Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Жасыл шырша жанында" атты ертеңгілік

"Жасыл шырша жанында" атты ертеңгілік

Скачать материал

Тақырыбы: «Жасыл шарша жанында» ертеңгілік

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: Алдар көсе – Кәмшат апай, Мыстан кемпір – Бағлан апай, Қызыл телпек – Гүлбақыт, Клоун – Гүлдари, Қасқыр – Жауқазын, Қоян – Кәмшат, т.б.

Барысы:

Музыка ойнап тұрады, ортаға Алдар көсе шығады.

Алдар: мен Алдармын, Алдармын,

Шайтанды да алдадым.

Алдау деген тук емес,

Мыстанды да алдаймын.

Е,Е,Е... «Қыр бөбегінде» болайын деп жатқан Жаңа жыл мерекесіне қалай жетсем екен, а?  О, Мыстан келе жатыр екен! Мыстанның алдап сыпыртқысын алып алу керек еді. Оны қалай алдасам екен?

(Сол кезде Мыстан ұшып келеді)

Алдар: О, өзі де келді, бәркелді!

Мыстан: Сенсің бе, Алдар?

Алдар: Иә, Мыстан кемпір, мазалама мені.

Мыстан: Не болыпты? Не істеп тұрсың?

Алдар: Ой, мына сиқырлы тесіктен «Қыр бөбегінде» басталайын деп жатқан Жаңа жыл мерекесі көріп тұрмын.

Мыстан: Ей, Алдеке, мені Жаңа жылға ешкім шақырған жоқ, маған берші менде көрейін!

Алдар: Ал, жарайды, көрсең көр.

(Алдар мыстанға тесіктен көрсетеді, Мыстан тесікке қарап тұрғанда Алдар сыпыртқысын мініп, ұшып кетеді)

Мыстан: Ей, Алдар, мені алдап кеттің ғой! Кап, бәлем! Мен саған көрсетейін Жаңа жылды! Қай балабақшаны айтып еді? Аяз атаны күтіп отырған болар. Келтіртпеймін. Аяз аталарын ертегілер елінде адасып кетеді. Ха ха –ха!

Жақсылықты келтіртпеймін,

Жаңа жылға жеткізбеймін.

Мен тұрғанда адамға,

Мереке жоқ жалғанда.  Ха-ха –ха. Хи-хи-хи! (Мыстан шығып кетеді).

Қызыл телпек: (дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық (қол шапалақтау, балалар ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп екі-екіден кіреді)!

Кемпір: Сәлеметсіңдер ме, ертегі қонақтары!

Шал: Аяз атамыздың  «Қыр бөбегі» шағын орталығындағы Жаңа жылдық кешіне қош келдіңіздер!

Кемпір: Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын! Біз шалымыз екеуміз сендерге ат арытып, анау «Шалқан», «Бауырсақ» ертегілерінен келіп тұрмыз.

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық.

Құттықтаймыз келер жылды алдағы,

Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық.

Шал: Әй, кемпір-әй, сөзіңнің жаны бар. Жаңа жыл, жаңа жыл деп жүріп, Ескі жылымызды жақсылап шығарып салуды ұмытып кетпейік.  Ескі жылымыз көптеген жақсылықтарға, қызыққа толы болды емес пе?

Кемпір: Иә, дұрыс айтасың! Соның бір мына балаларымыз ауылдың «Балапан» сайысында жүлделі орындар алды ғой. Ендеше ескі жылға алғысымызды білдіру үшін ортаға Ескі жылды шақырайық.

Ескі жыл: Бір жыл бойы сендермен 
Бірге жүрдім ойнадым 
Енді міне балалар 
Кезек келді қоштасар. 

Қызыл телпек:  Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр.

            Жаңа жыл: Армысыздар, балалар!

            Бармысыздар, халайық.

            Жаңа жылда жұп жазбай,

            Келіңдер қарсы алайық.

            Жақсылыққа бақыт алған.

Тауықпын мен жаңа жыл.

Жаңа жылда барлығыңыз,

Жаңа үміт таба біл.

Жаңа жылдың мерекесін.

Мерекеге жалғаймын.

Елде, жерде, табиғатта.

Бақыт жолды қолдаймын.

Клоун:  Қош келдің, Жаңа жыл! Енді келіп кіретін Жаңа жылымызда Ескі жыл секілді сәтті болатын шығар. Біздің балаларымыздың тақпақтары мен әуендерін, мың бұралған билерін қарсы алыңыз.

Балалар тақпақтары:

Ахан: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.

Нұрислам: Әдемілеп біз ілген,

 Ойыншықтар тізілген.

 Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Ақмерей: Алақай, Жаңа жыл!

Бәрі аппақ, ой мен қыр.

Шыршада біз ойнаймыз.

Жаңа жылды тойлаймыз.

Жәния: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Нұр жайнаған ажары,

Сағындам Аяз атаны.

Рауан: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

Шұғыла: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Әділ: Ақ қар жапты даланы 
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға

Қызыл тепек: Ақша қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақ тағынып.

Аяз ата келеді,

Балаларды сағынып.

Ал, балалар, Аяз атаны шықырайық ертегілер еліндегі  карнавалымызды бастайық. Кәнекей бірге шақырайық: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.

(Жәй баяу, мұңлы әуен ойналып Ақшақар шығады)

Қызыл телпек: Ақшақар не болып қалды, неге жылайсың? Бүгін мереке ғой.

Ақшақар: Сәлем достар. Қиын жағдай болды. Біз Аяз та екеуміз жаңа жыл қарсаңында сендерді қуантайын деп сыйлық әзірлеген едік. Кенет қатты, зілді боран соғып, бізді Мыстан кемпір ертегілер әлемінде адастырып жіберді. Ал енді мен Аяз атаның қай жерде, қай ертегіде жүргенін білмеймін.

Клоун: Ақшақар, жылама, мұңайма. Жылағаннан ештеңе өзгермейді ғой. Қарашы біз көппіз ғой, Аяз атаны құтқарамыз. Солай емес пе?

(осы кезде қоянды қуып қасқыр кіреді).

Қоян: Құтқарыңдар, құтқара көріңдер!

Қызыл телпек: не болды? Кімнен қашып келесің?

Қоян: мен сәбізімді жеп отырсам, қасқыр шыға келмесі бар ма?  

Клоун: Ей, қасқыр! Не болды? Әлсіздерге тиісіп, тентек болып! Біздің балаларға ұқсап джентльмен болмайсың ба?

Қасқыр: джентльмен деген кім? Олар қандай болады?

Клоун: Ендеше балаларымыздың джентльмендер биі.

Би: «Джентльмени» ер балалар. 

Қасқыр: Ой, балаларыңыз өнерлі екен ғой! Менің де осы жігіттерге ұқсағым келеді.

Қызыл телпек: Иә, біздің балалар, таза жігіттер! Үлкендерді сыйлайды, өзінен кішілерге көмектесе біледі. Сізге ұқсап, әлсідерге тиіспейді. Сіз біздің ертегіде менің әжемді және мені де жеп қоймақсыз ғой.

Қасқыр: жақсы енді тиіспеуге уәде беремін.

Клоун: Ендеше, бәріміз досболайық. Өнерлі балаларымыздың әнін тыңдап, бірге би билейік.  

Ән: «Ақшақарлар»

Балалар тақпақтары:

Айсұлтан: Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.

Нұрасыл: Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.

О. Нұрислам: Жаңа жылда жаңаша,

Тақпақ айтып береміз.

Болсын риза балаша,

Аппақ біздің атамыз.

Нұрсұлтан: Той мереке салтанат,

Думандатты шартарап.

Келді міне Жаңа жыл,

Тартуларын арқалап.

Нұрайым: Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.
Нұртас: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

Ақтілек: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

Дәурен: Жылдың әнін бастайын,

Аяз-Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Қызыл телпек:  Ой, керемет балалар екен! Ертегілер елінен келгеніме қуанып тұрмын.

(Алдар келеді)

Алдар: Мен Алдармын, Алдармын,

Шайтанды да алдадым.

Алдау деген тук емес,

Мыстанды да алдаймын.

-       Ассалаумағалейкум, қош көрдік! Аяз атаның «Қыр бөбегіне» шақырағын есітіп, асығып, Мыстанның өзін алдап сыпыртқысымен ұшып келдім. А, айтпақшы, ол өте ашулы, мені шақырмады дейді.

Клоун: уағалеукумассалам, кош келдіңіз! Алдеке, мыстанды алдадың,  кесірі бізге тиіп кетті ғой. Мыстан біздің Аяз атамызды адастырып жіберіп келе алмай жатыр.

Ақшақар: енді не істейміз? Балалардың шыршасы қызықсыз болып қалатын болды ғой. Сыйлықтары да Аяз атада. 

Алдар: мен ол жағын білмеймін! Мен өзім жаңа жылдық кешті тамашалауға келдім.

Қызыл телпек: Енді нестейміз? А, айтпақшы, сіз сыйқырлап Аяз атаны шығарсаңызшы. Әлгі, әлгі, құралдарыңыз қайда? Сыйқыр көрсететін. Сыйқырламайсыз ба?

Клоун: Бұл ертегілер әлемі, бұл жерде айналаның бәрі сыйқырлы. Бірақ, байқап көрейік.

(Клоун өнер көрсетеді). (Алыстан Мыстан дауысы естіледі).

Мыстан: Ортаға мен шығамын, мені шақырмаған соң өзім келдім. Ал, Алдармен  басқаша сөйлесемін (Алдар қашады, мыстан қуады).

Қызыл телпек: Мыстан апа ашуланбаңыз, кешімізге қош келдіңіз!

Мыстан: Менің сендерге айтатын жаңалығым бар. Сіздер күтіп жүрген Аяз атаны ертегілер елінде адастырып жібердім.

Қызыл телпек: оныңыз не? Аяз атасыз мереке қалай өтеді?  Балалар, Мыстан апамыз, жаңа жылдық кешімізге шақырылмаған соң өкпелеп қалыпты. Кешірім сұрайық.

Бәрі бірге: кешіріңіз. Бізбен бірге отырып кешті тамашалаңыз.

(Ортаға  Сиқыршы шығады).

Сиқыршы: О, Мыстан, нешу шығарып жатырсың? Саған сыйлық берсем, Аяз атаны жібересің бе?

Мыстан: алдымен сыйлықты көрейін.

Сиқыршы: менде сиқырлы айна бар. Қарашы қандай әдемі? Айнаға қарап сиқырлы сөзді айтсаң болды, не көргің келсе соны көре аласың.

Мыстан: балалардың биін көргім келеді, ал көрсетші.

Сиқыршы: Айнам менің, айнам,

            Жан-жағыңды жайнат.

            Балалардың өнерін,

            Осында әкеп сайрат. Суф-суф-суф.

Би: «мы милашки»

Мыстан: О, мынау тамаша екен. Ал, енді ән айтқызып бере аласың ба?

Сиқыршы: Айнам менің, айнам,

            Жан-жағыңды жайнат,

            Әндеріңді сайрат. Суф-суф-суф.

Ән: «Ақтілек»

Мыстан: Керемет, керемет. Тамаша, тамаша. Ризамын, мен Аяз атаны өзім алып келемін.

(Мыстан айнаны алып шығып кетеді).

Клоун: Рахмет, сізге Сиқыршы. (Барлығы бірге, рахмет айтады. Алыстан дауылдың дауысы шығады).

Қызыл телпек: Ой, ой. Аяз ата келе жатыр! Қане, дауыстап шақырайық.

Бәрі бірге: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата...

Аяз ата: Армысыңдар, балалар, мен сонау алыстан асығып келе жатқанда Мыстан кемпір кедергі келтірді. Бірақ сиқыршы достарыңа рахмет, мені Мыстаннан босатуға көмектесті. Кел Ақшақар қызым кешіксекте ертегі әлемінің Жаңа жылдық шыршасын тамашалайық.

Ақшақар: Ата, мен балалардың өнерін тамашаладым, олардың бәрімен дос болып кеттім. Білесіз бе Ата, олар өте өнерлі екен, ауылдық «Балапан» байқауында «Күшік пен Мысық достығы» ертегісін сомдап І орын алыпты.

Аяз ата: О, қандай керемет?

Ақшақар: Ата, сол ертегіні тамашаламаймыз ба?

Ертегі: Мысық пен күшік достығы.

 Қызыл телпек: Ақшақар, олар тек ертегі әлеміне саяхат жасаудан ғана өнерлі емес, би билейді, ән айтады, хор айтады, ойын ойнайды. Ендеше соларға кезек берейік.

Би: Балапан

Ән: «Ақ қоян»

Балалар тақпақтары:

Мағжан: Таяғы бар қолында,

Қар борайды соңында.

Қандай сыйлық бар екен,

Арқалаған қабында.

Мансұр: Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Кемал: Келді міне Жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп ойнап, би билеп,

Ән салайық бәріміз.

Нұрперзент: Өлең де әзір, ән әзір,

Ойында әзір, бәрі әзір.

Кел Жаңа жыл біздерге,

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.

Нұрсая: Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Гүлденеді бақшалар,

Жауса жаусын ақша қар.

Жанерке: Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Айтолған: Киіндік ұл мен қыз,

Аң болып, жан болып.

Танымай тұрсын деп.

Досымыз таң болып.

Ұлдай: Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Ө.Нұрислам: Жаңа жылға сәніміз,

Біздің айтар әніміз.

Келдің бе аман алыстан,

Сәлем Аяз атамыз.

Жансая: Шыршамыз да керемет,

Ойыншықтар тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз ата сағынған.

Клоун: (көрермендерге қарап) Сендер қай ертегіден келдіңдер? Ортамызға қосылмай осылай отыра бересіңдер ме? Біздің өнерімізді тамашалап, ортаға шығып өнер көрсетпейсіңдер ме? Ендеше мен ойын ойнатамын, қане шығыңдар!

Қызыл телпек:        (жағаласып) Мен ойнатайын.

Клоун: Мен ойнатайын (екеуі таласады).

Клоун: Қане, кел! (Қолын көрсетіп екеуі су-ли-фа ойнайды)Ах-ха-ха; Мен ойнатамын.

(Қызыл телпек ренжіп кетіп қалады).

Ата-аналармен ойын: «Мен жеңімпазбын»

Аяз-ата: Ой, қандай керемет! Өте қызықты өтіп жатыр! Тек мына кешігіп қалғаным болмаса, сендермен ұзақ отырып тамашалар едім. Қап-қап, мына мыстанды!

Мыстан: Кешіріңіз Ата, енді олай жасамаймын,

Аяз ата: Ортамызда Тауық, Жаңа жылымыз бар. Соның алдында уәдеңді берерсің.

(Ортаға тауық шығады, Мыстан тауыққа қарап). 

Мыстан: Жаңа жыл, мен келіп кірген тауық жылында өте тәртіпті, өнерлі боламын деп уәде беремін.

Аяз ата: сөзіңе сендім. Ал, жаңа жыл!

Келген қадамың құтты болсын,

Сен әкелген бақыт жылы болсын.

Береке-бірлік, татулық,

Ырыс жылы болсын.

Қызыл телпек: достарым, атамыз асығып тұрған сияқты, атаның батасын алайық.

Клоун: Ата бата беріңіз!

Аяз ата: Мен батамды берейін,

            Үстем болсын мерейің.

            Әрқашанда бұл елге,

            Қуанышқа келейін.

            Жақсылық елден кетпесін,

            Жамандық келіп жетпесін.

            Қызыр болсын жолдасың,

            Әруақтарың қолдасын.

Осы  айтқаным қабыл болып,

Батам менің тамам болсын. Әумин. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сау болыңдар!

Қызыл телпек: Балалар, барлығымыз бірлесіп жаңа жылмен жүрейік, биік шыңға беттейік!

Клоун: Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

            Жаңа жылда шақырады бар өмір.

            Бақыт болып Жаңа жылым келді ғой,

            Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл.

Шыршаны айналып барлық бала көңілді ән айтады.

Қызыл телпек: Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыларыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке алып келсін. Жаңа жыл мерекесі өз мәресіне жетті, ертегілер елінен келгендеріңізге көп рахмет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жасыл шырша жанында" атты ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 478 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2017 1191
    • DOCX 32 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ізімқұл Гүлбақыт Бөрібайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ізімқұл Гүлбақыт Бөрібайқызы
    Ізімқұл Гүлбақыт Бөрібайқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17575
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 136 человек

Курс повышения квалификации

Особенности культурно-досуговой деятельности с детьми и подростками

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность советника руководителя по воспитательной работе в образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 254 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 635 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе