Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Жақсы жаман (3 класс)

Жақсы жаман (3 класс)


библиотека
материалов

Пәні: Әдебиеттік оқу Сынып : 3

Сабақтың тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Мақсаты: 1. Балаларды жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйрету. әдепті сөзінің мағынасын ұғындыру. Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу. Бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Жақсы мен жаманды бір-бірінен ажырата біледі, әдептілік қағидаларының мағынасын түсінеді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: «Миға шабуыл», «Бағытталған оқу», «Дөңгелек үстел әдісі», «Көре білу стратегиясы».

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері:

Ұйымдас тыру: Психологиялық жағымды ахуал орнату,оқушылардың назарын сабаққа аудару Балалар, сабағымызды бастамас бұрын күн нұрына қол созып, алақанды жайып Күнмен амандасып алайық.


Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн.

Күн

Сәлеметсіңдер ме? Амансыңдар ма? Есенсіңдер ме? деп амандасады.

Балалар, бойымыздағы жаман қасиеттерден арылайық, ауырмайық, әдепсіз болмайық және бәріміз біраз үнсіз тұрайық. Біраз үнсіздіктен соң
- Арылдық па?
- Арылдық.
- Ал енді, Аспан атадан күш қуат алайық.
- Армысың, қайырымды Аспан ата!
- Армысың, мейірімді Жер ана!
Балалар жақсы дегенді қалай түсінесіңдер?
мейірімді,кішіпейіл,әділ болу

Жаман деген немене?
Жаман қылықтар жасау,өтірік айту,

  • Бүгін тапсырманы бізге Күн береді, дұрыстап жауап беруге тырысайық.

Күнді ренжітпей тапсырмасын орындаймыз ба? Олай болса бірінші топқа бөлініп алайық.

Топқа бөліну: Ақылды, мейірімді, кішіпейіл, тәрбиелі, сабырлы,білімді.

Үй тапсырмасын тексеру: Мақал – мәтелдер жаттап келеді, өз ойларын ашық айтады, мазмұнын ашады.

Адамдықтың белгісі – Иіліп сәлем бергені.

Қарт кісіні қадірле, Өзіңде қарт боларсың

Әдепті бала-арлы бала Сабыр түбі- сары алтын.

Басыңа іс түссе, Жақсы дос көмек етеді, Жаман дос күліп өтеді.


Жаңа сабақ: 4-топқа берілген тапсырма «Көре білу стратегиясы». Сурет бойынша жұмыс Әңгіме құрастыру

Мәтін бойынша жұмыс

Әр түрлі нұсқада мәтін жазылған парақшалар таратылады.

Берілген мәтінді оқып, өз ойларымен ары қарай жалғастыру.

Трамвай қоңырауын шылдыр-шылдыр еткізіп, қала шетіндегі ең соңғы аялдамаға тақап қалды. Жұрт орындарынан түрегеп,есікке қарай жүруге дайындалды.

Орта тұста отырған бүкірлеу, ұзын сақалды, кішкентай шал да трамвайдың әбден тоқтауын күтпей, имек бас таяғына сүйеніп, ілгері қарай жүрді. Бір қолында азық- түлік салынған сөмкесі. Кенет трамвайдың жүрісі кілт баяулағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздап қалды. Оның арт жағында тақыр бас кішкентай бала тұр еді. Шалдың қолтығынан шап беріп, сол ұстап үлгерді. Әйтпегенде қауқарсыз қарттың не құлап, не алдағы біреулерді сүзе барып соғылатыны айқын еді.

Әңгімені ары қарай оқушылар жалғастырады.

Ой толғаныс. Тақырыптық ашық сұрақтар

Сұрақтарға жауап алу.

  1. Сен баланың орнында болсаң не істер едің?

  2. Трамвай тоқтағанда шалға қандай көмек көрсетер едің?



  1. Автобусқа сенен 3-4 жас үлкен бала мінсе не істер едің?



Тапсырма орындап біткеннен кейін «Күн » балаларға батасын береді.

Биік төбеге шықсаң – көзің ашылады, 
Жақсымен жолдас болсаң – көңілің ашылады.
 
Жақсы жан ешкімді жатыр-қамайды.
 
Жан жолдасың ешуақытта алдамайды.
 
Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды.
 
Жала сөз тірідей қаралайды,
 
Жақсы сөз дем берер,
 
Күш-қуат, ән берер.
 
Бұл айтқанымның көбісі –
 
бұрынғы өткен атам қазақтан қалған асыл сөз. Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын! Батам қабыл болсын! Жортқанда жолдарың болсын!
 
Әумин!

Бағалау:

Көшбасшы және топтық бағалау

Кері байланыс: «Алақан стратегиясы»






Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-033160

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG