Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Жасыл шырша жанында" мектепалды сыныбы

"Жасыл шырша жанында" мектепалды сыныбы

Скачать материал
hello_html_3abf7ee3.gifhello_html_m5c118cb0.gifhello_html_m686cc955.gif






hello_html_m70a60ac7.gif


hello_html_m43fdf89.gif









Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді

I-жүргізуші:Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

II-жүргізуші:Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

Бірге:Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл!

«Шырша жыры» жырланады.

I-жүргізуші:Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдандар.

Ертегімде сан қилы

Қызық- Қызық сырлар бар.

Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп 6ip шешімге

II-жүргізуші:Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге.

Соныменен, балалар

Жаңа жылға арналған

Ертегіні көріңдер

Шын бағасын беріңдер.

(Мерекелік музыка ойналады.)

Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:Ау, жарандар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз!

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан

аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!

Аю: Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұйықтамаймын мен бүгін!

Жылды қарсы алайық

Би билеп, ән салайық.

Қоян:Жаңа жылдың тойында

«Жан салайық» ойынға!

Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде тулкі келеді.

Тулкі: Қоянжанға бір сәлем!

Аю паңға мың сәлем!

Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!

Тулкі:Достарым, жыл келеді

Сыйлығын ол береді

Жұмбақ шешкіш тулкінің

Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түcin,

Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан

Жүрген жерің күлкілі ән!

Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді

Kipni:Сәлем,достар,аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық,

Тойлап, көңіл ашайық.

Қоян, келші биге басайық!

Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.

Тиін:Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!

Өнершіл аңдар-ай

Өңкей паңдар тыңдаңдар,

Жаңа жылға әнім бар

Қол ұстасып, биге басып,

Жыл әніне салыңдар

Бәріңізге 6ip сәлем.

Бәpi: Сәлем,тиін!

Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.

Қасқыр:Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық

Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын !

Достығымыз мықты болсын!

«Үйректер» биі

I-жүргізуші:Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Соны шешесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Жұмбақ:Ақсақалды шал жылына

Бip-ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді (Аяз ата)

II-жүргізуші:Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.

Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?(Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді. )

I-жүргізуші:Мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды) Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін

шыршамызға!

(Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді)

Мыстан: Туу!( Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып.)Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. (Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда): Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт манағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!

Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.

II-жүргізуші: Балалар, кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап, атамызды шақырайық!

«Ақшақар» әні орындалады.

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.

Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?

Ақшақар: Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!

Қарашы,біз тойға келдік!

Кәне,балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

(Балалармен амандасады)

Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым!Қонақтардан,ұят болады, басынды көтер.

(Ақшақар басын көтермей тұрады.)

Аяз Ата: Қарашы,балалардың киімi қандай әдемі.Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

(Сол кезде Ақшақар жылап тұрып)

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!

Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.

Ақшақар: Қойыңыз ата!Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

I-жүргізуші:Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық.

Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

II-жүргізуші:Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен?

Кәне,аңдар,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.

(сөйтіп жатқанда қоян сиқырлы таяқты тауып алады)

Аяз Ата: Жарайсың, балапаным!

I-жүргізуші: Кәне,бізде шырша жағуға көмектесейік

Барлығы:1,2,3 шырша шамы жағылсын –3 рет

II-жүргізуші:Жарайсыңдар!Балалар, енді аяз атаға әнімізді сыйлайық.

«Аяз ата » әні орындалады.

Дилара: Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Әлішер:Қош келдің,Жаңа жыл!

Жаңа өмір,жаңа нұр.

Шашу боп жолыңа,

Төгілсін ән мен жыр.

Азамат: Шыршаны айналып,

Билейміз ән салып,

Жаңа жыл өзіңді

Жырменен қарсы алып.

Нұрдаулет: Жайнатып шыршаны,

Жағылды жыл шамы.

Шаттыққа бөледі,

Қуантып жыл таңы.

Аян: Ағылсын жыр толқын,

Кеудеге нұр толсын.

Жеңісті,жемісті,

Бақыттты жыл болсын!

«Кел ,Жаңа жыл!»-биі.

«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойыны

Балалар:

1.Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

2.Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

3. Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

4.Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

5. Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

6.Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

7. Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

8. Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

9. Аяз Ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

10.Қайда қызық болса думан,

Аяз Ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.

«Балапан»-биі

«Кім тез шаңғы тебеді»- ойыны

Аяз- Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бip куантып,

тастадыңдар.

I-жүргізуші:АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе?

Аяз- Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)

II-жүргізуші:Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Манағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?

Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар.

I-жүргізуші:Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.

Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)

Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)

Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn қалды.

Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.

Аяз-Ата: Ах, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын.

Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»

(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып

қалады.)

Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.

Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?

Мыстан: Жоқ, бермеймін.

Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.

Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар маған арнап би

орындасын

(Осы кезде мыстан қалпына келеді)



«Жаңа жылдық»-би

«Казір оңға барамыз» ән-би.

«Спанч боб»-биі.

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. (сандықтағы сыйлықтарды береді)Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар!

I-жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2012-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет.

II-жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!























































































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жасыл шырша жанында" мектепалды сыныбы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 275 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.03.2016 660
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Едресова Кенжегул Таировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Едресова Кенжегул Таировна
    Едресова Кенжегул Таировна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40520
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания архитектуры для детей дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс повышения квалификации

Индивидуализация образования. Сопровождение индивидуального развития ребенка-дошкольника в вариативной образовательной среде

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 105 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности советника руководителя по воспитательной работе в образовательной организации

Советник руководителя по воспитательной работе

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 113 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 175 человек

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе