Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Жасыл шырша жанында" 1 класс

"Жасыл шырша жанында" 1 класс


библиотека
материалов

«Манашы орта мектебі» ММ









Сыныптан тыс шара



Тақырыбы: Жасыл шырша жанында







Дайындаған:







2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Жасыл шырша жанында

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесін жақсы қарсы алу

Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұлағатты ұстаздар және оқушылар,сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сонымен қатар барлықтарының отбасыларыңызға амандық тілей отырып,бүгінгі «Жасыл шырша жанында» атты кешін ұсынамыз.

Ал балалар,балалар

Күні ертегі даналар.

Жаңа жылға арналған,

Кешімізді бастайық.

Әсем әнге салайық,

Би билейік бұралып.

Жаңа нұр,жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр

Хор: Оқушылардың орындауында.

1 – оқушы

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін

Ортақ ойы арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін.

2 – оқушы

Аппақ қардан бір шәлі,

Жамылған дәу шыршаны

Безендіріп нұрымен,

Жаңа жылдың тұр шамы

3 – оқушы

Қырдың түлкі,қояны,

Балалардай баяғы.

Отырған бір бұтақта,

Салбыратып аяғын.

4 – оқушы

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.



2016 жылы сендер жаңа бір баспалдақты аттайсыңдар!

Үрей көшкен ескі жылмен.

Жаңаша көп жалғас әні,

Жаңа жыл кеп жалғасады.

Мешін:Менің айтар өсиетім,

Жылдардың біл қасиетін.

Құтты жылдар тағы келсін,

Қуаныш той,бақ әкелсін.

Көрініс

Мыстан кемпір келді.

Мыстан:Бұл не шу?

Неменеге ән айтып жүрсіңдер? Тоқтатыңдар?

Балалар:( хормен) Біздер Жаңа жылды, Аяз атаны,Ақшақарды күтіп жүрміз.

Мыстан: Не? Жаңа жыл? Жаңа жыл келмейді, Аяз ата білмейді.Ақшақарды үсітіп, Қарға орап кеттім. Қайтыңдар.

Балалар: (хормен) Қайтпаймыз ( 2-рет)

Мыстан: (Мынау не?)

Балалар: Шырша

Мыстан:Шыршаларың менен сұлу,әдемі емес екен.Мына мені қарашы шаштарым ұзын.Сауақтарым қандай әдемі.

Балалар:Әдемі емессің.

Мыстан: Ал ендеше жұмбақ жасырамын,соны тапсаңдар барлығыңды босатамын.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады (қар)

Тауға қарай тартсам жүрмейді

Таудан түсем,тоқтауды білмейді (шана)


Көлге жапқан қақпақ

Сіресіп тұр қатты-ақ (мұз)

Мыстан: Ал балалар мен кеттім сау болыңдар.

Би: Қыздардың орындауында «Әке толғауы»

Балалар:Сендерге қояр сұрағым бар.

Ақ таяғы қолында,

Ойын күлкі жанында.

Сый дорбасын арқалап,

Жаңа жыл сайын келетін. Ол кім?

Балалар: (хормен) Аяз ата

Ортаға Аяз ата, Ақшақар келді.

Аяз ата: Үлкен кіші жасыңыз,кәріңізде,

Жиналыпсыз жаңа жылға бәріңізде.

Ендеше,ата-аналар сіздерді де

Сыйлықсыз қалдырмаймыз бүгін бізде.

Балалар: Тақпақ,ән,жұмбақ өлең,билерін ортаға салып,аяз атадан тиісті сыйлықтарын алады.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар бүгінгі жаңа жыл кешімізді аяқтаймыз. Жаңа жыл құтты болсын!!!

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-561455

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG