі жап-жасыл жайлау есіме түседі

Қоңыр түс – менің қоңыр тайым бар,соған қысы-жазы мініп жүрсем ғой,шіркін!

Сары түс –Суға шомылып, сары алтындай күнге қарап демалсам ғой!

Жансая:

Көк түс – Көк теңізде кемеге отырып жер көріп жүрсем деймін

Сары түс –алтын балық есіме түсті,

егер ол: « қандай тілек тілейсің?»,-десе,-Мен:математикадан МАБ-ты жақсы тапсыруға көмектесші» -деп айтар едім.

Қызыл түс – Шоқ-шоқ қызыл ала гүл алып анама сыйласам ғой.

Сол түстердің ішінен өздеріне ұнаған түстерді алып шығады.Ішкі сезімдері бойынша сөйлейді.

hello_html_m7881ba33.jpg
















hello_html_c33a8.jpg


Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:

-Біз бүгінгі сабақта жүректен шыққан жақсы сөздер туралы әңгімелесеміз.

Сабақ тақырыбы «Жақсы сөз – жанға қуат»

-Адамдардың бір-біріне деген жақсы сөздері,жақсы тілектері,жақсы сөзерді қолдана білуі әр адамның жақсы қасиетін білдіреді.

Оқулықпен жұмыс

«Сыпайы қоян ертегісі» мексика ертегісі

-Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

-Мәтіндегі ең алдымен үңгірге және жыланға айтқан жылы сөздерді тауып оқып беріңдерші

-Қоянға мініздеме берейікші

- Сыпайылық,ізеттілік мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.

Оқулықтағы мәтінді оқушы әңгімелейді.

Дәйек сөз: Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.

Мұғалім:

-Балалар,жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді.Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді.Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа,достыққа қол жеткізеді.

Шығармашылық жұмыс

Оқулықтағы тапсырмаларды оқиық.Олардың қайсысы мақтау,құттықтау,амандық сұрау,алғыс сөздер екендігін тауып айтыңдар

Оқушылар оқулықтағы берілген тапсырмаларды оқып,талдайды.

І тапсырма:

Тапсырмалар бойынша жақсы сөздерді пайдалана отырып,диалог-көрініс құрастырыңдар:

1-топ:Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы

әңгімеден үзінді.

2-топ:Тұтынушы мен сатушының дүкеніндегі сыпайы қарым-қатынасы.

3-топ:Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог

4-топ:Әжесі немересінің бір-біріне айтқан жылы сөздері.

/оқушылар 4жұп болып орындайды/


hello_html_m3492dcd3.jpg

ІІтапсырма:Кестені өз ойларыңмен толтыру

/әр оқушы жеке-жеке орындайды/

Кестені өз ойларыңмен

Жақсы сөздердің адамға әсері

Жағымсыз сөздердің адамға әсері








Жақсы сөздердің

адамға әсері

Жағымсыз сөздердің

адамға әсері

Көңілденемін

Ренжимін

Алғыс аламын

Жылағым келеді

Жадыраймын

Ашуланамын

Бақытқа кенелемін

Дос болғым келмейді

Сүйсінемін

Көңілім қалады

Қуанамын

Ұйықтай алмаймын


Ендеше жылы сөздерімізді ақ жүрегімізден жеткізейік Қорытынды:Шығармашылық жұмыс ретінде -Балалар көңілді әуен тыңдай отырып,бір-бірімізге жақсы тілектер арнайықшы

Жүректен-жүрекке.

/кеуделеріндегі кішкентай жүрекшелерінен шыққан сөздерін айтады/

hello_html_m4a5f5298.jpg

Балалар шеңберге тұрып, ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді:

- Аяулы анама ұзақ ғұмыр тілеймін!

- Асқар тау әкеме қажымас қайрат тілеймін!

- Құрметті ұстазыма зор денсаулық тілеймін!

- Сыныптастарыма бақытты өмір тілеймін!

- Достарыма таудай талап тілеймін!

- Әке-шешеме шат күлкі тілеймін!

-Балалар, әрқайсысың тамшыдай болса да жақсы сөз қосқандарың және де

ілгендерің – үлкен дарияға /тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі/айналды.

Яғни,әр адамның жаны жақсылыққа толы болса,жер бетінде бейбітшілік орнап,адамдар бақытты өмір сүреді.

hello_html_71dc79e1.jpghello_html_2d83ee0b.jpg

Жақсыдан туған жас құрақ, Тартпай қоймас негізге - Тамшыдай жиналған жақсы сөз Тасыса құяр теңізге - ,деген өлең жолдарын нақтылайтындай өздеріңе қонаққа келген -2-сынып оқушысы Қаратай Айсананы тыңдайық. Қандай әсер алған екен және де өзінің дайындап жаттаған өлеңін тыңдайық

-Жақсы жылы сөздерді ата-анамыздан,ұстазымыздан жалпы жақсы адамдардан еститініміз айдан анық. Сабақты бекіту: Топпен ән айту

(«Айналайын » әнінің әуеніне салып орындау)

Жақсылыққа жаралған жүрегіміз,

Тек жүректен арналар сөзіміз. Шарықтасын шат көңілдің алабы, Шат жүрекке ақ тілектер қонады. Ақ жақсы ниетпен Бар жанға бақ тілеп Жарып шыққан жүректен Сөздің бәрі ақ тілек

hello_html_m25e81206.jpg

/қолдарын созып,күлімдеп бір-біріне қарап айтады





























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-104351

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"