Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында тәрбие сағаты

библиотека
материалов


Ашық тәрбие сағаты

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

Барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері.
- Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
- Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші.
- Қайырлы күн,
- Сабағымызды жақсы оқиық
- Әрқашан күн сөнбесін,
- Аспанымыз ашық болсын.
- Аман болайық.
- Деніміз сау болсын.
- Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б сөздер айтады.
- Балалар, бізде бүгін «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты болмақ. Жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал - мәтелдерімізді айтайықшы.
Ернұр: Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы боласың.

Амина: Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.

Надир: Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

Ажар:Жаманмен салысып жақсы болмайсың.

Аделя: Жақсылық - ұзақ тұрмайды,
Жамандық - әркез тозбайды.

Ақбота: Жақсы - жаны еріп тыңдайды.

Досхан: Жақсының - жолы ашық.
Алина: Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.

Тамирис: Жақсыны жаман көре алмас.

Дильназ: Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді.
Дана:
Жақсының жолы - жарық күн.
Саида:
«Жамандықты - ұмыт, жақсылыққа - ұмтыл» деген мәтел бар.
Марс:
Жақсыда жаттық жоқ.
Мейрамгүль:

Жақсының жақсылығын айт - нұры тассын, жаманның жамандығын айт - құты қашсын.
Мадина:
Жақсының аты өлмейді.
Аянат: Жаман - шайқап сөйлер, жақсы - байқап сөйлер.
Дильнар: Жаман сыйлағанды білмейді.

1.Анаңның айтқанын алтын деп ұқ,

Әкеңнің айтқанын салтым деп ұқ.

2.Ар-ожданыңды кірлетпе,

Ата-анаңды құрметте.

3.Ата-анаңның тілегі,адам болып өскені,

Адамдықтың тірегі адал болып өскені.

4.Тәртіпті бала сүйеніш

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

МАҚАЛ- МӘТЕЛДЕРДІ СӘЙКЕСТЕНДІРУ.

Жаманға шөп батады


жаман адамның тілі ащы

Жаман ісінен көрмейді,


күш қылар

Жақсыны халық мақтар,


жаман шайқап сөйлер

Жаман жігіт оңай істі


алғыс орады

Жақсы байқап сөйлер,


ұлыдан өсиет қалар

Жақсылық еккен


жаманға айтсаң-күлер

Жақсыға айтсаң-білер,


жаманнан адас

Жақсыдан қасиет қалар,


жаманды халық даттар

Жаман көлдің суы ащы,


кісіден көреді

Жақсыға жанас,


жақсыға сөз батады

«Жақсы болу өзіңнен» өлеңін жатқа айтады.
Перизат
- Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!
- Жарайсыңдар, балалар.

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.

(өздері білетін өлеңдерін айтады)

Жақсы деген не? Жаман деген не?

Алина:Биязы мінез тіл алғыш,,

Бал-бұл жанып жүретін,

Бауырмалдық сол - ?

(жақсы)

Мейрамгүл:

Беті-қолың кір-кір боп,

Берекесіз ыржақтап

Бейбастық өссең сол - ?

(жаман)

Ернұр:

Үйдің ішін тазалап,

Үстіңе де қарайлап,

Үлгере алсаң сол - ?

(жақсы)

Амина:

Ұшып-қонып жүретін,

Шегірткедей еріншек,

Ұшқалақ болсаң сол - ?

(жаман)

Досхан:

Ата –ананың ақылын,

Ала білмей кезінде,

Ақымақ болсаң сол - ?

(жаман)

Ажар:

Жауқазындай  жайраңдап

Жұрт ісіне қайран қап

Жатса шіркін, сол жақсы.

Дильназ:

Тәтті досқа сөз беріп

Танып жүрмей артынан

Табынды болсаң сол жақсы.


Аделя:

Тал шыбықтай  таңертен

Тамаша әдет сол жақсы

Амина:

Саспай, жастай өнердің

Сүйсен бәрін беріліп,

Сан  істерден сол жақсы

Мейрамгүль:

Төменде тұрған өздерің

Төбеде  тұрған алмаған

Талассаңдар, сол жаман.

Амина:

Бар кітабың шашылып

Берілген сабақ оқылмай

Екі  алсаң сол жаман
Марс:
Апам үшін күнде мен,
Отын ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.

Алина:
Сыпырамын үй ішін,
Жуам ыдыс – табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.


Марс:

Рақат, ләззат табасың,

Риза боп- ақ қаласың.

Жақсы бала бес алып,

Жадыратар ата-анасын.

Дана:

Уақыттың ұқпай қысқасын,

Өткізіп бекер қыс-жазын.

Жаман бала екі алып,

Жиіркентер үлгі ұстазын.

Тамирлан:

Балғынмын әлі десе де

Білінбей жасы өсе ме.

Жақсы бала әрдайым

Қолғанат әке, шешеге

Ақбота:

Бетімен мүлде кетпек пе

Еш ойланбас ептеп те

Жаман бала әйтеуір

Жалқау үйде, мектепте

Алина:

Ұстаз сөзін ұғыпты,

Тәртіпті боп жүріпті

Жақсы бала кітабын.

Ұстайды ылғи ұқыпты.


Не деу керек?

  1. Мейрамгүль:

  2. Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең  үлкен жақсысын,

Саған таңдап әперді.

Не деп  барп жеу керек.

Хормен:  Рахмет апа деу керек.

2.Перизат:

Балалар жүр көшеде,

Естідеді шу айқай,

Сенде шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқама.

Мұндайда не деу керек?

Хормен:  Кешіріңіз  деу керек

3.Амина:

Осы келген бетіңде

Допты қудың жарыстың.

Көшенің сол шетінде,

Кезекті бір танысың,

Ұмыттың сен не деуді?

Хормен:  Сәлеметсіз бе деуді.

4.Аянат:Үй артында қоқсты,

Жатқан көптен үйіліп,

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

Хормен: Көмектесейін деу керек.

Ұл - қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем - сөздің анасы».Балалар, бір - біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер?

Ұлдар аталарды көргенде «Ассалаумағалейкум» десе, апа, әже, апайларды көргенде «Сәлеметсіз бе?» деу керек.

Мейрамгуль: - Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасқан жөн.
Тамирлан: - Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда қолғапты шешу керек.

- Көлік ішінде егде адамдарға не істейміз?
Үлкенге орын беру. Амандасу.


Біз не үйрендік?

1. Мейрамгүль:Жақсы қасиет ең алдымен мектеп ережесін қатаң сақтаудан басталады. Біз соны үйрендік.

2. Амина: Мектепке уақытында кешікпеу келу керек. Мектепке кіргенде  басқаларды итермеу керек.

3. Тамирис:Сыныпқа келгенде бірінші мұғалімге, содан соң сыныптастарына сәлем беру керек

4. Марс:Сыныпқа мұғалім  немесе  ата-ана, бейтаныс адам кіретін болса, бәріміз орнымыздан тұрумыз керек.

5. Дильназ:Сабақ кезінде мұғалімді тыңдап, жан-жаққа қарамау бір-бірімен сөйлеспеу керек.

6. Ернұр:Отырған партанды күт, оны сызба, былғама.

7. Тамирлан: Егер сен біреуді  байқама   қағып  кетсең немесе ренжітіпалсаң, сол жерде кешірім сұрау керек.

Мұғалім: - Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?


Дидар: Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек.
Мұғалім:- Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер.

- Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор болатын.

Диана: Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.

Сұрақтар:

  • Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?

  • Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?

Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?


VIII. Топтастыру. 
«Мен жақсы бала болу үшін…»
қандай бала болуымыз керек? 
Күн тармақтарына озіміздің жақсы бала болуға керекті қасиеттерімізді толтырайық. Мысалы:рухани бай адам,білімді адам,өзіне сенімді бала,еңбекқор бала,…болуымыз керек.
 

hello_html_5937a415.gif

IX. «Жақсылық тамшысы» 
Жақынды, досты аяла,
 
Қанатың сонда талмайды.
 
Барыңды жұрттан аяма,
 
Жақсылық жерде қалмайды.
 
Жайдары жүзбен жарқыра,
 
Қатігез болсаң - сол қайғы.
 
Қайырымды бол халқыңа,
 
Жақсылық жерде қалмайды
 
деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!

 














Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1406
Номер материала ДВ-503480
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх