Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен

библиотека
материалов

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбындағы мақала

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі №267 заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес «мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы» сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Практика лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік хабар айту, өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдану жиі кездесетінін көрсетіп отыр.

Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Бар беталысқа қарамастан және басқа салада - үкімет билігі және жеке кәсіпкерлердің әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы таратуда - мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заң аса егжей-тегжейлі әзірленген. Шынында да мемлекеттік қызметшілер анағұрлым ауқымды дискрециялық өкілеттілікті иелене және көбінде бақылаусыз әрекет ете отырып, өз мүдделерінде, және демек мемлекеттік мүддесін қарамастан лауазымдық мансаптығын қолданудың барлық мүмкіндігін иелене алады.

Астана қаласы бойынша экология департаменті Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы, Қоршаған ортаны қорғау министрлігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары және Департамент бастығының 2012 жылдың 7 қыркүйегіндегі №19-ө бұйрығымен бекітілген Департаменттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Негізгі іс-шаралар жоспары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруда.

Жыл сайын Департаментте сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру мәселелері және «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңының, Ар-намыс кодексінің нормалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызмет және ҚР басқа да заңдарын білуді насихаттау жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Астана қаласы бойынша экология департаменті ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған, басшының және оның орынбасарының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген, ол ғимараттың стендінде орналастырылған.

Азаматтардың сенімін бекіту, қызметтің айқындығын, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану фактісі және Департаменттің лауазымдық тұлғаларының Ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын бұзу, азаматтардың құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың уақытында өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және Департаменттегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін «сенім телефонының» үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған, ондағы телефон нөмірі Астана қаласының тұрғындарының назарына «Астана Ақшамы» газеті арқылы жеткізілген.

Департаменттіне 2013 жылдың 5 айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының талаптарын бұзғандар болмаған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес және Жоспарды орындау мақсатында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Департаменттің барлық мемлекеттік қызметшілері және олардың жұбайлары 2012 жылғы кірістері және мүлкі туралы декларацияларын ұйымдастырып және уақытында тапсырды.

Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кездесулер, әңгімелесулер, «дөңгелек үстелдерді» өткізумен «Нұр Отан» ХДП Астаналық филиалы, Астана қаласының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасының және жергілікті атқарушы органдары өкілдерімен жұмыстар жүргізілуде.

Астана қаласы бойынша экология департаменті Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды орындау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет этикасы, мүдделер қақтығысының жолын кесу, қызметтік тәртіпті сақтау бойынша құқықтық оқытуды тұрақты жүргізіп отырады, бөлім басшылары бөлім мамандарымен жеке-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді, Департаменттің әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін жауапкершілік туралы ескертілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау және Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі талаптарын сақтау және Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы тұрақты бақылануда.

Департаменттің әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы - А.Б. Асанхан




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Үй тапсырмасын елестету сұрақтары.

«Этика» дегеніміз не?

Этика құрылымының 3 түрін ата.

Аристотельдің ар – ождан мәселесіне жазған үш шығармасы

2.Студенттерден жеке сабақ сұрау. Қосымшаларын тексеру.

3.Үй тапсырмасын қорытындылау.

Жаңа сөздерді еске түсіру.ІІІ. Жаңа сабақ

Тақырыбы: Негізгі эстетикалық категориялар.

Жоспары:

1. Эстетика ғылым ретінде.

2. Негізгі эстетикалық категориялар.


Автор
Дата добавления 18.06.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров307
Номер материала 308195
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх